жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алгоритмді әзірлеу
|
Бөлім: |
Практикалық программалау |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
Акадилова Изет Джумадиловна |
|
|
Күні: |
|
|
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Алгоритмді әзірлеу |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары |
7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу; |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: Шартты тексеру операторларының құрылымын қолданып алгоритм жазу |
|
|
Көпшілігі: Шартты тексеру операторларының қысқа және толық жазылу құрылымын пайдалану |
||
|
Кейбірі: Шартты тексеру және тармақталу операторларын пайдаланып тапсырмаларды орындау және өзгерістер енгізу. |
||
|
Бағалау критерийі |
шартты операторды алгоритм жазуда қолданады |
|
|
тармақталу операторының жазылу құрылымын алгоритм құру барысында тиімді қолданады |
||
|
Күрделі шарттарды пайланады, алгоритмге өзгерістер енгізеді |
||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Біледі, Түсінеді, Қолданады |
|
|
Тілдік мақсаттар |
If, Else, Elif, and, or, not |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Топта бірлескен жұмыс орнату, бір-бірінің пікірін тыңдау, құрметтеу арқылы білім алу |
|
|
Пәнаралық байланыс |
Алгебра, ағылшын тілі |
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 3-мин 5-мин 3-мин |
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. «Мозайка»әдісі арқылы 3-топқа бөлу. Үй тапсырмасын сұрау: Ой шақыру «Жедел жауап» әдісі бойынша өткен сабақты еске түсіру. Алгоритм дегеніміз не? Алгоритмнің қанша түрі бар? Программа қанша бөлімнен тұрады? Тармақталу алгоритмі дегеніміз не? Тармақталу алгоритмі қандай қызметші сөз қолданады? Енгізу, шығару блок – схемада қандай фигурамен сызылады? Программа қандай түйінді сөзбен аяқталады? Алгоритімнің қасиеттері? 3.Жаңа тақырыпқа шолу «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу. Мұғалім оқушылардан бүгінгі ауа-райы туралы сұрайды және ауа-райына байланысты оқушылардың қандай іс-әрекет жасайтыны туралы ойларын біледі. -Егер күн жаңбырлы немесе бұлтты болса; -Егер күн ашық болса; True,False ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастырады. Мұғалім үш параққа жасырын сөздер жазып ортаға тастайды. |
1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. Топтың атауын оқушылар өздері таңдайды. Сұрақтарға жауап беру арқылы еске түсіреді. Жауаптан қиналған оқушыға «Жедел жәрдем» әдісі арқылы бір оқушы ғана көмек бере алады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. Сұрақтарға жауап береді. Жаңа тақырыпты ашуға тырысады «Елші» әдісі арқылы бір топтың оқушысы екінші топқа барып сабақтың тақырыбын түсіндіруге тырысады. |
Дескриптор: - Алгоритмнің түрлерін еске түсіреді. -Әрбір оператор, типтер мен компоненттерді атайды. «Бағдаршам» әдісі арқылы түстермен бағалау ҚБ: Тиімді кері байланыс «Смайликтер» арқылы бағалау |
Жұмыс дәптері. Кеспе қағаздары Презентация Смайликтер Жасырып сөздер жазылған кеспе қағаздары |
|
Сабақтың ортасы 6-мин 5-мин |
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Шартты тексеру операторы – тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыратын, белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына байланысты екі мүмкіндіктің бірін таңдау операторы. Салыстыру операторлары <= кіші не тең >= үлкен не тең < кіші > үлкен == тең != тең емес Python тілінде шартты оператордың жазылуының үш конструкциясы бар: if – else конструкторы if конструкторы if – elif – else конструкторы 1-тапсырма. Топтық жұмыс «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін 3-топқа тапсырмалар беру. 1.Енгізілген санның он немесе теріс екенін анықтау 2.Енгізілген санның тақ немесе жұп екенін анықта 3.Екі санның максимумын табу |
Мұғалімді тыңдайды Шартты тексеру операторының құрылымдарын дәптерге жазады
Оқушылар топтасып тапсырманы талқылау арқылы әр жолын бір-бірлеп жазады. a=int(input(“a-?”) if a<0: print(“теріс сан”) else: print(“оң сан”) a=int(input(“a-?”) if a%2==0: print(“жұп сан”) else: print(“тақ сан”) a=int(input(“a-?”) b=int(input(“b-?”) if a<b: print(“max=”, a) else: print(“max=”,b) |
Дескриптор: -Логикалық амалдарды еске түсіреді(OR, NOT, AND); -Математикалық амалдармен салыстырады; -Блок-схемалар құрылымын дұрыс қояды. Дескриптор: -операторлар мен типтерді дұрыс қояды; -тармақталу операторларының құрылымын қолданады; ҚБ: -Топтастыра және жылдамдыққа тиімді бағалау; -Түстер арқылы бағалау; |
Жұмыс дәптері Презентация Жұмыс дәптері Кеспе қағаздары |
|
7-мин |
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Білімді дос, ақыл қос» әдісімен оқушылар жанында отырған көршісімен бірігіп есептің шешімін табу үшін біріншісі алгоритмін жазса, екіншісі программасын құрады.
|
|
Дескриптор: -Программадағы операторларды дұрыс қояды; -Тармақталу операторының қысқа және толық құрылымын пайдаланады; -Программаның нәтижесін алады; ҚБ. Тиімді кері байланыс |
Компьютер Жұмыс дәптері |
|
5-мин |
3-тапсырма. Жеке жұмыс.
|
Әр оқушы жеке отырып келесі тапсырманы орындайды. a=int(input(“a=?”)) if a==1: print(“Дүйсенбі”) elif a==2: print(“Сейсенбі”) elif a==3: print(“Сәрсенбі”) ---- elif a==7: print(“Жексенбі”) else print(“1..7 сан енгіз”) |
Дескриптор: -Программадағы операторларды дұрыс қояды; -Тармақталу операторының толық құрылымын пайдаланады; -Программаның дұрыс және кері жағдайдағы нәтижесін алу; |
Жұмыс дәптері, компьютер, python бағдарламалау ортасы, |
|
|
Қарқыны жоғары оқушыларға қосымша тапсырма 3.1-тапсырма. Айдың реттік санын енгізгенде жыл мезгілін шығаратын программа құру Орындауға оқушыларды ынталандыру. Тапсырманың орындалу барысын бақылау. Оқушылардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастыру. |
|
Дескриптор: -күрделі шартты енгізеді -логикалық амалдарды пайдаланады; -жауаптың біреуін анықтайды ҚБ: Тиімді кері байланыс |
Жұмыс дәптері, компьютер, python бағдарламалау ортасы, |
|
Сабақтың соңы 5-мин |
1. Оқушыларға «БББ кестесі» әдісі бойынша кестені толтырту. 2. «Ұшақ» әдісі арқылы оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бағалау. Тақтаға әлем картасы ашылады, оқушылар Қазақстаннан қашық тұрған елдерге ұшақ суретін салу арқылы өз білім деңгейін көрсетеді. Қазақстанға жақын жерге қонған оқушылармен мұғалім келесі сабақта жұмыс жасауды жоспарына енгізіп қояды. 3.Жинаған смайликтері мен түсті қағаздарын санау арқылы оқушыларды ынталандыру, білім деңгейін одан әрі дамытуына ықпал ету. |
Оқушылар жаңа тақырыптан алған білімдері мен орындаған тапсырмаларының нәтижесін «БББ кестесі» әдісі бойынша кестені толтырады және өздерін бағалайды. |
Оқушылар сабақтан алған әсерін смайликке сурет салу арқылы көрсетеді. |
Интерактивті тақта
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған 31 наурыз 2155
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі |





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген