жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алгоритм ұғымы. Алгоритм түрлері.
Күні: |
Мектеп: «Атамекен орта мектебі» КММ |
||
Сыныбы: 5 |
Мұғалімнің аты-жөні: Гайыпбергенова Т |
||
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы: |
Алгоритм ұғымы. Алгоритм түрлері. |
||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.3.2.1 алгоритм анықтамасын тұжырымдау. |
||
Оқу мақсаттары |
|
||
Жетістіктер критерийлері |
Барлық оқушылар |
||
|
|||
Оқушылардың басым бөлігі |
|||
Түсінеді, талдайды, білімін қолданады: формальды және формальды емес орындаушы ұғымымен және десызықтық, тармақтық, циклді алгоритмдер құруды меңгереді. |
|||
Кейбір оқушылар |
|||
Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды: әр орындаушының командалар жүйесін меңгереді және алгоритмнің жазылу формаларын салыстыра біледі. |
|||
Өткен тақырып |
«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сұрау |
||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
АКТ, СТО, «Бас бармақ» әдісі |
||
Қолданылатын ресурстар |
Флипчарт, оқулық, слайд, компьютер |
||
Пәнаралық байланыс |
математика, ағылшын тілі |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурс-тар |
|
І кезең |
|||
Сабақтың басы.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар бәрі бірге хормен ағылшын тілінде «Goodness - Сәттілік», «Income - Табыс», «Success - Жетістік» деп айтады.
Оқушыларға қағаз қиындары беріледі, соларды құрау арқылы топтасады.
|
Қағаз қиынды-лары |
|
Өткенді қайталау
|
Өткен тақырыпты «Сұрақ-Жауап» әдісі арқылы сұраймын.
|
Интер-актив-ті тақта-мен жұмыс |
|
Қызығушылы- ғын ояту, мәселе қою |
Көпір тапсырмаларында берілген сұрақтарға әр топ сыни тұрғыдан ойлау арқылы жауап береді. |
|
|
ІІ кезең |
|||
Сабақтың ортасы Жаңа сабақты қалыптастыру
|
Оқушыларға жаңа тақырыпты қысқаша түсіндіремін. Термин сөздер:
Алгоритм-алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын іс-әрекеттердің тізбектеліп орындалуы.
Мысалы, қызықты кітап оқу алгоритмін былай құрамыз:
Алгоритм команда, жоспар, әрекеттер болуы мүмкін (53-сурет). Алгоритм бірінен кейін бірі орындалатын қадамдардан тұрады. Алгоритм дүрыс құрылса, дүрыс нәтижеге қол жеткіземіз. 54-суретке назар аударсақ, аққаланың жасалу алгоритмі көрсетілген.
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдымен жазып алу керек. алгоритм жазудың мынадай түрлері қабылданған:
Ал енді алгоритмнің графиктік түрде кескінделуін қарастырайық. Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі-кең тараған әдіс. Бұл жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе әрекеттер деп те аталады. (4-кесте).
Алгоритм – қажетті нәтижеге жеткенге дейін орындалуы тиіс әрекеттер тізбегі. Алгоритм орындалуына байланысты әртүрлі болып келеді. Алгоритмнің үш түрі бар:
Сызықтық алгоритм қарапайым қадамдар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің бірінен кейін бірі тізбектеле орындалуы сызықтық алгоритм деп аталады. Бутерброд дайындау алгоритмі (57-сурет); Басы нанның бір тілімін кесемін май жағамын ірімшіктің бір тілімін кесемін нанның бетіне қоямын Соңы.
Т Тармақталған алгоритмдер егер, онда, әйтпесе (болмаса) тірек сөздер қолданылады. Ауа райына қарай киіну алгоритмі (58-сурет); Б егер сыртта жаңбыр болса, онда етік киемін, болмаса туфли киемін Соңы.
Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше рет қайталанатын болса, ондай үдерісті цикл деп атайды. Егер алгоритмде бірнеше рет қайталанатын қадамдар (қадамдар тобы) болса, мұндай алгоритмді циклдік деп атаймыз. Бірнеше рет қайталанатын қадамдар тобы-цикл денесі деп аталады. Т Басы тақтайшаны 1 санға арттыра отырып сырла, сырланған тақ- тайшаның саны 5-тен кем болса, келесі тақтайшаны сырла Соңы. |
Оқулық-пен жұмыс
|
|
Топпен жұмыс Постер қорғау
|
Оқушылар постермен жұмыс жасайды:Оқулықтағы талдау тапсырмалары 1-топ. Алгоритм орындаушыларын тауып, сәйкестендіру (87-бет); 2-топ. Алгоритмді салыстырып, ерекшеліктерін дәптерге жазу (91-бет);
|
Постер қорғау |
|
ІІІ кезең |
|||
Дәптермен жұмыс
|
Оқулықтағы «Жинақтау» тапсырмаларын орындайды. 1-топ. «Ағашты отырғызу» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастыру.
2-топ. Кестені дәптерлеріңе толтырыңдар
|
Дәптермен жұмыс
|
|
Практикалық жұмыс
|
Оқулықтағы «Қолдану» тапсырмасын орындау Төмендегі алгоритмге сәйкес есептің жауабын хабарлаңдар;
Басы 88-ге 28-ді қос нәтижесінен 55-ті азайт шыққан санды хабарла Соңы. |
Компьютер-де орындайды. |
|
Сабақтың соңы Кері байланыс
|
«Бес бармақ» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан не үйренгендерін стикерге жазу.
Не
үйрендім?
Сабақ
ұнадыма?
Көңіл
күйім?
Қандай
жетістікке қол жеткіздім?
Неден
қиналдым?
Үй тапсырмасы: §14-15 оқу. |
|
|
Бағалау
|
Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
армақталған
алгоритм
асы
ақтайша
сырлау алгоритмі (59-сурет);

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген