400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директоры

Г.А.Балтышева

_________________

«____»______2018ж.








Shape1

салтанатты жиын



Жүргізуші: Мектеп директорының ТІЖО

Аймаганбетова Эльвира Мейрмовна


Мерзімі: 01.09.2018ж.


















«Тасарал ЖББОМ» КММ


Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны

2018-2019 оқу жылы

Қайырлы күн бүгінгі салтанатымызға жиылған қауым!

Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы!

Бармысыздар, қымбатты мектеп оқушылары!

Қош келдіңіздер, қымбатты ата-аналар мен мереке қонақтары!


Бүгін 1 қыркүйек-білім күні. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні- өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.

1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алатын күн болады.

Бұл күн- бүлдіршіннің балалықтың бал-шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.

Ендеше, болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, білім бұлағынан сусындауға асығып келе жатқан жаңа буын шәкірттеріміз- 1 сынып оқушыларын олардың сынып жетекшілерімен құрметпен ортаға шақырамыз.


  1. Бауржан Елден Ердосұлы

  2. Қоблан Айбат Ғалымұлы

  3. Бекмағанбетова Айша Берікқызы

  4. Мейрамқұл Заңгер


1 сыныбы- сынып жетекшісі Сембекова Асель Мубаракқызы

(Музыка ойнап тұрады, 1 сынып оқушылары кіреді.)


Қуаныш бүгін, мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы

Бүлдіршінге бір сәлем!

Қымбатты 1 сынып оқушылары!

Білім ордасы – мектебімізге қош келдіңіздер! Білім еліне аттаған қадамдарыңыз құтты болсын!


Мектеп директоры

Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

Білім күніне және 2018-2019 оқу жылының басталуына арналған салтанатты

жиынымызды ашық деп жариялаймын.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)


Құрметті бүгінгі мерекеге жиылған қауым!

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй тілейміз.

Ұстаздар мен шәкірттер!

Сіздерге жаңа жетістіктер мен тың бастамаларға ұдайы шығармашылық ізденіс, мықты денсаулық, күш-жігер, сәттілік тілейміз. Бүгінгі күн сіздер үшін үміттер күні болсын!


Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін

Құтты болсын білім күні- мерекең! Дей келе ұстаздар қауымына арнап Қыздар тобының орындауында «Ұстаз ана» әні орындалады.


Құрметті оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар!

Бүгінде қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты ту еткен Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Дүниежүзінің көптеген елдеріндегі әлеуметтік күйзелістер мен үдемелі ғаламдық тұрақсыздық аясында Қазақстан тұрақты және сенімді түрде дамуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясы-біздің тұтастығымыздың сарқылмас қут көзі және Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. Көшбасшымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек.

Осындай елеулі сәттің жетегімен шәкірт бойына білім нәрін егіп, халықтық рухта тәрбиелеу басты мұратымыз деп есептейтін педагогикалық ұжымның басшысы мектеп директоры Балтышева Ғалия Арынқызына сөз кезегін ұсынамыз.


Келесі сөз кезегі Тасарал ауылдық округінің әкімі Сейтов Нұржан сәулебайұлына беріледі.


Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағына құттықтау сөз кезегін жолдаймыз.

..................................................................................................................................


Келесі құттықтау сөз кезегі Мектеп ардагері, Білім беру ісінің құрметті қызметкері Аймағанбетов Ерғали Балғараұлына беріледі.


Қасиетті қазақ халқы «Бала – бауыр еті» деп баласын шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 жасқа толып, мектептің 1-ші сыныбына қабылданып «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысу сәті. Бұл той- бүлдіршіннің білім еліне аттаған алғашқы қадамы. Олай болса, толқу үстінде тұрған мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерімізге сөз кезегін ұсынамыз.

6-ға енді келсең де,

Санап, жаза аласың

Келдің, міне, мектепке,

Құтты болсын қадамың.

Шаттанасың, ойнайсың

Білімді де ойлайсың.

Тәуелсіз елдің мейрамын

Сен де бірге тойлайсың.

Сөз кезегі 1 сынып оқушыларына.


Жүргізуші: Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағын.

Адам жанын тәрбиелеп, аялар

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың.

Жаңа өмірге аттағалы тұрған біздің бүлдіршін шәкірттеріміздің алғашқы ұстазы да бүгін үлкен қуаныш үстінде. Ол кісінің да жүрегі толқулы. Заман талабына сай жаңа үрдіспен оқыту оған үлкен міндеттер жүктейді.

Сөз кезегі бүлдіршіндердің ата-аналарында. Құрметті ата-аналар ортаға шақырамыз.

Сіздердің құрметтеріңізге қазақ биі. Қабыл алыңыздар. Алдарыңызда «Көк толқан» бишілер тобы. «Ақ кербез» биімен.

1 қыркүйек – Білім күні барлық білім беру мекемелерінде «Мен – өз елімнің патриотымын!» атты алғашқы білім сабағы өткізіледі.

Алдарыңызда Өз елінің Патриоттары «Отан» әнімен. 5 сынып оқушылары.


Жиынымыздың ең бір ерекше сәтіне де келіп жеткендейміз. Ол- алғашқы қоңырау соғу салтанаты. Бұл құрметке тұңғыш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1 сынып оқушыcы Бекмағанбетова Айша Берікқызы және де 10 сынып оқушысы Қасен Аян Жеңісұлы ие болғалы тұр.

(Музыка ойнап тұрады)


Күмбірлеп кеудесінде асқақ әні,

Ұстазды қадірлейді жас та, кәрі.

Білімнің биігіне басқан қадам

Алғашқы қоңыраудан басталады.


Әрқашан ата берсін күліп таңдар

Ойларың болсын дәйім тұнық, заңғар.

Атамыз Ыбырайдан бастау алған,

Алғашқы қоңырауды ұмытпаңдар!

Алғашқы қоңырау мерекесі құтты болсын! деп

Алдарыңызда «Жаса, Қазақстан» әнімен 6 сынып оқушысы Ислам Дарханұлы. Қазақстанымыз Жасай берсін!

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектеп атын құрметтеп.

Білім көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп,- деп «Білім күніне» арналған

салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.


Шәкірттерімізді алғашқы білім сабағына шақырамыз.

(Музыка ойнап тұрады)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
728
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі