400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алғыр алтау" зияткерлік ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға тәжірибе алмасуға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрастырған: БҚО,Жаңақала ауданы, Пятимар ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Измагамбетова Зухра Амангельдиевна


Тақырыбы: «Алғыр алтау» сайысы.

Мақсаты:

а) Бастауыш сынып оқушыларының пәндер бойынша білімдерін саралау,ой  ұшқырлықтарын байқау, ең білімді оқушыны анықтау.
ә) Ой-өрістерін кеңейтіп,шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы өз мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылдыру.
б) Оқушыларды тапқырлыққа,жылдамдыққа,ізденімпаздыққа білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Өткізілу формасы: жарыс түрінде

Өткізілу формасы: жарыс түрінде

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, болжау, талдау.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз:

Армысыздар, оқушылар!
Армысыздар, ұстаздар!
Тамсандырып өнерін,
Осы жарыс барысы
Жадыратсын жаныңды,
«Алғыр алтау» сайысы.
Құрметті ұстаздар, оқушылар «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар» дегендей 2-4 сыныптар арасындағы «Алғыр алтау» сайысымызға қош келдіңіздер!

ІІ.Сайыс кезеңдері

1 – кезең «Белес»
2 - кезең
«Өткел»
3 – кезең «
Асу»
4 – кезең «
Супер ойын»
Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Білімдеріңді сынайық

ІІІ. Сайыскерлермен таныстыру

Олай болса, сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар:

1.  «Ойшылдар» тобы
2.
«Зеректер» тобы

Бүгінгі сайысқа төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Камалова Балжан Нұрымқызы-қазақ тілі пәнінің мұғалімі

2. Боранбай Абылайхан- «ЖасҰлан» ұйымының Ұланбасы

Оқушыларға тілек:

Замана тартып жатыр жаңа істі алға,
Уа, адамдар думаннан қалыс қалма
Сұлудан сұлу озар әсемдікпен
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
дегендей бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

«Жүректен-жүрекке» тренингі

Бір-бірлеріне шынайы жүрекпен бір ауыз сөзбен тілектерін айтады.

1-кезең «Белес» 

Менің үлесім....

1.16 желтоқсан қандай мереке? Тәуелсіздік мерекесі

2.Қазақтың батыр қыздары ? Әлия,Мәншүк

3.Судың қатты түрі? Мұз

4.Нағашы деген кім? Анамның туысы

5. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? Т.Әубәкіров

6.Тісі түскен адам? Кетік

7. Мәтін неше бөліктен тұрады? 3

8. Мектебіміз қай көшеде орналасқан ?

9.  Ең тәтті, ең ащы не? (тіл)

10.«Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы? Ы.Алтынсарин

11. Тасымалдауға болмайтын бір буынды сөздерді ата?

12.Айтылу мақсатына қарай сөйлем неше түрге бөлінеді?


Біздің үлесіміз...


1.Сиырдың пірі? Зеңгі баба

2.Балалар оқитын орын ? Мектеп

3.А+37 бұл қандай өрнек? Әріпті өрнек

4.Басты байлық? Денсаулық

5.Аптаның бірінші күні? дүйсенбі


1.Арқасында тауы бар жануар? Түйе

2.Класта оқушы отыратын зат? Парта

3. 25+37 бұл қандай өрнек? Санды өрнек

4.Үш биді атаңыз? Әйтеке би,Қазбек би, Төле би

5.Қалталы жануар? кенгуру



2 - кезең. «Өткел» \мақалдарды жалғастыру\

1.Доп ойнаған тозар

Асық ойнаған озар




Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады



2.Суретке қарап мақал айтады


Алма алма ағашынан алыс түспейді








Туған жерге туыңды тік







3.Мақалды іс –қимылмен көрсету


Бір тал кессең, он тал ек


Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады


3-кезең. «Асу» /Ұйқастарды қолданып, өлең құрастырады\


—————————————- баламыз,

—————————————- саламыз.

—————————————- сабақты,

—————————————- боламыз.



  ______________________баламыз

_______________________аламыз

________________________ әрдайым

_________________________қағамыз













4-кезең «Супер ойын» Ситуациялық жағдаяттан шығу


1-жағдаят:

Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді. Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?


2-жағдаят:

Сыныпта бір оқушыны сыныптастары шеттетеді.Ол үнемі мұңайып жүреді.Осы қателікті сен қалай түзер едің?


Қорытынды:

Осымен сайысымыз шарықтау шегіне жетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.- деп сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Жеңген топты марапаттау.













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
752
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі