400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алгоритмнің негізгі түсінігі, алгоритмнің қасиеттері.

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Курс:

1

Топ:

МЦМ, ТЭ, СВ,ОПИ-18-9

Сабақ нөмірі (пара)

2

Мамандық, біліктілік:

1113000 «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы, 1003042 Су ерітінділерін электролиздеуші біліктілігі; 1114000 «Дәнекерлеу ісі» мамандығы, 111401 2- Дәнекерлеуші (барлық атаулары бойынша) біліктілігі; 0709000 «Пайдалы қазбаларды байыту» (кен байыту) мамандығы 070903 3-Ұсатушы біліктілігі;

Модульдың атауы:

Информатика

Сабақтың тақырыбы:

2 бөлім. Алгоритмдеу және программалау

2.1 Алгоритмнің негізгі түсінігі, алгоритмнің қасиеттері.

Күн:


Ұзақтығы:

2 сағат

(90 мин)

Өткізу жері:

ЖМ «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі», аудитория №405

Сабақтың мақсаты:

Студенттердің алгоритм ұғымы, оның қасиеттері және бейнелеу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. Блок-схема құруды үйрету.

Сабақ мақсаттары:

Білімділік:   Студенттерге  алгоритм туралы және алгоритмнің қасиеттері  туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Тақырыптың негізгі идеясын ашу. Студенттердің ой – өрісін кеңейту, ойларын тұжырымдау. Өз бетімен қортындылау дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Студенттерді ақпараттық сауатылыққа  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Алгоритм ұғымын, алгоритмдер қасиеттерін білулері қажет. Алгоритм қасиеттерін ұстана отырып, алгоритмдерді құрастыра, алгоритм қасиеттерін ерекшелей білулері керек.

Сабақтың түрі:

Теория

Оқу әдістемесі, әдістемелік, педагогикалық әдістер, педагогикалық технологиялар:

  • Интерактивті оқыту әдісі,  баяндау, сұрақ-жауап, шағын лекция, «Ассоциация» стратегиясы, Блум жүйесі

Қажетті жабдықтар мен құрылғылар

Компьютер, интерактивті тақта, презентация, оқулықтар, дәптерлер, үлестірмелі қағаз.

Қосымша

көзі (әдебиеттер):

Ә. 6, 7 б.















Сабақтың барысы

Уақыт (минут)

Оқытушының әрекеттері

1

2

3

1. Ұйымдастыру кезеңі

2

Білім алушылармен амандасу, сабаққа қатысуын тексеру

2. Білімнің өзектілігі

15

Білім деңгейін тексеру мақсатында білім алушыларға сұрақтар қою

3. Жұмыстарды өз бетімен орындау

25

  • Алгоритм түсінігі. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері

4. Зерттелген материалды түсінуді бастапқы (аралық) тексеру

14

Оқытушы ауызша сұрақтар қою арқылы білім алушылардың тақырыпты түсінгендігін тексереді.

5. Оқуды бақылау және өзін-өзі бақылау

және қызметтің әдістері

10

Оқытушы жаңа тақырыпты меңгеру нәтижесі бойынша белсенді білім алушыларды бағалайды

6. Білімді жалпылау және жүйелендіру

20

Білім алушыларға тапсырма-карточкалар тарату

7. Үй тапсырмалары туралы ақпарат беру

2

Оқытушы сабақты қорытады. Бағалар қойылады

8. Қорытындылау

сабақ және рефлексия

2

Оқытушы жаңа тақырыпты түсінбеген студенттерге қысқаша түсіндіріп өтеді және қосымша тапырма береді








































САБАҚ БАРЫСЫ

 

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

1.1. Оқушылармен амандасу, олардың сабаққа қатысымдарын тексеру.

1.2. Оқу құралдарына назар аудару.

1.3. Оқушыларды сабақ жоспарымен, барысымен,  мазмұнымен таныстыру.

1.4.Тыныштық сәтi. («Күннің нұры» тренингі)

 

ІІ. ҮЙ    ТАПСЫРМАСЫН    ТЕКСЕРУ

     БЛУМ ЖҮЙЕСІНЕ ҚҰРЫЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР;

БІЛУ сатысы

«Миға шабуыл» әдісі . (Өткен бөлімді қайталау сұрақтары,

Реферат қорғау)

Сөз жұмбақ.

 

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ.

ТҮСІНУ сатысы

1. Алгоритм мағынасына ассосация құру. (Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын оқушыларға шағын лекция ретінде жұмыс дәптерін беремін және олар лекция ішінен жаңа тақырыпқа қатысты анықтамалар мен негізгі түсініктерді  ерекшелеп айтуы керек. Мен сол ерекшелеп оқушылар білгісі келген сөйлемдерді толықтырып түсіндіремін.)

 

Тақырып:  «Алгоритм түсінігі, орындалуы. Алгоритм қасиеттері»

 Алгоритм түсінігі

           «Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Алгоритм – орындаушының белгілі бір мақсатқа жетуі үшін орындалатын әрекеттер тізбегін айтады.  Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Алгоритм біздің өміріміздің әрбір тұсында кездеседі

Алгоритм күнделікті әрбір пәнде кездеседі

 

Алгоритмнің орындалуы.  Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік.

Мысал 1. Студент болу үшін мынадай  алгоритм қадамдарын орындау керек:

1.     Мектепті тәмамдау.

2.     Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.

3.     Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.

4.     Конкурстан өту.

5.     Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.

 

Мысал 2  Ағаш отырғызу алгоритмі

Жерге шұңқыр қазу

Шұңқырға көшет отырғызу

Шұңқырды өміп тастау

Көшетті суару.

Бұл пункттердің орнын ауыстыруға бомайды. Олар көрсетілген ретпен кезегі орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.

             Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі.

             Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.

 

Мысал 3 у = (ах+b)(сх -d) функциясын есесптеу үшін келесі қарапайым әрекеттерді орындау керек:

1) а- ны х-ке көбейтіп, оны У деп белгілеп аламыз;

2) У – ті  b –ға қосып, оны У1 деп белгілейміз;

3) с – ны  х – ке  көбейтіп, оны У2 деп белгілейміз;

4) У2 –ден d – ны алып тастаймыз, оны У3 деп белгілейміз;

5) У1 –ді У3 –ке  көбейтіп, нәтижені У4 деп белгілейміз.

 

Алгоритм қасиеттері

Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз.  Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни, программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз. Процессор программа құрамындағы командаларды реті бойынша орындайды. Команда бір қарапайым операцияны орындауға бұйыратын бұйрық түрінде болады. Командалар арифметикалық, логикалық, басқаруды беру, сандарды салыстыру, экранға шығару, принтерге шығару және т.б. болып бөлінеді.

Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:
1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті.

Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болуы керек. Онда қандай қадамдар көрсетілсе тек солар орындалуы қажет. Атқарушы алгоритм командаларын орындау кезінде ешқандай ойланбауы тиіс.

2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті.

Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкен алгоритмдерге жіктеу мүмкін болуы керек. Бұл қасиет бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар оданда кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі.

3. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.

Кез келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды  нәтиже алуымыз қажет. Кейде алгоритдердің бірнеше қадамы қайталанып, ешбір нәтиже бермейді. Ондай есеп алгоритмн циклдден шықпайтын, нәтижесіз деп қайта құрады.

Мысалы: сандарды қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады, ал нәтижесі қосынды болады.

4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті.

Алгоритм құрғанды белгілі бір жеке проблемаға ғана арнамай, осы сияқты проблемалардың шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құру керек. Бұл қасиет алгоритмнің пайдалану құндылығын арттырады. Егер берілген мәліметтер өзгерсе, нәтижеде өзгереді.

m және n бүтін сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табуда Евклид алгоритмін қолданайық.

5. Алгоритмнің формальды орындалу қасиеті.

Алгоритмді орындағанда орындаушы оның әр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ орындаушы өзі атқарып отырған әрекеттердің мағынасын түсінбесе де, алгоритм командаларын орындау арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді, бұл формалды орындалу деп аталады.

 

Атқарушы түсінігі

IV. ЖАҢА САБАҚТЫ БЕКІТУ .(20 минут)

ҚОЛДАНУ сатысы.

ТАБИҒИ ТІЛДЕ ФОРМУЛАЛАРДЫҢ АЛГОРИТМІН ҚҰРУ.

Тапсырма №1. Жұмыс дәптеріңе орында.

У функциясының мәнін табу алгоритмдерін жаз:

а) y=(5×2 – 4)(x2 + 7);

b) y=(4x + 2)2 + x3;

 

Тапсырма №2. Жұмыс дәптеріңе орында.

Келтірілген алгоритм бойынша у-тің мәнін есептеуге арналған    формуланы келтіріңдер:

жауабы:

  2. 1.  1) 5-ті х-ке көбейтіп, нәтижесін С1 деп өрнектеңдер;

        2) 3-ті х-ке көбейтіп, нәтижесін С2 деп өрнектеңдер;  

        3) С2-ні 1-ге азайтып, нәтжені С3 деп өрнектеңдер;

         4) С1-ді С3-ке бөліп нәтижені У деп өрнекте.

    2.2   1) х-ке х-ті көбейтіп, нәтижені В1 деп белгілеу;                    _         жауабы:

2) В1-ді 5-ке көбейтіп, нәтижені В2 деп белгілеу;

3) В2-ден 6-ны азайтып, нәтижені В3 деп белгілеу;

4) В1 – ге 4-ті қосып, нәтижені В4 деп белгілеу;

5) В3-ті В4-ке бөліп, нәтижені У-тің мәні деп есептеу

 

ТАЛДАУ сатысы. ЖҰМБАҚ шешу

(Оқушыларға жұмбақ жасырылады. Оқушы жұмбақты шешіп, жауабы дұрыс болса, сол затты атап оған сипаттама беріп, жұмыс жасау алгоритмін құрастырып береді.)

 

Ақпаратты қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

 

Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан  (компьютер)

 

Жылдам барып қайтады,

Не айтсам соны айтады,

Жатырқамайды ешкімді,

Бекер деп кім айтады.  (Телефон) (қала аралық телефонмен сөйлесу алгоритмі)

ЖИНАҚТАУ сатысы. Тест сұрақтары.

1. Алгоритм орындаушысы –

а) құрастырылған алгоритммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект.

в) белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым.

с) құрастырылған алгоритммен басқарылу.

d) қызметші сөздер тізбегі.

е) бүкіл бір типті мәселелерді шешу мүмкіндігі бар командалар тізбегі.

2. Алгоритм түсініктілік қасиеті

а) нұсқаулардың орындаушыға түсінікті тілде жазылуы.

в) нұсқаулардың бір мәнділігі.

с) нұсқаулардың тізбек құратындығы және олардың орындалуы жеке қадам жасауды талап етуі.

d) нұсқаулардың орындалуы шекті сан қадам жасау арқылы бітетіндігі және осыдан кейін нәтиже шығатындығын көрсетуі.

е)нұсқаулар арқылы орындаушының әрекеттері кейбір шарттарды тексеру нәтижелерімен белгіленетін болса.

3. Алгоритм қадамы дегеніміз не?

a) алгоритмнің рет ретімен орындалуы.

b) алгоритм операторлары.

c) алгоритмнің орындалмауы.

d) алгоритм процесінде әр әрекет алгоритмі.

e) алгоритм процесіндегі әр әрекеттің керісінше орындалуы.

4. Алгоритм формальды іске асырылады дегенді қалай түсінесің?

а) алгоритим процесіндегі әр әрекет алгоритм қадамы.

в) әрбір алгоритм атқарушыға тиісті толық аяқталған әрекетті көрсететін дараланған санаулы команда.

с) құрылған алгоритм бойынша оны атқару есептің мазмұнына ой жүгіртуді талап етпейді және формальды түрде іске асырыла береді.

d) алгоритмдік тілдің жалпы ережесі.

e) алгоритмдік тіл атқарушыға түсінікті, әрі жазылу үлгісі бірыңғай және нақты болуы тиіс..

5. Алгоритм бұл-

Белгілі мақсатқа жету барысында орындалатын әрекеттер тізбегі

Жиындар тізбегі

Орындалатын жиындар тізбегі

Орындалатын мақсаттар тізбегі

6. Алгоритм термині негізінде ІХ ғасырдағы арабтың Ұлы математигінің есімі жатыр?

Джон Бенес

Әл – Хорезми

Блез Паскаль

Никлаус Витр

7. Команда  бұл-

Әрбір әріп

Әрбір сөз

Әрбір жарлық

Әрбір нұсқау

8. Алгоритм қасиеттері :

3

4

5

6

VІ.Үйге тапсырма

А) Таратылған шағын лекция бойынша толықтырып оқып келу.

 В)    күнделікті тұрмыстағы кез келген әркет бойынша алгоритм құрып келу

V. ҚОРЫТЫНДЫ

БАҒАЛАУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРУ.

 

VІ. Рефлексия.

(Оқушылар стикерлерге

– Бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандарын , – Нені үйренгендерін жазады.)

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1282
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі