Алғыс
айта білейік.
Қазақ
халқы – тумысынан кез-келген игі іске,
жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке
айналдырған халық. Ол әдетіміз әдепке
айналған. Алғыс айту сөзімен адамдар
бір-біріне қуаныш сыйлайды.
1
наурыз Елбасының Жарлығымен Алғыс айту
күні болып бекітілді. Алғыс
айту күнін жылдың ең сыпайы күні деп
атауға болады. Бұл күні адамдар бір-біріне
ілтипат білдіріп, көңілді жүрулері
тиіс. Алғыс айту деген сөз – адамдардың
бір-біріне жылу сыйлауы.
Кез
келген мұңайып тұрған адам «рахмет»
деген сөзді ести сала, жадырап шыға
келеді. Игі істі тындырып, нәтижесінде
осы сөзді естісек, қуанышымыз еселене
түседі. Бұл күні мен ата-анама, отбасыма,
барлық-барлық еңбексүйгіш және мейірімді
адамдарға алғыс айтқым келеді Олардың
мен үшін жасаған барлық жақсылықтарына
алғыс айтамын!
Ата-анамызға, жақындарымызға,
көршілерімізге, таныстарымызға, елімізге,
жерімізге, Отанымызға мың алғыс. Олар
болмаса, өмірдің мәні де, сәні де болмас
еді.
Адам
өзінің өмірге келгеніне, он екі мүшесінің
саулығына қуанып, риза болуы тиіс.
Қолындағы барын қанағат тұтып, «осының
да бар болғанына рахмет» деп алғысын
білдіруі, шүкіршілік етуі керек. Алғыс
пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді,
өмірде барды бағалаудан басталады
Халық арасында «алғыс», «бата»
деген ұғымдар бар. Көпті көрген ақсақалдар
жастарға алғысын білдіріп, жасаған
іс-әрекеттеріне көңілі толып, «Қолыңды
жай, балам, батамды берейін, алғысымды
білдірейін» деп ықылас білдірген. Бұл
– үлкен тәрбие.
Елбасының
идеяларын іске асыру мақсатында
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында «Алғыс айту күні»
онкүндігі аталып өтті. Кітапханада
«Дәстүр-халқымыздың рухани өзегі»,
«Қолөнер –тәрбие көзі» тақырыбында
бұрыштар ұйымдастырылды.Оқушылардың
отбасылық құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін,
сыпайылық қарым-қатынасын дамыту,
әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке
тәрбиелеу мақсатында «Қазыналы керуен»,
«Алғыс айту парызым», «Мейірімді
жүрек-жылы тілек» «Татулықтың
тұтқасы-бірліктің бесігі», «Бір Отан-бір
отбасы» тақырыбында ашық сынып сағаттары,
«Жүректен жүрекке» психологиялық
тренингі, «Өмірге риза болып алғыс
айт!» фестивалі, «Ризашылық марафоны»
флэшмоб, «Әлемге алғыс», «Мен алғыс
айтамын» тақырыбында дөңгелек үстел
өткізілді. Алғыс айту күніне байланысты
депортация жылдары Қазақстанға тағдыр
тәлкегімен қоныс аударған этнос
өкілдерінің тұрмыс-тіршілігі, олардың
мәдениеті туралы 5-7 сыныптар бойынша
65 оқушыдан жазба жұмысы алынды. «Алғыс
айту күні» онкүндігін өткізудің
қорытындысы жасалып, онкүндікте
белсенділік танытқан ұстаздар мен
оқушыларға мектеп әкімшілігінің атынан
алғыс жарияланды.
Қорыта
айтқанда, алғыс айту үшін арнайы күнді
күтпеңіз. Мүмкіндік болып жатса жақсы
сөз айтудан жалтарып қалмаңыз. Бұл –
алдымен әдептіліктің белгісі,
жақындарыңызға ризашалық білдірудің
бір әдісі. Сондықтан алғыс айтыңыз,
өзіңіз де алғысқа бөленіңіз!
Түркістан
облысы, Арыс қаласы, «Монтайтас жалпы
орта білім беретін мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Пияшова
Назым Әбдіхалыққызы.