400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Алғы шартты цикл 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға да Мұғалімдерге де көмегі бар өйткені ол пәнге байланысты сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы:  §2.    Тарихтың қайнар көзі – деректер.

Сабақтың мақсаты:

·        Білімділік: Тарихи дерек дегеніміз не, оның түрлері, олар қалай пайда болады. Археология, этнография ғылымдары нені зерттейтіндері, олардың тарих ғылымын терең меңгерудегі маңызы туралы білім беру.

·        Дамытушылық: Оқушыларды өз ойларын жеткізіп, пікір айтуға бейімдеу, ойларын қорытындылап салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Өткен сабақтың материалдарымен байланыстыра отырып, деректердің ерекшелігі мен айырмашылығын, ұқсастығын айырып таба білу сияқты ойлау қабілетін дамыту.

·        Тәрбиелік: Тарих пәнінің салаларының тарихты жазудағы маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті.

Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.

Көрнекілік: 

1.      Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ежелгі қалалардың суреттері (Бұзоқ қаласы, ежелгі Сарайшық, т.б.)

2.      Тас бетінде жазылған ежелгі жазулардың суреті (Құлтегін, Тоныкөк, т.б.)

3.      «Ежелгі Қазақстан картасы»

4.      Плакатқа салынған кестелер

Сабақтың барысы:

v Ұйымдастыру кезеңі.

v Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын өз еріктерімен айтып бергісі келген 1-2 баладан сабақ сұрап, қалған балалармен жалпы әңгімелесу түрінде өткізуге болады. Ол үшін:

1.     «Тарих қандай мағын білдіреді?»

2.     Оны алғаш пайдаланған кімдер?

3.     «Тарих атасы» деп кімдерді атаймыз, неліктен? – деген сұрақтарды қоямын. Тарих пәнін оқып-білу не үшін қажет деген сұрақтар бойынша оқушылардың өз ойларын айтқызып қорытынды жасай білуге үйрету қажет. Алғашқы сабақтан бастап балаларға «тарихи тілмен» сөйлеуге бейімдеу. Тағы айта кететін маңызды мәселе – үйге берілген жазбаша тапсырмаларды міндетті түрде алғашқы сабақтан бастап жүйелі түрде тексеріп отыру. Бұл оқушыларды жауаптылыққа үйретеді. Тіпті уақыт жетпей оны тыңғылықты тексеріп шығуға мүмкіндік болмаған күнде тездетіп оқушыларға дәптерлеріңді ашып қойыңдар, тексеріп шығайын деп көз жүгіртіп қарап шығу. Осылайша үй тапсырмасын тексеріп шыққыннан кейін оқушылардың тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанына, олардың белсенділігіне, дайындық дәрежесіне қарап, өзінің алғашқы сабағының қаншылықты нәтижелі болғанын біле аламын. Ал егер оқушылардың жауабы  қанағаттандырмаса,   өзімнің қай жерде олқылық жібергендігімді іздестіремін. Осылайша үй тапсырмасы арқылы өткен оқу материалдарын қорытындылап, негізгі есте сақтайтын тірек сөздерді ескертіп, жаңа сабақты бастаймын. 

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру.

           Бүгіннен бастап бұл «Тарих әлемі» деп аталатын бөлімде саяхатымызды бастаймыз. Тақтаға «Тарихтың қайнар көзі-деректер» деп жазып қоямын. Алдын ала дайындап қарап қоятын жоғарыда айтылған көрнектіліктерге (үй тапсырмасын сұрағанда балаларды алаңдатпау үшін бұл көрнектіліктерді ашпалы-жаппалы тақтаның артына іліп дайындап қоямын) оқушылардың назарын аударады. Тақтада ілінген суреттер бойынша оқушыларға «Сендер тақтада ненің суреттерін көріп отырсыңдар?» деген сияқты сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты түсіндіремін. Өтілетін жаңа оқу материалы бойынша жаңа тақырыптың жоспары тақтаға жазылады.

Тақырыптың жоспары:

         1 Тарихи дерек көздері .

         ә) Жазбаша деректер.

         ә) Ауызша деректер.

         б) Археологиялық деректер.

         в) Этнографиялық деректер.

Бұл түсініктер мен ұғымдар оқушыларға бұрын таныс болмағандықтан алдын ала

«Тарихи деректер» деген кесте іліп қою керек.

Тарихи деректер

Ауызша

Жазбаша

Археологиялық

Этнографиялық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Отанымыздың тарихы бүгінгі күнге дейін негізінен заттай және жазбаша түрде басқа тілдегі деректер арқылы жазылып келгенін, атадан-балаға мұра болып жетіп отырған ауызша тарих айту дәстүрінің болғанына тоқталу. Тарихты дұрыс түсіну үшін осы деректердің бәрін салыстыра қолдану керектігін айтамын. 

         Ауызша деректерден басқа қазақтардың ата-бабалары түріктерде де жазба дәстүрінің болғандығына оның куәләрі деп көне түрік жазуларының суретін көрсетемін. Мұндағы жазулардың қазіргі жазулардан айырмашылығына тоқталамын. Осы орайда жазбаша тарихи деректерге қандай деректер жататынын сұрап, оқушылардың жауаптарынан кейін оны толықтыру мақсатынында оқушыларға жалпы мәтіннен жазбаша деректерге не жататынын іздетіп, 1 оқушыға оқытамын. Осылайша ауызша дәстүр бағанымен жұмыс түрін жүргізіп тақтадағы кестені толтырамын. Алғаш жазуды ойлап тапқан кімдер, неге жазған деген сияқты мәселелердің шет жағасын аздап айтып өтемін. Бұл кейбір қызығушылығын тудырған оқушылардың осы тақырыпты өздігінен үйден меңгеріп келуіне түрткі болады.Оқушылардың назарын археологиялық деректер деген кестеге аударып, тақтадағы суреттерге қарап оқушыларға бұл бағанды өздері толтыруға тапсырма беремін, Оқушылар бағанды толтырып болғаннан кейін, 1-2 оқушыға оқытқызып, қалған оқушылар айтпай қалған жері болса оқулық мәтінін пайдалана отырып толықтырады. Археология ғылымын «күрекпен қаруланған ғылым» деп те айта кетемін. Ал енді этнография ғылымы туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыруда жер бетінде 3000 жуық этнос өкілдері өмір сүретінін, олардың тек 200-дейі ғана өз мемлекеттігін құрып отырғанын, олардың даму деңгейі мен тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерге толы екенін ескертемін. Тақтаға «Этнография- әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым» деп жазып балалар оны дәптеріне көшіріп алады. Бұл жерде өздерінің теледидардан көрген әртүрлі халықтар мен тайпалардың өмір тіршілігіндегі ерекшеліктері туралы әңгімелесемін. Оқушыларды ойландыру мақсатынында «Қалай ойлайсыңдар,неліктен жер бетіндегі халықтардың өмір сүруі әркелкі,бірінікі сонау алғашқы қауымдық құрылыстағыдай болса,бірі ұлы ғылыми-техникалық прогресті бастан кешіп отыр» деген сияқты сұрақтар қоямын. «Этнос» терминінің анықтамасын дәптерлеріне жазғызып қоямын.

Қорытындылау.

         Тарих ғылымы осындай дерек көздерінің арқасында ғана ақиқат болатынын айтып, бұл ғылым салаларында қызмет ететін адамдардың еңбегінің ауыр екенін, соған қарамастан олар адамзат үшін тер төгіп, қызмет етіп жүргендерін баса айтады.

Бекіту:

         Сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың бір-біріне сұрақ қойып, жауап алу арқылы тақырыпты бекітеміз.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 1. 2-параграфты оқып келу.

       2. Параграф бойынша әр оқушыға 1-3 сұрақ жазып дайындап келу тапсырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы:  §3. Жазбаша деректер

Сабақтың мақсаты:

·        Білімділік:Оқушыларды жазудың, қағаз бен кітаптың пайда болу тарихымен таныстыру, оның маңызын ашу.

·        Дамытушылық:Алғашқы жазу, алфавит, кітаптар мен қазіргі адамзат қол жеткізген бұл саладағы жетістіктерді қатар қойып, салыстыруға, айырмашылығы мен ұқсастықтарын таба білуге икемдіктерін қалыптастыру.

·        Тәрбиелік:Жазу, кітаптың пайда болуын адамзат қол жеткізген ұлы жетістіктер ретінде ашып көрсетіп, оның мазмұнына, тарихына шолу жасау; алғашқы жазбалардың авторы болған қайраткерлердің ісін үлгі етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті.

Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.

Көрнекілік: карта, сызба, суреттер.

Сабақтың көрнектілігі:

           1. «Алғашқы мемлекеттер картасы» -дүние жүзі тарихынан.

         2.Ежелгі көне жазулардың суреті.

         3.Ежелгі алфавит пен қазіргі алфавиттің салыстырмалы суреті.

         4. Бізге дейін жеткен ертеде әр елде пайда болған кітаптардың суреті.

Сабақтың барысы:    I. Ұйымдастыру кезеңі.

         II. Үй тапсырмасын сұрау.

         Үй тапсырмасын тексеру және бағалау мақсатында,  алдымен сыныпты байқап шығамын. Одан кейін оқушылар өздері үйден тақырып бойынша дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қойып сұрақ-жауап ойынын өткіземін. Әр топтың жауаптарын тақтаға оқушылар көріп отыратындай етіп жазып, белгілеп отырамын. Осылайша үй тапсырмасын оқушылармен бірге қорытындылап,  жаңа тақырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыптың жоспары:

1.     Жазу тарихы.

2.     Алфавиттің пайда болуы.

3.     Тарихи оқиғалардың және жеке тұлғалардың қағаз бетіне түсіу.

Оқулықтағы оқу материалы көлемді болғанына қарамастан, оқушылар бұл жаңа тақырыптан мол жаңалықтар алып шығу мүмкіншіліктері бар.

 Тақырыпты тақтаға жазып қойып, «Балалар, жазу, оқу бізге не үшін қажет?», «Егер жазу, оқу,кітап болмаса біздің қалай болатынымызды елестетіп көріңдерші?» деген сияқты сұрақтармен жазу, оқу, кітаптың маңызын ашып, қызыққа толы тарихын тақтаға ілінген көрнекіліктерді пайдалана отырып қысқаша әңгімелеп беремін. Мәтінді кезек-кезек оқушыларға оқытып, оның мазмұнын сұрап отырады. Осылайша жаңа тақырыпты түсіндіре отырып әр абзацтағы жаңа көздерді пиктография, иероглиф, шумерлер, финикиялықтар, папирус, пергамент т.б сөздердің мағынасын   тақтаға жазып отырамын. Оқушылар оны дәптеріне жазып алады.

Бұл тақырыптың оқушылармен, мектеп өмірімен тығыз байланысы болғандықтан тәрбиелік маңызы зор. Жазу, үтірдің оңайшылықпен келмегендігін, бір кітапты жасап шығару үшін көп күштің кететіндігін, бұл салада ата-бабаларымызға қарыздар екенімізді айтып, олардың еңбектерін үлгі етуге, тәрбиелеуі қажет. Оқу, білімсіз адамның өмірі қараң екенін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу.Тақырыпты қорытындылау үшін  оқушыларғы мына кестедегі тапсырманы орындатқызамын.

Жазудың пайда болуының себептері

 

Жазудың пайда болуының маңызы

 

Бекіту: Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында   «Жұмыс дәптеріндегі» 1-2 тапсырмаларды сыныпта орындатып, тексеріп шығамын.

Бағалау:

Үйге тапсырма:

1.     3 параграфты оқып келу

2.     Оқушылардың қызуғышылығын арттыру үшін бір-бірлеріне Ежелгі сурет жазуларымен хат жазуға тапсырма беремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  §4. Заттай деректер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Археология, этнография ғылымдарының зерттеу нысаны жайында өткен сабақтарда алған білімді жалғастырып, осы аталған ғылымдардың қалыптасу тарихы мен археологиялық, этнографиялық зерттеулурді жүргізудің өзіндік ерекшелігі туралы ақпарат беру.                   

Дамытушылық: Археологиялық және этнографиялық зерттеулер арқасында алынған деректердің айырмашылығын салыстыра білу осы деректер негізгі ежелдік адамдар оқушылардың қорытынды жасай білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың тарихи мәдени ескерткіштерін қастерлеуге, туған өлкелеріндегі маңызды ошақтарын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

1.     «Алтын киімді адам» суреті.

2.     Ежелгі және орта ғасырларға жататын ата-бабаларымыз үй-жайлары, киім-кешектері, ішкен тамағы, рухани білімі туралы деректер- тарихи ескерткіштердің салыстырмалы суреті.

3.     Этноархеология ғылымының белгілі тұлғалары: Әлікей Марғұлан, Халел Арғынбаев, Кемал Ақышев, Мир Қадырбаев т.б портреттері.

4.     «Ежелгі Қазақстан» картасы.

5.     Археологиялық, этнографиялық экспедициялар жұмыстары бейнеленген бейнефильм.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

         II. Үй тапсырмасын сұрау.

         Үйге берілген тапсырманы тексеру және бағалау мақсатында   жалпы сыныпты қадағалап өткен соң, екі нұсқадан төмендегі анықтама сөздік жұмысын аламын. Ол үшін алдын ала төмендегі тапсырма көбейтіліп, дайындалып қойылады. 

I нұсқа

Арамей алфавиті                                                                                                                                                                                                                                                                                                              Күлтегін

Иоганн Гутенберг

II нұсқа                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Бумын каған

Папирус

Пергам па 

 Жаңа оқу материалын түсіндіру.

         Өтілетін жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын алдын ала дайындап плакатқа жазып, тақтаға іліп қоямын.

         Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын өткен сабақтағы «Жазбаша деректер» тақырыбы бойынша өткен материалдарды еске түсіремін. Деректердің қандай түрлерін білетінін сұрап, тақырыпты түсіндіруге көшемін.

   Археология терминін б.з.б. 4 ғасырда алғаш рет көне замандарды зерттейтін ғылым ретінде қолдана бастаған ғалым Платон болды. Алайда нағыз археологиялық зерттеулер тек ХІV-ХV ғасырларда Қайта өрлеу дәуірінде ғана жүргізіле бастаған. Еуропалық ғалымдар ол кезеңде көбінесе грек және рим мәдениеті мен өнеріне, яғни антика дәуіріне қатысты ескерткіштерді зерттеді. Қазіргі Қазақстандық археология ғылымының даму тарихы және оның болашағы мен негізін салушы белгілі тарихшы-археологтар Әлкей Марғұлан, Кемал Ақышев, Мир Қадырбаевтың еңбек жолдарының қызықты кезеңдерінен қосымша деректер келтіремін.

         Өткен сабақтар нәтижесінде оқушыларда археология туралы түсініктері болғандықтан,   оған кеп тоқтала қоймай, оқушылардың назарын тақтадағы археологиялық ескерткіштерге аударады немесе мүмкіндік болса, археологиялық, этнографиялық экспедиқиялар жұмысы жазылған бейнефильмді көрсетуге көшемін. Оқушылардың назарын әсіресе археологиялық және этнографиялық деректер жинаудың ерекшелігін анықтауға аударады. Этнология мен этнографияның айырмашылығын, тарихты білу үшін әр елдің негізгі қасиеттерін зерделеу қажеттілігін түсіндіремін.

          Сабақ нәтижелі болуы үшін   алдын ала оқушыларға 2-3 сұрақ-тапсырмалар беріп қоямын. Бейнефильмді көріп болғаннан кейін, егер уақыт болса оқушылардан осы алдын ала берілген сұрақ-тапсырмалар бойынша әңгіме-сұхбат еткіземін. Ал егер уақыт тығыздау болса, бұл сұрақ-тапсырмаларды ауызша немесе жазбаша түрде үй тапсырмасы ретінде беремін.

Келесі мәселе - жаңа сөздермен жұмыс. Бүгін сабақта кездескен жаңа сөздерді:

         Қайта өркендеу дәуірі, нәсіл, радиоактивтік көміртекті пайдалану, Тигр мен Евфрат, пирамида, этноархеология анықтамаларын оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тақтаға жазып қоямын. Тақтаға жазған жаңа сөздерін оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

         Өткен сабақты қорытындылау үшін алған білімдерін қыскаша анықтағаннан кейін,   сабақты оқушылардың өздеріне қорытуына болады. Ол үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қою ұсынылады:

         1) Бүгінгі сабақтың несі саған ұнады немесе ұнамады?

         2) Бүгінгі сабақ алдындағы сабақтардан несімен ерекшеленді?

         3) Бүгінгі сабақтан сен өзіңе қандай жаңалық алдың?

Үй тапсырмасы: Өткен сабақты оқу. Жаңа сөздерді қайталап, еске сақтау.

 

 

 

 

 

 

 

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы:  §5.     Өлкетану дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты:

·        Білімділік: Тарихи өлкетанудың жеке ғылым ретінде қалыптасу тарихы, оның маңызы. Өлкетану ғылымымен тығыз байланысты қосымша ғылым салаларының, олардың атқаратын қызметі жөнінде білім беру.

·        Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үрдістердің дамуын тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану деректері арқылы шыңдықпен баяндап өткенге ғылыми көзкарас қалыптастыру.

·        Тәрбиелік: Өз өлкесінің тарихына қатысты материалдарды жинастырып, оның жойылмауы үшін аялап күтуге, ата-бабаларына көмектесуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

1. Жергілікті өлкетану мұражайының тарихи-мәдени ескерткіштерін пайдалану.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Сабақтың барысы:

         I. Ұйымдастыру кезеңі.

         II. Үй тапсырмасын сұрау.

         Өткен сабақта көрген бейнефильм,   алдын ала берген сұрақ-тапсырмалары бойынша оқушылармен әңгіме түрінде немесе жазбаша сұрақ-тапсырмаларға жауаптарын дауыстатып оқытып, оны жалпы сыныпта талқылату. Жаңа сөздер бойынша сөздік жұмысы жүргізу. Ол үшін   алдын ала бір-бір сөзден жазылып көбейтілген кағаз қиындыларын оқушыларға таратып шығамын. Оқушыларға берілген уақыттың аз екенін ескертіп, бос орынға дұрыс анықтамасын жазу тапсырылады.

Үй тапсырмасын қорытындылау

         Археологиялық зерттеулер нәтижесінде тарих ғылымы бүгінде адамзат таңғалатын ұлы жаңалықтарды ашқандығын, оның тарих ғылымын дұрыс, терең, толық жазып шығу үшін маңызының зор екендігін айтып қорытындылаймын.

         Осылайша үй тапсырмасын тексеріп, өткен сабақтың бүгінгі өтетін жаңа сабақпен де байланысты екенін айтып өтіп, жаңа тақырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа сабақты мына жоспармен жүргіземін.

         1.Тарихи өлкетану ғылымының маңызы мен міндеттері.

         2.Тарихи өлкетанудың жеке ғылым саласы болып қалыптасуы тарихы.

         3.Тарихи өлкетанумен тығыз байланысты қосымша ғылым салалары мен олардың атқаратын қызметі.

         Осы жоспармен жаңа сабақты түсіндіре бастап, оқушыларға параграфты кезек-кезек оқыта отырып, өздеріңе бұл ғылым саласының мақсат-міндеттері не екенін ауызша айтқызамын.

         Одан соң жоспардың екінші бөліміне көшеміз. Әсіресе оқушылардың көңілін Ресейде тарихи өлкетану жеке ғылым ретінде 1713 жылы 13 ақпанда орыс патшасы I Петр тұсында ғана енсе де, қазақ даласында сонау ежелгі замандардың өзінде ел тарихын жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде жеткізген өз білімпаздары болғанын атап айтып кетемін.

         Сабақ жоспары бойынша қосымша пәндерге тоқталамын.  Сондықтан қысқаша тарихқа қосымша пәндер бойынша әңгімелеп өтемін де, осы бойынша мына ономастика, антропономика, топонимика, этнонимика, теонимия, космонимия, тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану сияқты жаңа сөздерді тақтаға жазып қоямын. Оқушылар  тақтаға жазылған сөздерін дәптерлеріне жазып алады.

          Осы сияқты қосымша пәндердің жекелеген зерттеулерінің нәтижесінде ғана тарих ғылымы толық та дұрыс жазылатынын айтады.  

         Одан әрі оқушылардан мұрағат жайында қандай түсініктері барын тексеру үшін, тақтаға немесе плакатқа маркерді пайдаланып, төмендегі тапсырманы орындатады.

        

    «Мұрағат»                               

         Оқушылар өздерінің мұрағат жайындағы не білетіндерін бір-бірлеп орнында отырып айтады.  Осылайша   мұрағат туралы алғашқы түсініктерін біледі. Одан әрі оқулықтағы материал бойынша толықтырып айтады.

Бекіту: Тақырыпты бекіту үшін   «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырманы орындатқызамын.

Қорытынды: Тарихи өлкетанудың маңызы Отанға деген сүйіспеншіліктен бастау алатынын айтып, өздерінің туған өлкелерінде қандай ғылыми өлкетану жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталады, оның жалпы тарих ғылымына қоскан үлесін атап айтып кетеді.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 5-параграфты оқып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындау.





5 сыныптың Қазақстан тарихы бойынша сабақтың жоспары

1 2 »Сабақтың мақсаты:

        Білімділік: Оқушыларға жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары, олардың ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, Қазақ тарихындағы батырлардың алатын орнын анықтау.

        Дамытушылық: Қазақ батырларының ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдык қабілеттерін арттыру.

        Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Аралас сабак, әңгіме.

 Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Батырлардың суреттері, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы.   I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сүрау.

         Қазақ билері жайында оқушылардан кысқаша сұрау. Кем дегенде 2-3 оқушыны сөйлету. Төрт оқушыға Қазыбек, Төле, Әйтеке билер және Тәуке ханға байланысты сұрақтар жазылған карточқалар беріліп, жауаптары тыңдалады. Бұдан соң   үй тапсырмасын қысқаша қорытындылаймын.   Дәптерге жазуға берілген тапсырма бойынша үш оқушыны тексеріп бағалаймын.

ІІІ.  Жаңа сабақ

         Өтілетін сабактын тақырыбы мен жоспары алдын ала жазылып қойылады.  Ооқушыларды сабақтың тақырыбы және негізгі мақсаттарымен таныстырып өтемін. 

Сабақ жоспар:

1. Жоңғар-ойрат мемлекетінің құрылуы.

2. Қазақ батырлары.

 Жоңғар мемлекеті.

 Батыс Монғолия жерінде, жоғарғы Ертіс, Алтай, Тар-бағатай еңірінде құрылған.

 Құрылған уақыты - XVIII ғасыр (1635-1640 жылдар).

 Сипаты - аскери-көшпелі.

 Мемлекет билеушісі - қоңтайшы.

 Тайпалар - торғауыт,чорос, дөрбет, хошауыт т.б. Бұлар дүрбіт-ойрат деп аталған.

         Бұдан әрі   балаларға жоңғарлардың Қазақ жеріне жасаған шапкыншылығы туралы түсіндіремін. Жоңғарлар да қазақ халқы сияқты көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан мал жайылымы оларға тарлық етеді. Оның үстіне ойрат тайпалары шығыс монғол (халха), манчьжур Қытайдан көп қысымшылық көрді. Сондықтан жоңғар нояндарын Қазақ елінің шұрайлы жерлері үнемі қызықтырады. Бұл шапқыншылықтың басты себебі болып табылады.

         Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы ХУІІ-ХУШ ғасыр аралығын қамтиды.

Ең қасіретті жыл деп 1723 жылды айтуға болады. Себебі тарихтағы әйгілі қырғын «Ақтабан шүбырынды, Алкакөл сұлама» осы жылы болған. Бұдан соң   оқушылардың назарын «Елім-ай» әніне аударамын. Сабақ жоспарындағы екінші тақырыпшаға кеңінен тоқталамын. Ең алдымен жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастаған, ел мен жерді қорғау кезінде ерлік көрсетіп, аты аңызға айналған батырлар жайында қысқаша әңгімелеп беру.

         Батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Баян батыр, Райымбек, Малайсары т.б.

         Бұдан кейін   оқулық және дәптермен жұмыска 10 минуттай уақыт беремін.

Осыған байланысты төмендегідей кестені толтырту.

 

Қабанбай батыр

Бөгенбай батыр

Наурызбай батыр

Баян батыр

Өмір сүрген уақыты

 

 

 

 

Ерлік істері

 

 

 

 

Кестені толтырып болған соң 3-4 оқушыдан әр батырлар жайында, олардың ерлік істері туралы түсінгендерін айтқызамын.

Қорытынды кезең.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоямын

 Жоңғар шапқыншылығы жайлы не білесіндер?

 Қазак елін жат жерлік жаулардан қорғаудағы батырлардың үлесі қандай болды?

 Бөгенбай жоңғарларға қарсы шамамен қанша жорыққа катысты?

 Жоңғарларға қарсы жүргізілген көптеген ұрыстарда Қабанбай қандай міндет атқарған?

 Жоңғарларға қарсы күресте ерлік көрсеткен басқа қандай батырларды білесіңдер?

Бекіту:

Үй тапсырмасы:

1. Жоңғарларға карсы күресте ерлік көрсеткен батырлардың ерлік істері туралы қосымша оқып, жеке бір батыр туралы дәптерге қысқаша әңгіме жазғызу.

2. 31-параграфты окып келу.

Сабақтың мақсаты:

        Білімділік: XIX ғасырдың 1-жартысындағы Кенесары Қасымұлы бастаған және Ішкі ордадағы 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар туралы мағлұмат беру.

        Дамытушылық: қозғалыстардың себеп-салдарын, тарихи маңызын анықтай білуге, сонымен қатар өзі бетінше оқу, ой қорыту дағдыларын қалыптастыру, танымдық ой өрістерін арттыру.

        Тәрбиелік: оқушыларды өз Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу, өткен тарихқа, Ұлы тұлғаларға құрметпен қарауға, олардың ерлік істерін үлгі ете білуге үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгіме, пікір алысу.

Көрнекілік: Қазақстан картасы, Исатай, Махамбет, Кенесары портреттері.

Сабақтың барысы. 

I.                   Ұйымдастыру кезеңі. 

II.                Үй тапсырмасын сұрау.

         Алдымен кем дегенде үш оқушыға Абылай жайында жазған әңгімесін оқытамын.

  Содан кейін өткен тақырыпты пысықтап оқушылардың білімін тексеру үшін сұрақтар жазылған карточқалар таратамын.

Олар:

№1

Абылай ханның қазақ тарихындағы орнын қалай бағалайсың?

№2

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатындағы негізгі бағыттар қандай?

№3

Әбілмансұр қалай Абылай атанды?

№4

    Абылай ханның жүргізген саясатының табысты болуына оның төңірегіндегі белгілі адамдардың ықпалы қандай болды?

          Үй тапсырмасын қысқаша қорытындылаймын. Онда Абылай ханның өміріне, ата-тегіне, қайраткерлік жолына, ішкі және сырткы саясатына тоқталамын. Абылайдың қазақ мемлекетінің дербестігін, тәуелсіздігін сақтаудағы еңбегіне де тоқталып өтемін.

Жаңа сабақ:

         Сабактың тақырыбы, жоспар алдын ала тақтаға жазылып қойылады.  Оқушыларға тақырыпты айтып, сабақтың мақсатын түсіндіремін.

Сабақ жоспары:

1.  Ұлт-азаттық қозғалыстардың себептері және мақсаты.

2.  Қозғалыстардың сипаты, қозғаушы күші.

3.  Көтерілістердің басшылары.

4.  Көтерілістердің барысы және жеңілу себептері.

5.  Кетерілістердің тарихи маңызы.

         Оқушыларға жоспарды дәптерлеріне жазғызғаннан соң   осы жоспар бойынша сабақты түсіндіремін.  Оқушыларға оқулықтағы екі тақырыпшаны (1836-1838 жылдардағы көтеріліс пен 1837-1847 жылдар аралығындағы көтерілістер) салыстыра отырып түсіндіремін.

         Көтерілістердің басты себептері ұксас. Екі көтеріліс те негізінен патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бағытталды. Қозғаушы күштері де қарапайым қазақ шаруалары.

1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысты Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы Кенесары сұлтан басқарды. Оның төңірегінде Наурызбай, Ағыбай, Иман, Жоламан, Бұқарбай сияқты белгілі батыр, әскери қолбасшылар болды.

         Ал 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы (немесе Бөкей ордасы) көтерілістерді старшын Исатай Тайманұлы мен белгілі ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды.

          Осы арада оқушыларға Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы жайында қысқаша түсінік беріп өтемін.

         Ұлт-азаттық көтерілістер өте табанды өтті. Көп жағдайда көтерілісшілер патша өкіметінің отрядтарын ойсырата жеңіп отырды. Бірақ көтерілісшілер көздеген мақсаттарына жете алмады.

          Осыдан кейін көтерілістің жеңілуінің басты себептеріне тоқталып етемін. Оқушыларға осы екі көтерілістердің тарихи маңызын толықтай әңгімелеп беремін.

Дәптермен жұмыс.

Екі көтерілісті салыстыра отырып темендегі кестені толтырамыз.

 

Кенесары көтерілісі

Ішкі ордадағы көтеріліс

Уақыты

 

 

Қозғалыс басшылары

 

 

Көтеріліс еткен жерлер

 

 

Көтерілістің козғаушы күші, сипаты

 

 

Көтерілістің тарихи маңызы

 

 

Қорытынды:

Сабақты бекіту мақсатында   осы тақырыпқа байланысты сұрақтар беремін.

1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің мақсаты қандай?

2. Кенесарының төңірегіндегі батырлар туралы айт.

3. Кенесары басқарған көтерілістің жеңілуінің басты себебі қандай?

4. Ішкі ордадағы көтерілістің басты себебі қандай?

5. Исатай мен Махамбеттің қолбасшылығы жайында айт. 

  Бұдан кейін қозғалыстарды салыстыра отырып сабақты қысқаша қорытындылап өтемін. Оқушылардың берген жауабып толықтырып өтемін.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: 1. 34-параграфты оқу. 2. Кенесары, Исатай, Махамбет жайында дәптерге шағын әңгіме жазып келу.

1.Адамның пайда болуы туралы діни түсініктерді әңгімелеп беріңдер.

2.Алғашқы адамдар қашан және қай жерде пайда болған? Олар қалай тіршілік еткен?

3. Тас дәуірі қай уақытты қамтиды? Тас дәуірінің кезеңдерін сипаттап шығыңдар.

4.Қола дәуірінің басты ерекшеліктерін атап шығыңдар.

5.Сақтар тарихта қандай атаулармен белгілі болды, ол туралы деректер келтіріңдер? Сақтардың негізгі шаруашылығы туралы әңгімелеп айтып беріңдер.

6.Мөде шаньюйдік гщ мемлекетін құрудагы рөлі қандай? Құдіретті ғұн мемлекетінің ыдырауына қандай жағдайлар себеп болды?

7. «Түрік» атауы қандай мағынаны білдіреді? Көне түркі жазулары қалай зерттпеліп, ғылымға танылды?

8.   Ұлы Жібек жолы қалай қалыптпасты? Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан қалалары туралы әңгімелеп айтып беріңдер.

9.  Неліктен әл-Фарабиді «екінші ұстаз» деп атайды? Сендер тагы басқа қандай ежелгі қазақ елінің ғалымдарын білесіңдер?

10.Ортатсырлық Қазақстан қалаларының сауда- экономикалық байланыстардағы рөлін сипаттап айтып беріңдер.

11.  Қазақ халқының қалыптасуында қандай тайпалар маңызды рөл атқарды?

12. Қазақ хандығы қалай құрылды? Оның негізін салған хандар кімдер?

13.  Қазақта ханды сайлауда қандай дәстур сақталды? Қазақтың қандай атақты хандарын білесіңдер?

14. Билер қандай әлеуметтік топқа жатады? Олар қандай қызмет атқарды?

15.Қазақтар мен жоңғарлар арасында болған қандай ірі шайқастарды білесіңдер? Қазақ батырларының қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі ерліктері туралы әңгімелеңдер.

16.  Еліміздің Ресей бодандығын қабылдауына қандай жағдайлар себеп болды?

17. Абылайдың қазақ шекарасы мен қазақ хандығын нығайтудағы атқарған қызметі қандай?

18. Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы басқарған ұлт- азаттық көтерілістердің себебі, қозғаушы күштері кімдер болды?

19.  Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев қазақ даласында ғылым, білімнің дамуына қосқан үлесі қандай?

20. Абайдың қандай әндерін білесіңдер?

Сабақтың мақсаты:

        Білімділік: Оқушыларды қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уәлихановпен таныстыру, оның өмірі, еңбегі, ғылымға қосқан үлесі жайында мағлұмат беру.

        Дамытушылық: қазақтың ұлы ғалымдары жайындағы білімдерін одан әрі дамыту, ғылыми қызығушылықтарын ұлғайту, ұлы ғалымдардың еңбектерін өзі бетінше оқып үйренуге дағдыландыру.

        Тәрбиелік: білім, ғылымға қызығушылықтарын арттыру, ұлы ғалымдардың еңбектерін оқу арқылы адамгершілікке, имандылыққа, білімділікке тәрбиелеу, олардың өмірін үлгі ету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, Ф. Достоевский суреттері, ғылыми карталар.

Сабақтың барысы. 

 I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

         Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы тексеремін.

1.  Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық күрес болған жылдар.

2. Кенесарының ата-бабалары.

3. Кенесары хан көтерілген жыл.

4.   1836—1838 жылдарда болған ішкі ордадағы көтеріліс басшыларының бірі, ақын.

5. Исатай Тайманұлы қазіргі қай облыстың жерінде дүниеге келді?

6. Бөкей ордасы қай өзендердің аралығында орналаскан?

III. Жаңа сабақ.

Алдымен сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларға негізгі мақсаты түсіндіріледі.

Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.

          1. Шоқан туралы не білесіңдер?

         2. Шоқанның аты ғылым мен мәдениеттің қандай саласымен байланысты деп ойлайсыңдар?

         Осыдан кейін   тақырыпты қыскаша түсіндіре бастаймын.

         Шоқанның шын аты — Мұхаммедханафия. Шоқан Абылай ханның шөбересі екенін оқушылардың естеріне саламын. Шоқанның туып-өскен жері Құсмұрын және Сырымбет. Шоқанның жастайынан ғылым мен білімге құмартуына әкесі Шыңғыс сұлтан мен әжесі Айғанымның әсері мол болған.

         Шоқан он екі жасында 1847 жылы Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Бұл оқу орын патша өкіметіне қызмет ететін әскери саладағы офицерлерді дайындайтын. 1853 жылы Шоқан аталған оқу орнын корнет деген офицерлік шенмен бітіріп, әскери қызметке орналасады. Осыдан Шоқанның ғылыммен айналысуына жол ашылады. Ол көптеген ғылыми-зерттеу экспедицияларға қатысады. Қашқарияға жасаған сапары оның атын әлемге әйгілі етеді. Шоқан Ф.М.Достоевский, Г.Н.Потанин сияқты ғылым мен әдебиеттің белгілі өкілдерімен достасады.

         Осылай түсіндіре келе оқушыларға Шоқанның өмірінен, ғылыми жолдарынан оқулықты пайдалана отырып дәптерге хронологиялық кесте жасау тапсырылады.

1. 1835 жыл - Шоқан дүниеге келді.

2.1847 жыл - Шоқан Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі.

3.1853 жыл - Шоқан Сібір кадет корпусын бітіреді т.б.

         Бұдан кейін   сынып оқушыларын екі топқа бөліп, Шоқанның өмірінен екі тақырып беріп шағын әңгіме жазуды тапсырамын.

Тақырыптар:

І-топка: «Шоканның балалық шағы».

П-тоіща: «Шоқан - көрнекті ғалым».

         Жазып болғаннан кейін екі топтың жазған әңгімелерін бір-біріне алмастырып, пікір алысуға жағдай тудырады. Бұл әңгімені артынан   қысқаша қорытындылап өтемін. Сонымен қатар   қисынды әңгіме жазған оқушыларды бағалаймын.

Қорытынды кезең

         Жаңа сабақты бекіту мақсатында   оқушыларға өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын.

Бекіту сұрағының үлгілері:

1. Шоқанның жастық шағы қай өлкеде өтті?

2. Шоқанның ата-бабалары туралы не білесіңдер?

3. Шоқан Омбы қаласында қандай оқу орнында оқыды? Бұл оқу орнында қандай сала бойынша білім алды?

4. Шоқан қатыскан ғылыми-зерттеу экспедиқияларды ата.

5. Шоқанды әлемге әйгілі еткен қандай экспедиқия?

6. Шоқан ғылымның қандай салаларымен айналыскан?

7. Шоқан еңбектерін жарыққа шығарған академик кім?

 Оқушылардың жауабын тыңдаған соң  сабақты қорытындылаймын.

         Шоқан Уәлихановтың өмірі өте қысқа болды. Бірақ сол қыска ғұмырында ол ғылым жолында өте көп табыстарға жетті. Тарих пен география, әдебиет пен этнография салаларында бірқатар ірі ғылыми еңбектер жазды. Санкт-Петербург қаласында Азия департаментінде қызмет атқарды. Қазақтардың арасында алғашқы болып Орыс географиялың қоғамының белсенді мүшесі болды. Шоқан орыстың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста орнатып, достаса білді. Сонымен Шоқан Уәлиханов XIX ғасырдағы қазақтың біртуар ұлдарының бірі, ірі ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері.

Бағалау:

Үй тапсырмасы.

1. 35-параграфты оқу.

2. Шоқан Уәлиханов жайында қосымша әңгімелер оқып келу. Мәселен, С.Бегалиннің «Бала Шоқан» повесі.

Сабақтың мақсаты:

        Білімділік: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылық жолдары, Қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі жайында білім беру. Абайдың

қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы екеніне оқушылардың көзін жеткізу.

        Дамытушылық: Абайдың еңбектерін насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, өткен тарихқа, әдебиетке, отанымыздың рухани мұраларына баға бере білуге үйрету, өз беттерінше шығармашылықтарын дамыта білуге дағдыландыру.

        Тәрбиелік: Қазақтың бай әдебиетіне деген құрметке тәрбиелеу, Абай арқылы әдебиетке қызығушылықтарын ояту, адамгершілікке, имандылыққа, адалдықка тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреті, Семейдегі Ахмет Риза медресесінің суреті, Абай шығармалары (өлеңдер).

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тест тапсырмалар арқылы он минуттай тексеріп шығамын. Тапсырма үлгілері:

1. Ш.Уәлихановтың өмір сүрген жылдары.

2. Шоқанның азан шақырып қойған аты.

3. Шоқан Омбыда қандай оқу орнында оқыды?

4. Шоқан Сібір кадет корпусын қандай әскери шенмен бітірді? т.б.

Тест тапсырмаларының саны он болады. Сонымен қатар оқушылардан Шоқан туралықосымша оқып келгендерін сұраймын.

Оның артынан үй тапсырмасын   қорытындылап өтіп, жаңа сабаққа кірісемін.

         III. Жаңа сабақ:

         Жаңа сабақтың тақырыбы алдын ала тақтаға жазылады. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін.

 Алдымен тақтаға «Абай» сөзін жазып коямын. Оқушыларға осы сөзді дәптерлеріне жазғызып жан-жағына не ойлайтындарын түсіремін.

Үлгі:

Абай

Бірнеше оқушыларды тақтаға өз ойларын түсіреді. Осы жазғандарын оқушылардың өздеріне қыскаша талдау жасатамын. Осыдан кейін   мынадай сұрақ беремін.

         1.     Абай дегенде естеріңе не түседі?

         2.  Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? Оқушыларға сонымен қатар Абайдың өлеңінен үзінді оқытамын.  Осыдан кейін тақтаға түсірткен оқушылар ойларын негізге ала отырып сабақты түсіндіремін.

         Абай Құнабайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан (Семей) облысының Шыңғыстау өлкесінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибрагим. Руы тобықты. Әкесі Құнанбай осы рудың басшысы, аға сұлтан болған. Абайдың зерек болып өсуіне шешесі Ұлжан мен әжесі Зеренің әсері мол болған. Абай кейіннен Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқып білім алады. Мұнда шығыстың ірі ғалымдары Фирдоуси, Низами, Науаи еңбектерімен танысады. Қалада болған кезінде орыс тілін шебер меңгереді. Көптеген орыс зиялыларымен танысып достасады. Бірақ Абайды әкесі Құнанбай ел билігіне араластыру үшін оқуын аяқтатпай ерте қайтарып алады.

         Осы арада  оқушыларға Құнанбай жайлы қысқаша әңгімелеп беремін.

  Жас кезінен ел билігіне араласу Абайды ерте есейтеді. Осы кезден бастап Абай өлең жазумен айналысады. Оның өлеңдері жастарды білімге, ғылымға шақырады, халықтыңсол кездегі нашар әлеуметтік хал-ахуалын суреттейді. Абайдың елуге жуық қара сөзінің аса зор философиялық мәні бар.

         «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» деп аталатын үш поэма жазған. Орыс тілін жетік меңгеруі Абайдың орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуына жол ашады. Абай Л. Толстой, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, М.Е. Салтыков-Шедринді аударған. Абайдың талантты Мағауия, Акылбай, Өбдірахман атты ұлдары болған. 1904 жылы Абай қайтыс болады.

         Бұдан кейін   оқушыларға дәптерлеріне Абайдың кез келген өлеңінен төрт жол үзінді жазуды тапсырамын. Бес минуттай уақыт оқушыларға өздері жазған өлең  шумақтары жайында ойларын айтқызамын.

         Бұл өтілетін тақырыптың маңызын аша түсуге көмектеседі.

Қорытынды кезең

Сабақты бекіту мақсатында   оқушыларға жазылған карточкалар таратамын.

Ондағы сұрақ үлгілері:

         1.  Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны.

         2.  Абайдың жан-жақты өсуіне әсер еткен орта туралы айт.  Оқушылардың ойларын тұжырымдап қорытындылаймын.

         Абай - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі. Абай өлеңдерінің әдебиетімізде алатын орны ерекше. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы өкілдерімен жақын араласуы Абайдың прогрестік жолына үлкен әсер еткен. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде шебер сөйлете білді. Абай өмірінің ерекшелігін біз Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан оқып біле аламыз.

Бағалау:

Ү й тапсырмасы:

         1.  Зб-параграфты оқу.

         2.  «Абай жолы» романынан үзінді оқып келу.

Сабақтың мақсаты:

        Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру.

        Дамытушылық: Ыбырай еңбектері туралы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.

        Тәрбиелік: қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке тәрбиелеу, достық, ынтымақтықка баулу.

 Сабақтың түрі: аралас

 Әдісі: интерактивті

 Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай суреті, еңбектері.

Сабақтың барысы.  

 I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

          Тақтаға «Абай» сөзін жазып, бір парақ қағазға оқушыларға ассосация жасатамын (Абайға катысты сөздер жаздырамын). Оқушыларға осы жазғандарына түсінік беруге талап етемін.

         Бұдан ары үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар беріп, 3-4 оқушыдан жауап аламын. Кейбір оқушылардан «Абай жолы» романынан үйге берілген тапсырманы сұраймын.    

  Оқушылар жауабын толықтыра отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын. Сонымен қатар өткен тақырыптың бүгінгі жаңа тақырыппен байланыстылығына қысқаша тоқталып өтемін.

III. Жаңасабақ.

         Жаңа сабақтың тақырыбы алдын ала тақтаға жазылып, Ыбырай Алтынсаринның суреті ілініп қойылады.  Оқушылардың назарын осы суретке аударып жаңа сабақты сұрак қоюдан бастаймын.

         1.  Бұл сурет туралы не білесіңдер?

         2.  Ыбырайдың өлеңдері мен әңгімелері көбінесе не туралы жазылған?

Оқушылардан жауап ала отырып, Ыбырай өлеңдерінен үзінді оқытамын.

Осыдан кейін  оқушыларға ойларына Ыбырай туралы не келеді соны жазып шығуды тапсырамын. Оқушылардың жазғандары ақын, мұғалім сияқты сөздер болады. Осыдан кейін оқушыларды жұпқа бөліп оларды тыңдаймын.

         1.  Ыбырай кім?

         2.  Оның қандай шығармасын білесің?

         3.  Ол көбінесе не жайлы жазған?

         4.  Ыбырай шығармасының кейіпкерлерінен кімді білесің?

         Осындай сұрақтар төңірегінде оқушылар бір бірінің ойларын біледі. Осыдан кейін   балалардың Ыбырай жайында кезектесіп айтқанын тақтаға жазып шығамын.

          Осы жазылғандарды қорыта отырып жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының жерінде дүниеге келген. ( Оқушылардың назарын Қазақстан картасындагы Қостанай облысы және Торғай өлкесіне аударамын). 1857 жылы ол шекаралық комиссиясы жанындағы арнайы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мектепті бітіргеннен кейін тілмаштық, ұстаздық қызметтер атқарады. 1864 жылдан бастап Торғайда қазақ балаларына арналған мектепте дәріс береді. Ұстаздың қызметте жүріп Ыбырай халықты оқу-білімге тарту, ағартушылық қызметтермен айналысады. Балаларға білім беруде кітаптың орны бөлек екенін түсінгенін ол, қазақ тілінде оқулық жазуды қолға алады.

         1879 жылы жарық көрген «Қазак хрестоматиясы» Ыбырайдың қазақ тілінде жазған алғашқы оқулығы болды. Бұдан басқа Ыбырай қазақтарға орыс тілін меңгертуді де қолға алып осы бағытта бірнеше еңбектер жазады. 1879 жылы Торғай облысындағы мектептердің инспекторы қызметіне тағайындалған ол, ағарту ісіне білек сыбана кіріседі. 1887 жылы Ыбырай қазақ даласында алғаш Ырғыз жерінде қыздарға арналған мектеп-интернат ашады.

         Осы уакыттар арасында Ыбырай өлең жазумен де айналысады. Оның өлеңдерінің негізгі тақырыбы еңбек, адамгершілік, достық, білім және ғылым ғылым жайында болды.

(Осы жерде   шығармаларынан мысал келтіре кетемін).

         Бұдан кейін   оқушыларды үш топқа бөліп тапсырмалар беремін.

I топтың тапсырмасы. Ыбырайдың ағартушылық қызметпі жайлы өз ойларыңды айт.

II топтың тапсырмасы. Ыбырай өлеңдерінің негізгі мазмұны қандай мәселені қозғайды.

III топтың тапсырмасы. Ыбырайды қазақ әдебиетімен білім беру саласындағы алатын орны қандай?

         Талқылауға 5 минуттай уақыт беремін. Сонымен қатар оқушыларға келесі топқа сұрақтар дайындау тапсырамын. Талқылап болғаннан кейін әр топтан бір оқушы жауап беріп екінші оқушы оны толықтырып отырады.

         Әр топтың мүшелері дайындаған сұрақтарын келесі топ мүшелеріне қояды:

I топ? II топқа

II топ? III топқа

III топ? I топқа

Қорытынды  кезең:

Алдымен  үш топқа сұрақ қоямын.

1.  Ыбырай туып-өскен жері, жастық шағы туралы не білесіңдер?

2.  Білім беру саласында Ыбырай қандай істер атқарды?

3.  Ыбырай шығармаларының мазмұны жайлы өз ойларыңды айт.

  Оқушылар жауабынан кейін   тақырыпты қысқаша қорытындылап, тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқталып өтемін.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1. 37-параграфты оқу.

Сабақтың мақсаты:

        Білімділік: оқушыларға жалпы сәулет өнері туралы түсінік бере отырып Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайында мәліметтерді ұғындыру.

        Дамытушылық: Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан нақты мысалдар келтіре отырып оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

        Тәрбиелік: орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі замандағы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра отырып, оқушылардьщ сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық тәрбие беру.

 Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Айша бибі мазарының суреттері. Қазіргі заманғы архитектура үлгілерінің суреттері, Астана, Алматы қалаларындағы сәулетті ғимараттар суреттері.

Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын тексеру.

          Үйге берілген 37-параграфтың мазмұнын айтқызып, оқушыларға сұрақтар қоямын. Ыбырай жайлы үйде жазған әңгімелерін екі оқушыға оқытып бес минуттық әңгіме өткізу. Бұдан кейін   қысқаша үй тапсырмасын қорытындылаймын.

         III. Жаңа сабақ.

          Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, негізгі мақсатымен оқушыларды таныстырып өтемін. Бір плакатқа «Сәулет өнері - архитектура» деп жазып тақтаға іліп коямын. Сонымен қатар көрнекі құралдар арасынан Қожа Ахмет Йасауи кесенесі мен бүгінгі күнгі сәулетті құрылыс суретін тақтаға қатар іліп қоямын.

   Осы суреттерге байланысты  оқушыларға сұрақ қоямын.

1.  Мына қүрылыстар жайлы не білесіңдер?

2.  Осы құрылыстардың салыну тәсілінің ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?

3.  Құрылыстарды осылай әдемі салу тәсілін қалай атайды?

         Сұрақтарға жауап алғаннан кейін  оқушылардың назарын аудара отырып тақтадағы суреттер арқылы жаңа тақырыпты таныстырып өтемін. Ерте кездегі және қазіргі замандагы әдемі құрылыстардың ерекшелігін айта отырып, осындай әсем кұрылыс салу өнерін архитектура немесе сәулет өнері деп атайтынын түсіндіремін.

         Дәптерге жаздыру. Архитектура - ежелгі грек тілінен аударғанда үй салу деген мағынаны береді.

Сабақ жоспары:

1. Сәулет өнерінің тарихы.

2. Орта ғасырдағы сөулет ескерткіштері.

3. Қазіргі заманғы сәулет өнері.

         Осыдан кейін  жоспар бойынша тақырыпты қыскаша түсіндіруге кірісемін. Сәулет өнерінің тарихы өте тереңде жатыр. Адам баласының алғашқы баспанасы табиғи үңгірлер, жартас, тау қуыстары болған. Ауа райының үнемі өзгеріске ұшырауы және адам баласының біртіндеп жетіле түсуі ерте кездің адамдарына жаңа өмірге лайық баспана салуды қажет етті.

         Сонымен адамдар баспананың жаңа түрін салып, оны біртіндеп жетілдірді.

Баспана салуға шикізат ретінде табиғи тас, ағаштарды пайдаланды.

         Жоспардың екінші бөлімін түсіндірмес бұрын бір-екі оқушыға «Орта ғасырдағы сәулет ескерткіштері» тақырыпшасын дауыстап оқытып түсінігін айтқызамын.

         Бұдан соң   оқушыларға Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Айша бибі мазары, Бабаджа қатын кесенесі, Қарахан кесенесі, Жошы хан мазарының көбейтілген суреттерін таратып беріп жұптасып осы ескерткіштерге қатысты сөздер және әңгіме құрастыруды тапсырамын.  Кемінде төрт оқушыға жазғандарын оқытамын да басқа оқушыларға толықтыртып талдатамын.

         Оқушылардың талдауынан кейін қысқаша түсіндіріп өтемін.

         Орта ғасырда Қазақстан жерінде өз заманына лайықты құрылыстар көптеп салынған. Қазақстан аумағының Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы қалалардың көптеп салынуына және де сәулет өнерінің өсіп-өркендеуіне үлкен әсерін тигізген. Отырар, Түркістан, Тараз, Сайрам, Сығанақ т.б. қалаларда керуен сарайлары, мешіт, кесене, монша сияқты ортағасырлық құрылыстар тұрғызылған. Әрине олардың көбі бүгінгі күнге дейін жеткен жоқ. Сақталғандары өте аз.

          Көрнекі құралдарды пайдалана отырып олардың кейбіреуі жайында түсінік беріп етемін.

1. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.

2.  Айша бибі мазары.

3.  Бабаджа қатын кесенесі.

4.  Жошы хан мазары.

   Жоспардың үшінші бөлімі бойынша оқушыларды үш топқа бөлемін. Осы үш топқа қазіргі заманғы Қазақстан қалаларындағы сәулет өнер озық туындылары болып табылатын құрылыс суреттерін беріп, ой жинақтап ақылдасуға, шағын түсінік жазуға уақыт беремін (Астана, Алматы қалаларындағы құрылыстар т.б.). Үш топтан бір оқушыдан шығып суретті тақтаға іліп ортақ ойларын айтады. Келесі екі топ мүшелеріне тақтадағы оқушыға сұрақ бергіздіремін.

         Суреттерді пайдалана отырып түсінік беремін. Онда қазіргі заманғы сәулет өнерінің озық үлгілері жайлы айтып, оны ерте замандағы тарихи құрылыстармен салыстыра отырып түсіндіремін. Адамзат баласының өркениетке жетуі осындай зәулім құрылыстарды тұрғызуға мүмкіндік берді. Сәулет өнері қазіргі кезде өте биік белеске жетті т.б.

Қорытынды:

         «Сәулет өнері» деп оқушыларға дәптерлеріне жаздырып екі-үш сейлеммен өз ойларын қорытындылауды тапсырамын.  Өткен тақырыпты қысқаша қорытындылап өтемін. Онда сәулет өнерінің тарихына, ерекшелігіне, қазіргі кездегі жағдайына тоқталамын. Ерте кезден қазіргі уақытқа дейінгі құрылыс салу ісінің дамуына қысқаша шолу жасаймын.

Бағалау:

Үй тапсырма:          38-параграфты оқу.

Сабақтың мақсаты:

        Білімділік: Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру.

        Дамытушылық: ұлттық мерекелердің қазақ халқының рухани және материалдық өміріндегі алатын орнын анықтау арқылы оларға сыни көзбен қарау дағдысын қалыптастыру.

        Тәрбиелік: ұлттык мерекелердің маңыздылығын түсіндіре отырып рухани тәрбие беру, имандылыққа тәрбиелеу, ұлтжандылық сезімдерін ояту, үлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: ұлттық ойын түрлерінің және дәстүрлі үй тұрмысының суреттері.

Сабақтың барысы. 

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

         Үй тапсырмасын  оқушыларға сұрақ беруден бастайды. Өткен сабақты естеріне түсіре отырып   мынадай сұрақтар беремін.

1.  Сәулет өнері дегеніміз не?

2.  Ежелгі адамдардың баспанасы қандай болған?

3.  Қазақстан жеріндегі ортағасырлық қандай сәулет ескерткіштерін білесің?

4.  Сәулетті құрылыстарды салуда орта ғасырда қандай материалдарды пайдаланған?

5.  Қазіргі замандағы сәулет өнерінің дамуының сыры неде деп ойлайсың?

         Бұдан кейін   Қожа Ахмет Йасауи кесенесі жайында оқушыларға жазғанын оқытамын. Соңынан   оқушылардың жазғанын толықтырып өтемін. Онда жалпы Қожа Ахмет Йасауи туралы, оның кім екенін, ислам дінін насихаттаудағы алатын орны жайлы айтып беремін.   

   Йасауиге арнап салынған Түркістан қаласындағы кесене орта ғасырдағы сәулет өнерінің озық туындысы, оны бір кездегі Орта Азия (Мауараннахр) билеушісі Әмір Темірдің салғызғанын оқушыларға айта кетемін.

         Одан әрі   қысқаша үй тапсырмасын қорытындылап өтемін.

III. Жаңа сабақ.

         Жаңадан өтетін сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала тақтаға жазып қоямын. Оқушыларға сабақтың негізгі мақсаттары айтылады.

Сабақтың жоспары:

1.  Қазақтың ұлттык мейрамдары.

2.  Наурыз мейрамы.

         Ең алдымен  оқушыларға дәптерлеріне жалпы қазақтың ұлттық мейрамдары және Наурыз мейрамына қатысты не білетіндерін бір сөзбен ықшамдап жазып шығуды тапсырамын. Мейрам, мерекелер жайында бесінші сынып оқушыларының аз да болса хабары бар екенін ескерсек, бұл жайында оқушылар мүдірмей жаза алады.

         Бұдан сон   оқушылардың айтқанын тақтаға жазып шығамын. Тақтада той, наурыз, жарыс, спорт, көкпар, күрес т.б. сөздер жазылады. Осы жазғандардың ішінен   бүгінгі сабаққа байланысты сөздерін қалдырып басқасын өшіремін. Аталған сөздердің бүгінгі сабаққа тікелей қатысты екенін   оқушыларға ескерте отырып, жаңа сабақты бастаймын. Оқушыларға ең алдымен «Қазақ халқынық қандай ұлттық мейрамдарын білесіңдер?» деген сұрақ қоямын.  

    Бұған оқушылар өз білгендерінше жауап береді. Бұдан әрі   жоспар бойынша сабақты түсіндіремін.

         Жоспардың алғашқы бөлімі жайлы кеңірек тоқталамын. Мұнда   қазақ халқының ұлттық мерекелері жайлы түсінік беремін.

         Оқушыларға дәптерлеріне баланың туғанынан бастап өскеніне дейінгі аралықта болатын ұлттық мерекелер жайында жазуды тапсырамын.

1. Шілдехана.

2. Тұсаукесер.

3. Сүндет той.

         Жоғарыда аталған мерекелер жайында  оқушыларға түсіндіріп өтемін. Осы мерекелердің жалпы қасиетіне тоқтала отырып, қазақ халқында сәбидің дүниеге келуінен артық қуаныштың жок екенін айтамын.

         Одан әрі   басқа да ұлттык мерекелер жайлы сөз қозғаймын. Оқушыларды да сабаққа катыстырып отырамын. Оларға уакыт беліп түрлі сұрақтар қоямын.

         Қазақ халқының маңызды ұлттық дәстүрі екі жастың отау құрып, үйленуіне байланысты болатын салт-дәстүрлік мереке екені белгілі. Халқымыздың ертеден келе жатқан салты бойынша қыз бен жігітті бала кездерінен атастырады. Кейін қыз бен жігіттің жасы жеткен соң оларды үйлендіріп түрлі ырымдарын жасайды. Жігіт жағы қыздың ата-анасына салт бойынша қалыңмал төлейді.

         Үйлену тойында алдымен «беташар» айтылып, жас келінді таныстырады. Келін жігіт жағының туыстарына иіліп сәлем береді. Бұл мерекеде жастар жағы «жар-жар» айтады. Барлық мерекелер ән-думанмен етеді.

         Жоспардың екінші бөліміндегі Наурыз мейрамы жайында   оқушыларға алдымен қоямын:

1. Наурыз мейрамы қазақ халқы үшін қандай мереке?

2. Наурыз мейрамында қандай ұлттық шаралар өтеді?

 Оқушылардың жауабын тыңдаған соң  Наурыз мерекесі жайында түсіндіруге кірісемін.

         Наурыз мерекесі әр жылдың наурыз айының 22-жұлдызында өтеді. Бұл күн Қазақ күнтізбесінде, сонымен қатар шығыс күнтізбесінде жаңа жыл, яғни жыл басы ретінде аталады. Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Дәл осы наурыздың 22-жұлдызында күн мен түн теңеседі. Наурыз мерекесі қазақ халқының ұлттық мерекелерінің ішіндегі ең негізгісі және маңыздысы болып табылады. Бұл күнді қазақ халқы ерекше қадірлеп «Ұлыстың Ұлы күні» деп атаған. Наурыз айы сонымен қатар көшпелі халық үшін мал төлдейтін қарбалас кезең. Бұл жағдай мерекенің маңызын одан әрі күшейте түседі. 70 жылдай уақыт Қазақстан Кеңес Одағының құрамында болған кезде қазақ халқының наурыз мерекесін тойлауға мүмкіндігі болмады. Себебі коммунистік партия барлық ұлттық сипаттағы мерекелерге тыйым салған болатын. Наурыз мерекесін ұлттық мереке ретінде өткізуге еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана халқымыздың қолы жетті.

          Осы жерде оқушылардан наурыз мерекесінде өтетін шаралар туралы сұраймын.

         Наурыз мерекесінде адамдар бір-біріне сәлем беріп, бұрынғы реніштерін кешіреді. Наурыз мерекесінде ең бастысы «наурыз көже» жасалады.

         «Наурыз көже» - наурыз мерекесі күні дайындалатын ұлттық тағам.

         Оқушыларға «наурыз көже» қандай тағамдардан жасалатынын дәптерлеріне жазуды тапсырамын.

         Қорытынды кезең.

         Сабақты бекіту мақсатында   оқушыларға  дайындап әкелген сұрақ жазылған карточкаларды таратамын:

1. Қазақ халқының ұлттык мерекелеріне қандай мейрамдар кіреді?

2. Үйлену тойында қандай шаралар өтеді?

3. Наурыз мерекесі неліктен мерекелердің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады?

4. Мерекелер кезінде ететін қазақтың ұлттық ойындарын ата.

         Өткен сабақтан жалпы не түсінгенін бір-екі оқушыдан сұрап етемін. Бұдан кейін  оқушылардың жауабын толықтыра отырып, Қазақ халқының ұлттық мерекелері, оның ішінде Наурыз мейрамы жайында қысқаша әңгімелей отырып тақырыпты корытындылап өтемін.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: 1. 39-параграфты оқу.

2. Наурыз мерекесі жайында әңгіме жазу.




















Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының шешендері, айтыс өнері

Сабақтың мақсаты:

        Білімділік: қазақ халқының шешендік сөз өнерінің қыр-сырын түсіндіру, қазақ тілінің байлығын, құдіреттілігін, сонымен қатар Қазақ халқының рухани мәдениетінің ерекшелігі жайында мағлұмат беру.

        Дамытушылық: өз ойларын түйіндей білуге үйрету, тарихи әңгіме жаздыру арқылы негізгі ойларын ықшамды түрде жаза білу дағдыларын қалыптастыру, тілдік қорларын дамыту;

        Тәрбиелік: жүйелі түрде сөйлеуге, шешендікке баулу, тілдік қорларын дамыту, ана тілінде таза сөйлеуді насихаттау, қазақ тіліне деген құрмет, сүйіспеншілікті ояту.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

 Сабақтың барысы:  

I.                   Ұйымдастыру кезеңі. 

II.                Үй тапсырмасын сұрау.

                  «Қазақтың ұлттық мерекелері», «Наурыз» деп тақтаға жазып қойып, сынып оқушыларының көпшілігін қатыстыра отырып әңгіме өткізу. Әңгімелесу барысында көбінесе тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық мерекелері, сонымен қатар наурыз мерекесі жайында оқушылардың жеке көзқарастарын білемін. Барлығын тыңдап болған соң мұғалім  үй тапсырмасын қорытындылап жаңа сабаққа кірісемін.

III. Жаңа сабақ.

         Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларды сабақтың негізгі мақсатымен таныстырып өтемін.

          Тақта ортасында «Өнер алды- қызыл тіл» деп жазылған плакатты іліп қоямын.

         Содан кейін оқушыларға қағаз таратып, осы қағаздарына плакаттағы жазуға байланысты әрқайсысына үш сөзден жазуды тапсырамын. Жазып болған қағаздарын айналдыра плакатқа жапсырамын. Осы сөздердің кейбіреуін дауыстап оқып беремін. Оқушылардың жазғандарының ішінен аталған нақыл сөзге жақынырағын таңдап алып, жазған оқушыдан мағынасын сұраймын. Оқушылармен бірлесе отырып плакатқа жазылған сөздерді пайдалану арқылы ортақ талқыға саламын.

         Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:

1. Сөз өнері дегенді қалай түсінесін?

2. Қазақ тілінің қандай касиеті бар деп ойлайсың?

3. Шешендік өнер қалай қалыптасады деп ойлайсың? 

 Сұрақ  берген оқушылар жауабын тыңдап, олардың ойын білгеннен кейін   жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

         Қазақ тілі әлем халықтарының тілдерінің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Мұны бір кездері белгілі шығыстанушы ғалым, түркітанушы В. В. Радловтың өзі мойындап кеткен. Атақты ғалым қазақ тілінің құдіретін Еуропадағы ғажап тілдердің бірі француз тілімен салыстырған. Осындай бай тілге иелік еткен қазақ халқында сөз өнері, оның ішінде шешендік өнер барынша жақсы дамығаны белгілі. Бұрынғы кезде қазақ халқында сөздің жүйесін тауып сөйлеу, орынды сейлеу өзінше бір өнер саналған. Шешендік өнер жалпы алғанда адамға жас кезінен, балалық шақтан бастап қалыптасады. Жас кезінен бастап шебер сөйлей білу, сезді орынды қолдану жалпы қазақ халқына тән ерекше қасиеттердің бірі болып саналған.

          Тақтаға Аяз би, Алдаркөсе, Жиренше деп жазып, оқушылардан олар туралы не білетінін сұраймын. Оқушылар жауабын тыңдаған соң   оны толықтыра отырып түсіндіремін.

         Бұлар ерте кезден бастап қазақ халқының шешендік өнерінде өзіндік орны бар кейіпкерлер болып саналады. Аталған кейіпкерлер негізінен аңыз-ертегілерде кездеседі. Осындай әдеби кейіпкерлер арқылы шешендік сөздер қазіргі күнге дейін жетіп отыр.

         Осыдан кейін   оқушылардың дәптерлеріне Асан қайғы, Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұхар жырау сөз  жазғызып, бұл жайлы не білетіндерін естеріне түсірулерін тапсырамын.

          Оқушылардың айтқандарын тыңдап болғаннан кейін, аталған тарихи тұлғалар туралы оқушыларға қысқаша айтып беремін.

         Қазақ халқында «бұрынғы билер мен шешендерден қалды» деген асқан шеберлікпен айтылған, қазақ тілінің байлығын паш еткен қанатты сездер өте көп. Бір ғана XV ғасырда ғұмыр кешкен атақты ойшыл Асан қайғының өзі артына, келер ұрпаққа тағылымы мол сөздерді көп қалдырған. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер өздерінің шешен де мірдің оғындай сөздерімен қазақ елін сыртқы жаулардан қорғауда, ел арасында ауызбіршілікті сақтап мемлекеттің іргесін берік ұстауда мол үлес қосқанын біз өткен сабақтардан білеміз.

          Тақтаға төмендегідей сөздерді жазамын:

 «Сөз тапқанға қолка жоқ».

 «Сөз сүйектен өтеді».

         Бұл мақалдың мағынасын оқушылардан сұраймын. Оны   одан әрі толықтырып негізгі мағынасын түсіндіріп өтемін.

Қорытынды кезең.

Қорытындылау үшін   оқушыларға түрлі сұрақтар қоямын:

1.  Қазақ тілінің құдіреттілігі дегеніміз не?

2.  Қазақ халқының мәдени өмірінде шешендік сөз өнерінің алатын орны қандай?

3.  Шешендік адамда қай кезден бастап қалыптасады деп ойлайсың?

4.  «Тілінің майын тамызып», «Тілі мірдің оғындай» дегенді қалай түсінесіңдер?

                  Бүгінгі сабақтан біз өзімізге қажетті не алдық?

Бағалау:

Үй тапсырмасы:. 40-параграфты оқу. Қазақ тілі, сөз өнері жайында мақал-мәтелдер жазып келу.















Сабақтың тақырыбы:Қазақ халқының музыка, күй өнері

Сабақтың мақсаты:

        Білімділік: қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.

        Дамытушылық: рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу кабілеттерін дамыту.

        Тәрбиелік: рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

 Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтық көрнекілігі: Жаяу Мұса, Құрманғазы, Ақан сері, Қорқыт суреттері және домбыра, қобыз суреттері.

Сабақтың барысы.

         I. Ұйымдастыру кезеңі.

         Ең алдымен  оқушыларды үш топқа бөлемін. Әр топқа бүгінгі тақырыпқа қатысты ат қоямын.

            II. Өткенді қайталау.

          Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаймын. Алдымен өткен сабақтың тақырыбын оқушылардан сұраймын.

          Тақтаға «Сөз өнері» деп жазып, әр топқа ақылдаса отырып осыған байланысты өз ойларын қағаз бетіне түсіруді тапсырамын. Әр топтан бір оқушы шығып жазғандарын дауыстап сыныпқа оқып береді.  Жазғандарына қарай бағалап отырамын.

         Сонымен қатар үйге берілген мақалдарын оқытамын.  Қай топтың мақал-мәтелді көбірек жазғандарына көңіл бөліп отырамын.

Соңында үш топқа сөз өнеріне байланысты мақалдар беріп талдатамын.

 I топқа «Жақсы сөзге жан семірер».

 II топқа «Қаһарлы сөз - қамал бұзар».

 III топқа «Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ».

          Соңында топтардың берген жауаптарына қарай бағалай отырып, өткен сабақты қысқаша қорытындылап өтемін. Сөз өнері - халық қазынасы, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпақка жалғасып келе жатқан мұра. Сөз өнері - рухани байлық, адамзат игілігі. Халқымызда сөз өнері, шешендік өнер ежелден жақсы дамыған, оны білу арқылы қазақ тілінің, яғни біздің ана тіліміздің бай тіл екеніне көзіміз жетеді.

III. Жаңа сабақ.

         Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып түсіндіремін. Тақырыпты тақтаға жазып қоямын. Тақтаның бір жағына үш топты бағалау парағын іліп қоямын.

Алдымен мұғалім  үш топқа ортақ сұрақ қойылады:

  Қазақтың ұлттық ән-күй өнері жайлы не білеміз?

Ақылдаса отырып әр топтан бір оқушы шығып жауап береді. Және де топтың тағы бір мүшесі оны толықтырады.  Берген жауабына қарай бағалау парағына бағасын қойып отырамын.

         Келесіде   әр топқа бір парақ қағаздан беріп, өздері білетін қазақтың ертеден келе ән-күйлерін жазып шығуды тапсырамын. Мұны   уақытпен белгілеп, бір мезгілде тоқтатамын. Әр топтың жазған ән-күйлерінің санын бағалау парақшасына жазып қоямын.

         Бұдан әрі   сабақты баяндау жоспарын тақтаға жазып сабақты түсіндіреміні.

1.  Дала әуендері.

2.  Ұлттык музыка аспаптары.

3.  Ән-күй өнеріндегі белгілі тұлғалар.

         Музыка өнері - халқымыздың дамыған ежелгі рухани мәдениеттерінің бір саласы болып табылады. Халқымызда ежелден қалыптаскан дәстүр бойынша адам дүниеге әнмен келіп (Бесік жыры) о дүниеге әнмен (Жоқтау) аттанған. Осының өзі музыканың қазақ халқының арасында алатын орнының жоғары екенін айғақтайды. Қазақ халқында барлық той-думан, мерекелер ән-күйсіз өтпеген. Бұдан әрі   оқушыларға біраз халық әндері мен күйлерін жазғызып шығамын.

         Жоспардың екінші бөлімі бойынша топпен жұмыс істетемін.  Ұлттық музыка аспаптарын жазғызып шығамын: домбыра, қобыз, сыбызғы, дауылпаз, жетіген т.б.

Үш қағазға әр түрлі музыка аспабының атын жазып, жасырып қоямын. Оны әр топтың бір мүшесі келіп алады. Сол таңдап алған аспап туралы әр топ ақылдаса отырып қандай жағдайда қолданатынын, неден жасайтынын атап шығу керек. Бұдан әрі осы аспап жайында әр топ бір-біріне сұрақ қояды.

 I топ - II топқа

 II топ - III топқа

 III топ — I топқа

         Осы аспаптардың қандай жағдайда қолданатыны және қасиеті жайында  оқушыларға әңгімелеп беремін. Жоспардың үшінші бөлімі бойынша топтардың арасында шағын жарыс өткізіледі. Мұнда да уақыт белгілей отыра белгілі әншілер мен күйшілердің атын жазып шығуды тапсырамын. Оның арасында әр топтан бір оқушыдан шығарып, ән жолдары жазылған парақ беріледі. Онда осы әннің авторын табу керек.

          Әр топтың жауабы мен топ мүшелерінің жауабын тыңдай отыра, бағалау парақшасына бағасын қойып отырамын.

         Әншілер мен күйшілер жайында   қыскаша әңгімелеп беремін.

Ертеден келе жатқан музыка өнерінде әншілер мен күйшілердің алатын орны ерекше. Қазақ халқы оларды қай заманда болсын қадірлеп өткен.

         Әнші-сазгерлер: Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Естай, Мәди, Майра, Әсет т. б.

         Күйшілер: Құрманғазы, Дәулеткерей, Ықылас, Тәттімбет, Дина т. б.

         Ән-күй өнерінің даму тарихы, олардың түрлері жайында айта отырып оқушыларды оқулықпен жұмыс істетемін. Әр топтың мүшелеріне мәтінді дауыстата оқытып, бірігіп талқылатамын.

Қорытынды кезең

Сабақты бекіту мақсатында әр топқа карточка таратылады.

Ондағы сөздер:

1.  Ән - Ақан сері.

2.  Күй - Құрманғазы.

3.  Музыкалық аспап - Қорқыт.

         Аталған сөздерді байланыстыра отырып ой өрбіту тапсырылады. Бұдан кейін   әр топқа бүгінгі тақырыпқа байланысты қорытынды сұрақтарды қояды. Артынан  тақырыпқа жалпылама шолу жасап сабақты қорытындылаймын. Қазақ халқының дәстүрлі әндері жазылған күйтабақты тыңдай отырып қорытындылаймын.

Бағалау. Тақтада ілінген бағалау парақшасын пайдалана отырып және оқушылардың сабаққа қатысуын ескере отырып, мұғалім білім деңгейін бағалаймын.

Үй тапсырмасы:

1. 41-параграфты оқу.

2. Белгілі әншілер мен күйшілердің шығармаларын жазып келу.

Сабақтың мақсаты:

        Білімділік: ауызекі шығармашылық туралы, тарихты жазудағы орны жайында мәлімет бере отырып, халқымыздың ауызша шығармаларын насихаттап, шежіренің маңызын, қырларын ашу.

        Дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, тілдік қорларын дамытуға жәрдемдесу, танымдык ой-өрістерін дамыту.

        Тәрбиелік: халықтың бай шығармашылық өнеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру, тарихи-шығармашылық дәстүрге баулу, тарихи әңгімелер арқылы қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

 Көрнекілік: Ш. Уәлиханов, М. Ж. Көпейұлы портреттері.

Сабақтың барысы

I.                   Ұйымдастыру кезеңі. 

II.                II. Үй тапсырмасын сұрау.

         Үй тапсырмасын тексеру мақсатында   сұрақтар беремін:

1. Дала әуендері дегенді қалай түсінесіңдер?

2.«Адам дүниеге әнмен келіп о дүниеге әнмен аттанады» деген сөздің мағынасын түсіндір.

3.  Әншілер мен күйшілер бұрынғы кезде неліктен халыққа өте жақын болған?

4.  Қазақтың қандай ұлттық музыка аспаптарын білесің? Оларды неден жасайды?

5.  Күйлерді қандай күйлер деп бөледі? Неге олай атайды?

6.  Қазақтың әнші, күйшілерінің ішінен кімді ерекше атайсың? Оның себебін түсіндір.

  Дәптерлеріне жазған әншілер мен күйшілердің шығармаларын тексеріп шығып, бірнеше оқушыға оқытып бағалап отырамын.

         Үй тапсырмасын қорытындылап, өткен сабақтан алатын өнегелеріміздің көп екенін ескертіп өтемін.

II. Жаңа сабак.

   Сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазып, мақсатымен таныстырып өтемін. Сабақты түсіндіруде төмендегідей жоспар құрып аламын.

         Сабақ жоспар:

1. Ауызша тарих - ежелгі дүние айнасы.

2. Көне мұралар.

3. Шежіре

Жоспар бойынша түсіндірмес бұрын оқушыларға сұрақ қоямын.

         Тарихты біз қалай оқып, білеміз?

         Оқушылардың жауабын тыңдаған соң   одан әрі  толықтырып өтемін.

Тарихты біз негізінен үш түрлі дерек арқылы біле аламыз:

1.  Заттай дерек (археологиялық зерттеу).

2.  Жазбаша дерек.

3.  Ауызша дерек (аңыз, өңгіме, жыр, фольклор т.б.).

  Сабақты ретімен түсіндіреді.   Ауызша тарих - бізге дейін жеткен рухани мұра. Біздің ата-бабаларымызда тарихты, өткен оқиғаны ауызша айту дәстүрі өте ерте кезден қалыптасқан, және де оны үнемі дамытып отырған.

Ауызша тарих:

  эпос,

  аңыз,

  шежіре т.б.

         Ауызша деректер жазу пайда болғанға дейінгі кезде адамдардың тарихын, өз білгендерін, бастарынан кешкендерін кейінгі ұрпаққа қалдырудың ең басты құралы болған. Өте ерте кездегі тарихи оқиғалардың көбі дерлік бізге ауызша тарихи деректер арқылы жеткен.

         Ең алғаш жаратушы туралы аңыздар пайда болса, кейіннен батырлар туралы эпостық жырлар дүниеге келген.

         Ауызша тарихты зерттеуде Ш. Уәлиханов, М. Көпейұлы, М. Тынышбяев сияқты белгілі ғалымдар мол үлес қосқан. Халық аузындағы аңыздарды, жырларды, шежірелерді жинақтап, қағаз бетіне түсірумен айналысқан ғалымдар бірқатар нәтижеге жеткен. Мысалы, Ш. Уәлиханов «Манас» эпостық жыры мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырларын қағаз бетіне түсірген.

         Тас бетіне түсірілген тарих ретінде белгілі Орхон-Енисей жазулары, ондағы Күлтегін, Бумын қаған, Тоныкөк құлпытастардағы жазу бүгінгі күнге дейін жеткен ірі тарихи мұра. Әлемге әйгілі «Одиссея», «Илиада», «Манас» т.б. жыр-поэмалар алдымен ауызша тарап кейіннен барып қағазға түсірілген.

         Ауызша тарих айтудың бір түрі ол - шежіре. Шежіре Қазақ халқының шығу тегін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан көне ғылым. Кейінгі кезде XIX ғасырдың аяғында шежіре қағаз бетіне түсіріле бастады. Шежірені зерттеуде, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуде М.Көпейұлы, М.Тынышбаев, Ш.Құдайбердиев сияқты ойшыл ғұламалар көп еңбек сіңірген.

Оқулықпен жұмыс.

         Тақырыпты бірнеше оқушыларға дауыстатып оқытып сыныппен бірігіп талдаймыз.

Қорытынды кезең:

Сұрақтар:

1.  Ауызша тарих дегенді қалай түсінеміз?

2.  Ерте кездегі тарихи оқиғалар қазіргі кезге қалай жетті?

3.  Қандай көне мұралар, жыр-эпостарды білесіңдер?

4.  Шежіре дегеніміз не?

5.  Қазақ халқында ауызекі шығармашылық қалай дамыған?

         Оқушылардың жауабын толықтыра отырып тақырыпты қорытындылаймын. 

Бағалау:

Үй тапсырмасы.

1.  42-параграфты оқу.

2.  Эпостық жырларды тыңдап немесе оқып келу.

Сабақтың мақсаты:

        Білімділік: оқушыларды Қазақ халқының бұрынғы кездегі наным-сенімдерімен, дінімен, жал-пы рухани мәдениетімен және ерте кездегі наным-сенім түрлерінің пайда болу тарихымен таныстыру.

        Дамытушылық: дінге деген оқушылардың жан-жақты көзқарастарын қалыптастыру, дін және наным-сенімдердің адам баласының рухани өмірінде алатын орнын анықтауға үйрету, ежелгі наным-сенімдерді нақты түсіне білу қабілетін дамыту.

        Тәрбиелік: халқымыздың ежелден келе жатқан рухани мәдениетіне құрметпен қарауға үйрету, діни сенімдердің адам баласына пайдалы жақтарын анықтауға көмектесу, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: «Қағбаның» суреті, карта, т.б.

Сабақтың барысы:   I. Ұйымдастыру кезеңі.

                                   II. Үй тапсырмасын қайталау.

     Өткен сабақты пысықтау мақсатында үйге берілген тапсырма тексеріледі. Халықтың ауызекі шығармашылығы жайында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып жауабын аламын. Үйде оқып не тыңдап келген эпостық жырларын бір-екі оқушыға оқытып талдатамын. Бұдан кейін үй тапсырмасын қорытындылай отыра жаңа сабаққа көшемін. Сонымен қатар өткен сабақты өтілетін жаңа оқу материалымен байланыстыра кетемін.

III. Жаңа сабақ.

         Жаңадан өтілетін сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала тақтаға жазылады.  

Сабақ жоспары:

1.  Ежелгі діни түсініктер.

2.  Қазақ халқының алғашқы сенімдері.

         Алдымен тақтаға «Дін» деп жазып бұл туралы оқушылардың не ойлайтындарын дәптер бетіне бір-екі сөйлеммен түсіруді тапсырамын.

         Содан оқушыларға жазғандарын оқытып, олардың ішінен кейбіреуін   бір сөзбен тақтаға жазып қоямын.  Оқушылардың жазғандарына шолу жасай отыра жаңа сабақты түсіндіріп етемін.

         Дін ежелден келе жатқан рухани түсініктердің бірі. Адам баласы алғаш жаратылғаннан бастап табиғаттан тыс жаратушы бар деп ойлап, сол белгісіз күштерге сенген. Алғашқы кезде адам баласының наным-сенімі олардың кәсібіне және қоршаған ортасына байланысты болған. Алғашқы адамдар көптеген табиғат күштерінің алдында дәрменсіз болды, сондықтан табиғи күштерге табыну да кең орын алды. Бірақ адамдар осының бәрін бір Жаратушының ісі деп ойлады.

         Сонымен дін адам баласының жаратушыға табынуы, оған деген нанымы болып табылады. Алғашкы діни түсініктер ерте заманда, яғни тас дөуірінде пайда болған.

Ол кездің бір қызығы адамдар жаратушыны ағаштан немесе тастан ойып жасаған. Оны түл деп атайды.

         Тас дәуірінде адамдар сонымен қатар табиғат күштеріне және отқа табынған. Қола дәуірінде адамдардың діни түсініктері одан әрі дамиды.

         Ерте кезде қазақ халқында да түрлі наным-сенімдер орын алған.

 Қазақстан жеріндегі алғашқы жүйелі діни наным -Заратуштралық. Оның негізін б.з.б. II ғасырда (3500 жылдай бұрын) алғашқы діни-философиялық ағымды таратушы Заратуштра (Зәрдүш) қалаған. Бұл діндегі жоғары құдай - Ахурамазда. Қасиетті кітабы - «Авеста». Бұл дінді алғаш рет сол кездері Қазақстан жерін мекендеген тайпа арийлер қабылдаған.

 Ұлы Жібек жолы арқылы қазақ жеріне христиан, будда, манихейлік діндер тараған.

 Ежелгі түркі халқының діни нанымының негізі Тәңірге табыну. Тәңірді түркілер Көк деп білген. Көктен кейінгі сыйынатын күш отбасы мен балалардың қорғаушысы Ұмай құдай-ана, яғни Бай ана болып есептелген.

 VII-VIII ғасырлардан бастап қазақ жеріне арабтар арқылы жаңа дін ислам діні ене бастаған. Азғана уақыттың ішінде ислам діні Қазақстанның көптеген жерлеріне тарап үлгерді.

Айтып болғаннан кейін оқушыларға төмендегідей кестені толтыртамын.

Діни нанымдар

Қазақстан жеріне тарауы, негізгі қасиеттері

Заратуштра

 

Төңірге табыну

 

Христиан, будда

 

Ислам діні

 

         Осыдан кейін  діннің адам баласына пайдасы туралы шағын әңгіме өткіземін. Онда мынадай мәселелерге көңіл бөлген дұрыс:

1.  Дін Аллаһтың әмірі

2. Діннің тәрбиелік мәні.

3.  Дін - бейбітшілік жаршысы.

4.  Діни құндылықтар.

         Мұнда   бағыт бере отырып, көбінесе оқушыларды сөйлетемін. Оқушыларды көтермелеп отырамын.

Қорытынды кезең:

Сабақты бекіту максатында карточқаларды пайдаланамын.

Ондағы сұрақ үлгілері:

 Дін дегеніміз не?

 Табиғат күштеріне табыну дегеніміз не?

 Алғашқы адамдардың наным-сенімдерінің түрлері қандай болған?

 Адамдардың отқа табынғандарын неден байқауға болады?

 Түркілердің алғашкы сенімі Тәңірге табынудың ерекшелігі неде?

 Ең ежелгі діни сенім Зәрдүш қалай пайда болып, тараған?

 Христиан, манихей діндері қалай тараған?

 Ислам діні Қазақ жеріне қалай келді?

Бағалау:   Үй тапсырмасы:§ 43. Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

        Білімділік: оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.

        Дамытушылық: материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан-жақты қырынан тани білуге көмектесу, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.

        Тәрбиелік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: киіз үй, ұлттық киім, қолөнер бұйымдарының суреттері.

Сабақтың барысы: 

I.                   Ұйымдастыру кезеңі.

II.                 II. Үй тапсырмасын сұрау.

         Үйге қандай тапсырма берілгенін оқушылардан сұрап, естеріне салады.

Осыдан кейін  өткен сабаққа байланысты сұрақтар қоямын.

Сұрақтың үлгілері:

 Дін қалай пайда болды?

 Адам баласы алғашқыда неге табынған?

 Адам баласы табиғат күштерінің алдында неліктен дәрменсіз болды?

 Ежелгі түркілер неге табынған?

 Заратуштралық дін тараған өлкені ата.

 Ислам діні қазақ жеріне қалай тарады деп ойлайсыңдар?

 Орта ғасырда қазақ жеріне басқа да діндер қандай жолмен тараған?

  Сонымен қатар үйге берілген сөзжұмбақтарын тексере отырып, бағалап шығамын. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң   үй тапсырмасын қысқаша қорытындылап жаңа сабаққа кірісемін.

III. Жаңа сабак.

         Жаңа сабақтын тақырыбы, жоспары тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға сабақтың мақсаты айтылады.

         Сабақ жоспар.

1.  Қазақ баспанасы.

2.  Қазақтың ұлттық киімдері.

3.  Ұлттық қолөнер бұйымдары.

         Ең алдымен оқушыларға «Материалдық мәдениет дегеніміз не?» деп сұрақ қоямын. Оқушылар жауабын тыңдаған соң   өз сөзіммен толықтырамын.

         Мәдениетті екіге бөлуге болады:

1.  Рухани мәдениет.

2.  Материалдық мәдениет. 

Жаңа сабақты түсіндіру.

         Бұрынғы кезде көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының негізгі баспанасы киіз үй болған. Оныңщ ең басты себебі киіз үйдің көшіп-қону кезінде ыңғайлы, тез жиналып және құрастырылуы болды. Маусымдық көшу кезінде киіз үй бұйымдарын негізінен түйеге артқан.

         Ерте заманда киіз үйді арбаға да бекіткен. Оны күйме деп атаған.

         Киіз үйдің іші жазда салқын болумен қатар, үнемі таза ауа кіріп тұрумен ерекшеленген. Киіз үй 6, 8,12 қанатты болып бөлінген. Оның ішінде 12 қанатты киіз үй бай да дәулетті адамдарда болған. Мұндай үйлерді атпен жүріп тігетін.

         Киіз үйдің бөліктері: кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі негізінен ағаштан жасалған. Киіз үйге жабатын киіздер: туырлық, үзік, гщндік. Бұның барлығын жасауда шикізат ретінде қойдың жүні пайдаланылған.

         Қазақтың ұлттык, киімдері материалдык, мәдениеттің ірі жетістігі екені даусыз. Қазақ халқында ұлттық киім-дер жас шамасына қарай ерекшеленген. Ұлттык киімдер: тон, қамзол, шапан, тақия, бөрік, сәукеле, кимешек, бешпент т.б.

         Бұдан әрі   әр ұлттық киімнің қандай уақытта қолданылатыны жайында мәлімет беремін.

         Бұрынғы кезде қазақ халқында қолөнер өте жоғары дәрежеде дамыған. Зергерлік бұйымдар жасауда шеберлер алтын, күміс, асыл тас, түрлі сүйектерді қолданған. Әсіресе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасау кең тараған. Сырға, білезік, сақина, жүзік, алқа, шолпы т.б. сәндік бұйымдар Қазақ әйелдерінің көбінің тағатын әшекей заттары ретінде белгілі. Көшпелі халық үшін ат әбзелдерінің қажеттілігі өте жоғары болған. Ер-тұрман, сәнмен өрілген арқандар әр қазақтың үйінен табылатын. Жаугершілік кездері қазақ ұсталары қылыш, найза, семсер, дулыға, қанжар сияқты қару-жарақтарды да көптеп жасаған.

          Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң пысықтау үшін оқушыларға мәтінмен жұмыс жасатамын.  Тақырыпшаларды оқушыларға дауыстатып оқыта отырып, бірлесе талдау  жасаймыз.

Қорытынды кезең:

          Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға түрлі сұрақтар қоямын:

 Киіз үйдің қандай қасиеттері бар?

 Қазақтың қолөнер бұйымдарының қандай түрлерін білесің?

 Қазақ әйелдерінің ұлттык киімдерін ата.

 Қазақ қоғамында қолөнер шеберлерінің орны қандай болған?

         Әр оқушының жауабын тыңдап,   оны толықтырып отырамын. Оқушылар жауаптарынан кейін   өткен сабаққа жалпылама шолу қорытынды жасаймын. Онда бүгінгі сабақта өткен басты мәселелерге тоқтала отырып, тақырыпты бекітемін.

Бағалау:

Ү й тапсырмасы:

1. 44-параграфты оқу.

2. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

 

 

Үшінші бөлімді қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар.

1. Ортағасырлық Қазақстанның сәулет құрылыстарының қандай ерекшеліктері бар?

2. Наурыз мерекесі қашан және қалай тойланады?

3. Қазақ қоғамындагы шешендердің рөлі қандай болды? Қандай би-шешендерді білесіңдер?

4. Ауызша тарих айту дәстүрі дегеніміз не? Оның қазақ тарихын жазудағы маңызы неде деп ойлайсыңдар?

5.  Ертедегі қазақ  арасына тараган наным-сенімдер туралы не білесіңдер?Тәңіршілдік дегенді қалай түсіндің?

6. Қазақ киіз үйінің құрылысын сипаттпап беріңдер.

7. Киіз үйдің қандай іш жиһаздары бар? Оларды кімдер, қалай жасады?

8.  Қазақтың қандай зергерлік қолөнер бұйымдарын білесіңдер? Олар неден жасалды?

Сабақтық мақсаты:

 Білімділік: оқушыларға Ақпан, Қазан төңкерісі және Кеңестер билігінің орнауы туралы мәлімет беру, аталған төңкерістердің мәні мен сол кездегі Қазақстандағы саяси ахуал жайын түсіне білуге жағдай жасау.

 Дамытушылық: тақырыпты түсіндіре отырып, негізгі мәселені анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, саяси көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу, нақты тарихи оқиғалармен таныстыру арқылы ой-өрістерін дамыту.

 Тәрбиелік: отарлау саясатының салдарын түсіндіре отырып оқушыларды патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:

         I. Ұйымдастыру кезеңі.

         II. Жаңа сабақ.

         Жаңа сабақтың тақырыбы және баяндау жоспары алдын ала тақтаға жазылып қоямын.  Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Алдымен  сабаққа кіріспе ретінде оқушыларга жалпылама сұрақ қоямын.

         Революция дегенді қалай түсінесіңдер?

         Бұл сұраққа оқушылар әр түрлі жауаптар беруі мүмкін. Оқушылардың берген жауаптарын бір сөзбен тақтаға жазып қоямын.

         Осыдан кейін   жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

         Сабақ жоспары:

1.  Патшаның тақтан құлауы.

2.  Кеңестердің билікке келуі.

3.  Азамат соғысы.

         Алдымен оқушыларға Ресейдегі император билігі туралы айтып беремін. Үлгісі:

 Монархиялық жүйе.

 Императорлар.

 Император қоластындағы халықтың жағдайы.

- Халықтың император билігіне қарсылығы («Қанды жексенбі»).

         Бұдан кейін 1917 жылғы Ресейде өткен Ақпан және Қазан төңкерістері жайлы оқушыларға түсіндіремін. Оны түсіндіруде төмендегідей схеманы қолданамын.

 

Уақыты

Сипаты

Нәтижесі

Акпан теңкерісі

 

 

 

Қазан төңкерісі

 

 

 

         Осы үлгімен оқушылармен бірігіп отырып кестені толтырып шығамын.

Осыдан кейін  алдымен Қос үкіметтің содан кейін Кеңес үкіметінің билікке келуі жайлы оқушыларға айтып беремін.

         1917 жылғы 25 қазандағы Петроград қаласындағы төңкеріс нәтижесінде билікке жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі келеді. Кеңестер көсемі В.И.Ленин болды. Кеңестер үкіметі Ресей қарамағындағы аумақтарда әр түрлі кезеңде және әр түрлі жағдайда (қарулы күрес нәтижесінде немесе бейбіт жағдайда) орнады. Қазақстан жерінде де осындай жолдармен кеңестер билікке келеді.

         Алғашқы кезде кеңестер билігіне қарсы шыққан топтар өте көп болды. Нәтижесінде 1918-1920 жылдар аралығында Азамат соғысы өтті.

         Азамат соғысы — бір мемлекеттің ішіндегі саяси топтардың билік үшін күресі.          Оқушыларға Азамат соғысының барысы, аяқталуы жайында әңгімелеп береміз.

         Мұғалім оқушылар дәптерлеріне Кеңестер мемлекетінің құрамындағы Қазақстан мемлекетінің (автономиялық және одақтық) құрылу жолын хронологиялық кесте түрінде жазғызады.

Оқулықпен жұмыс.

         2-3 оқушыға мәтінді дауыстап оқытып, түсінгенін айтқызамын. Оны сынып оқушыларын қатыстыра отырып талдатамын.

Қорытынды кезең.:

         Сабақты бекіту мақсатында    көбінесе проблемалық және салыстырмалы сұрақтар қоямын.

         Сұрақтардың үлгісі.

  Монархиялық биліктің ерекшелігі неде? Демократиялық Қазақстандағы билік пен монархиялық билікті салыстыр.

  Патша билігіне халықтың қарсы шығуының басты себептері неде деп ойлайсың?

  Ақпан төңкерісі мен Қазан төңкерісінің айырмашылықтарын көрсет.

  Азамат соғысы дегеніміз не?

  Кеңес өкіметі билікке қалай келді?

  Кеңестер Одағының құрамындағы Қазақстан мемлекетінің құрылуы қалай өтті?

          Оқушылардың жауабын толықтырып отырамыннемесе әр оқушының жауабын келесі оқушыға толықтыртамын.

         Бұдан әрі   тақырыптың негізгі, басты мәселелеріне тоқтала отырып бүгінгі сабақты қысқаша қорытындылап өтемін.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

45-параграфты оқу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
679
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі