2020-2021
оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау»
салтанатты жиынның сценарийі
Уақыты:
01.09.2020 сағат 10.00
Жоспары:
Сапқа
тұрғызу
Би
Қонақтармен
таныстыру
ҚР
мемлекеттік туын енгізу
ҚР
гимні
Мектеп
басшысының құттықтау сөзі
Ән
1-сынып
оқушыларының тақпақтары
Қоңырау
соғу салтанаты
ҚР
мемлекеттік туын шығару
Қорытынды
сөз
Би
«Зонтик»
Жүргізушілер:
1-жүргізуші:
Алтын
шапақ шашыратып көгінен,
Күз
кеп жетті сағыныштан сезіммен.
Балапандай
ұясына асыққан,
Шәкірттерін
шаттандырып сеніммен.
2-жүргізуші:
Қайырлы
күн құрметті ұстаздар мен қадірменді
ата-аналар, мектеп оқушылары мен балауса
балдырғандар! Шуақты қыркүйек айының
алғашқы күні барша оқушы қауым алтын
ұя мектебіне қайта оралып, мектеп
табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен
бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып
отыр.
1-жүргізуші:
Өмір
бойы мектебімді жыр етем,
Бір
өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің
өрістесін, өрлесін,
Құтты
болсын «Білім күнің» - мерекең!
2-жүргізуші:
2020-2021
оқу жылы Ата-заңымызға 25 жыл, ұлы ақын
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы,
ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің 180
жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы
айтулы мереке қарсаңында мектеп
табалдырығын алғаш аттағалы отырған
бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн
болмақ.
1-жүргізуші:
Құрметті
ұстаздар,қадірменді қонақтар, ата-аналар,
аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа ,
шаттыққа толы «Білімді ұрпақ-жарқын
болашақ» атты алғашқы қоңырау мерекесі
баршамызға құтты болсын!
1-ж:
ҚР-ның
мемлекеттік Туы салтанатты жиынға
әкелінсін! (Ту көтеріліп, Гимн орындалады)
2-ж:
Қонақтармен
таныстыру
1-ж:
Салтанатты
жиынымыздың құттықтау сөз кезегі М.Арын
атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің
директоры Жанайдаров Жасұлан Төремұратұлына
беріледі.
2-ж:
Ән:
3 «Б» класс оқушысы Бисенбаев Ақылбектің
орындауында «Өнерге ғашық баламын»
2-ж:
Біреулер
емші ап өмірден,
Аттанбақ
болса асып қыр
Біреулер
балғын көңілмен
Алғашқы
қадам басып тұр.
1-ж:
Айқара
ашқан есігін
Қайнары
білім нұрының
Мектебің
– алтын бесігің
Жылы
ұяң, міне сыныбың
Қаламсап
алып қолыңа,
Достасарсың
да әріппен
Шуағың
себер жолыңа,
Жан
серігің – әліппең - бүгінгі мектеп
табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып
оқушыларына сәтті қадам, таудай талап
тілейміз!
1-оқушы:
Қайырлы
күн, құт қадам,
Құтты
болсын баршаңа
Сәтті
болсын аттаған,
Оқу
жылы бұл жаңа
2-оқушы:
Қуаныш
бүгін – мереке,
Шуағын
шашып тұр әлем.
Мектепке
келген алғашқы,
Жан
досым, саған мың сәлем.
3-оқушы:
Мектеп
– қамқор анамыз,
Оқып
білім аламыз
Өнерпаз
боп өсетін
Біз
оқушы боламыз!
4-оқушы:
Алтын
ұя – мектебім!
Армандарым
көп менің,
Атқарамын
деп келдім,
Асыл-
анам мектебім.
5-оқушы:
Сәлем,
саған мектебім,
Алғыстарым
көп менің.
Оқу,
білім, тәрбие
Ой
санама еккенің.
6-оқушы:
Білімнің
қайнар бұлағы
Өнердің
жарқын шырағы
Тұрағы
өзің, мектебім,
Шәкірттің
асыл қырағы.
7-оқушы:
Мектебің
мынау, класың
Осында
он жыл тұрасың.
Тарыдай
болып кіресің
Таудай
болып шығасың...
8-оқушы:
Өсті
міне бойымыз,
Өсті
міне ойымыз.
Қуанышқа
ортақпыз,
Құтты
болсын тойымыз.
1-ж:
Құшақ
жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал
жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш
пен салтанатты шақтарда
Қонақтар
да ақ тілегін ақтарар. (қонақтарға сөз
беріледі)
1-жүргізуші:
Қоңырау
сыңғырла, асыға
Үн
қосқан қиядан асуға
Білім
ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле
сен биік шың басына.
2-жүргізуші:
Жаңа
оқу жылы құт болып,
Ізгілік
оты жағылсын.
Бөбек
пен түлек жұп болып
Алғашқы
қоңырау қағылсын
Алғашқы
қоңырау соғу салтанатына мектебіміздің
11-сынып оқушылары Байганина Жанель,
Алпамысқызы Элмира, Аманқос Ақбота мен
1-сынып оқушысы Төлеухан Нұрболат
ие болып отыр.
ҚР
мемлекеттік туын шығару салтанаты
1-жүргізуші:
Назар
аударыңыздар! ҚР-ның Мемлекеттік туы
салтанатты жиыннан шығарылсын!
1-жүргізуші:
Сыңғырла
қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа
оқу жылын ашқасын
Бал
үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа
бізді бастасын
2-жүргізуші:
Қоңырау
үні шарықта,
Өзіңнің
сиқыр тіліңде
Қызмет
көрсет халыққа
Шақырып
өнер-білімге
1-жүргізуші:
Осымен
1-қыркүйек білім күніне арналған
салтанатты жиынымыз өз мәресіне жетті.
Салтанатты жиынымызды жабық деп
жариялаймыз. Білім күні құтты болсын!
Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ
болсын!