400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алгебра 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзара тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:8.3А


Мектеп:Еңбекші орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Егизбаева Айгул

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеу

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

8.4.2.2

мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу

Сабақтың мақсаты

(смарт мақсат)

Сабақ мақсатына жетемін,егер:

Барлық оқушылар:

Мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шығаруда шамалар арасындағы тәуелділікті анықтау

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шығаруда алгоритм құру және шығару

Кейбір оқушылар:

Мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешуде саралау арқылы бөгде түбірді ажырату


Бағалаукритерийі

Есептіңшартыбойыншаматематикалықмоделін құрады

Мәтіндіесептібөлшек-рационалтеңдеудіңкөмегіменшешеді


Тілдікмақсаттар


Тілдікмақсат: - мәтінесептерді квадрат теңдеунемесе бөлшек-рационал теңдеу құру арқылы шығару

Терминология:- рационалтеңдеу;

- бөлшек-рационалтеңдеудіңмүмкінмәндержиыны;

- бөгдетүбір

Диалогқақажеттісөзтіркестері: -мәтінді есептерді шешу үшін...,

-мәтінді есептерді шешуде шамалар арасындағы....

- берілген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы бірдей, өйткені ... ;

- берілген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы әр түрлі, өйткені ... ;

- берілген түбір бөгде түбір, өйткені ...

Құндылықтарға баулу




«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізінде «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылықтарын дарытуда Еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық,өмір бойы білім алуға тәрбиелеу

Пәнаралықбайланыс

Физика

Алдыңғы білім


Квадрат теңдеу,толық квадрат теңдеу,келтірілген квадрат теңдеу,бөлшек-рационал теңдеу

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтыңбасы

  1. Уәж туындату, оқушыларды сабаққа ынталандыру және жаңа тақырыпты жариялау – сабақ уақытының 10 % үлесі

  2. Өткен тақырыпты бекіту (қайталау) – сабақ уақытының 20 % үлесі


Психологиялық ахуал орнату.

Ұйымдастыру сәті .Оқушылар сабаққа дайындықтарын тексеремін.

Топқа бөлу.Карточкалардағы есептерге байланысты топқа бөлу. Бұл карточкаларға әр топтың атына байланысты квадрат теңдеулер берілген.Оқушылар сол теңдеулер қайсы топтың атауына сәйкес келеді сол топқа отырады.

1-топ.Келтірілген квадрат теңдеу.

2-топ.Биквадрат теңдеу

3-топ.Толық квадрат теңдеу.

4-топ.Бөлшек-рационал квадрат теңдеу

Осылайша оқушылар өздерінің топтарына орналасады.

Алдыңғы тақырыпқа ой тастау және оқушыларды осы сабаққа дайындау мақсатында алдын ала дайындалған сұрақтарды қою үшін «Конверттегі сұрақ» әдісін қолданамын.Сұрақтар төмендегідей:

Қандай теңдеуге квадрат теңдеу дейміз?

Квадрат теңдеуді шешу қандай жағдайларды білесің?

Қандай жағдайда квадрат теңдеудің шешімі болмайды?

Қандай жағдайда квадрат теңдеудің екі шешімі болады?

Келтірілген квадрат теңдеуді шешу үшін қандай теореманы қолдануға болады?

Квадрат теңдеуге келтіріп шығаруға болатын қандай теңдеуді білесің?

Кері байланыс.

«Серпілген сауал» тәсілі арқылы оқушылар бір-біріне сұрақ қояды, өзін-өзі бағалайды және бір бірін бағалайды.Бұл тәсілде оқушылар бір біріне сұрақ қоя отырып кері байланыс орнатады.

Карточкалар





Конверт және қиындыларға жазылған сұрақтар

Сабақтыңортасы

  1. Жаңа материалды игеру - сабақ уақытының 50 % үлесі


1-Тапсырма. Жеке жұмыс. «Дарабоз» әдісі.

Барлық оқушылардың тапсырманы орындау барысында өз-өзіне сенімділігін арттырамын.

1)Бөлшектің алымы бөлімінен 2-ге кем.Егер осы бөлшекке оған кері бөлшекті қосса,онда бөлшегі шығады.Бастапқы бөлшекті табыңдар.

2)Бөлшектің бөлімі алымынан 7-ге артық.Егер осы бөлшекке оған кері бөлшекті қосса,онда бөлшегі шығады.Бастапқы бөлшекті табыңдар.

Бағалау критерийлері


Дескриптор

Бағалау

Тәсілі

+/-

Есептіңшартыбойыншаматематикалықмоделін құрады

есептің шарты бойынша теңдеу құрады;


+/-

Мәтінді есепті бөлшек-рационал теңдеудің көмегімен шешеді



- теңдеуді шешу әдісін таңдайды;

- теңдеуді шешеді;

- теңдеудің түбірлерінің есеп шартына сай екендігін тексеріп, жауабын жазады

+/-

Кері байланыс

Алгоритм құруда қандай қиындықтар болды. Бөлшектің алымы мен бөлімін ажыратуда қиындық болмадыма.Кері бөлшекті келтіре алдыңба сынды сұрақтар қоя отырып толықтырулар, түзетулер енгізіп отырамын.


2-тапсырма. Ж. «Жұптас-бөліс» әдісі.


2 (Т).12.3 есеп.Теплоход өзен ағысына қарсы 4 км және өзен ағысымен 33км жүзіп өтіп,барлық жолға 1 сағат уақыт жұмсады.Өзен ағысының жылдамдығы 6,5км/сағ болса,теплоходтың тынық судағы жылдамдығын табыңдар.

Бағалау критерийлері


Дескриптор

Бағалау тәсілі

+/-

Есептіңшартыбойыншаматематикалықмоделін құрады

-мәтіндегі шамаларды ажырата отырып теңдеу құрады


+/-

Мәтінді есепті бөлшек-рационал теңдеудің көмегімен шешеді


-теңдеуді шешу әдісін таңдайды;

-теңдеудің бөлімін ортақ бөлімге келтіреді

-теңдеуді шешіп,жауабын тексереді


+/-

Кері байланыс

Алгоритм құруда қандай қиындықтар болды. Шамаларды ажыратуда қандай формуланы қолдана алдыңба сынды сұрақтар қоя отырып толықтырулар,түзетулер енгізіп отырамын.


3-Тапсырма«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»әдісі.

3-Тапсырма.Т.12.18 есеп.Екі бригада бірігіп жұмыс атқарғанда ағаштарды 4 күнде отырғызды.Жұмысты жеке орындағанда бірінші бригада екіншісіне қарағанда 15 күн ерте бітірсе,әр бригада осы жұмысты жеке орындау үшін қанша күн қажет?

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Бағалау тәсілі+/-

Есептіңшартыбойыншаматематикалықмоделін құрады

есептің шарты бойынша теңдеу құрады;

+/-

Мәтінді есепті бөлшек-рационал теңдеудің көмегімен шешеді



- теңдеуді шешу әдісін таңдайды;

- теңдеуді шешеді;

-теңдеудің бөгде түбірін ажыратады;

-теңдеудің мүмкін болған мәнін жазады;

+/-

Кері байланыс

Мен әрбір тапсырманың орындалу барысында жіберілген қате кемшіліктерге түзетулер енгіземін және жоюға ықпал жасаймын.Соның ішінде тапсырма орындау барысында бір бірлеріне көмек көрсетулерін және жетелеулерін қадағалап отырамын.

Саралау әдісі. Топтық жұмысты орындау барысында саралаудың «Диолог және қолдау көрсету» тәсілімен оқушы оқушыға бағыт бағдар береді сол арқылы бірін-бірі оқыту жүзеге асады,осы процесте кімге қолдау қажет,кім қолдау көрсетіп жатыр,яғни оларды саралаудың «Диолог және қолдау көрсету»тәсілі арқылы оқушыларды саралауға мүмкіндігім бар.

Басқалардан үйрене отырып,білімін толықтыруға дағдыландыру үшін көмек қажет ететін оқушыларды ескере оларды топ арасындағы әңгімелесуге,диологке қатыса отырып, білімін толықтыру арқылы саралаудың диолог және қолдау көрсету тәсілі орындалады және оқушылар сараланады.

Оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып,сабақта топтық жұмысын ұйымдастырдым.Себебі топта тапсырманы орындау барысында олар бір-бірін оқыту арқылы көмектеседі,қолдау көрсетеді, сондықтан да саралаудың диолог және қолдау көрсету тәсілі жүзеге асады.







8-сынып

Оқулығы

Шынывеков, Әбілқасымова



























































8-сынып оқулығы

Әбілқасымова, Жұмағұлова



Сабақтың соңы

  1. Бағалау – сабақтың 10 % үлесі

  2. Сабақты қорытындылау (дебрифинг, рефлексия) - сабақтың 10 % үлесі.


«Рефлексия» . Мен сабақ соңында оқушылар рефлексия жасау үшін «Қиын-Қызық-Құнды» әдісін алдым.




ҚИЫН



ҚЫЗЫҚ


ҚҰНДЫ









Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Сабақтың өн бойында табысты оқуға, мақсатқа жетуге жетелеу, өзін-өзі бағалауға, даму бағытын нақтылауға дағдыландыру үшін оқушыларды тапсырмаларды орындау барысында дескриптор арқылы бағалауды қолданамын және оқушылар өздеріне тапсырманы дескриптор бойынша қаншалықты дұрыс немесе дұрыс емес орындауына қарап отырып «+, - » белгілері арқылы белгілейді, сол арқылы саралаудың бағалау тәсілі орын алады

Жұптас-бөліс тәсілінде тапсырманы орындауда барлық оқушылар берген мәтінді оқиды, танысады, мәтінде не жайында айтылғанын бір-бірімен анықтайды және шамалар арасындағы тәуелділікті анықтайды , оның ішінде басым бөлігі негізгі идеяларды ортаға салып есептің алгоритмін құрады, есепті шығаруға тырысады. Ал кейбіреулері, әрбір жұптың атынан тақтаға шығып, жұмысты қорғап, ішіндегі негізгі ойды жеткізеді.Ішіндегі нақты тапсырманы түсінген, өзіндік ойы бар оқушы ғана шығады. Сонда бір тапсырманың ішінен саралауды көруге болады.Сонда мен « жұптас- бөліс» тәсілі арқылы оқушыларды саралап отырамын

Саралау әдісі. Сабақта топтық жұмысын ұйымдастырдым.Есеп қиындығын және оқушылардың қажеттілігін ескеріп топта бердім. жұмысты орындау барысында саралаудың «Диолог және қолдау көрсету» тәсілімен Топта оқушы оқушыға бағыт бағдар береді сол арқылы бірін-бірі оқыту жүзеге асады,яғни диолог орнайды,осы процесте кімге қолдау қажет,кім қолдау көрсетіп жатыр,яғни оларды саралай отырып «Диолог және қолдау көрсету» тәсілі жүзеге асады.

БАҒАЛАУ:

Оқушылар өздеріне берілген бағалау парақшаларына әр тапсырманы орындау барысында дескрипторға негізделе отырып «+,-» белгілерін қою арқылы өзін-өзі бағалайды,өзара бағалау жүреді және мұғалімнің бағалауы орындалады.Бұл бағалау барлық тапсырманы орындау барысында қолданылады.

Сабақ соңында РЕФЛЕКСИЯ жасалады. «ҚИЫН-ҚЫЗЫҚ-ҚҰНДЫ» әдісі арқылы жасадым

Топқа бөлінуде техника қауіпсіздігін ескеру

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
633
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі