Материалдар / Алғырлар,тапқырлар,көңілділер сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алғырлар,тапқырлар,көңілділер сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2018
633
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы мемлекеттік бизнес колледжі

Математика пәні оқытушысы: Әбдісана Ұ.Ә.


Тақырыбы: Алғырлар,тапқырлар,көңілділер сайысы.

Мақсаты:

. Білімділік:

  • Білімгерлердің математикалық білімдерін кеңейту және

тереңдету, дүниеге деген ғылыми көзқарасын қалыптастыруға үйрету

Дамытушылық:

  • Білімгерлердің пәнге деген ынтасын қалыптастырып,

танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:

  • Білімгерлердің дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу Математикалық қолданыс аумағының кең екендігін өмірмен байланыстыра көрсету

Көрнекіліктер:

Нақыл сөздер,логикалық тапсырмалар,карточкалар.


  • Көрнекі құралдар: плакаттар, интербелсенді тақта.

  • Таратылатын материалдар: карточкалар, ұпай санау парағы, жауап парағы.

  • Пайдаланатын әдебиеттер: қызықты математикалық есептер туралы оқулықтар, жалпы білім беретін мектептің 10 сыныбына арналған оқулық, «Физика және математика» журналдары.


Алғырлар,тапқырлар,көңілділер сайысының жоспары:

I-бөлім.

Бәйге(әр команда тобының атымен,эмблемасымен,ұраны және газетімен таныстырады)

II-бөлім

Көкпар (төрт тақырыптағы викториналық сұрақтарға жауап беру.Әр тақырыпта қойылатын балдар көрсетілген)

III-бөлім

Үй тапсырмасы (Математикалық терминдерді қолдана отырып өтірік шығарма жазу)

IV-бөлім

Командалардың бір-біріне тапсырма беріп,шешуі .

V-бөлім

Еркін тақырып

VI-бөлім

Жорға (капитандар сайысы)

Алғырлар,тапқырлар,көңілділер сайысының сценариі:

  1. Жүргізуші

Армысыздар жиналған қауым,ардақты ұстаздар,қадірлі қонақтар,студенттер!.

2-Жүргізуші

Мақсатым- ұлт ұланын тәрбиелеу

Шәкіртті шұғылалы шыңға демеу.

Даналықты дарытып жүрсем деймін,

Баланың әз жанына болып медеу!

I курс студентері арасында ұйымдастырылған

«Алғырлар,тапқырлар,көңілділер сайысына» қош келдіңіздер.( мақсатымен таныстырамын)

  1. Жүргізуші

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім - деп Абай атамыз айтқандай,уақтысында математиканың сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен әрі қарай сырласып, кейбіреуімен мұңдасып қалу үшін өткізгелі отырған кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер.

Жарыс заңы ежелден ,

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Сәт сапар тілеп бәріне,

Сайысты біздер бастайық !

Бүгінгі кеш төрінде,

Математика елінде,

Математика тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Сыр сандық құпиясын

Анықтап бір тастайық ! –дей отыра

Сайыскерлеріміз-жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар өрендерді ортаға шақырамыз.

Учет және аудит мамандығының- « Архимед ұрпақтары »

Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру мамандығының

« Пирамида »

Менеджмент мамандығының «Математик- Менеджер ММ »

2-Жүргізуші

Сонымен біздіңде сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.Таныстырып өтейін? I-бөлім. Бәйге(әр команда тобының атымен,эмблемасымен,ұраны және газетімен таныстырады) II-бөлім Көкпар (төрт тақырыптағы викториналық сұрақтарға жауап беру керек.(логикалық есептер,ғалымдар, графиктер,формулалар) III-бөлімҮй тапсырмасы (Математикалық терминдерді қолдана отырып өтірік шығарма жазу)

IV-бөлім.

Командалардың бір-біріне тапсырма беріп,шешуі .(крассворд немесе сканворд немесе ребус немесе түрлі тапсырмалар)

V-бөлім

Еркін тақырыпты қорғау керек

VI-бөлім

Жорға (капитандар сайысы- 5 сұрақ оқылады тез әрі дұрыс жауап беру керек)

Осы сайысты бағалайтын қазылар алқасымен таныстырамыз:

Әр бөлім 5 балл жүйесінде бағаланады.Сайысымызды бастаймыз


1-Жүргізуші

I-бөлім.

Бәйге деп аталады.Бұл ойын қазақтың ұлттық ойындарының бірі.

(әр команда тобының атымен,эмблемасымен,ұраны және газетімен таныстырады

Сөз кезегі 1. « ММ Менеджер-математик »

2. « Пирамида »

3. « Архимед ұрпақтары » топтарында

II-бөлім

Көкпар деп аталады.Ұлттық ойын.Көкпар екі түрге бөлінеді.Ортада көкпар тартатын сайыс майданы болады.Қарсы жақтар өздерінің мықты азаматтары мен аттарының қайратын сынау үшін сайысқа әбден бапталған қабырғалы және жүйрік аттарын алдын ала дайындайды. Көкпарға тасталынған лақты көбінесе ру ақсақалдарының,балалы немесе баласы жоқ үйлердің алдына әкеліп тастайды.

Болашақ биіктерге қалықтасын

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын

Жеңіс туың желбіреп алауласын

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

Төрт тақырыптың біреуін таңдап алып,сұрақтарға жауап беру керек.

  1. жүргізуші

Логикалық есептер

1.Бір меймандос адамның үйіне қонақтар келіпті.Оларға алдымен шай содан соң қазанға ет салынады. Үй иесі әйеліне келіп екеу ара бір табақ тартсақ бір табақ жетпей қалады.Үшеу ара бір табақ тартсақ,бір табақ артық қалады. Сонда қонақтар саны қанша, табақ саны қанша? (12 қонақ, 5 табақ)

2.Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді? (10 күн)

3. Бөлмеде 4 мысық отыр.Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр.Бөлмеде барлығы неше мысық орыр? (4)

4. Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не? (дәптер)

Ғалымдар

  1. Шығыстың математик,музыкант,дәрігер,ақын,ғалымы кім?(Әл-Фараби)

  2. Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып,құрбан еткен кім?(Пифогор)

  3. Миллион сөзін қазақ арасына жеткізген қай ағартушы?(Ы.Алтынсарин)


Графиктер

  1. функциясының графигі (түзу)

  2. функциясының графигі(шеңбер)

  3. Квадраттық функцияның графигі (парабола)


Формулалар

  • формуласы қалай аталады? (екі санның қосындысының квадраты немесе қысқаша көбейту формуласы)

  • формуласы қалай аталады? (тік төрт бұрыштың ауданын есептеу формуласы)

  • формуласы қалай аталады? (Герон формуласы)


Қазылар алқасы 2-бөлімнің балдарын қойғанша қаржы мамандығының студенті

Жолдасбай Маралдың орындауында «Қарлығаш »әнін тамашалаңыздар

1-Жүргізуші

III-бөлім

Үй тапсырмасы.Математикада түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылуының өзіндік сыры,себеп-салдары бар.Мысалы: әйелдерден шыққан тұңғыш математик Софья Ковалевскаяның матеметикаға қызығушылығы былай туындаған екен. Бірде ата-анасы София ның бөлмесіне түсқағаз жапсырады, жетпей қалған түсқағаздың орнына математика кітабының бір бетін жапсырған екен.Сол себепті математикалық өрнекті күнде көріп жүрген қыздың математикаға деген қызығушылығы артып,артынан дүние жүзіне белгілі математик болған екен.Топтардың орындайтын тапсырмалары математикалық терминдерді пайдалана отырып өтірік шығарма жазу.Топтарды ортаға шақырамыз.Тақырыптарыңызды қорғаңыздар.

Сөз кезегі 1. « ММ Менеджер-математик »

2. « Пирамида »

3. « Архимед ұрпақтары » топтарында

Қазылар алқасы 3-бөлімнің балдарын қойғанша менеджмент мамандығының студенті

1-Жүргізуші

IV-бөлім.

Командалардың бір-біріне тапсырма беріп,шешуі .(крассворд немесе сканворд немесе ребус немесе түрлі тапсырмалар)

Сөз кезегі 1. « ММ Менеджер-математик »

2. « Пирамида »

3. « Архимед ұрпақтары » топтарында


Қазылар алқасы 4-бөлімнің балдарын қойғанша менеджмент мамандығының студенті

1..Би «Папинг» Сыдықова Мақпалдың орындауында

2. МолдаалыМөлдірдің орындауында «Асыл анам» әнін тамашалаңыздар

1-Жүргізуші

V-бөлім.

Еркін тақырыпты қорғау керек

Сөз кезегі 1. « ММ Менеджер-математик » , «Кітап білім бұлағы»

2. « Пирамида », «Математика мен геометрияның айтысы»

3. « Архимед ұрпақтары », «Архимед заңы»


1-Жүргізуші

VI-бөлім

Жорға (капитандар сайысы- сұрақ оқылады тез әрі дұрыс жауап беру керек). Жорға да ұлттық ойындардын бірі.

Қиындығы,қызығы мол жорға келеді

Анықтайтын шешуші сәтте енді

Тез жауап бер,ойланып тұрып қалма

Осы ойыннан табамыз жеңгендерді.

2-жүргізуші


капитанға сұрақ:

  1. Тангенс функциясының графигі қалай айтылады.

  2. Қиылыспайтын түзулер (параллель)

  3. Бұл - басы да, ұшы да жоқ, бір қызық,әдемі фигура.егер оның бойымен жүрсең,қанша жүрсеңде,бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласын.Бұл не?

(Шеңбер немесе дөңгелек)

  1. Қабырғасы 13 см квадраттың периметрі? (52)

  2. Алтын Адам ескерткіші қай жерден табылды және оның қай дәуірге қатысы бар. (Есік қорғаны,қола дәуірі)

2 капитанға сұрақ:

  1. Тәуелсіз айнымалы ( x немесе аргумент)

  2. Косинус функциясының графигі

  3. Қабырғалары 6смжәне 8см тең,тік төрт бұрыштың ауданы (48)

  4. Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады. Бұл төрт симметрия осі бар фигура.Оны санның дәрежесі деп те атауға болады.Бұл не? (квадрат)

  5. Алматыда екі ғашықтың атымен аталатын ықшамауданды атаңыз (Қалқаман-Мамыр)

3 капитанға сұрақ:

  1. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр)

  2. Синустың косинусқа қатынасы неге тең (тангенс)

  3. Дөңгелектің радиусы 8см,диаметрі неге тең (16)

  4. Егер сенің жолдасың сайысқа қатысып шыққанда оған сыйлық (заттай,ақшалай) ұсынасың,өзіңді кімге жатқызасың (спонсор)

  5. Түзудің бір бөлігі
    Екі шеткі нүкте көрігі
    Ұзындығы және бар
    білсең мұның сыры бар (кесінді)

Қазылар алқасынан Балдарын сұрау

Жарысымыздың қортындысы шыққанша

1.Кенесжанов Елжанның орындауында «Қарақыз» әнін тамашалаңыздар

2.Би «Қаражорға»

Жарысымыздың қортынды сөзі қазылар алқасында, грамоталарын, сыйлықтармен марапаттау

Қортынды сөз математика пән мұғалім және кешті ұйымдастырушы – Ұ.Әбдісанада.

















































6


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!