жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алгоритм трассировкасы 8 сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: IV тарау. Программаларды құрудың кіріктірілген ортасы |
Мектеп: Сарыөзек ОМ МДШО |
|||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Үмбетқұлова С |
|||||||||||||||
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Алгоритм трассировкасы |
|
||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.3.2.1- алгоритм трассировкасын жүзеге асыру |
|||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: алгоритм трассировкасының негізгі қолданылуын сипаттайды Оқушылардың басым бөлігі: трассировка кестесін қолдана отырып, блок-сызба құрастырады Кейбір оқушылар: трассировка кестесін пайдаланып, күрделі тапсырмаларды орындап, алгоритм трассировкасын жүзеге асырады. |
|||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Алгоритм трассировка кестесін құрып, блок-схемасын сыза алады. Есепті шешу трассировкасын орындайды. |
|||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: трассировка кестесінде алгоритм ретін түгендей алады. Пәнге қатысты лексика және терминология: трассировка(трассировка-tracing), трассировка кестесін (таблица трассировка-Trace Table) Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы : - Алгоритмнің жұмыс істеу қабілеттерін тексеру, қателерін іздеу және т.б. үшін… қажет - Алгоритмді орындаудағы процессор жұмысының моделін құру үшін … қажет |
|||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылықтарына сәйкес еңбекке және шығармашылыққа, ынтымақтастыққа, өмір бойы білім алуға баулу |
|||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Алгоритм трассировкасын құру - математика пәні арқылы жүзеге асырылады |
|||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Программалау тілі ұғымдарымен таныс болғандықтан алгоритм трассировка кестесін құрады деп ұйғарылады. |
|||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||||
|
Сабақтың басы (3 мин)
Білу (9 мин) |
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал орнату барысында «Сәлемдесу» ойыны: Оқушылар бір – бірімен дене мүшелерімен амандасады. Мысалы: көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. Оқушылар бір-бірімен амандасу кезінде жылы лебіздерін білдіру арқылы ынтымақтастығы артады. Саралау: жіктеу Сынып оқушыларын «бағдаршам» әдісі арқылы 3 топқа бөлемін (қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелектер таңдау арқылы оқушылар топқа бөлінеді) І топ: тармақталу алгоритмі ІІ топ: шартты алгоритмі ІІІ топ: қайталау алгоритмі Белсенді оқыту әдісі: сұрақ қою және талқылау Саралау: диалог және талқылау (Ж) «Қара жәшік» әдісі. Жәшік ішіне өткен тақырып бойынша қағазға жазылған сұрақтар салынады. Оқушылар жұппен бір сұрақ алып, талқылайды. 1. Шартты алдын ала тексеру циклі деген не? 2. While сөзі қалай аударылады? 3. Шартты алдын ала тексеру циклінің жазылуы қандай? 4. Шарт жалған болған жағдайда цикл денесі қанша рет орындалады? 5. Шартты алдын ала тексеру циклін қандай жағдайда пайдаланған дұрыс. ҚБ: эмотикондар беру арқылы бағалау Зейінін шоғырландыру (С) Оқушыларға кесте үлестіріліп, есептің шығарылу жолын қадам бойынша сол кестеге толтырады.
(55+5)/5= 5*6+4= 8/2*6=
деген сұрақтарды қою арқылы проблемалық жағдаят туындатып, яғни алгоритмнің жұмыс істеу қабілетін тексеру, қателерін іздеу және т.б. үшін қолданылатын программаны қадам-қадаммен орындау үдерісі трассировка деп аталады деп айту арқылы сабақтың тақырыбын ашады. («Трассировка» сөзін тақтаға іліп қоямын). Оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтайды. Сабақтың мақсаты таныстырылады. (Сабақтың мақсаты тақтаға ілінеді)
|
кесте, интербелсенді тақта
оқулық Информатика: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. /Г.И. Салғараева, А.А.Бекежанова, Ж.Б.Базаева.-Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2018.-136-140беттер |
||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы Түсіну (3 мин) Қолдану (10мин) Талдау (3 мин) Жинақтау (4мин) |
Белсенді оқыту әдісі: көрсету және модельдеу Саралау: диалог және қолдау көрсету (Ж) «Шахмат» әдісі ( Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға тақырыпқа байланысты өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі) ҚБ: өзін-өзі бағалау
Белсенді оқыту әдісі: бекіту және қолданысқа енгізу Саралау: тапсырма (Т) Әр топқа есептер беремін. Топтар өздерінің есептерін постер арқылы қорғайды. 1. Берілген екі саннан үлкенін анықтауғатрассировка кестесі мен блок-сызбасын сызыңыз. Мысалы, егер А=1, В=6,онда С=6 болу керек. 2. Екінші мысалда орындаушы адамға бағытталған жартылай бөлудің алгоритмі келтірілген, оны блок-сызба түрінде және орындаушы компьютерге түсінікті алгоритмдік тілге келтіріңдер.(139-бет, 5-тапсырманың 1-есеп)
3.128 және 56 сандарының ЕҮОБ табатын Евклид алгоритм трассировкасын орындаңыз.(139-бет, 5-тапсырманың 2-есеп)
Бағалау критерийі: Алгоритм трассировка кестесін құрып, блок-схемасын сызады. Дескриптор:
Белсенді оқыту әдісі: зерделеу және зерттеу Саралау: диалог және қолдау көрсету (Т) «Ой қозғау» әдісі. 1-топ:«Трассировка кестесі нені модельдейді? 2-топ: «Трассировка кестесі не үшін қолданылады?» 3-топ: «Алгоритм трассировкасын қолданып, физикадан есептер шығаруға бола ма?» деген сұраққа жауап беру арқылы талдау жүргізеді. ҚБ: ауызша бағалау
Сергіту сәті. «Көңіл-күй неге ұқсас». Оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерін ауа райымен теңестіріп,айтады. Мысалы: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз . Белсенді оқыту әдісі: Қорытынды шығару жəне есте сақтау Саралау: қорытынды (Ж) «Венн диаграммасы» әдісі. Оқушылар алгоритм мен алгоритм трассировкасын айырмашылығы мен ұқсастығын жазады.
|
Интербелсенді тақта, постер, маркер Информатика: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. /Г.И. Салғараева, А.А.Бекежанова, Ж.Б.Базаева.-Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2018.-139-бет
Интербелсенді тақта
Дәптермен жұмыс |
||||||||||||||
|
Сабақтың соңы Бағалау (8 мин) |
(С) Оқушыларға ашық сұрақтар қою
ҚБ: ауызша бағалау
Рефлексия. «Білім қоржыны» әдісі оқушылар алдын-ала дайындалған плакатқа өздері таңдаған қоржынға стикерлер (қалауынша түсіндірмесімен) жабыстырады.
|
Плакат, стикерлер |
||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау |
||||||||||||||
|
Саралау әдістері: жіктеу - топтастырады, диалог және талқылау - үй жұмысын қайталайды, диалог және қолдау көрсету - оқушылардың деңгейін біледі, тапсырма - тапсырма алынады, - қорытынды – сабақ барысында алған білімдерін қорытындылайды. Жеңілден күрделіге қарай тапсырмалар беру арқылы оқушылардың қабілеттері анықталады. |
Материалды игеру деңгейін үй жұмысын -ауызша бағалау, сабақтың соңында - рефлексия арқылы тексереді деп жоспарлайды. |
Психологиялық ахуал орнату барысында «Сәлемдесу» әдісі арқылы топ мүшелерін біріктіреді, топта жағымды ахуалды құрады, жұмыс белсенділіктерін арттырады. |
||||||||||||||
|
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз












Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген