400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алгоритм орындаушылары 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге сабаққа қосымша материал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

СPicture 3 ултанова Асемгул Койшановна

Атырау облысы, Индер ауданы,

«Көктем» қазақ орта мектебінің

І санатты информатика пәнінің мұғалімі


 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3 А Біздің өміріміздегі алгоритмдер

Сабақ тақырыбы

Орындаушылар және олардың командалар жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

       5.3.2.3 – орындаушылар және олардың командалар жүйесі

       5.3.2.2 –алгоритмді сөз түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Орындаушы ұғымымен танысады.

    Көпшілігі: Түсінеді, талдайды, білімін өзгертілген жағдайда қолданады. Формальды және формальды емес ұғымымен танысады.

    Кейбірі: Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды. Әр орындаушының командалар жүйесін меңгереді.

Бағалау критерийлері

1. Орындаушы мен командалар жүйесін ажыратады.

2. Командалар жүйесі көмегімен алгоритмдер құрады.

3. Орындаушылар мен командалар жүйесіне мысалдар келтіре алады.

Тілдік  мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:
Алгоритм, команда, орындаушы
Орындаушы-исполнитель-
executor
Команда-команда-
command
Алгоритм-алгоритм-
algorithm

Құндылықтарды дарыту

–ынтымақтастық

-шығармалышық   және сын тұрғысынан ойлау

-жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

Алдыңғы білім

Алгоритм және алгоритм түрлерін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут



Оқушылармен амандасу.

     Психологиялық ахуал қалыптастыру «Айна» әдісі арқылы  -«Mirror». Оқушылар айнаға қарап «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап береді.Рахмет!

 Топқа бөлу. Санау арқылы үш топқа бөлу

Үй тапсырмасын пысықтау.

  1. «Кубизм» әдісі. Өткен бөлімді қайталау сұрақтары:

Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритмнің қасиеттері қандай?

Алгоритм ұғымы кімнің атауына берілген?

Алгоритмнің неше түрі бар?

Алгоритмнің басы мен соңы қандай блок сызбамен беріледі?

Әл-Хорезми кім?


2-тапсырма. Сәйкестікті анықта І топ

Сызықтық алгоритм


Басы

Егер күн ыстық болса

 онда шомылуга барамын

әйтпесе үйде қаламын

Соңы.

Тармақталған алгоритм

Басы

Үй тапсырмасын орындау

Орындалса қыдыруға бар

Орындалмаса, қайта орында

Соңы.

Циклдік алгоритм

Басы

Жерді қазамын

Көшетті отырғызамын

Су құямын

Күтім жүргіземін

Соңы.


ІІ топ

Орындаушы

Команда

Кір жуғыш машина

Қағазға басу

Ит

Жуу, шаю

Адам

Отыру

Принтер

Картоп пісіру


ІІІ топ. Техникалық диктант.

            …деп  алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын іс-әрекеттердің тізбектеліп орындалуын айтамыз. Алгоритмнің … түрі бар. … белгілі бір шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайды. Алгоритм орындаушылары формальды және … болып екіге бөлінеді.


      Айна, таратпа қағаздар, мазмұндық сызба

Сабақтың ортасы

15 минут


Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын сыныпқа интерактивті тақтада ұсынылған суреттермен миға шабуыл арқылы айқындау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

             Алгоритм өзі құрылмайды,  ол орындаушыға арналып құрылады. Дәл сипатталған  тапсырма алгоритм болып табылады, ал алгоритмдегі кез келген іс-әрекет команда деп аталады.

            Алгоритм орындаушысы дегеніміз – алгоритмді жүзеге асырушы.

           Орындаушының нақты орындалуы мүмкін  командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.

             Орындаушылар формальды және формальды емес болып екіге бөлінеді.

             Формальды орындаушы бір команданы бір қалыпты, өзгеріссіз орындайды

            Формальды емес орындаушы бір команданы түрлі әдіспен орындайды.

            Алгоритм орындаушыларына адам, компьютер, техника, роботтар

      Ең танымал орындаушы  – компьютер.

          Қазіргі кезде адамға және жануарларға ұқсас роботтар көптеп құрастырылып жатыр. Солардың ішіндегі ең танымал роботтар: 1999 жылғы Aibo және 2000 жылғы Asimo Жапонияда шыққан, 2015 жылғы София  Қытайда шыққан.


  Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру

1-тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс!»

Топтық жұмыс. Мазмұндық сызба жасап, қорғау

1топ:

Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

Бутерброд дайындау алгоритмін құрастыр.

2 топ:

Тармақталған алгоритм дегеніміз не?

Ауа райына қарай қалай киіну алгоритмі?

3 топ:

Циклдік алгоритм дегеніміз не?

Құдықтан су алу алгоритмі?

3-тапсырма «Адасқан алгоритм»

Қағаз қиындыларынан «Шай қайнату», «Сабақ оқу», «Мектепке бару» алгоритмдерін рет – ретімен 3 топ орындарына қояды. (Партаның үстінде жатқан ережелерді магнит тақтаға жапсырады, қатесіз, жылдам орындаған топ ескеріледі)


Оқулықпен жұмыс. 97 бет. Жинақтау бөлімі.

4,5 тапсырма. 1-тапсырма. Кестені толтырыңдар

Команда нөмірі

Алгоритмнің командасы

Команданың орындалу нәтижесі

1

Қаламды ал

…

2

«Қазақстан» сөзін жаз

«Қазақстан» сөзі жазылды

3

...

Қалам үстелге қойылды.

4

Соңы

…

5. Төмендегі алгоритмге сәйкес есептің жауабын хабарлаңдар: Басы

5-ті 7-ге көбейт

Нәтижесінен 5-ті азайт

Нәтижесін 6-ға бөл

Шыққан санды хабарла. Соңы

 Оқулық, тұсаукесер, таратпа қағаздар





















































Сабақтың соңы

10 минут

Сабақты бекіту

Жеке жұмыс

Қалай ойлайсыңдар алгоритмді орындау барысында қандай нәтиже көруге болады? (Жоғары(Ж), Төмен(Т), Оңға(О), Солға(С) командаларын пайдаланыңыздар. Сандар шаршының санын білдіреді.)

Басы

Қарындашты ал

шаршылар бойынша диктант жаз:

1Ж, 1О, 3Ж, 2С, 3Ж, 2О, 1Ж, 1О, 3Т, 6О, 1Ж, 1О, 2Т, 1С, 3Т, 1О, 1Т, 3С, 1Ж, 1О, 1Ж, 5С, 1Т, 1О, 1Т, 3С

алынған суретті аяқта

қарындашты орнына қой

Соңы.

Дескриптор Білім алушы

- командалар санын анықтайды;

- командалар жүйесін қолдана отырып, әрекеттердің сөздік

алгоритмін жазады.

- нәтижеге жетеді(Нәтижесінде иттің суреті пайда болады.)

 Кері байланыс жүргізу: “Білім ағашы” әдісі арқылы

Үйге тапсырма: Алгоритмді сөз түрінде ұсыну тақырыбын оқу. Алгоритмнің үш түріне мысал жазып келу.


Жіп,

 Блоб ағашының суреттері







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі