Материалдар / Алғашқы ұстаз ата- ана
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алғашқы ұстаз ата- ана

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге тәрбие ісінің меңгерушісіне көмекші құрал ретінде қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
581
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Алғашқы ұстаз-ата-ана

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, өмірге деген көзқарасын өзгерту;ата- ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту, балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру;

баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Қатысушы ата-аналарды шеңберге шақыру

Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз.Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық,
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық.

Тренинг «Амандасу»

Әр адам шеңберде тұрып, өз есімінің бас әрпінен келетін сын есімді айтып, өзін таныстырады және бүгінгі күнге жақсы тілек,жылы лебізін білдіреді.Сөйтіп келесі кісі жалғастыра береді.(мысалы Гүлмира-гүлдей)

2. Ассосация «Жанұя» (доп беру арқылы қызықты сұрақтарға ата-ана жылдам, мүдірмей жауап береді)

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

5. Бүгін сабақтан қандай баға алды?

6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды ?

10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

12. Балаңыз теле бағдарламаны жақсы көреді?

13. Балаңыздың досы кім?

14. Балаңыз қай пәнді жақсы көреді?

15. Балаңыз нешінші сыныпта оқиды?

3.Сөйлемді аяқтау. «Ой — өрісіңді тексер»

Ата-аналарды топқа бөліп отырғызу

І топ

1) Егер баланы үнемі сынап отырса ............

(оқуға құлқы болмайды)

2) Балаға үнемі күлсе ................................

(бұйығы болып өседі)

3) Баланы қолдап отырса ...........................

(білімге деген ынтасы артады

ІІ топ

1) Баланы қолдап отырса .....................

(өз ісіне сенімді болады)

2) Бала төзімділікте өссе .................................

(адал болып жетіледі)

3) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ..............................

(ол адамға сеніммен қарайды)

ІІІ топ

1) Бала кекшілдікте өссе .............................

(ол қатыгез болып өседі)

2) Бала адалдықта өссе ...........................................

(әділ болып жетіледі)

3) Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе ........................

(бұл әлемнен махаббат табуға үйренеді

4.Ой жинақтау

( плакат, фломастер)

БShape3 Shape2 Shape1 ала Кеше Бүгін Ертең

Сурет немесе схема арқылы өз ойларын салып, көпшілік алдында жария етеді.

5.Кесте толтыру.

Мақтау

Ұрсу



(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлау, себебін түсіндіру)

6.Ата – аналарға кеңес

Егер балаңызды жақсы көргіңіз келсе...

1- кеңес. Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала елден ерек екенмін деген сезімде болмауы, басқаларды құрметтеуді ұғынуы жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.

Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз. Бала бір үйлі жан өзімнің соңымнан шырық үйірледі дейтін сезімде болмауы керек. Көзінше дәріптеп, мадақтауға болмайды.

2-кеңес. Баланың ырқына жүгіре бермеңіз. Бала не талап қойса да елпілдеп, айтқанын да, айтпағанын да алып беруге болмайды. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселерге келгенде қайсысының қажет, қайсысының қажет емес екенін айтып, түсіндіріп қоюы қажет. Өйтпеген жағдайда бала ысырапшылық әдетке дағдыланып қалады да, басқалардың еңбегін қадірлеуді білмейтін болады.

3- кеңес. Баланың дербестігін тартып алмаңыз. Оның ана ісіне де, мына ісіне де алаңдап қолынан келетін істеуге болатын істерінің бәріне араласа беруге болмайды. Ондай бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын жалтақ болып қалады.

7.Қорытынды

Сонымен құрметті ата-аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық.

Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі шарамызды аяқтағалы отырмыз. «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» деген мақал-мәтелдерден көруіңізге болады.

Сабақ соңында сіздердің назарларыңызға «Берегите своих детей» видео- ролигін көруге ұсынғалы отырмын (видео ролик көрсетіледі)

-Енді барлығымыз ортаға шығып ,«Гүлдер шоғыры» арқылы бір-бірімізге тілектер айтайық.(Әр ата-анаға бір гүлден таратылады. Бірінші кісі өз гүлін беріп келесі кісіге тілек айтады, келесі кісі өз гүлімен қосып келесіге береді ,сөйтіп жалғасып соңында үлкен «Гүл шоғыры » пайда болады).

-Міне ,құрметті ата-аналар осы гүл шоғырындай біздің балаларымыз әрқашан құлпырып, гүлдей жайнап жүре берсін дегім келеді.

Келесі кездескенше, сау болыңыздар!





Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Улмесекова Қарлығаш Амангелдіқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!