400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғыр алтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал математика пән мұғалімдеріне арналған. Материал 5-6 сынып оқушыларына өтілген. Материал өте қызықты, оқушыларға қол жетімді. Өз сабақтарыңызда оқушылардың ой-өрісін дамытуға көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2В

Мектеп: №18 А.Қосанұлы атындағы тірек мектебі

Күні: 23.04.2018ж Мұғалімнің аты-жөні: Сейсенббаева Р

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Алғыр алтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап қайталау. Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Күрделі жақшалы өрнектер шыға

 Ойын арқылы оқушылардың есептер шығаруды,  логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын арттырып, ой-өрісін кеңейту.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, шапшандыққа үйрету. Ұжымдажұмысістеугежұмылдыру.

Бағалау критерилерийі

Жарыс

Тілдік мақсаттар

Математикалық терминдер

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық құндылықтың негізі индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсуіне негізделіп оқушылардың бойында зерттеушілік, инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы, бәсекеге қабілетті ету

Пәнаралық байланыс

Геометрия(сандарды кескіндеу), физика(өлшем бірліктер), латын тілі алфавиті (белгісіз сандарды белгілеу).

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Сабақ барысы

Жоспарланған жұмыс

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен сәлемдесу

Алғыр алтау ойынына қош келдіңіздер. Бұл ойынымыз 3 кезеңнен тұрады, 3кезеңнен көп ұпай жинаған жұп супер ойынға шығады.

1.кезең Белес
2.кезең Өткел
3.кезең Асу

Ойынға қатысушыларды ортаға шақырамыз.

І топ-

ІІ топ-

ІІІ топ-

Ойынымызды бастайық, дайынбыз ба?

Олай болса, тұрмайық,

Ойынымызды біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділқазыларды шақырайық.

Әділқазылармен таныс болыңыздар.


Таныстыру
1. Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
2. Болашақта қандай мамандық иесі боласыз?
3. Арманыңыз не?
4. Алдыңызда қандай мақсат бар?
5. Досыңыз кім? Ол несімен ұнайды ?
6. Математика пәні сізге ұнай ма?
7. Жұлдызнамаңыз қандай? Жұлдыз жорамалға сенесіз бе?
8. Өзіңіз туралы айтылған мадақ пен сынды қалай қабылдайсыз?

Қатысушылардың бір жұбын оқшауланған бөлмеге шақырамыз. Ендеше ойынымызды бастайық


Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Стикер

Интерективті тақта


Сабақтың ортасы

І-кезең Белес.

Бұл кезеңде 5 сұрақ қойылады. «Дұрыс» не «бұрыс» жауабын таңдаймыз. Әр дұрыс жауап 10 ұпайға бағаланады.

І топ

1-сұрақ. Ең кіші натурал сан 1. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)

2-сұрақ. 5-ке 8-ді көбейткенде 45 болады. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)

3-сұрақ. 1 тәулікте 48 сағат бар. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)

4-сұрақ. Алымы бөлімінен үлкен бөлшекті бұрыс бөлшек деп атайды. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)

5-сұрақ. Ең үлкен екі орынды сан – 99. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)

ІІ топ

1-сұрақ. 8-ге 9-ға көбейткенде 64 болады. («Дұрыс» па?«Бұрыс» па?)

2-сұрақ. Бұрыштыөлшеуқұралын градус депаталады. («Дұрыс» па?«Бұрыс» па?)

3-сұрақ. Сандынөлгебөлгенденөлшығады. («Дұрыс» па?«Бұрыс» па?)

4-сұрақ. Азайтудыңкомпоненттеріназайғышжәнеазайтынды. («Дұрыс» па?«Бұрыс» па?)

5-сұрақ. 2-ге бөлінбейтінсандардытақсандардепатайды. («Дұрыс» па?«Бұрыс» па?)

ІІІ топ

1-сұрақ. Миллиардта 6 нөл бар. («Дұрыс» па?«Бұрыс» па?)

2-сұрақ. Төртбұрыштыңбарлыққабырғаларыныңқосындысыоныңауданынбереді. («Дұрыс» па?«Бұрыс» па?)

3-сұрақ. 1 ғасырда 100 жыл бар («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)

4-сұрақ. 1,3,5,7,9 жұп сандар («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)

5-сұрақ. Бөлімі алымынан үлкен бөлшекті дұрыс бөлшек деп атайды. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)


2.кезеңӨткел

Кезең екі санаттан тұрады. Оның бірнеше жауап нұсқасы беріледі. Қай жауап қай санатқа жататындығын белгілеу керек. 

Әр дұрыс жауап 10 ұпайға бағаланады.


І-топ

«Құрал» немесе «Өлшембірлік»

Градус, сызғыш, циркуль, километр, термометр, центнер, гектар, манометр, цельсий, таразы.


ІІ- топ

«Фигура» немесе «Уақыт өлшем бірліктері»

Үшбұрыш, минут, секунт, төртбұрыш, бесбұрыш, тәулік, ай, көпбұрыш, жыл, ғасыр.


ІІІ- топ

«Математикалық амалдар» немесе «Элементтер»

Қосу, сәуле, тең, артық, қабырға, кем, кесінді, азайту, бұрыш, бөлу.


3.кезең Асу

Бұл кезеңнің тапсырмасында бір – біріне қатысы бар сандарды табу керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпайға бағаланады.

31 қаңтар –жаңа жыл

1 наурыз-алғыс айту күні

8 наурыз-халқаралық әйелдер күні

22 наурыз- наурыз мейрамы

1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

7 мамыр- Отан қорғаушы күні

9 мамыр –жеңіс күні

6 шілде –Астана күні

30 тамыз- Конституция күні

1 желтоқсан- Президент күні

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,

                             Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

                             Әділқазы сіздерге сөз береміз,

                             Жеңімпаздар кім болып сарапталды?


Супер ойын

Көп ұпай жинаған жұп «супер ойын» ойнайды.


Супер ойын
Шарты: 1 ойыншы жазбаша жауап берсе біреуі ауызша жауап береді. «келісесің бе, келіспейсің бе» Пирамида не дейді екен көрейік.
Супер ойын тапсырмалары (слайдта)


1. Көбейтудің заңдары. (ауыс, терім, үлест)

2. 80 минут неше сағат, неше минут? (1 сағат 20 минут)

3. Шаршының қабырғасының ұзындығы 4 см боса, периметрі нешеге тең? (16 см)

4. Ең кіші төрт таңбалы сан. (1000)

5. Мектептегі 40 минут ?

6. 3 мысық пен 5 тауықтың аяғы неше? (22)

7. Оқу жылының соңғы айы қандай?(мамыр)
8.
7 Ондық  5 бірліктен тұратын санды ата. (75)

9. 45 пен 9 бөліндісі нешеге тең? (5)

10.Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).



Ламинант қағаз








Сабақтың соңы

Жарыс бізге сын болсын,

                             Білмегенге мін болсын.

                             Оқушыларды қолпаштап,

                            Қол соғыңдар кім болсын.

  Алдыңызда жайнаған жүздер әні,

                             Сіздермен кездесеміз біздер әлі.

                             Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,

                             Күтеді бізді жарқын күндер әлі!



Саралау

Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-

Сіз оқушыл ардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауәпсәздәк техникасын сақтау

Фармативті бағалау, бір-біріне түсіндіру және дұрыс нәтижеге бағыттау әдістері арқылы қосымша көмек көрсетемін. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы қаблетті оқушыларды дамытамын.

«Бармақ» әдісі бойынша, «Плюс-минус-қызықты» әдісі бойынша бағалау және критерий бойынша өзін-өзі бағалау немесе бірін-бірі бағалау.

Сынып бөлмесін желдету,сызғыш қаламдарды дұрыс пайдалана білуін қадағалау, қауіпсіздік ережесін сақтау.



Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия



Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 мамыр
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі