400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғыр математик

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы


Аққұм негізгі орта білім беретін мектебі











Тақырыбы: «Алғыр математик»

(брейн-ринг сайысы)















Өткізген: А.Карсакова


Сыныбы:1-2-3-4









Сабақтың тақырыбы: Алғыр математик


Сабақтың мақсаты:бастауыш сынып оқушылырын жарыстыру арқылы логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту,белсенділігін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру,топпен бірлесе жұмыс жасауға,әдептілікке ,ұйымшылдыққа,көпшілік алдында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.

Түрі:сайыс сабақ

Көрнекілігі:топ аттары,ұлағатты сөздер

Сабақтың барысы:

Мұғалім:

Көрермендер қадірлі,

Жастықтың оты жалындап.

Төрлетіңдер келіңдер,

Бүгінгі кеш төрінде

Ұшқыр оймен жарысып

Жұмбақ шешіп аңдасып,

Шабыт тасып шалқысып,

Көңілді кеш жасайық.

Ал сайыскер, балалар,

Біліміңді байқап ал,-дегендей,ой мен білім сайысын бастайық.

Бүгінгі кештің мақсаты әр сынып оқушыларының математика пәнінен алған білімдері,сонымен қатар әр сыныптың,білімді алғыр оқушылары,ең білгірі анықталмақ.

Сайысқа 4 топ қатысады. (1,2,3,4 сынып оқушылары)

1 топ 1-сынып 2 топ 2 -сынып

3 топ 3- сынып 4 топ 4-сынып

Сарапшыларды сайлау.

1.Мектеп директоры:

2.Тәрбие ісінің орынбасары:

3.Математика пәнінің мұғалімі:

Сайыс 5 кезеңнен өтеді.

1.Таныстыру кезеңі (әр топ өздерін таныстырады,ұраны)

2.Кім жылдам? (Әр топқа 10 сұрақ беріледі,сұраққа тезжылдам дұрыс жауапқа 1 ұпайдан және жылдамдық ескеріледі)

3. «Тапқыр болсаң ,талас жоқ» (Әзілді ,жұмбақ есептер шешу,әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.)

4.Ұшқыр ой! (Логикалық тапсырмалар шешу,әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан)

5.Арифметикалық амалдар (әр топқа есептер беріледі,сол есептерді шығару)

Мұғалім:

Бәйгеге түспей жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жұптаспай,

Тәлім-тәрбие алар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік болса сол алда,-дей келе,ой мен білім сайысын бастайық.Ендеше сайысымыздың бірінші кезеңі топтардың өздерін таныстыруларына кезек берейік

1-кезең.Таныстыру:Әр топ өздерін таныстырады.

I топ 1-сынып-Сандар

II топ 2-сынып-Теңдіктер

III топ 3-сынып-Өрнектер

IV топ 4-сынып-Плюстер

2-кезең. Кім жылдам?

Ей, балалар,балалар,

Қане, бері қараңдар

Сайысымызды бастайық

Сұрақтарға қиналмай

Жауап беріп тастайық.




1 топ .1-сынып оқушыларының сұрақтары:

1.Санды өрнек неден құралады?(Саннан)

2.2-ні үш рет қосқанда неше шығады?(6)

3.Артық,кем таңбалы өрнектер не деп аталады?(Теңсіздік)

4.Тең таңбасы бар өрнек қандай өрнек?(Теңдік)

5.а+10 қандай өрнек?(Әріпті өрнек)

6.Сызық түрлерін ата.Сынық сызық,қисық сызық,тұйықтаған ,тұйықталмаған.)

7.Үшбұрыштың неше төбесі бар?(3)

8.5 пен 2-нің қосындысы қанша?(7)

9.Қосудың компаненттерін ата.

10.Азайтудың компаненттерін ата.

2топ.2-сынып оқушыларының сұрақтары:

1.Ең кіші натурал сан.

2.Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан(қосындының мәні өзгермейді)

3.Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады?(Кесінді)

4.25+15 қосындысы нешеге тең?(40)

5.100 қандай сан?(Үш таңбалы)

6.1 сағатта неше минут бар?(60)

7.Масса бірліктерін ата.(г,кг.ц,т)

8.1ц нешеге кг тең?(100кг)

9.39 неше ондық,неше бірліктен құралған?(3онд.9 бірл)

10.Уақыт бірліктерін ата.(сағ.мин.секунд.)

3-топ.3-сынып оқушыларының сұрақтары:

1.1т қанша кг бар?(1000кг)

2.Көбейтудің компаненттерін ата.(Көбейткіш,көбейткіш,көбейтіндінің мәні)

3.Ең үлкен үштаңбалы сан.(999)

4.1кг-да қанша грамм бар?(1000г)

5.Ұзындықтың өлшем бірлігі.(см,мм,дм,км,м)

6.Көбейтудің қандай қасиеттері бар?(Ауыстырымдылық,терімділік,үлестірімділік)

7.(а+в)х2 бұл ненің формуласы?(Периметр)

8.Ауданы 25 см2 шаршының қабырғасы нешеге тең?(5см)

9.6 мен 9-дың көбейтіндісі.(54)

10.Бір тәулікте неше сағат бар?(24 сағат)

4 топ.4-сынып оқушыларының сұрақтары:

1.Шеңбер сызу құралы?(Циркуль)

2.6 нөлі бар сан?(1000000)

3.Қашықтықты қалай табамыз?(Жылдамдықты уақытқа көбейтеміз)

4.Жылдамдықты табу үшін-(Қашықтықты уақытқа бөлеміз)

5.Шеңбердің ортасындағы нүкте не деп аталады,сол нүктеден жартылай сызылған сызық ше?

(Шеңбердің центрі,шеңбердің радиусы)

6.Екі түзу қиылысқанда төрт тікбұрыш шықса оларды қандай түзулер деп атайды?

(Перпендикуляр түзулер)

7.7864542 неше класс бар?(3кл милл,мың,жүз)

8.1 сағат 10 минутта неше минут бар?(70 мин)

9.Бір санның екінші саннан қанша артық не кем екенін білу үшін не істеу керек?

(Үлкен саннан кіші санды азайту керек)

10.Бұрышты өлшейтін құрал?(Транспартир)

3-кезең. «Тапқыр болсаң,талас жоқ» бөлімі

Шабыт тасып ,шалқысын

Көңілді кеш жасайық,

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ есеп бәрі бар

Білімдеріңді сынайық,-келесі кезеңімізде әзілді жұмбақ есептер шешесіңдер

(әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)



1-топ:

1.Мойнын қысып,ішін қытықтаса дыбыс шығады.(Домбыра)

2.Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады.(7)

3.Темір,екі қанатты,ұшады.(Ұшақ)

4.Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі

Кәне кім тез шешеді?(5)

2-топ:

1.Ақ,төртбұрышты,іші суық.(Тоңазытқыш)

2.Табақта 17 өрік,

Қолында 5 өрік,

Қосқанда барлығы

Болады неше өрік?(22)

3.Төртбұрышты,жылтыр,өзіңді көресің.(Айна)

4.Айқасқа екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап.(Икс)

3-топ:

1.11түйе,5 жылқы.

2сиыр ,1 ешкі

2 қоян, 3 түлкі,

Болды сонда нешеуі? (24)

2.Бұталардың арасынан тышқанды,

Түлкі үйретті баласына ұстауды.

Түлкінің бұл залым ойын ұғынған,

Тышқандарда шыршаға кеп тығылған.

Саны олардың бесеуі шамасы,

Әр ананың 9-дан бар баласы.

Айтыңдаршы неше тышқан тығылды.

Қорыққанда шырша болды панасы.(9х5-45)

3.Төрт аяқты,үсті тегіс,төртбұрышты,қасынан үнемі табылып,одан алыс кете алмайсың.(Үстел)

4.жазды күні жайында,

Құстар салды сайранды.

Екеуіне бұтақтың

4 торғайдан отырды.

Ал келесі екеуін

3 үкіден мекендеп

«Ухілдейді» уілдеп..

Қалғымаңдар,балалар

Құстар нешеу санаңдар.(4х2+2х3-14)

4-топ:

1.Құс қорада балалар

Тамақ берді қаздарға.

Балапандарымен қосқанда,

Қаздарда 5 отбас,

Әрқайсысында 12 балапан,

Түскі асқа нешеу жиналды,

Сол қаздарды санасаң?(12х5-60)

2.Қалдықсыз бөлінетін сан?(Нөл)

3.12 бұтағы бар алып емен,

52 шыбық тарап өскен,

Шыбық сайын жетіден жапырағы

Бар ма сондай ағаш көзің көрген?(Жыл,12 ай,52 апта,7 тәулік)

4.Екі әке,екі бала театрға билет алды.Театрға неше адам барды?(3)

4-кезең. «Ұшқыр ой»

Ұшқыр ойға ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін ойшылдарға берелік.

Арасында зерек достар көп екен,

Соларды жарыстырып көрелік,-дей келе,бұл кезеңде логикалық тапсырма шешу .

(әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан)

1-топ тапсырмалары:

1.Қайыңда бес алма өсіп тұр.Оның екеуін Шыңғыс үзіп жеді.Қайыңда неше алма қалды?

(Қайыңда алма өспейді)

2.Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг,ал үш аяқпен тұрса неше кг болады?)Тауықта үш аяқ болмайды)

3.Үйдің әрбір бұрышында бір-бір мысық отыр.Әрқайсысына 3 мысық қарап отыр.Үйде барлығы неше мысық отыр?(4)

2-топ тапсырмалары:

1Топ торғай ұшып келіп бұтаққа қонды.Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден қонса,бір торғай артық,ал екі екіден қонса,бір бұтақ артық қалады?Торғай нешеу,бұтақ нешеу

2.1кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр?(Бірдей)

3.Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда біреуін аңшы атып алдыНеше түйе құс қалды?(түйеқұс ұшпайды)

3-топ тапсырмалары:

1.Сиыр бір аяғымен тұрса 150 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?(Сиыр екі аяғымен тұрмайды)

2.Буратино сағат жетіде ұйықтайды.Ол будильникті сегізге қойды.Буратино неше сағат ұйықтайды?(1 сағат)

3.Бір мен үш сандарының қосындысынан не шығады немесе қай әріпшығады?(В)

4-топ тапсырмалары:

1.Үстел үстінде 5 стакан сүт тұр еді,Әсем 1 стакан сүтті ішіп,стаканды үстелге қайта қойды. Үстел үстінде неше стакан қалды?(5)

2.Оңынанда солынанда өзгермейтін сандар.(33,11,22,44,88,101,99,66,55,77)

3.Бір түннен соң қаңтар айы туды.Есік алдына үш гүл гүлдеді.Сонан соң тағы бір гүлдеді.Барлығы қанша гүл гүлдеді?(Қаңтар айында гүл гүлдемейді)

5-кезең. «Арифметикалық амалдар»

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізеді біздерді,

Арифметика сырына,-дей келе оқушылардың арифметикалық амалдармен есептер шығару қабілеттері байқалады.(әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)


1-топ есептері:

1.Сандарды салыстыр:

4+3*5 6+3*7 2+3*5 1+3*3

3+4*9 3+6*10 3+2*7 3+1*4


2.Әріпті өрнекті теріп жаз:

2+2 а+2 5-а 3-2

4+2 а-3 а+4 5-3


2-топ есептері:

1.Өрнектің мәнін тап:

(20+5)+60-85

(60+4)-40-24

(70+9)-40-39

(20+2)+50-72


2.Теңдеулерді шеш:

Х+20=40

Х+50=30

Х+15=3

3-топ есептері:

1.Өрнектің мәнін тап:

60:20х12+44=80

320:8-56:4=28

40:20х45-66=24

2.Теңдеулерді шеш:

Хх7=58+9

64:х=36:9

35-х=5х6

4-топ есептері:

491645:5-81208:8=88178

72102:6+61074:9=18803

94068:9х5-1990=5270

2.Теңдеулерді шеш:

389+(х-47)=819

900:х=180:4

(х+631)-567=666

Көрермендермен ойын.

-Әр топ тапсырма орындағанша көрермендермен ойын өткізейік.

Математикалық жұмбақтар.

1.Кітапханада үш бөлме,

Әр бөлмеде 10 шкаф.

Әр шкафта 5 сөре,

Санай алсаң егер де,

Айтып берші анықтап?(3х10х5-50)

2.Көлден ұшты 40 қаз,

Қайтып қонды 15 қаз.

Қонбады оның нешеуі

Кәне кім тез шешеді?(40-15-25)

3.1 тоннанның екіден бір бөлігі(500кг)

4.Тіктөртбұрыштың ұзындығы 12 см,ені одан 2 см қысқа.Ауданын тап.(120см)

5.Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?(Барлық қабырғаларын қосамыз)

6.Қандай түзулер қиылыспайды?(параллель)

7.Дайындауға болады,бірақ жеуге болмайды?(Сабақ)

8.Жерден көтеру оңай,алысқа лақтыру қиын.(Мамық)

Қортынды:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мпн тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-дей келе сөз кезегін әділқазыларға береміз..

Әділқазылар сөз сөйлеп,қортындысын айтады.

Оқушыларды марапаттау.


Сонау-сонау алысқа ,жүзсін десең кемелер,

Тылсым-сырлы ғарышқа,ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрін де,

Математика-ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да,сондықтанда сол ғылымның тілін біл. –дей келе,бүгінгі «Алғыр математик» атты сайысымызды аяқтаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 ақпан
590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі