жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ
«АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ
Кулмеханова Арай Тлекбергеновна
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі
Зерттеудің мақсаты: Дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолданып дайындалатын түбегейлi жүйе болып табылатын электрондық оқулық дайындау.
Зерттеудің болжамы: Бірнеше компьютерлік қолданбалы бағдарламаларды қолданып дайындаған электрондық оқулық «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінен кәсіптік-техникалық оқу орындарында пайдалануға ұсынамыз.
Зерттеудің қорытындысы: Қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады Оқулық негізгі колледждің негізгі білім беру міндеттерін жүзеге асыратын, студенттерді ғылым негіздерімен, оқытушы ұйымдастыратын оқыту үрдісіндегі моделі- білім, дағды жүйелерімен қаруландыратын негізгі оқыту құралы. Бүгінгі күнде оқытуды электронды оқулық көмегімен ұйымдастыру студенттердің білімін жетілдіруге және қызығушылығын арттыруда. Электронды оқулық – дисплей экранында көрінетін жәй ғана мәтін емес – ол студентке өз жолымен, керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе. Оқулықтың керек бөлімдерін қайталап игеру тәсілімен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Гипермәтіні нақты құрылымдардан тұрады да, бір-бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы студент практикалық негізде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады.
Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймыз.
Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi.
Барлық пәндерде оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын рөлі зор. Электорндық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болады.
Электорндық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда беруге болады.
Мазмұндау - мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, графика т.с.с түрінде беру.Сонымен қатар мұнда аннимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтерді де қолдану.
Схемокурс – оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтін, граффик түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді.
Өзін - өзі бақылаудың тесттік жүйесі – оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі.Тесттік жүйе көбіне алған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан оқушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін.
Оқытудың компьютерлік құралдары дидактика мен әдістемесінің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз.Яғни оны оқу үрдісінде пайдалану негізінде:
оқытудың сапасы артады;
оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;
уақыт үнемделеді;
мұғалімдердің оқыту барысындағы сабақ түсіндіру,бақылау алу, бағалау,білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс- әрекетке көшуіне алып келеді;
түрлі иллюстрациялар пайдаланылады;
түрлі әдістемелік құралдармен қамтамасыздандырулар жеделдетіледі.
Қорыта келе, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймыз.
Жалпы жоба барысында Multimedia Builder 4.9.8, Xara 3D Maker 7, Ulead GIF Animator 5, Photoshop, CorelDRAW X5, Microsoft Office Word 2007, IZET Тiлмаш 1.5 ,Smart Install Maker да Setup,Kazkey, AutoPlay Media Studio 8 Trial, Nero StartSmart Essentials және т.б.қосымша бағдарламалар қолдандым.
Сонымен, болашақта мұғалімдердің электрондық оқулықтарды қолдануы шығармашылықпен жұмыс жасауға, белсенділікті арттыруға т.с.с мүмкіндіктердің көп екенін көріп отырсыздар.
Сондықтан біз осы жобамызды жария ете отырып, қазіргі заманындағы ғылым мен техниканың жеделдеу қарсаңында кез-келген саланы автоматтандыру арқылы жұмысты жеңілдету мүмкіншілігіне өз үлесімізді қосамыз.
Олай болса, әр ұстаз қауымы осы жаңа ақпараттық технологиялардың қыр -сырын жетік игеріп, жеке электорндық оқулықтар шығарып, болашаққа нық қадам басуларыңызды тілейміз!
Әдебиеттер тізімі
«Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ;
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы;
Интернет материалдары: «Google.ru» және «http://softsearch.ru» сайттары
Журнал, «Информатика негіздері» №6 20017 ж;
Журнал, //Информатика негіздері, №2, 2016ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген