400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алгебра 9-сынып Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып математика пән мұғалімдеріне арналған. Сабақ жоспары және белсенді оқыту әдістеріне қажетті материалдар толық қамтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Қасымбекова Нұржамал

Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометрия

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:

Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.4.3

бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану;


Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • бұрыштардың қосындысы мен айырымының формулаларын тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде қолданады;

  • жарты және қос бұрыштың формулаларын тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде қолданады.


Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • аргументтер қосындысы формулаларын қолданып түрлендіруге арналған тапсырмалар орындайды;

  • екі еселі және жарты аргумент формулаларын қолданып түрлендіруге арналған тапсырмалар орындайды;

  • әр түрлі тригонометриялық формулаларды қолданып түрлендіруге арналған тапсырмалар орындайды.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • осы бөлімдегі терминдерге сүйену;

  • тригонометриялық функциялардың аргументтерінің қосындысы мен айырмасының, екі еселі және жарты бұрыштың формулаларының қорытылуын түсіндіреді;

  • тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде формулалардың таңдалуын дәйектеу.

Пәндік лексика мен терминология

  • аргументтердің қосындысының синус/косинус/тангенс/котангенсы;

  • аргументтердің айырмасының синус/косинус/тангенс/котангенсы;

  • екі еселі аргумент/бұрыш;

  • үш еселенген аргумент/бұрыш;

  • дәрежені төмендету формуласы;

  • жартылай аргумент/бұрыш;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • тригонометриялық функциялар аргументтерінің қосындысы/айырмасы формулаларын өрнекке қолданамыз;

  • берілген өрнек екі еселі бұрыштың синусы/косинусы формуласының оң жақ бөлігін білдіреді;

  • өрнектің сол/оң жағына дәрежені төмендету формуласын қолданамыз;

  • екі бұрыштың қосындысы мен айырмасының синусы мен косинусы формулаларын қолдана отырып, ... формулаларын қорытып шығаруға болады.


Құндылықтарды дарыту

Жұптық, топтық тапсырмаларды орындау арқылы ынтымақтастық пен өзара құрмет құндылықтарын дарыту.


Пәнаралық

байланыстар

Геометрия


Бастапқы білім

Негізгі тригонометриялық функциялардың анықтамасын және бірлік шеңбер арқылы олардың қасиеттерін анықтай алуды біледі. Өрнектің мәнін табуда, өрнекті ықшамдауда, тепе-теңдікті дәлелдеуде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер мен келтіру формулаларын қолданады.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушыларды сабақтағы оқу мақсаттырмен таныстыру.




Сабақтың ортасы

6-8 мин









9-23 мин















24-28 мин


























29-38 мин





«Шаттық шеңберін немесе тізбек құру» белсенді оқыту әдісі. Әр оқушыға 1-қосымшадағы тригонометриялық өрнек таратып беріледі. Оқушылардың қолындағы өрнектің жауабы екінші оқушыдағы өрнектің басы болып табылады. Қортындысында шеңбер немесе тізбек құрылады. Бұл тапсырма оқушыларға тригонометрияның формулаларын жатқа білуіне көмегін тигізеді. Оқушылар 3-4 топқа бөлінуіне болады.


Жұптық жұмыс.

«Жасырын сөзді тап» белсенді оқыту әдісі. Әр жұпқа 2-қосымша тапсырмаларын таратамыз. Оқушылар есептерді шығару арқылы құпия сөздің жауабын табады. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды және басқа жұптағы сыныптастарымен кеңесу мүмкіндігіне ие болады. Тексеру үшін оқушылар жұбы бір-бірімен шешімдерін алмасып, серіктесінің жұмысын тексере алады.

Бағалау критерийі: Тригонометриялық формулаларды қолдана отырып өрнектерді түрлендіре алады.

Дескрипторы:

- өрнектерді дұрыс түрлендіреді;

- жасырын сөзді анықтай алады.

Тапсырманы барлық болғаннан кейін табылған кілт сөз арқылы өзін-өзі және бірін-бірі тексереді.


Топтық жұмыс. Геометриямен кіріктіру мақсатында оқушыларға келесі тапсырма ұсынылады. Оқушылардың белсенді қарым-қатынасы, бір-бірінің пікірін құрметтеуі және ортақ шешім қабылдауы арқылы жүзеге асады.

Бағалау критерийі:

Оқушы: тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының бұрыштарын қос бұрыштың формуласымен байланыстыра алады.

Тапсырма. Катеттері а, b, гипотенузасы с, сүйір бұрышы α болатын тікбұрышты үшбұрышта 1) ;

2) орындалатынын дәлелдеңіз.

Дескрипторы:

- тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын біледі;

- қос бұрыштың формуласын біледі;

- теңбе-теңдікті дұрыс дәлелдей алады.


Бағалау: Оқушылар бұл тапсырмаларды орындау барысында қиын немесе түсініксіз болған жағдайда бір-біріне қолдау көрсете алады немесе мұғалімге сұрақ қойып сыныпта еркін бола алады. Оқушылар бірін-бірі және мұғалім оқушыларды жауап парағы бойынша тексеріп бағалайды.


Жеке жұмыс.

«Математикалық жекпе-жек» белсенді оқыту әдісі. Әр жұпқа

3-қосымша кеспе қағаздар жиынтығын таратамыз. Алғашқы екі парақшада бірдей тапсырмалар, ал үшінші парақшада сол тапсырмалардың жауабы болады. Егер оқушылар тапсырмаларды дұрыс орындаса, парақшалар өздерінде қалады, ал қателессе дұрыс шығарған оқушыға береді және екеуі де қателессе парақшаларды шетке қояды. Соңында парақшалар саны бойынша жұптардың жеңімпаздары анықталады.

Бағалау критерийі: Тригонометриялық формулаларды қолдана отырып өрнектерді түрлендіре алады.

Дифференциация: Әр тапсырмадан кейін дұрыс шығарған оқушы, қате шығарған оқушыға тапсырманың шығару жолын түсіндіреді.

Дескрипторы:

- өрнектерді дұрыс түрлендіреді;

- дұрыс жауабын анықтайды.

Тапсырманы барлық болғаннан кейін табылған кілт сөз арқылы өзін-өзі және бірін-бірі тексереді.

Бағалау: Дайын жауаптары бойынша өзін-өзі бағалайды. Әр топтың жеңімпазы анықталады.


1-қосымша









2-қосымша




































3-қосымша











Сабақтың соңы

39-40 мин

Рефлексия. Білім деңгейі өте жақсы, орта және төмен үш оқушыдан төмендегі сұрақтар бойынша бүгінгі сабақ туралы пікірін сұрау.

Бүгінгі сабақта …

а) Бүгінгі жұмысыма ризамын, менде барлығы дұрыс болды.

б) Менде қателер болды, бірақ мен өз ісіме ризамын.

в) Мен теориялық материалды білемін, бірақ мен практикалық жұмыста қиналдым.

г) Маған қиын және түсініксіз болды.

Үйге тапсырмасын және оны шығару жолына түсінік беру.


Шыныбеков А.Н. Алгебра 9-сынып






4-қосымша


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушылар жұптық, топтық жұмыстарды орындау кезінде басқа оқушыларға қолдау көрсетеді

Оқушылардың жұптық, топтық жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін дер кезінде кері байланыс жасау.

Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. сергіту сәтін ұйымдастыру; Сабақ алдында бөлмені желдетіп алу


1-қосымша.

Тізбек немесе шеңбер құру тапсырмалары.

(Оқушыларға А4 қағазға бір немесе екі өрнек сиятындай етіп үлкейтіп беріледі. Оқушылардың қолындағы өрнектің жауабы екінші оқушыдағы өрнектің басы болып табылады. Қортындысында оқушылардан құралған шеңбер немесе тізбек пайда болады.







2-қосымша.

Жасырын сөзді табыңыз: Ең алғаш тригонометриялық кесте құрған адам ...

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.



(В)

(Г)

(Ф)

(О) 0,5

(И)

(П)

(Л) 1,5

(К) 1

(Т)

(Р)

(А)

(Ш)

(Х)

(Е)

(Ж)

В Ш Е О Г К И О К Е П Ж Ф Л П О Т Е К А О Р Ж Е Х Т Е Ш К О


Дескрипторы:

- өрнектерді дұрыс түрлендіреді;

- жасырын сөзді анықтай алады.


Жауабы: Гиппарх


Б.э.д. 180-125 жыл бұрын ең алғаш тригонометриялық кесте құрған Гиппарх Никейский болды. Ол шеңберді 3600-қа бөліп, бірлік шеңбер бойындағы кейбір бұрыштардың мәндерін анықтап, кесте жасады. Ол ежелгі грек астрономы, математигі,.



Топтық жұмыс.

Бағалау критерийі:

Оқушы: тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының бұрыштарын қос бұрыштың формуласымен байланыстыра алады.

Тапсырма. Катеттері а, b, гипотенузасы с, сүйір бұрышы α болатын тікбұрышты үшбұрышта

1) ;

2) орындалатынын дәлелдеңіз.

Дескрипторы:

- тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын біледі;

- қос бұрыштың формуласын біледі;

- теңбе-теңдікті дұрыс дәлелдей алады.






3-қосымша.

Математикалық жекпе-жек.

№1.

№2.

№3.

№4.

№5.

№6.

cos 1070 cos 170 +

sin 1070 sin 170

№7.

№8.

№9.

№10. .

№11.

№12. . ,

деп алып -ті табыңыз

№13.

№14. Қосу формуласын пайдаланып есептеңіз:

№15.




Жауаптары:

№1.

№2.

№3.

№4.

№5.

№6. 0

№7.

№8.

№9.

№10.

№11.

№12. 0,84


№13.

№14.

№15.


4-қосымша. Үй тапсырмасы.

Өрнектерді ықшамдаңыз:

№1.

№2.

№3.

№4.

№5.

№6.

Жауаптары:

№1.

№2.

№3.

№4.

№5. 2

№6.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
834
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі