Алгоритм және оның атқарушылары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алгоритм және оның атқарушылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Горький атындағы №16 орта мектеп









Ашық сабақ









Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары



Shape1























Информатика пәні мұғалімі: Рахманбергенова Ү.













2018-2019 оқу жылы


Сабақ №8

Сыныбы: 6

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның орындаушылары.

Сабақтың мақсаты:

1. «Алгоритм» ұғымын қалыптастыру, оның орындаушыларын білу;

2. Алгоритм құру дағдысын қалыптастыру, мысалдар келтіре білу, алгоритмді орындау түсінігін дамыту;

3. Қарапайым алгортмдер құра білу;

Сабақтың көрнекілігі:

Баспалық материалдар сызылған плакат. Электрондық оқудлық, Тестілу программасы. Қарапайым алгоритмдердің блок-схемасы, таратпа материялдар, флипчарт.

Сабақтың түрі: теориялық-практикалық сабақ;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткен сабақты қайталау

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV.Практикалық жұмыс

V.Тест

VI.Сабақты бекіту


І. Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.

  2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты қайталау

Өткен сабақты флипчарттағы тапсырмаларды орындау арқылы қайталау.

  1. Тапсырма(алдарыңдағы ЭЕМ буындарын элементтік базасы бойынша ретімен орналастыр.)

Даму буындары

ЭЕМ элементтік базасы

ЭЕМ элементтік базасының суреті

ЭЕМ І буыны

Электронды лампалар қолданылды

ЭЕМ ІІ буыны

Жартылай өткізгіш транзисторлар қолданылды

ЭЕМ ІІІ буыны

Интегралдымикросхемалар

ЭЕМ ІV буыны

Үлкенжәне өте үлкен интегралды схемалар

ЭЕМ V буыны

Бұл буын әлі қарастырылуда, ол жарқын болашақтың машинасы


  1. Тапсырма

  • Қандай есептеу құрылғыларын білесіңдер? Осы есептеу құрылғыларын шығу тарихы бойынша орналастыр.

Есептеу құрылғысы

Есептеу құрылғысының аты және кім жасады?

Есепшот-2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет

Паскаль машинасы - 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль

Лейбниц машинасы Арифмометр

Аналитикалық машина - Ч. Бэббидж


3 – тапсыма

Ақпараттың өлшем бірліктері

Бит 0 немесе 1

1 байт = 8 бит

1 Килобайт (Кб) = 1024 байт

1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб

1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб

1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб


4 – тапсырма

Бүкіл әлемді төмендегі сызба түрінде бейнелеуге болатынын білеміз. Енді осы әлемдердің аттарын орналастырып анықтамасын айт.

Мегаәлем

Макроәлем

Микроәлем

Мегаәлемді галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар,

яғни үлкен көлемді нысандар құрайды.

Макроәлемді адам өлшемдерімен салыстыруға болатындай

тірі және өлі табиғаттан тұрады.

Микроәлемді өлшемдері өте кішкентай нысандардан –

молекула, атом сияқты нысандардан тұрады.


ІІІ. Жаңа сабақ

  • Балалар, алдарыңа бейне ролик ұсынамын мұқият тыңдап отырыңдар!

  • Бейне роликтен ойларыңызға не түйдіңіздер?

  • Бүгінгі біздің тақырып қандай деп ойлайсыңдар?

  • Балалар, бүгін біз сендермен информатика сабағының ең қызықты және маңызды – Алгоритм тақырыбымен танысамыз.

Алгоритм деген не?

Алгоритм не үшін қажет?

Алгоритмнің атқарушысы кім? деген сұрақтарға жауап іздеп сабақтың соңына жауабын табатын боламыз.

  • Енді алгоритмнің шығу тарихына тоқталайық.

«Алгоритм» сөзі 783-850 жылдарда Хорезм қаласында (Қазіргі Өзбекстандағы қала) өмір сүрген Орта Азияның ұлы математигі  Әл-Хорезми  атының латынша жазылуы «algorithmi» сөзінен шыққан. Ол өзінің «Үнді сандары туралы» кітабында көрсеткен араб цифрларының көмегімен жасаған натурал сандарды жазу және оларды бағанмен ауыстыру ережелері бүгінде әрбір мектеп оқушысына белгілі.

  • Біз күнделікті өмірде әр түрлі алгоритмдерді қолданамыз: нұсқаулар, рецепттер, ережелер. Әдетте біз оларды ойланбастан орындаймыз. Мысалы, сендер шәй демдеуді білесіңдер, айталық сендерге өздеріңнен кіші іні – қарындастарыңды үйрету керек делік. Олай болса, сендерге жасалатын әрекеттерді нақты, анық, рет – ретімен нұсқау қажет болады.

  1. Суды қайнату.

  2. Шәйнекті ыстық сумен шаю.

  3. Шәйнекке шәй салу.

  4. Ыстық су құю.

  5. Қақпағын жабу.

  6. 3-4 минут тосып бықтыру.

Басқаша айтқанда, біз шәй қайнатудың алгоритмін құрдық.

Сендер алгоритм ұғымымен математика, логика курстарынан таныссыңдар. Алгоритм – программалаудың ең негізгі және бастапқы сатыларының бірі. Келесі оқу жылында сендермен бағдарлама құруды үйренеміз. Енді алгоитмге анықтама беріп көрейікші.

Алгоритм – берілген есепті шешу жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекет жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.

1-мысал. Есікті ашу алгоритмі

2-мысал. Жарма жасау алгоритмі

Алгоритм орындаушылары

Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атаймыз.

Алгоритмдегі кез – келген іс-әрекет бұйрық деп саналады.

Алгоритмнің дұрыс орындалуы үшін орындаушығадеректердің толық жинағын хабарлау керек.

Алгоритм орындаушыларға: адам, компьютер, автоматтандырылған құрылғы.

Shape2

Үзіктілік қасиеті

Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек.

Мысалы :

Жылдамдаярланатынастыңалгоритмі:

1 қадам. Ыдысқа пакет ішіндегіні салу.

2 қадам. Ыдысқа 200 мл ыстық су құю.

3 қадам. Мұқиятараластырыңыз.

Айқын, дәл өрнектелуқасиеті

Алгоритмдекелтірілгенбарлықіс-әрекеттердіңмағынасыайқын, нақтыанықталған болу керек.

Мысалы:

Инженер өз жұмысын жақсы атқара алады. Аспазшыинженер жұмысыннұсқаулықбергенкүнніңөзінде де атқараалмайды.

Формальдылығы

Алгоритм арнайыорындаушығаарналыпқұрылукерек.

Орындаушы алгоритм командаларында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындалуы үшін командалар орындаушының білім деңгейіне сәйкес болуы керек.

Мысалы:

«Х санын квадратта» деген команданы бастауыш сынып оқушылары түсінбейді, ал соны «Х санын Х санына көбейт» деп айтсақ, онда бұл команданы олар орындай алады.

Жалпылықнемесеортақтық

Алгоритм құрғандабелгілібірпроблемағағанаарналмай, осы тәріздесмәселелершешімінтолыққамтуғамүмкіндікберетіндейетіпқұрылуықажет.

Мысалы:

Мазмұны жағынан ұқсас есептердің барлығына ортақ бір формула қолдану.

Нәтижелілігі

Кезкелгеналгоритмніңнәтижесі болу керек.

Әрекеттердіңшектеулісанынанкейінбелгілібіруақыттақорытындынәтижеалуымызкерек.

Мысалы :

Сандарды қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады, ал нәтижесі қосынды болады.

Орындаушыжұмысынпрограммалау

Программа – бұл алгоритм, орындаушытіліндежазылған алгоритм.


ІV. Практикалық жұмыс


V. Сабақты бекіту

Тест(Activate тест орындау)

  1. Алгоритм дегеніміз не?

А) Алгоритм – берілген есепті шешу жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

В) Алгоритм – компьютердің командаларын айтамыз

С) Алгоритм – өзара ақпарат алмасу

2. Алгоритм атауы қай ғалыммен байланысты.

А) Ибн Сина

В) Блез Паскаль

С) Әл-Хорезми 

3. Алгоритм орындаушыларын ата.

А) өсімдік, жан - жануарлар

В) адам, компьютер, автоматты құрылғы

С) үй жиһаздары, компьютер

4. Алгоритмнің неше қасиеті бар?

А) 3

В) 1

С) 5

5. Бұйрық дегеніміз не?

А) алгоритмнің нақты іс – әрекеті

В) алгоритм қасиеті

С) орындаушы аты

6. «Аlgorithmi» сөзі қай тілден шыққан

А) ағылшын

В) латын

С) орыс

7. Алгоритмнің дұрыс орындалуы үшін ...

А) қадамдар нақты болу керек

В) мазмұнды болуы керек

С) соңынан басталуы керек.

8. Прогоаммалаудың ең бірінші сатысы, ол - ...

А ) есеп шығару

В) орындаушыны таңдау

С) алгоритм құру

VI. Рефлексия

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2018
715
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі