400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту жаңартылған білім мазмұны бойынша қысқа мерзімді жоспар. Сабақ 3 бөлімнен тұрады. Сабақ мақсатына жету үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың ізденушілігін арттырады. Сабақ барысында оқушылар бір-бірін бағалау критерийін қолдана алады. Сабақ соңында оқушылар кері байланыс орнатады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Рационал бөлшекке амалдар қолдану»

25.04.2018ж күні алгебра пәнінен 7 «Б»-сыныпқа күнтізбелік жоспарға сәйкес «Рационал бөлшекке амалдар қолдану» бойынша ашық сабағымды өткіздім. Оқушылар сабаққа түгел келді, көңіл-күйлері өте жақсы. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейлері бәрі бірдей емес, олардың арасында дарынды да және үлгірмеушілер де бар, сондықтан ондай оқушыларды артта қалдырмай, көмек көрсетіп, алға тартып отыру керек. Осындай мақсатпен сыныпта бір-біріне көмек көрсетуді, көшбасшылықты өзім ұйымдастырдым. Оқушыларымды түрлі түсті стикерлер арқылы 3 топқа отырғыздым. Топтар өз орындарына жайғасқан соң оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен және сабақтың мақсатымен таныстырып өттім.  Әр топтың топ басшыларын сайлап бағалау парақтары таратылды. Бүгінгі сабақты бағалау үшін оқуды бағалау модулін енгізе отырып,  бағалау критерийлерін ұжымдасып талдап, бүгінгі сабақ баллдық жүйемен бағаланатынын бекіттік. Мен оқушыларды бағалау парағымен таныстырдым және сабақ бойы бағалау критерийлеріне көңіл бөлу керектігін ескерттім.

Сабақтың 1-кезеңінде білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілді қолдандым, ол «Миға шабуыл» сұрақ жауап деп аталды. Оқушылардың  сұрақтарға жауап бергендеріне байланысты  өткен сабақты қаншалықты түсінгендерін байқадым. Осы жерде мұғаліммен оқушының арасында диологтік оқыту жүрді. Бірінші топта Алпан Жазира мен Мамбетов Нұрсұлтан сұрақтарға жауап берсе, екінші топта Үтегалиева Айгерім мен Дәулет Азиза, ал үшінші топтан Жақсыбай Нұрлан, Аллан Бекзат сұрақтарға дұрыс жауап берді. Топтық жұмыста оқушылар бір-бірімен тығыз байланыста болады, екі топта уақыттарын тиімді пайдалана білді, топта белсенділік танытқан Алпан Жазира, Мамбетов Нұрсұлтан, Үтегалиева Айгерім, Жақсыбай Нұрлан, Дәулет Азиза, Аллан Бекзат. Ал Альбина, Мирас, Ринат, Айдын, Арнұр топқа кірісе алмай отырды. Келесі тапсырма шығармашылық тапсырма болды . Топтарға тапсырма таратылып, тапсырманы орындап болғаннан кейін әр топ басқа топтардың орындаған тапсырмаларымен алмасып бірін-бірі тексерді.Барлық топ тапсырмаларын дұрыс орындаған. Білім беруде  ақпараттық  – коммуникациялық технологияларды пайдаланғанда оқушылар өз бетімен жұмыс істейді, аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдей алады.

Үй тапсырмасына рациолнал бөлшек туралы келесі сабаққа толық ақпарат жинап келуге тапсырдым.  Оқушыларды бағалау үшін топ басшысы  сабақ барысында жинаған балдарын есептеп,  балға сәйкес бағаны қойды. Сабақ нәтижесінде: барлық оқушы жинаған ұпай санына қарай өте жақсы деген баға алды. . Әрине бірінші сабақ болғандықтан оқушылар бір-бірінің көңілдеріне қарап  бір-бірін көтермелеп әділ бағалай алмады. Кейінгі сабақтарда көзқарастары сәл де болса өзгереді деген ойдамын. Сабақ соңында рефлексия жазу үшін стикер таратып кері байланыс орнаттым. Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын жазып қалдырыпты. 


Picture 5 Picture 7 Picture 9 Picture 11 Picture 33 Picture 35

Рисунок 7



Жамбыл облысы, Меркі ауданы

№1 Жалпы білім беретін мектебінің

Математика пәнінің мұғалімі

Жузбаева Арайлым Амирхановна





Тақырыбы:

82-83 -САБАҚ

Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту

Күні,айы:25.04

Мұғалімнің аты-жөні: Жузбаева А.А.

7 «Б»

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.19

алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті бойынша білімдерін кеңейтеді, бөлшектерді қосу және азайту амалдарын орындау арқылы білік, дағдыларын нақтылайды;

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыпты түсіне отырып ойын жеткізе білу арқылы, сөйлемді дұрыс құруға пайдаланады


Кейбір оқушылар:

Оқушылар бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайту арқылы рационал бөлшекке түрлендіруге үйренеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(1-5 минут)

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,

оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,

олардың назарын сабаққа аудару

Жаңа сабақты бастар алдында оқушыларды түрлі-түсті стикерлермен 3 топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген тапсырманы сұрау, пысықтау.

Сұрақ-жауап «Миға шабуыл»әдісі.

1.Кез келген рационал өрнек алгебралық бөлшек бола ма? Жоқ

2.Кез келген бүтін өрнек рационал өрнек бола ма? Ия

3.Кез келген алгебралық бөлшек рационал өрнек бола ма? Ия

4.Кез келген рационал өрнек бүтін өрнек бола ала ма? Жоқ

5.Жай бөлшектің негізгі қасиеті қандай?

Интербелсенді тақта



Түрлі-түсті стикер

Сабақтың ортасы (6-35 минут)

Жаңа тақырыпты игеру. Постермен жаңа тақырыпты қорғау. Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату. Постер арқылы тақырыптарын қорғату.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту.

Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап отаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді.

Әр топ лидерлері тапсырманың орындалуын басбармақ әдісімен бағалайды.

Оқулықпен жұмыс. Әр топтың мүшелері оқулықтан деңгейлік тапсырмалар орындайды.

Топ мүшелері ережеге сүйене отырып есепті шығарудың дұрыс-бұрыстығын бағдаршам әдісімен бағалайды.

Сергіту сәті. (Логикалық есептер)

1. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?

А) 1 құс В) 12 құс (С) 11 құс

2. 3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек?

А) 27 сағ В) 9сағ (С) 3 сағ

3. 100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді?

А) 10 кг (В) 1 кг С) 100кг

4. 100м поезд 100м тунелден 100м/сек жылдамдықпен неше мин өтеді?

А) 1 сек ( В) 2 сек С) 3 сек

5. Екіден үлкен үштен кіші болу үшін 2 және 3 сандарының арасына қандай белгі қою керек?Үтір.

Шығармашылық тапсырма.

  1. Есепте:

2. Көбейткіштерге жіктеңдер:

1) 25-y2 2) a2+ab

3. Амалды орындаңдар:

1) 2)

4. Бөлшекті қысқартыңдар:

1) 2)

5. Өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін көрсетіңдер:

1) 2)

Тапсырмаларды орындап болған сон сағыт тілімен айналдырып, әр топқа береді. Топ мүшелері тапсырманы тексеріп, бағдаршам әдісімен бағалайды.


Таныстырылым









Бағдаршам


Оқулық


№1Жұмыс дәптері
















Үлестірме қағаз.

Сабақтың соңы( 36-40мин)

Сабақты бекіту. Жеке жұмыс


Тақырыпты меңгергендігін анықтау мақсатында жеке жұмыс жүргізілді. Оқушылар тапсырманы ауызша орындайды.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Оқушыларды бағалау.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
1421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі