400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алғыс айтам бәріңе

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Алғыс айтам бәріңе» Мақсаты: Балаларға «ризашылық пен алғыс» туралы түсінік беру. Үлкенді құрметтеуге, кішіге ілтипат білдіруге, сыйлауға деген қарым-қатынастарын дамыту. Тәрбиелігі: Әдептілікке, кішіпейілдікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Мерекеге сай безендірілген зал, интерактивті тақта.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бейнеу психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті»

мемлекеттік мекемесі











Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Алғыс айтам

бәріңе»









Дайындаған: Әлеуметтік педагог: Шодирова Г



Бейнеу 2018жыл







Тақырыбы: «Алғыс айтам бәріңе»

Мақсаты: Балаларға «ризашылық пен алғыс» туралы түсінік беру. Үлкенді құрметтеуге, кішіге ілтипат білдіруге, сыйлауға деген қарым-қатынастарын дамыту.

Тәрбиелігі: Әдептілікке, кішіпейілдікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мерекеге сай безендірілген зал, интерактивті тақта.











































Жүргізуші:Құрметті ұстаздар және қымбатты балалар бүгін міне көктемнің алғашқы күні 1-наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай өткізіліп отырған мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.

Жақсы сөз айту, жақсылық жасау, әр бір адамның міндетті. Әрине, жылдың бір күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сыйқырлық бар - олар арқылы біздер бір бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері- адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден бір амалы. Бастысы, алғысымыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Менде алғыс айтуға асығайын. Баршаңызға алғысым шексіз.

Ризамын,ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын,ризамын, ризамын қәзірге.


Ризашылық –адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық алғыс білдірушілік сезім.

Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып, аналарымызға да басымызды иіп , рахметімізді айтамыз.

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар ,

Әнді сүйсең менше сүй деп келесі кезекте бүлдіршіндердің әнін тамашалайық


Ән "Ата –ананы тыңдаймыз "

Жарайсыңдар бүлдіршіндер өркендерің өссін.

Олай болса бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік.

Жанерке: Аллаға әуелі рахмет

Тірлікті мынау жаратқан.


Мадина: Әкеге айтам мың алғыс

Ұрпақтар жібін тарқатқан.

Нұрасыл : Бауырға туған рахмет,

Қолдаған суйген жұбатқан.

Балауса: Бүгінгі күн - нұрлы күн

Жарық шашқан әлемге

Ескертетін күн бүгін

Ризашылық әлемде


Мирас: Үнемі ақыл беретін,

Мен үшін әкем бәйтерек.

Әкеме үлкен рахмет.


Жүргізуші: Ой жарайсыңдар балалар, рахмет сендерге!


Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,

Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.

Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,

Биші қыздар бұрала би билейді.


Би «Қуыршақтар биі»


Рахмет бүлдіршіндер, жарайсыңдар!


Ендеше педагог-психолог Қыдырбаева Арайгул маманымыздың «Амандасып үйренейік» атты тренигіне көңіл бөлсек .

Бізге уақытын бөлген педагог-психолог маманымызға рахмет айтамыз.

Жүргізуші: Бүгінгі күн - нұрлы күн,

Жарық шашқан әлемге.

Ескеретін күн бүгін,

Ризашылық қой әр елде.

Олай болса бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тамашаласақ.


Майра Алғыс айту күнімен,

Ризашылық жолымен

Құттықтаймын сіздерді,

Көктемнің алғашқы күнімен.


Айдана: Ризашылық күн бүгін,

Сыйласатын күн бүгін.

Алғыс айтып барша жұрт.

Қуанатын күн бүгін.


Айша: Алғысым шексіз анама,

Ақ сүт беріп өсірген.

Мәпелеген тербеткен,

Қатем болса кешірген.

Ақжүніс: Қуанғанда менімен,

Бөлісетін досым бар.

Досыма шексіз рахмет

Арайлым: Анаға шексіз рахмет

Ақ сүт берген,толғатқан.


Рахмет балалар, сендерге рахмеет!

Құрметті қонақтар! Сіздерге биші бүлдіршіндердің дайындаған биін тамашалауға шақырамыз.

Би: Балалар Флешмобы

Жарайсыңдар балалар


Сізден әр кез тәлім атты көрер із,

Бәрімізде сізді жақсы көреміз.

Әкемізге, анамызға мың алғыс

Табу қиын мына өмірде теңеу із - дей келе келесі кезекте Әкетайым әнін қабыл алайық


Жүргізуші: Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен , ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзі жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз мазаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.


Ал енді балалар мен сіздерге ақ тілегімді арнаймын, ал сендер маған хормен «Рахмет» деп жауап беріңдер!

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге - қорған болғаны үшін,

Далаға –гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

Күнге –шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарғы үшін,

Досқа - құшағы мен иығы үшін,

Әжеге – ыстық алақаны үшін,

Суға- тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,

Отқа- жылулығы үшін, Алғыс айтамыз.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»


Құрметті ұстаздар, балалар бүгінгі «Алғыс айту » атты іс шарамызды аяқтамас бұрын мекемеміздің меңгерушісі Ахметова Дәметкен апайымызға қорытындылау сөз кезегін береміз.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27.02.2019
8031
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12