жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алғашқы қоңырау салтанаты
Тегісшіл ЖББНМ коммуналдық мемлекеттік мекеме
Өтетін күні:
02.09.2017 жыл.
Уақыты:
09.00.
Сыныптар:
даярлық тобы, 1-9
сыныптар.
1-жүргізуші: .Аралап көрікті жерлерді,
Жаз бойы тынығып демалдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.
Армысыздар, құрметті қонақтар мен ата-аналар !Ұлағатты ұстаздар!
1-жүргізуші: Бармысыздар қымбатты жаңа оқу жылының күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!
Айналайын, дарын бол,
2- жүргізуші:Жақсы оқып, ер жетіп.
Оқу оқып, ғалым бол,
Жанған оттай жалын бол!
Әділ шешер әр істі
Ақылың асқан дана бол.
Шыбықтай өсіп шынар бол- бүгін 1 қыркүйек-білім күні.Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні- өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.
1 жүргізуші: 1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған 1- сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл күн- бүлдіршіннің балалықтың бал-шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.
2 жүргізуші: Болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы нәрімен сусындағалы отырғалы 1-сынып оқушыларын сынып жетекшілерімен құрметпен ортаға шақырамыз.
Сынып жетекшісі: Садыхова Менсұлу Декабровна
1 жүргізуші:
Көңіл толы нұр ағыс
Мен де шаттық жайдамын.
Құтты болсын қуаныш,
Құтты болсын мейрамың!
(Музыка ойнап тұрады, ортаға 1- сынып оқушылары кіреді.)
2 жүргізуші:
Қуаныш бүгін, мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы
Бүлдіршінге бір сәлем! Бүлдіршіндердің құрметіне -------------------------------------орындауындағы ...........әнің қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Қымбатты 1-сынып оқушылары!
Білім ордасы-мектебімізге қош келдіңіздер! Білім еліне аттаған қадамдарыңыз құтты болсын! Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,
Құтты болсын алғашқы қадамдары!
2-жүргізуші: Құтты болсын басталған оқу жылы, Құтты болсын, болашақ баспалдағы
1 жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!Дәстүрлі 1- қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа.
Жарасады жігер берер әнұран.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады. )
Тудың қасына тұру құрметіне ие болғандар мектебіміздің оқу озаттары:
8- сынып оқушысы Мәдиұлы Жоламан мен 4-сынып оқушысы Лұқпан Ақниет
1- жүргізуші: Құрметті бүгінгі мерекеге жиылған қауым!
Баршаңызды бүгінгі білім күнімен құттықтаймыз.
Биылғы 2017-2018жаңа оқу жылы атаулы күндермен тұспа-тұс келіп отыр.
-Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл;
-
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл;
-
Қазақстан Респубикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл;
-
Астана Экспо-2017 «Болашақ энергиясы»Халықаралық мамандарылған көрмесі ұйымдастырылуда.
2- жүргізуші: Ұстаздар мен шәкірттер! Сіздерге жаңа жетістіктер мен тың бастамаларға ұдайы шығармашылық ізденіс, мықты денсаулық, күш-жігер, сәттілік тілейміз. Бүгінгі күн сіздер үшін үміттер күні болсын!
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін
Құтты болсын білім күні- мерекең! мәнерлеп оқу Ерболат Назерке «Алғашқы қоңырау»
1-жүргізуші: Ерекше күн, бүгін тілек-баталар
Ән менен жыр түлектерге
арналар.
Барлығының жүретұғын ақ
жолы
Құт қонақтың тілегінен нұрланар. Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін меркемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
-
Аудан әкімі аппараты
-
Аудандық оқу бөлімінің
-
Ауылымыздың құрметті азаматы-Ибатов Нұрлан Ғалиханұлы
-
Ардагер ұстаз- Муашева Гүлбарша Ғаллемқызы
-
1-сынып ата-анасы Шобанов Асылхан Манарбекұлы
Қонақтарымыздың құрметіне орындауындағы .....әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Абзал жан, биік тұлға байсалды,
Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.
Бүгінгі салтанатты шақта бір
Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды, – дей келе, құттықтау сөз мектеп директоры Искакова Алия Сағаденқызына беріледі.
1-жүргізуші.
Мәнерлеп оқу: «Туған жер» Наурызбай Рашид
Құшақ жая қай жерде қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар
Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтарына беріледі.--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Мәнерлеп оқу: Ерболат Көркем
1
жүргізуші: Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың.
Нұр шашып көкте күн,
Өміріңнің көктемін.
Гүлдендірем деп келдім,
Сәлем, алтын мектебім!- деп сөз кезегі мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған
бүлдіршіндерге беріледі.
/ 9 оқушы өлең оқиды, ән айтады/
-
Бейбіт: Бірінші қыркүйек күнімен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем қарсы алды мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен
-
Алина: Сәлем саған мектебім
Алғыстарым көп менің
Оқу-білім тәрбие
Ой санама еккенің
Қуаныш болсын мереке
Шуағын шашып тұр әлем
Мектепке келген алғашқы
Жан досым саған мың сәлем.
3.Алинұр: Оқу оқып теп- тегін
Тамыр жайып көктегін
Дегендейақ мейірмен
Қарсы алады мектебім
Тақпақты да жаттаймыз
Әнге- биге баптаймыз
Ата-ананың үмітін
Ақ сеніммен ақтаймыз.
4.Елжас: Отанның біз ұл-қызы
Халықтың біз жұлдызы
Оқимыз ақын-жырларын
Оқимыз еңбек сырларын
Сылдырлайды сыңғырлайды
Мектеп жақта қоңырау
Ұмытпаймыз бұл бір айды
Гүлге толы омырау.
5.Инабат: Еркесі едім атамның
Еркесі едім апамның
Толып биыл жетіге
Мен оқушы атандым.
Таудай болсын талабың
Құтты болсын қадамың.
Деп құттықтап апайым
Сыйлады өз қаламын.
6. Санжар:
Себер мейір шуағын
Айың болып туамын
Шоқан Қаныш атадай
Ғылым жолын қуамын
Есін допқа жеңдірген
Бала емеспін сіз білген
Жетіге келіп есейіп
Біріншіге келдім мен.
7. Ләйла:
Еркелік жоқ кешегі
Оқушымын көшелі
Білім алып ойым мен
Бойым да енді өседі.
8. Жаннұр:
Әділдікті жақтаймыз
Ізеттілік сақтаймыз
Осындай зор мақсатпен
Табылдырық аттаймыз
Жеткізген соң адам ғып
Біздерге тән адалдық
Өйткені енді мектепттің
Оқушысы атандық.
9. Ернұр:
Мен оқушы баламын
Оқып білім аламын
Мектеп ұям өзіңе
Арналады бал әнім.
Хор: «Бейбіт елдің тұрғыны»
2- жүргізуші:
Бүлдіршіндер – ертеңгі ұландары,
Құтты болсын алғашқы қадамдары.
Құтты болсын, басталған оқу жылы,
Құтты болсын, алғашқы баспалдағы. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндерді құтттықтап, қадамдарыңызға гүл бітсін, «Ақ жол» болсын деп тілек білдіруге ардагер Нұрлан атамыз бен Борсы ауылдық округінен келген ...қонақтарымызға сөз кезегін береміз.
Бүлдіршіндердің құрметіне ---------------------- орындауындағы ...........әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші : Биылғы негізгі мектеп түлектерінің атынан Айдын Мөлдірге сөз кезегін береміз .
- Қымбатты бүлдіршіндер! Аяулы ұстаздар! Міне, бүгін біз үшін соңғы алғашқы қоңырау. Бала шақтан болашаққа қадам басып бара жатқан біздер, мектеп үмітін ақтауға бар күшімізді саламыз.
Қадірлі мектеп – бұл мектеп,
Сендердей біз де болғанбыз.
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Биылғы жыл ерекше,
Ұғарсың оның шын мәнін. /9сынып түлектері 1- сынып оқушыларына сыйлықтарын табыстайды/
Биылғы 2017-2018 оқу жылында мектебіміз бір жас маманмен толығып отыр. Таныс болыңыздар:
1.Бастауыш сынып мұғалімі Ерсаинова Назерке Тлеккабыловна.
Биылғы 2015-2016 оқу жылындағы сынып жетекшілермен таныс болыңыздар.
Даярлық сынып жетекшісі Меңдешова Гүлайым Шаймерденқызы
1 сыныптың жетекшісі - Садыхова Меңсұл Декабровна
3 сыныптың жетекшісі – Ерсаинова Назерке Тлеккабыловна
4 сыныптың жеткешісі – Беркинбаева Турсынганым Абуевна
5 сыныптың жеткешісі - Кусманова Асия Амиржановна
6 сыныптың жетекшісі – Некрасова Анна Викторовна
7-сыныптың жетекшісі-Муратова Эльмира Амангельдиевна
8 сыныптың жетекшісі - Рысқалиева Маржангүл Сакеновна
9 сыныптың жетекшісі - Шобанов Асылхан Манарбекович
2-жүргізуші: Қағылмақ, міне, әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау,
Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау!
1-жүргізуші: Алғашқы қоңырау
соғу рәсімін балғын
бүлдіршіндерімізге беріледі. Бар мектептің
басталар бүгін жыры.
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа ғасыр алдында ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі білім күні
Күмбірле қоңырау, күмбірле,
Шаттанып күлейік, біз бірге
/Қоңырау соғылып жатқан сәтте…/
1-жүргізуші:
Құшаққа гүлдер көмілді,
Шуаққа мектеп шомылды.
Құттықтап ұстап қолыңды,
Алғашқы қоңырау соғылды.
2-жүргізуші:
Нұрлы таң қайта жалғасты,
Арманға арман арна ашты.
сыңғырлай берші бір тынбай,
Қоңырауым менің алғашқы.
1-жүргізуші:
Қызыл гүл жайнады төрімде,
Қызықты күнім де, кешім де.
Алғашқы қоңырау дауысы,
Қалады мәңгілік есімде.
Алғашқы қонырау соғу рәсіміне ие болғандар 9- сынып оқушысы Сади Арсен мен 1-сынып оқушысы Жаппасбаева Ләйла
2-жүргізуші: Алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар. Ақ жол, бүлдіршіндер!
1-жүргізуші:
Біліммен асып - тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің
2- жүргізуші: Бүгінгі 1-қыркүйек Білім күнінен арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау!» салтантты жиынымызда жабық деп жариялаймыз! Жаңа 2017-2018 оқу жылы баршаңызға құтты болсын!
1-жүргізуші: Жаңа оқу жылы толағай табыс пен жетістіктер әкелсін! Барлығыңызды білім күніне арналған «Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттары оздырылады. Келіп тамашалауға шақырамыз. Қатысыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген