жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Алғыр болсаң, озып көр» атты математикадан спорттық сайыс
«Алғыр болсаң, озып көр» атты математикадан спорттық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді дарынды озық болуға тәрбиелеу. Жан-жақты білімді болуға ұмтылдыру
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика» (М.В.Ломоносов).
«Математика – ғылымдардың патшасы», ал арифметика – математика патшасы» (К.Гаус).
«Математиканың өз тілі бар – ол формула» (С.В.Ковалевская).
«Ақын жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз» (С.Ков).
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән ғой – математика атанғансың!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Математика апталығында 8 кластар арасында ұйымдастырылған «Алғыр болсаң, озып көр» атты математикадан спорттық сайысымызға қош келдіңіздер.
Шәкірттер отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы білім менен ептілік.
Әрбірінің жігер күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
«Спорт» десе таза біздің арымыз.
Сайысатын шәкірттерді бүгінгі,
Қарсы алайық, қошеметпен бәріміз!- дей келе бүгінгі сайысқа қатысысатын 8А, 8Б, 8В кластардың ең үздік, ең дарынды, жүйрік жас математиктерін қарсы алайық.
Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,
Оның әрбір сөзіне нанарсыз.
Ел сенімін ақтай білер төрдегі,
Ұстаздардан әділдікті табарсыз, – дей отырып, төрдегі әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:
1____________________________________________________
2____________________________________________________
3____________________________________________________
Сөз кезегін жарысқа қатысушыларға берейік.
Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлімімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып жауап беріп мәре сызығына бірінші болып келулерің керек. Әр дұрыс жауап және бірінші болып келгендерің үшін 5 ұпай қойылады. Егер есеп шешімі қате болса, 1 ұпай шегеріледі.
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деген екен Т. Карлейль
Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше әліміз.
«Алға!»,- деген бір-ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Оқушыларға сәттілік тілей отырып сайысымызды бастаймыз.
1 кезең. «Кім жылдам?» Баскетбол добын еденде ойнатып, шығаршыққа доп лақтырып түсіруге тырысады, содан кейін столдағы есепті шешеді де, жауабын қағазға жазады. Содан кейін допты еденде ойнатқан күйі жүріп орнына қайтып келеді.
1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
2. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
3. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
4. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
5. Он қойдың неше аяғы бар? (40 аяқ)
6. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
7. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
8. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
9. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
10. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
11. Ағаш үстінде 3 торғай отырады. Аңшы 1 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (1 торғай).
12. Бір кг түбіт ауыр ма, әлде бір кг темір ауыр ма? (екеуі тең)
13. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хордасы не деп аталады? (диаметр)
14. Егер үш пар ат 60 км шауып өтсе, онда 1 ат неше км шауып өтеді? (60км)
15. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)
16. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут ? (15 минут)
17. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттық және минуттық тілі қандай бұрышты көрсетеді? (тік бұрыш)
18. Бір жанұяда бес ұл бала бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар? (6 бала)
Ойын-толқын, айналған қатты
ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып.
2 кезең. “Кімдер зерек?” деп аталатын топтық жұмыс . Команда мүшелері жыланша ирек жүгіріп бір ойыншыны өзімен қосып алады. Бүкіл команда жиналғанда үстелге жетіп тапсырманы орындайды. Топ басшысы жауабын әділқазы алқасына беріп, өзінің алғашқы орнына жылдам келіп тұруы қажет.
Барлық топқа бір тапсырма:
1. 1 –ге және өзіне ғана бөлінетін сандар.
2.Қиылыспайтын түзу.
3. Фигураның қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы
4. «Катеттерінің квадраттарының қосындысы гипотенузаның квадратына тең». Кімнің теоремасы?
5. Ең үлкен хорда.
6. Тікбұрыш жасап қиылысатын екі түзу.
7. 2 бөлінбейтін сан.
8. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі.
9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.
10. 180о-тең бұрыш.
|
|
ж |
а |
й |
|
||||||||
|
|
п |
а |
р |
а |
л |
л |
е |
л |
ь |
|
||
|
|
п |
е |
р |
и |
м |
е |
т |
р |
|
|||
|
|
П |
и |
ф |
а |
г |
о |
р |
|||||
|
|
д |
и |
а |
м |
е |
т |
р |
|
||||
|
п |
е |
р |
п |
е |
н |
д |
и |
к |
у |
л |
я |
р |
|
|
т |
а |
қ |
|
||||||||
|
|
ш |
и |
р |
е |
к |
|
||||||
|
|
к |
е |
с |
і |
н |
д |
і |
|
||||
|
|
ж |
а |
з |
ы |
ң |
қ |
ы |
|
||||
3 кезең. «Жаңылмас жеңімпаз» деп аталады.
Келді
кезек Үш
тұғырды шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
«Өте жақсы» ұпай, шәкірт саған
несібе.
Топтар белгіге дейiн санаулары керек. Санау ережесі қазақша, орысша, ағылшынша кезек- кезек. Мысалы: бір, два, сри, төрт, пять, сикс...
1) Бұрышты өлшейтін құрал градусник (жоқ)
2) 4-ке қарама-қарсы сан 4 (жоқ)
3) Төрт қабырғасы тең тіктөртбұрыш үшбұрыш (жоқ)
4) Квадраттық функцияның графигі парабола (иә)
5) Тікбұрышты үшбұрышта хорда болады (жоқ)
6) Қиылыспайтын түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
(жоқ)
7) √144 тең 12 (иә)
8) Табиғи жарық көзі тоқ
(жоқ)
9) 0-ден кіші сандар оң сандар (жоқ)
10) Геометрия сөзі грекшеден аударғанда жер өлшеу деген ұғымды
білдіреді (иә)
11) Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем аксиома (иә)
12) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 60 (жоқ)
13) 1барлық санға қалдықсыз бөлінеді (иә)
14) 1 мин-та 60 секунд бар (иә)
15) Қиылыспайтын түзулер параллель(иә)
16) Төртбұрыштың бұрыштарының қосындысы 180 градусқа тең (жок)
17) √625 тең 24 (жок)
18) Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым аксиома
(жоқ)
Ал, қанекей қаралық,
Мына жақта жаңалық
Бүгінгі кеш төрінде
Дене шынықтыру еліне
Шабыт тасып шалқысып.
Есеппенен ой қозғап
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Көңілді кеш жасайық.
4 кезең. «Кім тапқыр?» деп аталады. Жұптық жұмыс болып табылады. Екі ойыншы бір-біріне қарама-қарсы допты лақтыру арқылы белгіге дейін барып, жасырылған жұмбақ шешімін екі оқушы бірігіп тауып, онын жауабын жазып, қайтадан жүгіріп қайтады. Екі ойыншы келгенде келесі ойыншылар ойынды дәл солай жалғастырады.
Нәрселерді санауға
Керек сан өзі негізгі
Басы бар да, шеті жоқ
Таң қалдырады ол бізді. (натурал сан)
Сан ол сызықпенен бөлінген
Үсті алым,асты бөлім деп аталып,
Әсем түрде керілген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген
Дұрыс,бұрыс ,аралас деп
Түрлері оның берілген /Бөлшек сан/
Бүтін сан, бөлшек сандар
Құрамына кіреді
Бұл Q белгіні көрсетсеңіз
Қай сан екенін біледі (рационал сандар)
Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны бізде/теңсіздік/
Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшек)
Шар емес, дөңгелек емес
Бірақ осылардың бөлігі
Радиус,диаметрін іздегенде
Онсыз болмайды келісі
(шеңбер)
Екі бұрыш ежелден
Тату көрші болған екен
Бірін – бірі толықтырып
Бір түзуде жатады екен(сыбайлас)
Екі түзу қатар жүріп
Үшіншісін қияды
Сонда шыққан бұрыштарды
Кімдер айтып жияды.(айқыш, тұтас, сәйкес)
Нүктеден, екі сәуледен
Фигура ол құралды.
Айтыңдаршы қанеки
Қалай ғана аталды (бұрыш)
Бүтін, бөлшек бөліктерден,
Барлығыда бар онда
Бұл қандай сан айтындаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда. (Рационал сандар)
Алды
артымыз шексізде,
Жете алмайсың біздерге,
Сәуле менен кесінді,
Шыққан еді
біздерден. (түзу)
Біз санбыз...
Сызықпыз бөлінген
Математиканы ұқпас адамға.
Құбыжық болып көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас.
Ондық болып бөлінген.
Қандай сан? (бөлшек
сан)
Бір, үш, бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, мың бар,
Әрқайсының құны бар. Ол
не? (теңге)
100 мүйізі бар, үстінде киізі бар.(киіз үй)
Қос құлақты 100 тісті,
Жүзінен бір – ақ із түсті.(ара)
Бұлбұлдың екі құлақ бір басы бар
Салдырған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда
Салатын неше түрлі жорғасы бар.(домбыра)
Біреу озса
жарыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тараса, озбағандар жарады
Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау.
Мінекей, біз жарысымыздың соңғы кезеңіне де аяқ бастық. 5 кезең. «Кім жылдам» деп аталады. Әр командаға тапсырма беріледі. Барлығы тапсырманы бірігіп ойланып, жауабын табады да, шешімі деп қабылдаған термин сөзді кубиктер арқылы құрап жазады. Әр әріпті әр ойыншы кезекпен құрастыруы тиіс.
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділқазы сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, грамотасын тапсырады.
Осымен сайысымыз аяқталды, сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген