Алғашқы қоңырау сценариі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғашқы қоңырау сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы қоңырау сценариі. Салтанатты жиын. Әліппе табыстау. Алтынсариннің 180 жылдығын атап өту
Материалдың қысқаша нұсқасы

--- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қадірлі ата – аналар! Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиынға қош келдіңіздер! Баршаңызды бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен және білім күнімен құттықтаймыз!

Біреулер енші ап өмірден,

Аттанбақ болса асып қыр

Біреулер балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр

Сондықтан да назарды,

Солар жаққа бұрайық

Балдырғандарды базарлы

Қарсы алып, қол соғайық - дей келе ортамызға алғаш рет шәкірттеріне әріп үйретіп, білімнің асқар шыңына жетелейтін ұлағатты ұстазымыз _______ жас бүлдіршіндерімізді қошеметпен қарсы алайық!

--- Көгінде қалықтайды тау қыраны,

Сол қырдан болашағың танылады,

Тік тұрып қарсы алайық қалың қауым.

Шырқалады Қазақстан әнұраны!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалсын.


---«Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймын. Сөз кезегі _______ орта мектебінің директоры ________________________________________ беріледі.



---Биылғы оқу жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ағартушы – ұстазымыз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына тұспа тұс келіп тұр. Көрнекті педагогтің мұралары мен өсиеттері бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпады.

Келесі кезекте мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндердің шашуларын тамашалайық. Сөз кезегі І сынып оқушыларына береміз.

---Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген Әліппеміздің қайтарылуы.

Сүйіншіге - сүйінші!

Әнге бөлеп даламды

Сергіткен ой санамды

Әліппеміз оралды.

Қазақтың ұлы данасы

Ыбырай атам бастаған,

180-ге толғанда.

Оқыған әпке-ағамыз

Әліппем қайта оралды!

Әліппемен қауышқан

Біз бақытты баламыз!

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» оқулықтарын ІІ сынып оқушылары табыстасын.

---Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!



Мектепте бүгін білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені-дей келе, -Білім кілтін 1 сыныптарға табыс ету рәсіміне


Қадірлі мектеп – бұл мектеп.

Сендердей біз де болғанбыз,

Есейдік, міне, қараңыз.

Құт болып алғаш қадамың,

Жағыңдар білім шырағын.

Білім кілтін сеніммен

Табыстап саған барады!







Соғылсын қоңырау, соғылсын,

Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.

Толқыған жүректер тоғысын

Толтырып бір арна, бір жырға.

Шаттықтың үніндей мәңгілік

Соғылсын қоңырау, соғылсын,

Қуаныш әніндей жаңғырып

Жүректер ақ нұрға соғылсын.

Алғашқы қоңырау соғу салтанатына 11 сынып оқушысы _______және 1сынып оқушысы _______________________

ортаға шақырамыз





:           Бүгін қандай шаттық тола күн еді,Бүкіл әлем ерекше бір түледі.Балдырған жетектеген ата-ана,Қуаныштан жарылардай жүрегі,Білім көзін ашатынын біледі, - дей келе, құттықтау сөзді жас бүлдіршіндердің ата аналарын береміз







Аялар бейбіт күн нұры,

Мектебім, бізге жыр шертсін

.Алғашқы қоңырау сыңғыры

Ән болып сені тербетсін.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Жаңа оқу жылын ашқасын

Бал үнің сенің сырлы ырғақ

Сыныпқа бізді бастасын

Қоңырау үні шарықта,

Өзіңнің сиқыр тіліңде

Қызмет көрсет халыққа

Шақырып өнер – білімге

Жаңа оқу жылы жемісті

Мерейі үстем жыл болсын

Шәкірттеріміз өрісті

Елім дер қыз бен ұл болсын.

Деп бүгінгі алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймын. Қош сау болыңыздар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2021
1074
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі