«Алғашқы қоңырау»» салтанатты жиынының сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алғашқы қоңырау»» салтанатты жиынының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы қоңырау сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы








«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»










Өткізген:








2023-2024 оқу жылы



«Бекітемін»

Мектеп директоры



1-қыркүйек – Білім күніне арналған

«Алғашқы қоңырау»» салтанатты жиынының сценарийі


Өткізілетін орны: Мектеп алаңы

Өткізілетін күні: 01.09.2023ж

Басталуы: 08.00

Көрнекілігі:  Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер.

Фанфар ойнайды:

1- жүргізуші:       

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күні»- мерекең!

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Әділетті Қазақстан, сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»» мерекесі құтты болсын!

1-жүргізуші:

Қасиет тұнған, құт қонған мекен – аймағым,

Қастерлеп дәйім ұйытқан бірлік қаймағын.

Терезесі тең төрт құбыламды сайладым,

Астанам – айбын, айдыным менен айбарым!

Ерлігім, есіл өрлігім бойды қуаттап,

Тік ұстап келем Тәуелсіздіктің байрағын! 1-қыркүйек - Білім күні мерекесі «Әділетті Қазақстан, сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»салтанатты жиынына қош келдіңіздер!







1-жүргізуші:

Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр

Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық - дей келе ортамызға алғаш рет шәкірттеріне әріп үйретіп, білімнің асқар шыңына жетелейтін ұлағатты ұстазымыз бен бүлдіршіндеріміз.

(Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)

1-жүргізуші:

Атқанда азат мөлдіреп таңы,
Уілдер сәби, елжіреп кәрі.
Қастерлі кием, намысы елдің,
Көк туым тұрсын желбіреп мәңгі.


Мектеп шәкірттері! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар! Ел туына сап түзеңдер!

ҚР мемлекеттік туы әкелінсін!

2-жүргізуші:

1-жүргізуші:

Көгінде қалықтайды тау қыраны,

Сол қырдан болашағың танылады,

Тік тұрып қарсы алайық қалың қауым.

Шырқалады Қазақстан әнұраны!

(Әнұраны орындалады)

2-жүргізуші:

Ендігі кезекте, бүгінгі біздің мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар.

1. __________________________________________________________

2. __________________________________________________________

3.

1 - жүргізуші:

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл - Фараби, Омар Хаям, Абай да- дей келе, «Әділетті Қазақстан, сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры беріледі.

/Патриоттық ән шашу/

2-жүргізуші

Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар – дей келесі сөз кезегін бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонағы

__________________________________________________________________­­­­­­­­­­­ берсек.

Білім менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу айдынында
Жайып білім желкенін.

(Музыка әуенімен 11-сынып оқушылары әліппені  1-сыныптарға сыйлайды)

2-Жүргізуші.

Ортаға 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер келеді,

Жүрек жарды әндерін сіздерге айтып береді.

1-жүргізуші:

-Мектеп шәкірттері! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар! Ел туына сап түзеңдер! ҚР мемлекеттік туы шығарылсын!





2-Жүргізуші.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Жаңа оқу жылы басталсын

Бал үнің сенің сырлы ырғақ

Сыныпқа бізді бастасын!


1- жүргізуші

Қоңырау үні шарықта,

Өзіңнің сиқыр тіліңде.

Қызмет көрсет халыққа,

Шақырып өнер – білімге

Құрметті ұстаздар, шәкірттер, ата – аналар!

Алғашқы қоңырауды соғу құрметіне ие болғандар мектеп мақтаныштары, оқу озаттары

2- Жүргізуші:

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын.

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылсын!

1 - Жүргізуші:

Жаңа оқу жылы жемісті,

Мерейі үстем жыл болсын.

Шәкірттеріміз өрісті,

Елімдер қыз бен ұл болсын!

2 - Жүргізуші:

Қадірменді ұстаздар, ата- аналар, оқушылар,! Жаңа 2023 - 2024 оқу жылына арналған «Әділетті Қазақстан, сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.

Ата – аналар қазір оқушылар мектепке кіреді. сыныптарында тәрбие сағаты өтіледі. Сіздер балаларыңызды мектептің сыртында күтулеріңізді сұраймыз. Ата – аналар мектепте кірмеулеріңізді өтінеміз.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2025
230
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі