жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.4. В Мектеп: «Болашақ» ЖОМ Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Телходжаева М.Б. Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||
Сабақтың тақырыбы |
Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.1.19 Алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау 7.2.1.20 Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлуді,дәрежеге шығаруды орындау
|
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Бөлімдері бірдей алгебралық бөлшектерді қосу және азайту амалдарын орындай алады. Басым бөлігі:Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайту амалдарын орындай алады.Ортақ бөлімге келтіре алады. Кейбір оқушылар: Күрделі алгебралық бөлшектерді амалдар қолдануды біледі. |
||||
Бағалау критерилері |
Алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуды орындайды. Ортақ бөлімге келтіре алады. Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлуді,дәрежеге шығаруды орындайды.
|
||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты лексика мен терминология Бүтін өрнектер Бөлшек өрнектер Алгебралық бөлшектер |
||||
Құндылықтарға баулу |
Оқушылардың сенімді қарым-қатынасын қалыптастыру,сын тұрғысынан ойлау, шығармашылыққа баулу, қалыптастырушы бағалау. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Математика, |
||||
Алдыңғы білім |
Жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін біледі,есептер шығаруда қолдана алады.Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу ережесін біледі. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру. Психологиялық дайындыққа бір-біріне “Тілектер бұрқасыны” жаттығуын орындатамын. Оқушылар шаттық шеңберін құрып,стикерге тілектер жазып ортаға лақтырады,ол тілектер оқылады. Мозайка құрастыруы арқылы 3 топқа бөлемін. Сабақтың тақырыбын өткен сабақпен байланыстыру мақсатында қарапайым ашық сұрақ қою арқылы сұраймын. Мысалы: 1.Алгебралық бөлшектер дегеніміз не? 2.Алгебралық бөлшектердің қандай қасиеті бар? 3.Айнымалылардың қандай мәнінде алгебралық бөлшектің мағынасы болмайды?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру және талқылау |
Стикер
Суреттер
Сұрақтар |
|||
Сабақтың ортасы 8 минут
7 мин
14 мин
Сергіту сәті 3 мин
5 мин |
Бөлiмдерi бiрдей жай бөлшектердi қосқанда, олардың алымдарын қосып, бөлiмiн өзгерiссiз қалдырамыз. Қосу және азайту өзара керi амалдар екенiн бiлесiңдер. Егер х + у = k болса, онда k – у = х болады және керiсiнше, егер k– у = х болса, онда х + у = k болады. Бұл қосу мен азайтудың байланысын өзара тең белгiсiмен көмегiмен былай жазуға болады: х+ у= k , k– у= х. Бөлiмдерi бiрдей рационал бөлшектердi азайту ережесi:бөлiмдерi бiрдей бөлшектердi азайту үшiн азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, бөлiмiн өзгерiссiз қалдыру керек. Бөлiмдерi әртүрлi рационал бөлшектердi қосу мен азайтудықарастырайық.. Ол бөлiмдерi бiрдей бөлшектердi қосу мен азайтуға келтiрiледi. Бөлiмдерi әртүрлi рационал бөлшектердi қосу мен азайту кезiнде ортақ бөлiмдi табу үшiн бөлшектiң бөлiмдерiндегi ең кiшi ортақ еселiктi табатынын бiлесiңдер, яғни: — егер бөлшектiң бөлiмдерi өзара жай сандар болса, онда ең кiшi ортақ еселiк бөлiмдердi көбейтiндiсiне тең; — егер бөлшектiң бөлiмдерi бiр-бiрiне бөлiнсе, онда ол осы бөлiмдердiң үлкенiне тең; — бөлшектердiң бөлiмiндегi өрнектер жай көбейткiштерге жiктелiп, осы жiктелудiң құрамында бар, бiрақ бiрiншi мен екiншi бөлшектiң бөлiмдерiнде жоқ көбейткiштердiң көбейтiндiсi ең кiшi ортақ еселiк ретiнде алынады. Бөлiмдерi әртүрлi рационал бөлшектердiң ортақ бөлiмiн тапқанда, алдымен осы бөлiмдердiң ортақ көбейткiштерi болатындай көбейткiштерге жiктеу тәсiлдерiн қолданады. «Өрмекшінің торы» әдісі. Топтың арасында оқушылар жіпті лақтыру арқылы алдыңғы білімдерімен ұштастырып бір-бірлеріне сұрақтар немесе есептер беру арқылы өрмекшінің торын құрады. Әр қатардан кезекпен оқушылар тақтада бөлімдері әр түрлі рационал бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін құрады: 1.Мүмкін болса, бөлшектің бөлімдерін көбейткіштерге жіктейміз. 2. Бөлшектердің ортақ бөлімін табамыз. 3. Әрбір бөлшектің толықтауыш көбейткішін анықтаймыз. 4. Әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін толықтауыш көбейткішіне көбейту арқылы ортақ бөлімге келтіреміз. 5. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу (азайту) амалын орындаймыз. Бағалау критерилері: 1.Алдыңғы білімдерімен ұштастыра сұрақтар қоя алды. 2.Бөлімдері бірдей алгебралық бөлшектерді қосу мен азайтудың ережесін біледі. 3. Бөлімдері әр т үрлі алгебралық бөлшектерді қосу мен азайтудың ережесін біледі. 3. Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлуді,дәрежеге шығаруды орындайды. арқылы бағалаймын
«Айналмалы бекет» әдісі. №62.1-62.6 есептер аралығын қамту. Әр топтың өздерінің таңдап алған маркердің түстерімен айналып жүріп тапсырмаларды орындайды. Бағалау критерилері: 1.Тепе-теңдікті пайдаланып бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады және азайтады. 2.Бөлімдері әр түрлі бөлшектерге ортақ бөлім бере отырып,есептер шығара алады.
Топтарға сөзжұмбақ беріледі. Жауаптарын 3 тілде айту керек
6. Бір жұмыртқа 5 минут қайнайтын болса,3 жұмыртқа неше минутта қайнайды? (жұмыртқа,яйцо, egg)
«Аукцион» әдісі Деңгейлік тапсырмалар Әр жұпқа тапсырмалар беріледі, бір-бірін тексереді. 1000 тг
«С» деңгейіндегі есептер
Бағалау критерилері: 1.Деңгейлік есептер шығарады.
|
Жіп
Плакат, маркер
Үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш фигуралар
Жұмбақтар жазылған ресурстар
|
|||
Сабақтың соңы 2 минут
1 минут |
Қорытындылауға «Доп лақтыру» әдісі. Әр топ бір-бірлеріне допты лақтыра отырып сол сабақтан сұрақтар қояды.
Мен жақсы түсіндім.......... Менің сұрағым бар........... Мен түсінген жоқпын, өйткені............
|
Доп |
|||
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||
Қабілеті жоғары оқушыларға «Аукцион» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар беріледі. |
Топтық жұмыс.Жазбаша есептер. Тақтамен жұмыс. |
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары |
|||
Сабақ бойынша рефлексия |
|
||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2:
|
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген