«А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі» КММ
«Алгоритм» пән бірлестігінің онкүндігінің анықтамасы.
29.01.-09.02.2024 ж. аралығында математика пәнінің онкүндігі болып өтті. 29.01.24 ж апталықтың ашылуы болды. Ашылуында оқушыларға логикалық тапсырмалар қойылды, дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар берілді,интуиция әдісімен оқушыларға қызықты ойындар ойнатылды жәнеде апталықтың барысымен таныстырылды.

Әрбір мұғалім сабақтарын өз уақтында өтіп шықты. Сабақтарында ұлттық құндылықтар көрініс тапты. Сабақтан соң пән мұғалімдеріне жақсы тұсы және жақсартатын тұстары айтылып өтті. Сабақтар төмендегіше.
|
Пән мұғалімі |
Жақсы тұсы |
Жақсартатын тұсы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Козытаев Б.Хасантаева Н.А.Абдурахманова М.Сыныбы: 9-сыныптар Күні: 30.01.2024ж Тақырыбы: «Mathby Sport» |
«Math by Sport» сайысы. Математика мен спортты байланыстыра отырып,оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру , Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой-өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін дамыту үшін орындалған сайыс.Жылдамдыққа,ептілікке, бір-біріне деген достық қарым-қатынаста болуға , дені сау азамат болып өсуге тәрбиелеу. 1-кезең. «Мен жақсы көремін…» таныстық шеңбері. 2-кезең.Топқа бөліну. 3-кезең. «Пазл» құрастыру. 4-кезең. «Кім жылдам?» 5-кезең. «Дартсты пайдалану». 6-кезең. «Ағылшын тілінде берілген есептерді шығару». 7-кезең.Ойынды қорытындылап,марапаттау. |
Уақытты әрбір кезеңге нақты белгілеп беру. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жауапты: математика пән мұғалімдері Сыныбы: 5-11-сыныптар Күні: апта бойына Тақырыбы: «Логикалық қалай?» |
«Логикалық қалай?» айдары күнделікті үлкен қоңырау уақытында оқушылар мен мұғалімдерге жүргізіліп отырды. Математикалық логикаға байланысты күнделікті әртүрлі логикалық сұрақтар қойылып, жақсы жауап берген оқушылар мен мұғалімдерге тәтті кәмпиттер үлестіріп берілді. Мақсатымыз оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Логикалық сұрақ айдары өте қызықты жүргізілді. Оқушылар қызығушылықпен белсенді қатысты. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Козытаев Б.К. Сыныбы: 7 «Ә» Күні: 30.01.2024 ж Тақырыбы: «Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы» |
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийін оқушылар өздері анықтады. Оқушыларды құндылыққа баулу мақсатында тапсырмаларды орындауда «Асық» түрлері негізге алынды. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауға бағытталған сұрақтар қойылды және «Жазықтық» әдісі арқылы психологиялық ахуал тудыра отырып, әрі сабақ мақсатына байланысты сабақ мақсатына аудиал, визуал және кинестетик арқылы қол жеткізді. «Конверт» әдісі арқылы бірінші тапсырманы орындау барысында оқушылар тыңдай білу, ұжымдық шешім қабылдау, бір-бірімен байланысқа түсу, талдау, қарым-қатынас, болжай алу, алған ақпаратты жүйелеу дағдысы қалыптастырылды және «Дұрыс,бұрыс» әдісі арқылы және де талқылау сұрақтары арқылы өткен тақырыппен сабақтастырылды. Екінші тапсырмада оқулықпен жұмыс жасалынды. Тапсырма оқулықтан берілсе де, оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында тапсырманың дескрипторы «Жұмыртқа» әдісі арқылы берілді. Тапсырмаға кері байланыс бере отырып, мұғалім талқылау сұрақтарын қою арқылы өткен тақырыпты еске түсіру тиімді жүргізілді. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай болды және дарынды оқушыға қосымша тапсырмалар ұсынылды. Сабақтың соңында бағалау критерийі бойынша оқушылар «бағалау шкаласы» бойынша нақты бағаланды. Үй тапсырмасы берілді, нұсқаулық айтылды. |
Оқушылар арасында бір-бірімен кері байланыстың көп болуын қадағалау. Оқушылар өзара бірін-бірі бағалауына көбірек көңіл бөлуді тиімді ұйымдастыру. Саралаудың дұрыс жүргізілуін қадағалау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Исмайлова А.Е. Сыныбы: 11 «В» Күні: 31.01.2024 ж Тақырыбы: «Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы» |
«Саған тілегім» әдісі арқылы психологиялық ахуал жүргізілді. Функциональдық сауаттылық тапсырмасы алынды. алынды. «Формуланы жалғастыр» әдісі бойынша өткен сабақты пысықтады. Сабақта тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийін оқушылармен бірлесе отырып анықталды. Оқушыларға жеке және жұптық тапсырма орындатты. Жұптық жұмыста ұлттық құндылыққа байланыстырып тапсырма алынды. Тапсырмалар оқушының жас ерекшелігіне сай, Блум таксономиясы бойынша білімдерін кеңейтуге, тереңдетуге бағытталған. Әр тапсырмадан кейін мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланыс тиімді жүргізілді. Сабақтың соңында бағалау критерийі бойынша оқушылар нақты бағаланды. Үй тапсырмасы берілді, нұсқаулық айтылды. Уақытты тиімді пайдаланды. |
Бағалауды оқушыларға нақты жүргізу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Искакова Л.Ж. Сыныбы: 7 «В» Күні: 07.02.2024 ж Тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» |
Сабақта тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийін «Мұғалім-оқушы» әдісі арқылы бірлесе отырып анықталды. Оқушыларды құндылыққа баулу мақсатында тапсырмаларды орындауда «Жолда жүру ережелері» негізге алынды. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауға бағытталған сұрақтар қойылды, екінші тапсырмада «Қарқын» әдісі арқылы оқушылар сараланды. «LearningApps» платформасында өткен сабақты қайталау арқылы білімдерін пысықтап, алдыңғы біліммен байланыстыра білді. Тапсырмалар оқушының жас ерекшелігіне сай, Блум таксономиясы бойынша білімдерін кеңейтуге, тереңдетуге бағытталған. Әр тапсырмадан кейін мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланыс тиімді жүргізілді. Сабақтың соңында бағалау критерийі бойынша оқушылар нақты бағаланды. Үй тапсырмасы берілді, нұсқаулық айтылды. |
Топтық жұмысты орындауда оқушылардың кері байланысын тиімді ұйымдастыру. Уақытты тиімді пайдалану. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мухаева У.К. Сыныбы: 6 «Ғ» Күні: 06.02.2024ж Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу |
Сабақтың тақырыбы онлайн мектеп арқылы түсіндірілді, мысал келтірілді. Сабақтың мақсатын оқушылар өздері қоя білді, анықтай алды. Үй тапсырмасы вордуолл платформасы арқылы, «кез келген оқушы» әдісімен тексерілді. Алдыңғы білімді, өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы, «Ұлттық құндылықтарменен ұштастыра отырып, бес құндылықтарды оқушы бойына дәріптеді. Жаңа сабақтың мақсатын оқушылар ашқаннан кейін, ауызша есептерге жауап беріп, шығарды. Әр тапсырмада мұғалім мақсатқа оралып отырды. Мұғалім оқушыларға кері байланыс жасап отырды, және де мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы өте жақсы. Жаңа сабақтан кейін, өзіндік тапсырма дескриптормен берілді, оқушылар тапсырма орындау барысында тақырыпты меңгеріп, белсенділік танытты, оқулықпен, тақтамен жұмыс жасау дағдысы қалыптасқан. Мұғалім әр тапсырма барысында тәттілермен бағалап, кері байланыс жасап отырды. Тәттілерді беру мақсаты, өмірлерің тәтті болсын деген ниетпен таратып отырды. Үй тапсырмасы берілді, нұсқаулық айтылды. Оқушыларға бағалау парағы берілгенмен, алайда мұғалім өзі бағалады. |
Бағалауды оқушыларға нақты жүргізу. Математикалық терміндерді дұрыс айтуға үйрету. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ботаева А.Ж. Сыныбы: 11 «Ә» Күні: 09.02.2024 Тақырыбы: Санның логарифмі және оның қасиеттері Ықшам сабақ |
Сабақ Абай Құнанбаевтың қара сөзімен басталып, келесі бір қара сөзімен аяқталды. Сабақта екі жеке жұмыс орындалды. Біріншісі тапсырмада «Ойлан, бірік» әдісі арқылы жеке орындады, әр тапсырма арқылы топқа бірігіп, топтық талқылау жүргізілді. Соның нәтижесінде топ өзін - өзі бағалады. Екінші тапсырмада «Барабан» арқылы бір оқушыны таңдап, сол оқушы тақтаға қалғаны орнында орындады. Уақыт біткен соң дұрыс жұмысты өздері талқылау арқылы анықтады. Әр тапсырма сайын кері байланыс беріліп, мақсатқа оралып отырды. «Classtime» арқылы оқушылардың нақты бағасы қойылды. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Турсынбекова Г.Ж. Сыныбы: 9 «Д» Күні: 05.02.2024 Тақырыбы: Тригонометрия формулалары |
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийін оқушылар өздері анықтады. Оқушылар математикалық термин сөздерді қолдана отырып, бір-бірлеріне тілек айтып сабақты жақсы көңіл-күймен бастады. Үй тапсырмасын «көрші» әдісі арқылы тексерді. Алдыңғы білімді «Пазл» әдісімен learningapss программасымен орындады. Құндылыққа баулу мақсатында пазл құрастыра отырып М.Мақатаев портретін шығарып, оқушылар М.Мақатаев туралы қысқаша мәлімет айтты. classroomscreen.com платформасын қолданып оқушыларды топқа бөліп, "Тарсия" әдісімен әр топқа тапсырма берілді. Топтар бір-бірлеріне кері байланыс берді. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір-бірлерін бағалады. Жеке жұмыс «Кім шапшаң» әдісі арқылы classtime.com платформасында 6 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы берілді. Тапсырма мақсатқа сай құрастырылған. 3-тапсырмада оқушыларды саралау мақсатында С деңгейінен есеп берілді. Әр тапсырмадан соң мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланыс жүргізіліп отырды. Сабақ соңында «миды қуаттау» әдісі бойынша оқушылар кері байланыс жүргізді. Үй тапсырмасы беріліп, дискриптор бойынша оқушылар өз-өздерін бағалады. |
Үлгерімі төмен оқушыларды назардан тыс қалдырмау, оқушылар арасында бір-бірімен кері байланыстың көп болуын қадағалау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Абдурахманова М.А. Сыныбы: 5 «В» Күні: 01.02.2024 Тақырыбы: Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру |
Оқушылар «Қал қалай» атты психологиялық ахуал жасап, сабақты жақсы көңіл-күймен бастады. Үй тапсырмасын «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы тексерілді. Алдыңғы білімді, өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы қайталап алды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийін оқушылар өздері анықтады. «Castlots» платформасы арқылы топқа бөлінді. №1-тапсырма Топтық жұмыс, Әдісі «Ойлан, жұптас, бірік». Берілген тапсырмаларда құндылық негізделді. 4 топқа төрт түрлі тапсырмалар берілді. Тапырмалар әр түрлі болғанымен бір мақсатқа негізделген. Пәнаралық байланыс көрсетілген. Әр тапсырмадан соң мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланыс жүргізіліп отырды Топтар бір-бірлеріне кері байланыс берді.№2-тапсырма «Жеке жұмыс» А,В,С деңгейіндегі тапсырмалар берілді. Әр тапсырмадан соң мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланыс жүргізіліп отырды Кері байланыс : Әдісі: «Білім шыңы» Үй тапсырмасы берілді, нұсқаулық айтылды., «Білім шыңы» әдісі арқылы оқушылар өз-өздерін бағалады. |
Оқушылар арасында бір-бірімен кері байланыстың көп болуын қадағалау. Уақытты тиімді пайдалану. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жуманазарова.Ш.Т Сыныбы: 6 «Г» Күні: 02.02.2024 Тақырыбы: Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы |
Оқушылар «Айна» атты психологиялық ахуал сабақты жақсы көңіл күймен бастады.Үй тапсырмасы Бағдаршам әдісі арқылы тексерілді. «Адасқан сөздер» арқылы жаңа тақырыпты,сабақ мақсатын оқушылар өздері анықтады.Жаңа сабақты онлайн мектеп платформасынан бейнероликті көрді, Бейнероликтен түсінгенін пысықтау мақсатындай мұғалім өмірге байланысты тақырыпты толықтырады.Сонымен оқушылар өмірге байланысты бейнеролик желісімен саяхатқа шықты.Жолда жол полициясы тоқтатып,1-тапсырманы оқушылар жұппен орындады.Бағдаршам әдісі арқылы бағаланды..Мұғалім оқушыларға,оқушылар бір –бірне кері байланыс берді.Пәнаралық байланыс.Тарих ,Қазақ әдебиеті.көрсетілген.2-тапсырма. «Жанармай науқаны» әдісі арқылы Жеке жұмыс болды.А,В деңгейіндегі тапсырмалар берілді.Оқушылар бірінші А деңгейіндегі содан соң В деңгейіндегі тапсырмаларды орындады. «Жеке куәлік» әдіс арқылы бағаланды. Әр тапсырмадан соң мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланыс жүргізіліп отырды. Сабақ соңында «Бағдаршам» әдісі бойынша оқушылар кері байланыс жүргізді. Үй тапсырмасы беріліп, дискриптор бойынша оқушылар өз-өздерін бағалады. |
Бағалауды дұрыс жүргізу Уақытты тиімді пайдалану. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Зәкіржан А.А. Сыныбы: 5 «А» Күні: 02.02.2024 Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту |
Сабақ оқушыларға ұлттық құндылықтарды дарыту мақсатында «шашу» шашумен басталды және сабақ барысы бойында әдіс- тәсілдер, бағалау, тапсырмалар ұлттық құндылықтарға байланысты болды. Шашу жай ғана сыйлық емес, сұрақтар жасырылған болды. Өткен тақырыппен байланысты сұрақтарға оқушылар өте жақсы жауап берді. Әдіс-тәсілдердің барлығы мақалдармен байланыстырылып отырды. Соның бірі «Алыстағы ағайыннан көршің артық», яғни үй жұмысын «көршіңді тексер» әдісімен тексеру. Жаңа тақырып бейнежазба арқылы түсіндіріліп, сабақ мақсаты айтылды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып дарынды оқушы бейнетүсіндірмені өз сөзімен, мысалдарымен қалай түсінгенін айтты. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушылармен тақырып бойынша талқылау сұрақтары талқыланды. Тақырып бойынша тапсырмалар орындалып, жұптық жұмыс, жеке жұмыс болды. Әр тапсырмадан соң талқылау сұрақтары, кері байланыс болып отырды. Сабақ соңында рефлексия, бағалау жүргізілді. |
Тапсырмаларды тақтада талқылау барысында оқушылар жұмысты жауып қою керек, себебі тақтадан дайын жұмысты көшіріп алуы мүмкін. Тексеру барысында қаламсапты қойып, қарындашпен тексерсе көшіру болмайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Хасантаева Н.А. Сыныбы: 5 «Б» Күні: 02.02.2024 Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту |
Сабақ «Айна» атты психологиялық ахуал орнатумен басталды. Бұл әдіс арқылы оқушылар ойын жинақтап, сабаққа назарын шоғырландырды. Үй жұмысын Қазақстан картасында халқы санын анықтап келгендері бойынша салыстырды, ары қарай жетелеуші сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты өздері болжап, анықтады. 1-тапсырма жұптық жұмыс, Шымкент және Талдықорған қалаларының жалпы халқы санын анықтап, сабақ мақсатына жұппен қол жеткізді. Жаңа тақырып ережесін НЕЙРОЖЕЛІ арқылы жасалған бейнематериалдан толық меңгеріп, жеке тапсырма орындады. Тапсырма мазмұны функционалдық сауатттылық әрі пәнаралық байланыс(жаратылыстану пәні) орнатылған сабақ мақсатына сай тапсырма болды. Дескриптор қадамдары нақты жазылған. Оқушылар өздерін дескриптор арқылы бағалап, «Дейін&Кейін» атты бағалау парағына жазып, сонымен қатар кері байланыстарын жазып тапсырды. |
Ұлттық құндылықтарды сабаққа кіріктіру. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кунес .З Сыныбы: 8 «В» Күні: 08.02.2024 Тақырыбы: Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары |
Сабақтың басынан аяғына дейін кезеңдер арасында бірізділік сақталды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылар өздері анықтады. Оқушылардың сыни ойлау дағдысын қалыптастыратын тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды орындауда топтық тиімді ұйымдастыра білді. Мұғалім барлық оқушылармен қарым қатынасқа түсе білді, әр тапсырмадан кейін кері байланыс тиімді жүргізілді. Дескриптор бойынша оқушылар өзін - өзі бағалады. |
Оқушыларға тапсырма бергенде уақыт айтылмады. Мұғалім тарапынан оқушыларды бағалау жүргізілмеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бірлестік мұғалімдері Сыныбы: 11-сыныптар
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Исмайлова Акмарал ЕсиркегеновнаШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз «Алгоритм» пән бірлестігінің онкүндігінің анықтамасы.
Тақырып бойынша 11 материал табылды
«Алгоритм» пән бірлестігінің онкүндігінің анықтамасы.Материал туралы қысқаша түсінік
«Алгоритм» пән бірлестігінің онкүндігінің анықтамасы жазылған. Апталықта мұғалімдердің сабақ өту барысы көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы «А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі» КММ «Алгоритм» пән бірлестігінің онкүндігінің анықтамасы. 29.01.-09.02.2024 ж. аралығында математика пәнінің онкүндігі болып өтті. 29.01.24 ж апталықтың ашылуы болды. Ашылуында оқушыларға логикалық тапсырмалар қойылды, дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар берілді,интуиция әдісімен оқушыларға қызықты ойындар ойнатылды жәнеде апталықтың барысымен таныстырылды.
Әрбір мұғалім сабақтарын өз уақтында өтіп шықты. Сабақтарында ұлттық құндылықтар көрініс тапты. Сабақтан соң пән мұғалімдеріне жақсы тұсы және жақсартатын тұстары айтылып өтті. Сабақтар төмендегіше.
|













