400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алгоритм түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:

Информатика пәні мұғалімі: Ж. Достлеуова

№1 Күні:

 07.09.2018

Сынып: 9 «А», 9 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сілтеме

9-сынып оқулығы., презентация

Жалпы мақсаттар

Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет ережелері туралы түсінік қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі

Қауіпсіздік техника ережесін сақтай алады және көз жаттығуын, төтенше жағдайдағы іс –әрекетті қолдана алады.

Сабақтың әдісі

Баяндау, сұрақ-жауап, диалог, тест жұмысы , топпен жұмыс, АКТ қолдану, электронды оқулықпен жұмыс, «Блум таксономиясы», Сын тұрғысынан ойлау («Ой тастау», «Қызығушылығын ояту», «Суретпен жұмыс», «Ортадағы қаламсап»)

Жалпы

Білу

Кіріспе.

Түсіну

Мағынаны тану

Қолдану

Оқулықпен жұмыс

Талдау

Тест жұмысы

Жинақтау

ББҮ

Бағалау

Топ басшысы бағалайды

Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

3 минут


Психология

лық дайындық


8 минут




4 минут



10 минут








5 минут




 3 минут










4 минут


1 минут

1 минут


1 минут



Сыныппен сәлемдесу.

Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)

Сергіту сәті  «Есімдерінің мағынасын айту» (бір-біріне тізбектей отырып айтады)

Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

 «Білу»

 І. Кіріспе.

Қауіпсіздік техника ережелері 
ІІІ. Жаңа сабақ.

«Түсіну»

Мағынаны тану ( суреттер  арқылы оқушыларға «Ой тастау»)

«Қолдану»

Оқулықпен жұмыс жасаймыз

№1 топқа тапсырма. Жалпы қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар қандай ?

(суретпен, сызбамен қорғау)

№2 топқа тапсырма. Апат жағдайындағы қауіпсіздік талаптар .

( топтастыру, оқушылар акт тақтаға жазады )

№3  топқа тапсырма. Алғашқы медициналық көмек көрсету.

(Флипчартқа  өз ойларын жазып пікірлесу)

Сергіту сәті. «Қызылөрік»

«Талдау»

Бекіту.

«Ортадағы қаламсап»

Қауіпсіздік техника ережелерін бір сөйлемнен кезектесіп айтып шығады.

«Жинақтау»

ББҮ

Қауіпсіздік техника ережелеінің  қоғамдағы рөлі қандай екенін білдіңдер? Бүгін нені ойға түйдіңдер?

Ең маңыздысы қайсы екен?


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




 Бағалау.

Топ басшысы бағалайды. Дайын бағалау парақшасы сабақ басында таратылады.

Үйге тапсырма. 1.Тақырып бойынша тест  жасау.

Рефлексия.

Алған әсерлерін стикерге жазу. (Стикермен бағалау)

Қосымша тапсырмалар:

Қауіпсіздік ережесілерін суретпен бейнелеу. (флипчартта).












































Оқу ісінің меңгерушісі:

Информатика пәні мұғалімі: Ж. Достлеуова

№2. Күні:

 14.09.2018

Сынып: 9 «А», 9 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Алгоритм ұғымы, өрнектелуі және оның қасиеттері

Сілтеме

9-сынып оқулығы., презентация, әдістемелік құралдар

Жалпы мақсаттар

«Алгоритм» ұғымын қалыптастыру, оның қасиеттерін білу, алгоритмнің өрнектелу жолын талдай отырып, блок-схемасын сызу, орындаушы мен оның командалары, міндетері ұғымын қалыптастыру;

Оқыту нәтижесі

А) Алгоритмнің түрлері туралы білімді игереді

Б) Алгоритм түрлерімен жұмыс жасайды, талдайды

В) Алгоритм түрлерін өмірмен байланыстырып, құндылықтарын бағалай алады

Сабақтың әдісі

Баяндау, сұрақ-жауап, диалог,жүйелеу , топпен жұмыс, АКТ қолдану, «Ой шақыру», «Блум таксономиясы», ББҮ.

Жалпы

Білу

Ой шақыру

Түсіну

Мағынаны тану

Қолдану

Оқулықпен жұмыс

Талдау

Топтық тапсырма

Жинақтау

ББҮ

Бағалау

Топ басшысы бағалайды

Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

3 минут


Психология

лық дайындық


7 минут



10 минут










5 минут




 8 минут






4 минут









1 минут


1 минут


1 минут



Сыныппен сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.

Блок-сызбалар арқылы 3 топқа бөлу

 «Білу»

«Ой шақыру» әдісі

Жалпы техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелеріне қойылатын қандай талаптар бар?

Көз талғанда қандай жаттығулар жасалынады?Алдарыңа қойған мақсатқа қалай жетуге болады? Ол үшін не істейсіңдер?

Жаңа сабақ.

«Түсіну»

Әр топ оқушыларына тақырыпшаларды бөліп беру. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейлерін бақылау, бағыт-бағдар беру

І топ «Алгоритм ұғымы»

ІІ топ «Алгритм қасиеттері

ІІІ топ «Алгоритмді ұсыну тәсілдері»

Тақырыпты әуелі топтарында талқылап, кейін басқа топқа барады. Әр топ ортадан бір оқушыны басқа топқа тақырыпты түсіндіру үшін жібереді. Тақырыпты өз беттерінше меңгереді

«Қолдану»

Оқулықта берілген тәжірибелік тапсырмаларды орындауға ұсыну.Берілген өрнектердің алгоритмін құру.Әр топ оқушылары оқуылықтағы тапсырмаларды орындайды Әуелі жекелей орындап, топта тексереді.

«Талдау»

Бекіту.

Алгоритмін құр (Топтық тапсырма)

“Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады.”

«Жинақтау»

ББҮ

Алгоритм ұғымы, өрнектелуі және оның қасиеттері қандай екенін білдіңдер? Бүгін нені ойға түйдіңдер?Ең маңыздысы қайсы екен?


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




 Бағалау.

Топ басшысы бағалайды. Дайын бағалау парақшасы сабақ басында таратылады.

Үйге тапсырма.

Алгоритм ұғымы, өрнектелуі және оның қасиеттері

Қосымша тапсырмалар:

Кез келген мақсатқа алгоритм құрып келу



































Оқу ісінің меңгерушісі:

Информатика пәні мұғалімі: Ж. Достлеуова


Пәні

Информатика

Сыныбы

9

Күні

21.09.2018

Сабақтың тақырыбы

Алгоритмнің берілу тәсілдері

Сілтеме

Оқулық Информатика 9- сынып

Оқып – үйренудің негізгі мақсаттары:

1.Алгоритмнің берілу тәсілдері туралы мағұлмат беру.

2.Алгоритмнің ерекшеліктерін түсіну.

3.Алгоритмнің берілу тәсілдерімен жұмыс жасауға үйрену.

Оқып – үйренудің нәтижесі:

Барлық оқушылар:

1.Алгоритмнің берілу тәсілдері туралы білетін болады.

Оқушылардың басым бөлігі:

2.Алгоритмнің ерекшеліктерін түсінеді.

Кейбір оқушылар:

3.Алгоритмнің берілу тәсілдерімен жұмыс жасауға үйренеді.

Сабақ барысы:


Уақыты:

Мұғалімнің іс - әрекеті:

Оқушының іс - әрекеті:

3-мин

Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу

1-топ программа

2-топ алгоритм

Оқушылар стикерлерді таңдау арқылы 2 топқа топтасады.

1-топ программа

2-топ алгоритм

7-мин

Үй жұмысын тексеру.

«Сұрақтары бар қорап» әдісі арқылы жүргізіледі.

Басбармақ арқылы бағалау жүргізіледі.

Қорапта қалдырылған сұрақтарды таңдау арқылы жауап береді.





Басбармақ арқылы бағалайды

15-мин



Жаңа сабақ

(тұсаукесер)


Паракшадағы сөздерді құрастыру арқылы тақырыпты ашады.

Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын - ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
1) табиғи тілдегі жазылуы;
2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу;
3) графиктік жолмен жазу;
4) программалау тілдеріндегі жазылуы.
Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен қолданылады.

5-мин


Жадыны дамытуға арналған ойын


Жадыны дамытуға арналған ойын әдісі арқылы берілген сөздерді дәптерге орындайды.

8-мин

Бағалау

Оқушылар берілген сөздерді сәйкестендіре отырып,өзін - өзі бағалайды.

2-мин

Үй жұмысы


Алгоритмнің берілу тәсілдері.

Алгоритм блоктарын кескіндеу.

































































Оқу ісінің меңгерушісі:

Информатика пәні мұғалімі: Ж. Достлеуова

Күні:

28.09.2018

9 «А», 9 «Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Алгоритм түрлері

Сілтеме

9-сынып оқулығы. электрондық оқулық, презентация

Жалпы мақсаттар

Алгоритм түрлерімен танысып, мысалдар келтіреді.Жазу пішімі, блок схема бөліктері, геометриялық фигуралар, олардың қызметі

Оқыту нәтижесі

Алгоритмді жазу формасын, алгоритмді блок-схема түрінде жазуын білуі тиіс.

Сабақтың әдісі

Баяндау, сұрақ-жауап, диалог, , топпен жұмыс, АКТ, қолдану, электронды оқулықпен жұмыс, «Блум таксономиясы», Сын тұрғысынан ойлау («Ой тастау», «Мағынаны тану», «Топтастыру», «Кесте толтыру», «Тест жұмыс» )

Жалпы

Білу

Үй тапсырмасы.

Түсіну

Мағынаны тану

Қолдану

Тапсырмаларды орындау

Талдау

Жинақтау

Корытынды

Бағалау

Топ басшысы бағалайды

Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

3 минут

Психологиялық дайындық



3 минут











5 минут













10 минут















































4 минут





















5 минут










4 минут


























2 минут








2 минут


1 минут





1 минут


Сыныппен сәлемдесу. Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)

Оқушыларды сызықтық, тармақталған, циклдік деп кеспе қағаздарға жазып таңдау арқылы топқа бөлу.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

«Білу»

І. Үй тапсырмасы.

1. Ұсынылғандардың ішінен алгоритм формаларына жатпайтынын көрсетіңдер:

А) сөздік В) графикалық С) алгоритмдік тілде Д) ағылшын тілінде

2. Блок- сызба алгоритмдегі іс-әрекет дегеніміз:

А) эллипс (сопақша шеңбер) В) тіктөртбұрыш С) ромб Д) алтыбұрыш

3. Блок-сызба алгоритміндегі енгізу-шығару мәліметтері қандай фигурамен беріледі?

А) эллипс (сопақша шеңбер) В) тіктөртбұрыш С) ромб Д) параллелограмм

4. Блок-сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі

А) эллипс (сопақша шеңбер) В) тіктөртбұрыш С) ромб Д) параллелограмм

Сұрақ-жауап.

  1. Алгоритм дегеніміз не? ( Алгоритм дегеніміз – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі )

  2. Алгоритм тіл дегеніміз не? (Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.)

  3. Программа дегеніміз не? ( Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.)

  4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не? (Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект.)

Алгоритм тілі дегеніміз не? (Алгоритм тілі – бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.)

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Түсіну»

Мағынаны тану ( электрондық оқулық) Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:

І топ: сызықтық алгоритм:

Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.


ІІ топ: тармақталған алгоритм: Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген

Группа 1 логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша

(1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.








ІІІ топ. циклдік алгоритм: Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.











«Қолдану»

Тапсырма №1. Орындаушы шегіртке сандық ось бойымен берілген сан бөліктеріне секіреді. Орындаушы Шегіртке бұйрықтарының жүйесі: оңға 3(3 бірлік кесіндіге оңға секіреді) және солға 2 (2 бірлік кесіндіге солға секіреді). Бастапқы орны 0. Шегірткеге 2 санына жетуге көмектесетін сызықтық алгоритм құр.



Группа 2













Тапсырма №2. Төтенше жағдай тудырмау үшін, «Судың қайнау» алгоритмін дұрыс құру.

Алгоритм «Судың қайнауы»:

  • Шәйнекке су құю.

  • Газдың кранын ашу.

  • Шәйнекті плитаға қою.

  • Судың қайнауын күту.

  • Шырпыны газға апару.

  • Шырпыны жағу.

  • Газды өшіру.

ТГруппа 3 апсырма №3 «Ағашты өсіру» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.

Шұңқырды толтыр…

Шұңқырды қаз

Су сепкішті алып, көшетті отырғыз

Күрек пен көшетті ал

Көшетті шұңқырға сал.

Күрек пен су сепкішті орнына қой











Шығармашылық тапсырма: Тапсырма№1

“ Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады.”


2Прямоугольник 1

,,



Прямоугольник 2

,



Прямоугольник 3

,



Прямоугольник 4

м



- тапсырма.
Ребусты шешіңдер.


Рисунок 1 Рисунок 2 Рисунок 3 Прямоугольник 5

ГО











ІV. «Талдау»

Тармақталған алгоритмнің толық емес формасына мысал келтіріңдер.

V. «Жинақтау»

Қорытынды.

Не біліп не үйренді?

Бағалау.

Бірін –бірі бағалау .

Үйге тапсырма. Алгоритм түрлері (28 бет) .

Тапсырма. Анаңа жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.

Газды жақ

Газға табаны қой

Жұмыртқа мен майды дайында

Табаға майды еріт

Жұмыртқаны жар

Жұмыртқаның қабықтарын таста

Жұмыртқаға тұз сеп

Жұмыртқаны 5 минут қуыр.

Газды өшір.











































Оқу ісінің меңгерушісі:

Пән мұғалімі: Ж.Достлеуова


Уақыты:

05.10.2018 ж

Пәні: Информатика

Сыныбы: 9 «А», «Ә»

Сабақтың тақырыбы

Есептер шығару кезеңдері

Сабақтың мақсаты

  • «Алгоритм» ұғымын қалыптастыру, оның қасиеттерін білу, алгоритмнің өрнектелу жолын талдай отырып, блок-схемасын сызу, орындаушы мен оның командалары, міндетері ұғымын қалыптастыру;

  • Алгоритм құру дағдысын қалыптастыру, негізгі қасеттеріне мысалдар келтіре білу, алгоритмнің берілу тәсілдерін қолдана білу, алгоритмді орындау түсінігін дамыту;

  • Қарапайым алгортмдер құра білу, нәтижесін талдай алу, блок-схемасын сыза білу, ерекшелеп жаза білу;

Оқуда қолданылатын әдіс тәсілдер

Практикум элементі бар түсіндірмелі сабақ.

Оқытудың нәтижесі

Паскаль программалау тілі туралы түсінік беру, программалауды есеп шығаруда қолдануды үйрену, программалау тілінің қарапайым объектілерін меңгеру, Паскаль тілінің стандартты функцияларымен таныстыру, Тілдің өрнектері мен олардың жазылуы бойынша атқаратын міндеттерін түсіндіру, есептеулерде қолдану.

Зерттеу арқылы оқушылардың арасындағы қарым-қатынасын жақсарту, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, сонымен қатар АКТ – технологияларын есеп шығару мақсатында пайдалануын қалыптастыру.

Негізгі дерек көздер

Оқулық, ДК

Сабақ барысы

Сабақ бөлімінің кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушының

іс - әрекеті

Ресурстар, көрнекіліктер

Ұйымдастыру кезеңі


3 минут

Оқушылармен амандасу,сергіту сәті

Оқушылар ұйымдасқан түрде жылдам отырады


Үй тапсырмасын сұрау: «Ойлан тап» әдісі

5 минут

  • Алгоритм дегеніміз не?

  • Алгоритм түрлері?

  • Алгоритмнің түсініктілігі деп .... ?

  • Алгоритмнің дискреттілігі деп .....?

  • Алгоритмнің анықтылығы деп......?

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.



«Миға шабуыл» әдісі

2 минут

Тест жұмыстарын талдау?

Сұрақты ақылдаса отырып, бір оқушы айтады.


Жаңа сабақ:

Топтық талқылау әдісі




18 минут

Алгоритмнің 3 түрі бар:

1) Сызықтық

2) Тармақталушы

3) Циклдық

Амалдардың бірінен кейін бірі орындалуын сызықтық алгоритм деп атайды.

Есепте шешуде барлық уақытта сызықтық алгоритм түрінде өрнектеуге болмайды.

Амалдар тізбегін таңдау қандай да бір шартқа байланысты болса, онда ондай алгоритмді тармақталушы алгоритм деп атайды.

Кейбір амалдар бірнеше рет қайталанатын болса, онда ондай алгоритмді циклдық алгоритм деп атайды.

Тақырыпты оқып, түсіндіреді.

Оқушылар тақырыпты ашуға тырысады

Дербес компьютер

Жаңа сабақты қорытындылау:


4 минут

Тақырып бойынша

оқушылар дербес компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.

Оқушылар оқылған мәтінді тақырып бойынша түсіндіріп береді.


Кері байланыс

3минут

Диалог арқылы не түсінгенін айту.

Өздерінің сабақтан алған пікірлерін жазады

Дербес компьютер

Бағалау

2 минут

Өзін өзі бағалау, топпен бақылау


Топ жетекшілері бағалау


Үйге тапсырма:

3 минут

Оқушыларға жұмбақ жасырылады. Оқушы жұмбақты шешіп, жауабы дұрыс болса, сол затты атап оған сипаттама беріп, жұмыс жасау алгоритмін құрастырып береді.

1. Компьютермен енеді,

Қағазды басып береді. (принтер)

2. Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп –кешкентай күн көзін.(элекрт шамы)

3. Жоқ өзінде бас та,қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.( сызғыш)
































Оқу ісінің меңгерушісі:

Пән мұғалімі: Ж.Достлеуова


Уақыты:

12.10.2018 ж

Пәні: Информатика

Сыныбы: 9 «А», «Ә»

Сабақтың тақырыбы

Алгоритмді қадамдап бөлу әдісі

Сабақтың мақсаты

  • Алгоритмнің өрнектелу жолын талдай отырып, блок-схемасын сызу, орындаушы мен оның командалары, міндетері ұғымын қалыптастыру;

  • Алгоритмді қадамдап бөлу әдісіне мысалдар келтіре білу;


Оқуда қолданылатын әдіс тәсілдер

Топпен, жекелей, жылдам тест, логикалық әлем, Орындаушы шегіртке,өзін-өзі бағалау, кері байланыс

Оқытудың нәтижесі

Алгоритм құру дағдысын қалыптастыру,алгоритмнің берілу тәсілдерін қолдана білу, алгоритмді орындау түсінігін дамыту

Негізгі дерек көздер

Оқулық, ДК, презентация

Сабақ барысы

Сабақ бөлімінің кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушының

іс - әрекеті

Ресурстар, көрнекіліктер

Ұйымдастыру кезеңі


3 минут

Оқушылармен амандасу,сергіту сәті

Оқушылар ұйымдасқан түрде жылдам отырады


Үй тапсырмасын сұрау: «Ойлан тап» әдісі

5 минут

  • Компьютерде есеп шығару кезеңдері?

  • Құрама командалар мен жай командалардың ерекшелігі?

  • Цикл дегенңміз ?

  • Алгоритмнің неше қасиеті бар?

  • Алгоритмнің 3 түрі бар, олар?

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.



Shape1 «Миға шабуыл» әдісі





Жаңа сабақ:

Топтық талқылау әдісі


2 минут





18 минут

Тест жұмыстарын талдау.





Алгоритмді қадамдар бойынша нақтылау дегеніміз – бұл жалпы алгоритмді құрастырған соң оның қадамдарының әрқайсысы нақтыланып, бұрынғыдан гөрі қарапайым әрекеттер (жеке командаларға дейін) тізбегі ретінде құрастыру деген сөз.








Сұрақты ақылдаса отырып, бір оқушы айтады.


Тақырыпты оқып, түсіндіреді.

Оқушылар тақырыпты ашуға тырысады






Дербес компьютер

Жаңа сабақты қорытындылау:


4 минут

Тақырып бойынша

оқушылар дербес компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.

Оқушылар оқылған мәтінді тақырып бойынша түсіндіріп береді.


Кері байланыс

3 минут

Диалог арқылы не түсінгенін айту.

Өздерінің сабақтан алған пікірлерін жазады

Дербес компьютер

Бағалау

2 минут

Өзін өзі бағалау, топпен бақылау


Топ жетекшілері бағалау


Үйге тапсырма:

3 минут

Оқушыларға жұмбақ жасырылады. Оқушы жұмбақты шешіп, жауабы дұрыс болса, сол затты атап оған сипаттама беріп, жұмыс жасау алгоритмін құрастырып береді.

1. Компьютермен енеді,

Қағазды басып береді. (принтер)

2. Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп –кешкентай күн көзін.(элекрт шамы)

3. Жоқ өзінде бас та,қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.( сызғыш)






















Оқу ісінің меңгерушісі:

Пән мұғалімі: Ж.Достлеуова


Уақыты:

19.10.2018 ж

Пәні: Информатика

Сыныбы: 9 «А», «Ә»

Сабақтың тақырыбы

Паскаль – программалау тілі. Тіл алфавиті

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру;

  • Программалау тілдерін үйрену, оны компьютерде қолдана білуде, өзіндік жұмыстарды орындауға үйрету.

Оқуда қолданылатын әдіс тәсілдер

Баяндау, сұрақ-жауап, диалог,жүйелеу , топпен жұмыс, АКТ қолдану, «Ой шақыру».

Оқытудың нәтижесі

Паскаль программалау тілі туралы түсінік беру, программалауды есеп шығаруда қолдануды үйрену, программалау тілінің қарапайым объектілерін меңгеру, Паскаль тілінің стандартты функцияларымен таныстыру, Тілдің өрнектері мен олардың жазылуы бойынша атқаратын міндеттерін түсіндіру, есептеулерде қолдану.

Паскаль тiлiнде программа дайындау жолдарын үйрену.

Модульдердің кіріктірілуі

Жаңа тәсіл, Бағалау, Диалогтық оқыту

Негізгі дерек көздер

Оқулық, ДК

Сабақ барысы

Сабақ бөлімінің кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушының

іс - әрекеті

Ресурстар, көрнекілік-

тер

Ұйымдастыру кезеңі


3 минут

Оқушылармен амандасу,сергіту сәті

Оқушылар ұйымдасқан түрде жылдам отырады


Үй тапсырмасын сұрау: «Ойлан тап» әдісі

5 минут

  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?

  • Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?

  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  • Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?

  • Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.



«Миға шабуыл» әдісі

4 минут

Тест жұмыстарын талдау?

Сұрақты ақылдаса отырып, бір оқушы айтады.


Жаңа сабақ:

Топтық талқылау әдісі




18 минут

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.

Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:

  • атаулар (идентификатор);

  • цифрлар;

  • айыру белгілері;

  • арнайы символдар.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.

Тақырыпты оқып, түсіндіреді.

Оқушылар тақырыпты ашуға тырысады

Дербес компьютер

Жаңа сабақты қорытындылау:


4 минут

Тақырып бойынша

оқушылар дербес компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.

Оқушылар оқылған мәтінді тақырып бойынша түсіндіріп береді.


Кері байланыс

3минут

Диалог арқылы не түсінгенін айту.

Өздерінің сабақтан алған пікірлерін жазады

Дербес компьютер

Бағалау

2 минут

Өзін өзі бағалау, топпен бақылау


Топ жетекшілері бағалау


Үйге тапсырма

1 минут

Паскаль – программалау тілі. Тіл алфавиті



































Оқу ісінің меңгерушісі:

Пән мұғалімі: Ж.Достлеуова


Уақыты:

26.10.2018 ж

Пәні: Информатика

Сыныбы: 9 «А», «Ә»

Сабақтың тақырыбы

Паскаль тілінің негізгі элементтері

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды Паскаль тілінің негізгі элементтерімен таныстыру. Функция мен өрнектерді Паскаль тілінде жазуға үйрету.Айнымалы мен типтердің жазылу ережелерін білу.

.

Оқуда қолданылатын әдіс тәсілдер

Баяндау, сұрақ-жауап, диалог, тест жұмысы , топпен жұмыс, АКТ қолдану, электронды оқулықпен жұмыс.

Оқытудың нәтижесі

Айнымалы мен типтерін ажыратып, мысалдар келтіріп, функция мен өрнектерді жазылу ережелеріне сәйкес дұрыс жаза біледі.

Программалау тілінің қарапайым объектілерін меңгеру, Паскаль тілінің стандартты функцияларымен таныстыру, Тілдің өрнектері мен олардың жазылуы бойынша атқаратын міндеттерін түсіндіру, есептеулерде қолдану.

Негізгі дерек көздер

Оқулық, ДК, слайд, стикер.

Сабақ барысы

Сабақ бөлімінің кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушының

іс - әрекеті

Ресурстар, көрнекілік-тер

Ұйымдастыру кезеңі


3 минут

Оқушылармен амандасу,сергіту сәті

Оқушылар ұйымдасқан түрде жылдам отырады


Үй тапсырмасын сұрау: «Ойлан тап» әдісі

5 минут

1. Паскаль тілі қашан ұсынылды және кім ұсынды?
2. Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады, қандай?
3. Операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттер?
4. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын қалай жіктеуге болады?
5. Пунктуация белгілерінің атқаратын қызметтері қандай?
6. Паскаль тілінің қандай қызметші сөздерін білесің?
7. Өрнек дегеніміз не?
8. Оператор дегеніміз не?
9. Программаның сипаттамасы дегенді қалай түсінесіз?


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.



«Миға шабуыл» әдісі

4 минут

Тест жұмыстарын талдау?

Сұрақты ақылдаса отырып, бір оқушы айтады.


Жаңа сабақ:

Топтық талқылау әдісі




18 минут

Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады:

  • тақырып;

  • сипаттау;

  • операторлар

бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі – операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады. Оны мына түрде кескіндеуге болады.

Program BASTAU:
Сипаттау бөлімі
begin
Операторлар бөлімі
end
Программалардың көпшілігі белгілі бір есепті шешу үшін жазылады. Ал есептің шешіміне ақпараттар мен деректерді өңдеу арқылы жетуге болады.

Тақырыпты оқып, түсіндіреді.

Оқушылар тақырыпты ашуға тырысады

Дербес компьютер

Жаңа сабақты қорытындылау:


4 минут

Тақырып бойынша жаңа терминді жазып, 3 тілге аударып жаттайды.

Оқушылар оқылған жаңа терминді тақырып бойынша түсіндіріп береді.


Кері байланыс

3минут

Диалог арқылы не түсінгенін айту.

Өздерінің сабақтан алған пікірлерін жазады

Стикер

Бағалау

2 минут

Өзін өзі бағалау, топпен бақылау


Топ жетекшілері бағалау


Үйге тапсырма

1 минут

Паскаль тілінің негізгі элементтері.











Оқу ісінің меңгерушісі:

Пән мұғалімі: Ж.Достлеуова


Уақыты:

09.11.2018 ж

Пәні: Информатика

Сыныбы: 9 «А», «Ә»

Сабақтың тақырыбы

Паскаль тілінің объектілері

Сабақтың мақсаты

  • Қарапайым объектілерді ажырата және қолдана білу, олардың Паскаль тілінде жазылу ерекшеліктерін меңгеру;

  • Бұл ұғымдардың барлық программалық тілдерге ортақ екеніне назар аудару, ортақ қасиеттер мен шамалар туралы білімдерін дамыту;.

Оқуда қолданылатын әдіс тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау («Ой тастау», », «Қызығушылығын ояту», «Суретпен жұмыс», «Топтастыру» , «Ортадағы қаламсап», «ББҮ» )

Оқытудың нәтижесі

Паскаль тілінің негізгі элементтері және объектілерін біледі. Практикалық жұмыстары арқылы оларды орындай алады.Программалау тілінің қарапайым объектілерін меңгеру, Тілдің өрнектері мен олардың жазылуы бойынша атқаратын міндеттерін түсіндіру, есептеулерде қолдану.

Модульдердің кіріктірілуі

Жаңа тәсіл, Бағалау, Диалогтық оқыту

Негізгі дерек көздер

Оқулық, ДК

Сабақ барысы

Сабақ бөлімінің кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушының

іс - әрекеті

Ресурстар, көрнекілік-тер

Ұйымдастыру кезеңі


3 минут

Оқушылармен амандасу,сергіту сәті

Оқушылар ұйымдасқан түрде жылдам отырады


Үй тапсырмасын сұрау: «Ойлан тап» әдісі

5 минут

  • Паскаль тілі қашан ұсынылды

  • Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?

  • Түйінді сөз деген не? Бірнеше мысал келтір.

  • Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.

  • Математикадағыдан басқа Паскаль тілінде тағы қандай амалдар қолданылады? Мысал.
    := ‘; таңбалары

  • Паскаль тілінде не үшін қолданылады?

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.



«Миға шабуыл» әдісі

4 минут

  1. Паскаль тілінде мына мысалдың мағынасын жазыңыз. B= A+10
    А) A+10: B
    Б) B:=A+10 +
    В) B:=A+B

  2. Мына программаны орындағанда A=5, B=4, A=b+4 жауабы неге тең?
    А) A:=5; B=9;
    Б) A:=4; B: 8;
    В)A:=8; B:=4 +

  3.  Енгізу операторын көрсетіңіз.
    А) NRITE.
    Б) GOTO.
    B) READ +

  4. Мына операторларды орындағанда х айнымалысы неге тең?
    х:=4;
    While x1;
    A) 4
    Б) 8 +
    B) 10

  5. Паскаль тілі қай жылы қолданысқа енген?
    А) 1981 - 1980
    Б) 1968 - 1971+
    В) 2000 - 2006

Сұрақты ақылдаса отырып, бір оқушы айтады.


Жаңа сабақ:

Топтық талқылау әдісі




18 минут

Белгілі бір ортадағы сан - алуан нәрселердің әрқайсысын жеке атап жүрмес үшін оны объекті деп атайды. Олай болса Паскаль ортасында қандай обектілер бар деп ойлайсыңдар? Паскаль ортасындағы объектілерге мыналар жатады: «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция», «процедура» және «өрнек»
1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болады.
Бүтін сандар: 1, 2, - 9, 100, 65535, 0 т. б. (integer)
16 - лық бүтін сандар: $F, $8B2,…
Нақты сандар: 1, 2, 2. 65, 0, - 6. 0, 512, 12052500... кез - келген санды нақты санға жатқызуға болады. (real);
2. Атау - идентификатор. Айнымалыларды, файлдарды т. б объектілерді белгілеуге арналған таңбалар тізбегі. Мысалы:
х:=15. 5; a:=512; mektep:=’Жібек жолы’ … Мұндағы х, a, mektep идентификаторлар ал, 15. 5, 512, ’Жібек жолы’ – бұлар айнымалылардың мәндері. Паскалдың қызметші сөздері немесе операторларын белгілейтін сөздерді (var, integer…) атау ретінде алуға болмайды. Кез - келген қазақша сөзді ағылшын әрпімен жазып, атау ретінде алуға болады.
3. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріссіз қалатын шаманы айтады. Мыс: g:=9. 81 k:=9E9 e:=1. 6e - 19…
4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріп отыратын шамаларды айтады. Ондай шамалар шексіз көп. Мысалы: ауа райы, уақыт, жыл мезгілдері... Айнымалыларды екіге бөліп қарау керек.
Қарапайым айнымалылар – бұлар өз атауларымен ғана жазылады.
Индексті айнымалылар – бұларда айнымалының атымен бірге индексі де жазылады. Оған кестелік шамаларды жатқызуға болады. Мысалы: сабақ кестесі – баған (сыныптар) және жол нөмірі (күндер) арқылы көрсетіледі.
5. Түсіндірмелер программаның әр жолының тұсына {} фигуралы жақша ішіне жазылады. Олардың көмегімен программаны талдау, түсіну оңай.

Тақырыпты оқып, түсіндіреді.

Оқушылар тақырыпты ашуға тырысады

Дербес компьютер

Жаңа сабақты қорытындылау:


4 минут

  1. Қатарда жазылған сандардың қандай ортақ қасиеттері бар?
    - 10, - 5, 0, 5, 10,...,..., бүтін сандар,
    - 1, 5, - 1,..., 0,...,..., 1, 5,... нақты сандар.

  2. Тұрақтылар мен айнымалыларды көрсет, басқа мысалдар келтір?
    5, 5, 600, m6, aaa, mektep,1.6e-19, 9. 81, ауа райы, уақыт, мемлекет атауы, планета атауы, жастық шақ, масса, удеу, хим. элем. аты..

Оқушылар оқылған жаңа терминді тақырып бойынша түсіндіріп береді.


Кері байланыс

3минут

Диалог арқылы не түсінгенін жазу

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





Өздерінің сабақтан алған пікірлерін жазады

Дербес компьютер

Бағалау

2 минут

Өзін өзі бағалау, топпен бақылау


Топ жетекшілері бағалау


Үйге тапсырма

1 минут

Паскаль тілінің объектілері



























































Оқу ісінің меңгерушісі:

Пән мұғалімі: Ж.Достлеуова


Уақыты:

16.11.2017 ж

Пәні: Информатика

Сыныбы: 9 «А», «Ә»

Сабақтың тақырыбы

Мәліметтер типтері

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Паскаль тілінің мәліметтер типтері, өрнектер және айнымалылар туралы толық мағлұмат беру.

Оқуда қолданылатын әдіс тәсілдер

Практикум элементі бар түсіндірмелі сабақ.

Оқытудың нәтижесі

Паскаль программалау тіліндегі мәліметтер типі жөнінде және айнымалы туралы ұғым қалыптасады.Айнымалы мен типтерін ажыратып, мысалдар келтіріп, функция мен өрнектерді жазылу ережелеріне сәйкес дұрыс жаза біледі

Модульдердің кіріктірілуі

Жаңа тәсіл, Бағалау, Диалогтық оқыту

Негізгі дерек көздер

Информатика-9 Бөрібаев, Нақысбеков,Мадиярова, қосымша ресурстар, РР презентация, ДК

Сабақ барысы

Сабақ бөлімінің кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушының

іс - әрекеті

Ресурстар, көрнекіліктер

Ұйымдастыру кезеңі


3 минут

Сыныппен сәлемдесу. Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)


Оқушылар ұйымдасқан түрде жылдам отырады


Үй тапсырмасын сұрау: «Ойлан тап» әдісі

7 минут

1. Атау дегеніміз не?
2.
Тұрақтыларға мысал келтір
3.
Айнымалы деп..?
4.
Сандар нешеге бөлінеді?
5.
Атаудағы символдар саны?

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.



«Миға шабуыл» әдісі

4 минут

Тест жұмыстарын талдау?

Бір оқушы айтады.


Жаңа сабақ:

Топтық талқылау әдісі




10 минут

Мәліметтердің немесе шамалардың типі дегеніміз олар қабылдайтын мәндердің сипаттамасы. Мысалы: мектеп –деген шама «оқушы», «ұстаз», «Ш. Уәлиханов» дегендей мәндер қабылдауы мүмкін. Мектеп шамасына «мұқит» немесе «трактор» деген мәндер беру адами түйсік тұрғысынан ыңғайсыздақ тудырады. Ал, Паскальды жасағанда, айнымалының типі қандай болса мәндер соған сәйкес болуы үшін типтер қолданылаған. Сондықтан типі бүтін деп көрсетілген айнымалыға ондық бөлшек сан меншіктей алмайсыз. Ондай жағдайда экранға «қате» деген белгі шығады.

Тақырыпты оқып, түсіндіреді.

Оқушылар тақырыпты ашуға тырысады

Дербес компьютер

Жаңа сабақты қорытындылау:


10 минут

Паскаль тіліндегі стандартты типтер былай бөлінеді:

1.Пайдаланушының типтері. Бұлардан басқа программа жазушы өз типтерін де енгізуі мүмкін. Оны пайдаланушының типтері дейміз. Қосымша типтер программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі. Оны type түйінді сөзінің көмегімен былай жазамыз:

tеype <тип атауы> = <тип мәні>;
мысалы: tеype oryn=(soljak, orta, onjak)

2.Сандардың типтері.

Бүтін сан типтері

Нақты сан типтері

Byte

0 – 255

Real

±1.7E38

Shortint

-127 – +127

Single

±3.4E38

Integer

-32768 -  +32768

Double

±1.7E308

Word

0 – 65535

Extendet

±1.1E4932

longint

±2147483648

Copm

-2E63-1 …  2E1063+1

3.Логикалық типтер (Boolean –деп көрсетіледі) екі мән қабылдайды 1-ақиқат (true), 0 – жалған (false).
Мысал: var x:bolean;

4. Символодық типті char деп белгілейді. Мысалы: ‘a’, ‘x’, ‘п’.

var x:char; х-айнымалысы тек символдарды ғана қабылдайтын типте тұр.

Мәндері сөз немесе сөйлем болатын айнымалының типін string деп көрсетеді.

Мысалы: var x:string; x:=’мектеп’; деп жазуға болады.

5.Саналатын тип стандартты типке жатпайды. Бұл типке жататын айнымалының элементтері өз ара ретпен орналасады. Мысалы:

атау=(1-идентиф, 2-идентиф,…,n-идентиф );

kunder=(‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, …, ‘жексембі’);

ailar=(‘қаңтар’, ‘ақпан’,…, ‘желтоқсан’);

6. Диапазондық немесе ауқымдық типте шама қабылдай алатын мәндернің алғашқысы мен соңғысы арасына екі нүкте қойып көрсетіледі. Мысал: apta=1..7; ai=1..31; jyl=1..12;

Оқушылар оқылған жаңа терминді тақырып бойынша түсіндіріп береді.


Кері байланыс

3 минут

Диалог арқылы не түсінгенін айту.

Сабақтан алған пікірлерін жазады

Дербес компьютер

Бағалау

2 минут

Өзін өзі бағалау, топпен бақылау


Топ жетекшілері бағалау


Үйге тапсырма

1 минут

Мәлімет типтері


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
633
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі