400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Алғы шартты цикл

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

3-тоқсан, 4-бөлім. Программаларды әзірлеудің кіріктірілген орталары


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 8 а,б,в

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Алғы шартты цикл

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1- таңдау және қайталау операторын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдану (С++)

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Цикл операторлары туралы ұғымды біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Циклдік операторларды пайдаланып қарапайым алгоримдерді кұра алады.

Кейбір оқушылар:

Циклді қолданып С++ кіріктірілген ортасында программа құрып нәтижеге жете алады

.

Бағалау критерийлері

  1. Алғы шартты цикл ұғымын түсінді

  2. Қарапайым есептерге программалар жасай алады

  3. С++ программалау ортасында алғы шартты циклді қолданып нәтижеге жете алады

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

С++ тілінің негізгі операторларын үш тілде оқылуын, жазылуын, мағынасын біледі

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • егер – если – if

  • әйтпесе – иначе – else

  • үшін – для – for

  • әзірше – пока – while

«Логикалық амалдар» жобасына талдау жасау:

  • алгоритмін талдау;

  • программа кодын талдау;

Құндылықтарға

баулу



Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім

өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту

сын тұрғысынан ойлауға шығармашылыққа баулу

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну және қолдану

Пәнаралық байланыс

Математика, логика, ағылшын

Алдыңғы білім


  1. Цикл түрлері туралы негізгі түсінік қалыптасқан.

  2. Параметрлі циклдің блок сызбасы мен жазылуын біледі.

  3. Шарты соңынан тексерілетін do … while циклінің блок сызбасы мен жазылуын біледі.










Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

( 10 мин)



Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын құру:

Сыныпты «санамақ әдісін» қолданып 3 топқа біріктіремін.

Топтарға біріктіру кезінде барлық топтың деңгейлері бірдей болуына көңіл бөлу керек.


«Ортақ тұжырым әдісі» арқылы топтық жұмыс,

1 тапсырма:

Барлық топқа жаңа сабақтың тірек конспектісін таратып беремін және тапсырма бойынша топтық талдау жасауды сұраймын. Берілген алгоритм бойынша трассировка кестесін толтыру керек.


While операторы

БГруппа 1 із алдыңғы сабақтарда қайталау саны белгілі болатын параметрлі for( … ) және қайталау шарты соңынан тексерілетін do … while оператрларын қарастырдық.

Қайталау әрекетерінің орындалуы алдын ала қойылған шартқа тәуелді болатын жағдайларда жиі кедеседі.

Шарты алдын ала тексерілетін цикл операторының орындалуының блок сызбасы 1суретте көрсетілген. Оның С++ ортасында жазылуы:

while (шарт)

{

операторлар;

}

Мұнда шарт ретінде шартты өрнек немесе кез келген типтегі өрнек пайдаланылуы мүмкін. Опера¬торлар қарапайым немесе құрама болуы мүмкін. Ол құрама оператор болса, онда операторлар жиыны жүйелі жақшаға алынып жазылады. While операторы орындалғанда, алдымен жақша ішіндегі шарт тексеріледі. Егер шарт мәні ақиқат (йә) болса онда оператор орындалады. Содан соң шарт қайтадан тексеріледі. Егер шарт мәні жалған (жоқ) болса онда while цикл операторы өз жұмысын аяқтайдыда келесі оператор орындалады.

Мұнда шарт-өрнек құрамына кіретін айнымалы цикл ішінде өзгеріп отырады.


1 мысал (2 сурет).

1-ден n-ге дейінгі бүтін сандар қосындысын есептеу программасы

Группа 2

#include <iostream>

using namespace std;

int main()

{

int i, n, s;

cout << "san n=";

cin >> n;

s = 0;

i = 1;

while (i <= n)

{

s += i ; //nemese s=s+i;

i++; //nemese i=i+1;

}

cout << "qosyndy s=" << s << endl;

return 0;

}


Берілген тапсырма бойынша алгоритмнің трассировка кестесін толтырыңыз (n=5 ):


Қадам

i

Шарт

(i <= n)

s

1

1<=5`

иә

1

2

2<=5

иә

3

3

3<=5

иә

6

4

4<=5

иә

10

5

5<=5

иә

15

6

6<=5

жоқ

qosyndy s=15


2 мысал

Берілген n санына дейінгі сандардан тақ садарды екі еселе, жұп сандардың қосындысын тап. Берілген алгоритм бойынша трассировка кестесін толтырыңыз (n=5 )

#include <iostream>

using namespace std;

int main()

{ int i, n, s,k;

cout << "san n="; cin >> n;

s = 0;

i = 1;

while(i <= n)

{ k=0;

If (i%2==1)

{ k=i*2;

cout << i << " taq san ->" <<k<<endl;

}

else s+=i;

i++;

}

cout << "gup sandar qosyndy s=" << s << endl;

return 0;

}

Қадам

i

Цикл шарты

(i <= n)

Ішкі шарт

(i%2==1)

k

s






































Бағалау критерийі

Дескриптор

Қалыптастырушы бағалау

1. While операторы жайлы толық ақпарат бере алады.

2.Берілген операторға талдау жасап, мысалдар келтіре алады


1.While операторына анықтама бере алады.

2.While операторының жазылу үлгісін түсінеді.

3. Программаның орындалуын түсінеді.

4 Тапсырма бойынша трассировка кестесін толтыра алады.










https://code-live.ru/post/cpp-loops/#while



Рисунок 1









http://purecodecpp.com/archives/807






Сабақтың ортасы

(10 мин)






























(15 мин)



2 тапсырма

«Мозайка әдісі» топтық жұмыс


Топтарға бірдей деңгейде тапсырма беремін. Тапсырмада есептің программа коды толық жазылып бөлшектелген немесе орындары алмастырылып орналасқан. Программаның дұрыс кодын құрастыру керек. Жұмыс барысында әр топқа бір компьютер қолдануға рұқсат беріледі.


Тапсырмалар:

1 топ ->

Пернетақтадан N-саны енгiзiледi. 1-ден N-ге дейiнгi сандардан жұп сандардың үшке қалдықсыз бөлінетіндерін анықтау

Мысалы:

20

6 12 18


2 топ ->

Пернетақтадан N-саны енгiзiледi. N-ге дейiнгi сандардан 4-ке бөлiнетiнiн, бiрақ 6-ға бөлiн­бейтiнiн сандарды табыңдар.

Мысалы:

40

8 16 20 28 32 40


3 топ ->

Пернетақтадан N-саны енгiзiледi (10<N<99). N-ге дейiнгi сандардан өзінің цифрларының қосындысына бөлінетін сандарды анықтау керек.

Мысалы:

20

11 12 18 20



3 тапсырма

Жеке компьютермен тәжірибелік жұмыс

Өтілген тақырып бойынша әр оқушыға жеке нұсқалар беріліп компьютерде С++ програмалау ортасында орындап тексереді.


Бағалау критерийі

дискриптор

Қалыптастырушы бағалау

  • Алғы шартты цикл операторы ұғымын түсініп, С++ ортасында программа құруда қолданады

  • Тапсырма мазмұнын түсінді


  • Програманың негізгі құрылымын жасады


  • С++ ортасында қолданып нәтижеге жете алады









https://repl.it/repls/FrontDistantFennecfox



Dev-C++















Сабақтың соңы

(5 мин.)




Кері байланыс.

Орындаған жұмысын өз атымен сақтап мұғалімнің электрондық почтасына жібереді және арнайы « contest » бағдарламасы арқылы өзінің істеген жұмысын бағалай алады.




Рефлексия




Саралау

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақ барысында саралау жұмысының дереккөздер тәсілін жаңа тақырыпты меңгерту үшін қолданам. Яғни, оқулықтағы және қосымша ресустапдағы деректерді оқушылар талқылап, тақырыпты бір-бірлеріне түсіндіреді. Саралау жұмысының диалог жəне қолдау көрсету тәсілін кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болғанда қолданам (есептің толық шығарылу жолы көрсетілген үлгі материал беремін).


Оқушылардың тапсырмаларды орындағанда үнемі бағаланып отыруы – балалардың алға ұмтылып, ынталануына ықпал етеді;

Сабақ барысында, әсіресе, топтық жұмыс кезінде оқушылардың дағдыларының дұрыс қалыптасуын қадағалап отырамын.


Сабақ бойынша рефлексия




Осы сұрақтар бойынша рефлексия жүргізілді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
1338
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі