400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алғырлар мен тапқырлар" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
математикадан тыс жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шадыра жалпы орта білім беру мектебі









































2020 – 2021 оқу жылы.

Мақсаты: Оқушылардың есептеу дағдыларының қалыптасуын зерделеу,

алған білімдерін жүйелеу, пысықтау. Есептеу дағдыларын дамыту,

тез есептеуге жаттықтыру, өз беттерімен және бірлесе отырып

жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылар екі топқа бөлінеді, әр топтан топ жетекшілері белгіленеді.

«Алғырлар» тобы «Тапқырлар» тобы

Әділқазылар алқасы белгіленеді. Әр тапсырма «5» балдық жүйе бойынша есептелінеді.

Сайыс алты түрлі тапсырма бойынша өткізіледі.

  1. Бәйге

  2. Зерде

  3. Ғажайып жетілік

  4. Сандар сөйлейді (қасиетті, киелі сан )

  5. Көрнекіліктермен жұмыс

  6. Сөзжұмбақтар

Бұл тақтаға көрнекті етіп ілініп қойылады. Оқушыларға сайыстың жүргізілу реті, мақсаты түсіндіріледі.

Әр тапсырмаға мұғалім оқушылардың мүмкіндігін ескере отырып, уақыт белгілейді. Сонымен қатар қай топ тез орындайды, ол да ескеріліп отырады.

Сайыстың барысы:

Таныстыру.

«Алғырлар» тобы:

Армысың, барша қауым көрерменім,

Өнерін «Алғырлардың» көрер ме едің.

«Тапқырлармен» сайысуға келіп тұрмыз,

Әділ қазы, әділ баға берер деймін.

Ұқыпты – ұтар, оқыған озар

Бұл біздің ұстаған ұранымыз.

«Тапқырлар» тобы:

Жеңу біздің мақсатымыз жарыста,

Ұранымыз «жас жеткіншегі» қалыспа.

Биік – биік заңғарлардан көрінсек,

Болашақ тұр қолын бұлғап алыста

Ізденген – табар, еріншек тозар деген ұғым

Сайрап тұр мына біздің санамызда.

  1. «Бәйге»

Мұнда қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарына ауызша есептер шығарылады.

Мысалы: 49 + 1 37 + 13 8 * 9

48 + 2 60 - 33 300 * 3

деген тапсырмалар беріледі.

2. «Зерде»

Мұғалімнің таңдауына қарай есептер беріледі. (үлестірме карточкалар).

Мысалы: а) Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше адам отыр?

Жауабы: 3адам отыр. Әкесі, баласы, немересі.

ә) Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартады, ал бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?

Жауабы: 1 пұт.

б) Үш жұп ат сегіз шақырымға шапса, бір ат неше шақырым шапқаны?

Жауабы: 8.

в) Әр түйе төрт қанар жүк көтерсе, жиырма екі қанар жүкті Түркістанға жеткізу үшін неше түйе керек?

Жауабы: 6 түйе керек. (24 қанар да сыйып кетеді).

г) Олжас атасынан:

- Ата, мына бөренені нешеге бөліп кесемін? – деді.

Атасы:

- Бөрене алты құлаш.

-Бір құлаштан кесесін, - деді.

-Бөрене нешеге бөлінді?

Жауабы: бөрене 5 – ке бөлінеді.

3. «Ғажайып» жетілік.

Мұғалім өтілген материалдар бойынша әр топқа үлестірме карточкаларға 7 тапсырма жазып береді.

4. Сандар сөйлейді. (қасиетті, киелі сандар сөйлейді).

3

5

30

16

7

9

25

22

Оқушылар осы сандарға сәйкес келетін оқиғалар, мерекелер, ұлттық салт – дәстүр, киелі қандай ұғымға сай болатындығын айтып, түсіндіреді.

Мысалы: 3 бәйтерек (С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров).

3 арсыз (күлкі, ұйқы, тамақ).

5 арыс (Шәкерім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов).

5 асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым.

7 – жеті ата, жеті қазына.

9 мамыр Жеңіс күні.

25 мамыр соңғы қоңырау.

22 наурыз мерекесі.

30 тамыз Конституция күні.

1

9

91

1991



34






1

9

93

1993



20




Бірінші жолда сандар қалай жазылғанын байқа да, екінші жолды толтыр. Боялған сан қандай үлкен оқиғаны еске түсіреді.

1991 жылы – тұңғыш рет Н.Ә. Назарбаев Республикамыздың Президенті болып сайланды, ҚР – ы «Тәуелсіз – демократиялық және құқылық мемлекет» деп жарияланды.

1993 жылы – ҚР – ның тұңғыш Конституциясы қабылданды, төл теңгеміз дүниеге келді.

5. Көрнекіліктермен жұмыс.

Бұл тапсырмада математиканың элементтері пысықталады. Мысалы: кесінді, бұрыш, тіктөртбұрыш, сәуле, түзу сызық т. б. Сызба суреттер беріледі. Соны көрсетіп атын жазу, есептеу жұмыстары жүргізіледі.

6.Сөзжұмбақ ілінеді.

Берілген сөзжұмбақты шешкенде тігінен арнайы тор көзден қосу амалының компонентін оқиды. Ол үшін көлденеңінен бос тор көздерді жануарлардың балаларына жақсы көріп айтатын сөздерімен толықтыру керек.

1. Қой өз төлін қалай еркелетіп айтады? (қоңырым)

2.Сиыр өз төлін қалай еркелетіп айтады? (торпағым)

3. Мысық қалай айтады? (соқырым)

4. Түйе баласын қалай еркелетеді? (боташым)

5. Жылқы қалай деп жақсы көреді? (құлыным)

6. Ешкі қалай еркелетеді? (лағым)

7. Қабан қалай еркелетеді? (торайым)

8. Ит қалай еркелетеді? (күшігім)

Әділқазылар алқасы жеңімпаз топ пен белсенділік танытқан оқушыларды анықтап, қорытынды шығарғанша сергіту сәтін жүргізу ұсынылады. Мысалы: мақал – мәтелдер айтқызу, өлең оқу, би билету, ән айтқызу.

Қорытынды шығарған соң, оқушыларды марапаттау, еңбектерін бағалау.


















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1796
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі