400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Алғыс айту - игілік сыйлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылылық қарым-қатынасын дамыту,əдептілікке,ізеттілікке тəрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Алғыс айту – игілік сыйлау

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; – үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;– әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі:отбасы суреттері, ватман, стикер, нақыл сөздер

I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды тақырыппен таныстыру

2. Топқа бөліну

II. Тәрбие сағатының барысы:

Кіріспе

Құрметті оқушылар!Бүгін сіздермен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай отбасы тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз.

1.Шаттық шеңбері

Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін өнер атаулының ішіндегі құдіреттілердің бірі- күй тыңдауғв шақырамын.Молекула ойыны бойынша топқа бөлу.

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 2016 жылдан бастап Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланды. Алғыс дегеніміз – бір-бірімізге жасаған жақсылығымыз, көмегіміз. Қазақта «Қарғыс алма, алғыс ал» деген сөз бар.Сондықтан бір-бірімізге, достарымызға, айналамыздағы жандарға алғыс айтсақ, бұл – біздің бір-бірімізді бағалағанымыз, сыйластығымыз. Ең алдымен жарық дүние сыйлаған анамызға алғыс білдіруіміз керек. Ана – әрбір адамның жанашыры, қамқоршысы.

2. Ой қозғау

Әрбір топ ватманға «Отбасы» сөзіне өз ассоциацияларын жазып, тақтаға іледі.

Оқушылардың көрнекіліктер қолданып, «алғыс» туралы айтылған ойлары тыңдалды:

Сарсенгали Ділдә: « Бұл күні мен ата-анама және отбасыма алғыс айтқым келеді. Олардың мен үшін жасаған барлық жақсылықтарына алғыс айтамын».

Жолбаева Айару: «Отбасыма, барлық-барлық еңбек сүйгіш және мейірімді адамдарға, алғыс айтқым келеді».

Амангелді Перизат: «Ата-анама, жақындарымызға мың алғыс. Олар болмаса, өмірдің сәні де болмас еді».

Жанес Жанерке: «Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады».

3.Шығармашылық жұмыс

Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу.

I.топ

1. Ағадан – ақыл, .............. Атадан – нақыл

2.Ер бала ата-анаға таяу, ................. Қыз бала үйге жаққан бояу

3.Апам үйі - .................. ақ жайлау

4.Інісі бардың........................ тынысы бар

5.Ағасы бардың ................ жағасы бар

6.Өз үйім - ............... өлең төсегім

7.Балапан ұяда не көрсе, .................. Ұшқанда соны іледі

8.Атасыз үй – батасыз, ...................... Анасыз үй -панасыз

9.Жақсы ата – орман, ....................... Жақсы бала қорған

10.Өсер жастың алдын кеспе, .................. Өсер ағаштың басын кеспе

II.топ

  1. Аға әдепті болса, іні әдепті, .................. Апа әдепті болса, сіңілі әдепті

  2. Ағадан – ақыл, ................ Ініден – ізет

  3. Әдепсіз бала, Ауыздықсыз атпен тең ............Ақылды қария .....Жазып қойған хатпен тең

  4. Бала тәрбиесі ..................- бесіктен

  5. Әжемді тыңдағаным - .....................Өзімді тыңдағаным

  6. Ана алдында – құрмет, ................ Ата алдында -қызмет

  7. Анаңа ауыр сөз айтпа, ................ Атаңа ауыр жүк артпа

  8. Ата -бәйтерек, .................бала – жапырақ

  9. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, .......... Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар

  10. Әкең өлсе де, .......әкеңді көрген өлмесін

4. «Құндылық құнын ұғыңдар» (карточкамен жұмыс)

Отбасымда ең сыйлы _________________

Ең қымбатты_____________________

Ең ақылды _____________________

Ең сүйкімді __________________________

Ең құнды _________________________

Ең бағалы __________________________

Ең қажетті _____________________________

5. «Сандық» стратегиясы туралы тапсырма орындайық

1. Не тәтті? Ананың сүті тәтті

2. Не жұмсақ? Ананың қолы

3. Не қатты? Атаның жқүрегі қатты

4. Кім жақын? Тату болса, апайың жақын

Ақылшың болса, апайың жақын

Алдыңа тартқан, адал асын

Қимас жақын өарындасың

5. Не қымбат? Алтын ұяң Отан қымбат

Құт – береке атаң қымбат

Аймалайтын анаң қымбат

Бәрінен де ар мен ұят қымбат

Қорытынды

-Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат-Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қазан
1590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі