400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алгоритм ұғымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары информатика пәні мұғалімдеріне, әсіресе жас мамандарға қажеті болар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №36

5.3А Біздің өміріміздегі алгоритмдер

Күні: 15.01.19 Мұғалімнің аты-жөні: Джумагулова Д.О.

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы

Алгоритм ұғымы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.1 алгоритм анықтамасын тұжырымдау


Сабақтың мақсаты

Оқушылар алгоритм ұғымын білу, қасиеттерін түсіну, жазылу жолдарын меңгеру.

Бағалау критерийі

-Білу және түсіну:

Оқушылар алгоритм ұғымын біледі, күнделікті өмірден мысал келтіре алады;

-Қолдану: Алгоритмнің қасиеттерін түсініп, бір-бірінен ажырата алады;

-Талдау: Алгоритмнің жазу жолдарын біліп, берілген мысалдарды блок-сызба түрінде талдай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

Алгоритм-алгоритм- algorithm

Алгоритм қасиеттері-Свойства алгоритма-Algorithm properties

Блок сызба-блок схема- scheme

Атқарушы- исполнитель- еxecutive

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті.

Пәнаралық байланыс

Математика, ағылшын тілі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Сыныппен амандасу, ұйымдастыру, сынып оқушыларын топқа бөлу.

Миға шабуыл. /Brainstorm/

Оқушыларға ашық және жабық сұрақтар қойылады:

  1. Сіздер таңертең сағат 7-8 аралығында не істейсіңіздер?

  2. Әрбір жасаған әрекеттеріңізді рет-реті бойынша қарастырыңыздар

  3. Қалай ойлайсыңыздар, егер жасаған әрекеттеріңіздің орындарын ауыстырса не болады?

Оқушылар сұраққа жауап береді, жауаптарын қорытындылаймыз.

Оқулық, интербелсенді тақта, қабырға газеті,жапсырма қағаз







Сабақтың ортасы


«Стоп кадр» әдісі.

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша bilimland.kz сайтынан бейнематериал көрсетіледі. Сол бойынша талқылау жүргізу.

Дескриптор:

  1. Алгоритм ұғымын түсінеді, мысалдар келтіреді;

  2. Алгоритмнің қасиеттерін анықтайды;

  3. Алгоритмнің орындаушысының ролін анықтайды;

  4. Алгоритмнің жазу жолдарын біледі;

  5. Тақырыптың мағынасын ашады.

ҚБ. «Мадақтау» әдісі. Жарайсың! Жақсы! Талпын!


«Әткеншек» әдісі бойынша тапсырмаларды орындау.

1-топ

1. «Алгоритм құра білейік!» берілген суретті пайдаланып алгоритм құрыңыз.

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/algoritm-zhane-atqarushy-uhymy



https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/algoritmdi-blok-sxema-arqyly-zhazu


https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/algoritmdi-zhazu-turleri


2. Мысалды блок-сызбаға орналастырыңыз

Басы;

а, в енгізу;

с=а+в;

с-ның нәтижесін шығару;

соңы

Дескриптор

- Оқушылар сурет бойынша алгоритмді дұрыс құрады.

- Алгоритмдік тілде берілген мысалды блок сызбаға орналастырады

ҚБ. «Мадақтау» әдісі. Жарайсың! Жақсы! Талпын!


2-топ.

1. «Сәйкестендіру» орнатыңыз.

Үзіктілік

2

Бір алгоритм өзара ұқсас кез-келген есептерді шешуі тиіс

Түсініктілік

5

Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған әрекеттен тұруы тиіс

Жалпылық

1

Орындаушы аогритм мағынасын түсінбесе де әр команданы орындай отырып, дұрыс нәтиже шығаратындай болу керек

Формальдылық

3

Алгоритм белгілі бір уақытта есептің шешімін немесе «шешуі жоқ» деген нәтижені беруі тиіс

Нәтижелілік

4

Алгоритмде жазылған әрбір әрекет анық, нақты орындаушыға түсінікті әрі мәнді болуы керек

2. Блок-сызба сызыңыз

D=(a+b)*c

Дескриптор

- Алгоритмнің қасиеттерін ережесімен сәйкестендіреді.

- Берілген өрнекке блок-сызба құрастырады

ҚБ. «Мадақтау» әдісі. Жарайсың! Жақсы! Талпын!

3-топ. 1. Өсімдік өсіру алгоритмін реттілікпен белгіле

2. Өрнекті алгоритмдік тілде жаз. у= (10+9)-16

Дескриптор:

- «Өсімдік өсіру» алгоритмін анықтай алады.

- өрнекті алгоритмдік тілде жазады.

ҚБ. «Мадақтау» әдісі. Жарайсың! Жақсы! Талпын!

4-топ

1. «Дастархан дайындау» алгоритмін ретпен белгіле

2. z=x*y өрнекке блок-сызба құрастырады.

Дескриптор

- «Дастархан дайындау» алгоритмін анықтайды.

- өрнекке блок-сызба құрастырады.

ҚБ. «Мадақтау» әдісі. Жарайсың! Жақсы! Талпын!

қима қағаздар

Сабақтың соңы

Кері байланыс. «Бүгін сабақта ...»

Оқушылар сабақтағы әсерлерін жазады. «Ыстық орындық» әдісімен оқып беру керек.

қима қағаз

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Бұл сабақта миға шабуыл жасау мақсатында оқушыларға ашық сұрақтар қоямын.

Тақырыпты толық түсіну үшін әртүрлі тапсырмалар жоспарладым.

Бағалау

«Мадақтау» және дескриптор арқылы жүргізіледі.


Кері байланыс

«Бүгін сабақта ...» әдісі арқылы жүргізіледі.

Оқушылар компьютер алдындағы қауіпсіздік ережесін үнемі сақтайды. .

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Тексерілді: 15.01.2019


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
498
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі