400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алгебра ,9 сынып ҚМЖ 3 -тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
3-тоқсан бойынша сабақ жоспары толығымен жаңартылған түрде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дағдыларды дамыту түрі: коммуникативтік, танымдық және зияткерлік, әлеуметтік – эмоционалды.

Ұйымдастырылған ашық іс – әрекет: Сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет, сенсорика,қоршаған ортамен таныстыру.

«Күз сый»

Міндеттері:

  • Суреттер бойынша таныс заттарды атай білуге үйрету.

  • Қарапайым сөз тіркестерін (2 – 4 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету.

  • Түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыру.

  • Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру.


Әдіс – тәсілдері: көрсету,түсіндіру,сұрақ – жауап,ойын әдісі, «Steam art» технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: нейро жаттығуы «табандар»,суреттер, пластикалық құтылар,шырын сыққыш,дамытушы ойындар.


Ұйымдастырылған іс – әрекет барысы:

Балалар нейро жаттығуы «табандар» арқылы топқа кіреді.

Келген қонақтармен сәлемдесу.

Балалардың назарын ұйымдастырылған іс – әрекетіне аудару.

-Балалар, күзгі баққа барамыз ба?Күзге баққа бар дегенше өлең жолдарын айтайық.

Алма баққа барайық

Алма теріп алайық

Ең әдемі тәттісін

Әжемізге сыйлайық.

«Күзгі бақ» ойыны

Мақсаты:Балалардың сөздік қорын молайту,саусақ моторикасын дамыту.

- Балалар,қараңдаршы, мына жерде жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар?

- Күз мезгілі.

- Дұрыс айтасыңдар,күз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?

- Жел болады,жаңбыр жауады.

-Күз мезгілінде жапырақтар қандай түске боялады?

- Қызыл,сары.

- Жапарықтар жел болғанда не істейді?

- Жерге түседі.

- Жыл құстар қайда ұшып кетеді?

- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

- Күз мезгілінде нелер піседі?

-Жемістер мен көкөністер.

- Дұрыс айтасыңдар,балалар,олай болса мына ағаш басында тұрған жемістерді себетке жинайық.Жерге түскен жапырақтарды жинап алайық.Жаңбыр тамшыларын орналастырайық.Ұшып бара жатқан құстарды да орналастырайық.

-Жарайсыңдар,балалар!

- Ал,енді балалар,барлығымыз көрпешелерімізге отырып жайғасайық.

«Жемістерді ата» ойыны

Мақсаты:Балалармен іс- тәжірибе жасау арқылы жемістерді атап,түстерін ажыратуға үйрету.Қол моторикасын дамыту.

Балалар отырып алдарында тұрған суы бар құтыларды шайқайды,су әр жемістін түсіне қарай боялады.Балалар өз құтыларындағы боялған жемістерін аты мен түсін атайды.Жемістердің түстеріне сәйкес жинақтайды.

«Болады,болмайды» ойыны

-Балалар,қараңдаршы,Марат есімді бала білмей тұр екен,нені жеуге болатынын,нені жеуге болмайтынын.Маратқа барлығымыз көмектесеміз ба?

- Ендеше,бізге жеуге болатын және болмайтын тағам түрін ажыратып себетіне жинап берейік.

- Жарайсыңдар,балалар,Марат сендерге рахметін айтып жатыр.

«Күз сыйы» тәжірибе жұмысы

-Балалар,мынау не?

- Алма

-Мынау не?

-Алмұрт

-Балалар,алма ағашы бізге көп жемісін беру үшін біздің ата – ағаларымыз көп еңбегін төгеді.Жаздай суарып,түбін әктеп баптайды.Күз мезгілі болғанда бізге жеміс ағаштары өзінің сыйын, яғни жемісін береді.Жемістердің адам ағызасына пайдасы өте көп.Сендер күнде үйлеріңде,балабақшада жеміс шырындарын ішіп жүрсіңдер.Олай болса менде сендеге алма шырынын дайындап бергім келіп отыр.

-Балалар, сендерге ұнады ма менің дайындаған шырыным?

- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс – әрекетіміз сендеге ұнады ма?

- Қандай ойындар ойнадық?

-Жарайсыңдар,балалар,бүгінгі ойындарға өте жақсы қатыстыңдар.Көп – көп рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23.01.2024
515
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі