400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алғыр болсаң, озып көр» атты сыныптан тыс математикадан спорттық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек, математиктер мұғалімдеріне, спорт пен математика, жарыс, логика
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алғыр болсаң, озып көр» атты математикадан спорттық сайыс


Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді дарынды озық болуға тәрбиелеу. Жан-жақты білімді болуға ұмтылдыру

Ғылымдардың патшасы атанған,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған

Төзбейтін өтірікке жалғандыққа

Ақыл ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән ғой – математика атанғансың!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Математика апталығында 5-9 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Алғыр болсаң, озып көр» атты математикадан спорттық сайысымызға қош келдіңіздер.


Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,

Оның әрбір сөзіне нанарсыз.

Ел сенімін ақтай білер төрдегі,

Ұстаздардан әділдікті табарсыз, - дей отырып, төрдегі әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:

1____________________________________________________

2____________________________________________________

3___________________________________________________

Сөз кезегін жарысқа қатысушыларға берейік.

Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлімімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады.


Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға!»,- деген бір-ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

Оқушыларға сәттілік тілей отырып сайысымызды бастаймыз.


Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Есеппен бастарыңды қатырамыз.

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса, білімдеріңді толтырамыз.

Енді сайысымыздың бірінші бөлімі « Таныстыру » кезеңін бастаймыз.

1-кезең: Таныстыру


2 кезең..Жас эрудит.


Әрбір топ мүшелері допты еденде ойнатып діттеген жерге жетіп, содан кейін партадағы әріптен басталатын математикалық терминді жазу керек. Жазып болған соң допты еденде ойнатқан күйі жүріп орнына қайтып келеді. Келесі ойыншыға допты береді.

Әрбір сөз үшін 5 ұпайдан беріледі. Соңында барлығынан бірінші және екінші келген командаға 10 және 5 ұпай сәйкесінше қосылады.


Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып.


3 кезең. “Танграмм” деп аталатын топтық жұмыс . «Танграмм» - ерте заманғы Қытайдың бас қатыру есебі.

Барлық команда мүшелері жыланша ирек жүгіріп қарсы тұрған партаға жету керек. Қалташа ішінде жеті фигура берілген. Олардан әртүрлі суреттер құрастыруға болады. Ілініп тұрған 6 суреттен 2 минут ішінде неше сурет құрастырып үлгереді. Сол бойынша фигураларды жабыстыру арқылы тапсырмаларын орындап қазылар алқасына тапсыру керек. Әрбір құрастырған суретке 10 ұпайдан беріледі.

4 кезең «Ғажайып алаң» бөліміне өтеміз. Бұл бөлімде әр топқа 1 минут уақыт беріледі. Бір топтан бір қатысушы шығып берілген сөздерді ымдап, қимылмен немесе жұмбақтап өз тобына жасырады. Сөздер математика пәніне байланысты сөздер. 6 сөзі толық табылған топқа 30 ұпай беріледі. Яғни әрбір табылған сөзге 5 ұпайдан беріледі.

Сөздер: Алгебра, Қосу, Медиана, параллель, Диаметр, симметрия

Геометрия, Азайту, Арифметика, трапеция, бөлшек. Хорда

Математика, Қысқарту, Пифагор, конус, теңдеу пропорция

Ал, қанекей қаралық,

Мына жақта жаңалық

Бүгінгі кеш төрінде

Дене шынықтыру еліне

Шабыт тасып шалқысып.

Есеппенен ой қозғап

Математика тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Көңілді кеш жасайық.

5 кезең. Досымның көзімен. Яғни бұл сайыста бір командадан екі қатысушы шығады. Біреуінің көзі байлаулы. Екіншісі сол көзі байлаулы қатысушыға мәреге жету жолын дауыстап жол нұсқайды. Бірінші келген командаға 15, екіншіге 10, соңғы келген командаға 5 ұпай сәйкесінше беріледі.

6 кезең. Шашылған әріптер. Қалташа ішінде шашылған әріптерден математика пәніне байланысты терминдер, сөздер құрастыру керек. Әрбір сөз үшін 3 ұпай беріледі.

7 кезең Сурет сайысы.

 

Цифрлардан адамның суретін салу керек .(1 минута).


Әділқазы алқасына салған суретті тапсырайық. Суреттегі сандарды қосып кімнің қосындысы көп соған сай ұпай береді.



Біреу озса жарыста, біреу артта қалады.

Ренжімей тараса, озбағандар жарады

Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау.



Мінекей, біз жарысымыздың соңғы кезеңіне де аяқ бастық

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,

Ал, қазір әділқазы сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,

Мақтау қағаз, грамотасын тапсырады.

Осымен сайысымыз аяқталды, сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
703
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі