
«Менің алғашқы
ұстазым»
Алғашқы қадам,алғашқы
баспалдақ, алғашқы ұстаз ....Адамзат өміріндегі осы бір алғашқы
деген ұғымның өзі әу бастан – ақ қасиетті ме деген ойға қалам
кейде.
Ал осылардың ішінде алғашқы
ұстаз бейнесі-әрбір шәкірттің жүрегінде адамгершіліктің, шексіз
мейірім мен жылылықтың ең,ең.ең бір жоғары үлгісі боп қалатындай.
Ұстаз жанарының жылуы шәкірт жүрегіне нұр құйып, жарқын болашаққа
сеніммен жетелейді.
Әрбір мектеп
қабырғасынан,ұстаз алдынан түлеп ұшқан шәкірттің есінде алғашқы
ұстазы балалық бал күндерінің жарқын естелігі болып қала
бермек.
Ал мен әңгімеме арқау
еткелі отырған жан-менің өмір жолымдағы алғашқы ұстазым.Өмірімнің
жаңа бір белесіне аяқ басқанымда, қолымдағы білім шырағының алау
боп шалқуына тілектес болған, арманға толы болған көкірегімнің
көрігін үрлеген, талабыма ақ жол тілеп, ұстаздық шеберлікке
баулыған ардақты жан – Наурызбаева Нұрсұлу
Қызылғұлқызы.
Жаратқанның ұстаздық деген
үлкен сыйына ие болған Нұрсұлу апайым
өзінің ұстаздық жолын
Бейнеудің қазақы қаймағы тұнған құтты қонысы Тұрыш ауылында 1988
жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған екен. Бүгінде
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте бастауыш сыныптар бойынша
директордың ғылыми – әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары
қызметін атқарып келеді. Осы жылдар аралығында тынымсыз еңбегінің
тәтті жемісіндей болған қаншама шәкірті өмірден өз орнын тауып,
тағдырының кірпіші боп қаланып, сан түрлі мамандықтың иесі
атанған.
Қазақ қашанда асылын
ардақтаған, алтынын салмақтаған халық қой, аудандық облыстық Құрмет
грамотасы, Республикалық екінші сыныптар арасында командалық
интелектуалды чемпионаттың алғыс хаты ұстаз мерейін тағы бір
асқақтатып жіберді. Апайымның ешкімге ұқсамайтын еңбекқорлығы,
талап қойғыштығы жас мамандарды еріаксіз алға
жетелейді.
Ал адами құндылықтарға бай
азаматтық тұлғасы өз алдына бөлек әңгіменің арқауы. Анаңдай ақылшы
бола отырып, құрбыңдай сырласып отыратын абзал ұстаз жұмысында
талапшыл басшы. «Өмір бойы оқитын екі мамандық болса, соның бірі –
мұғалім. Білуге талпын, ізден,зерделе, талда, көргеніңнен сабақ
ал!» Бұл Нұрсұлу апайдың күнделікті ұранына айналған десе де
болады.
Осы сегіз жылдық еңбек жолымда
қандай да бір жетістікке қол жеткізсем, «тасқайраққа кездік
қайрағандай» болған алғашқы ұстазымның еңбегі деп білемін. Осындай
ұстаздардың ұлы көшін жалғап, егемен елдің ертеңін білім нәрімен
сусындату, жарқын болашақтың жолаушыларын дайындауда талмай
еңбектену – менің басты мақсатым болып қала
бермек.
Ж.Егизкараева
Ы.Алтынсарин орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі.