|
Ұйымдастыру бөлімі
5
мин
|
Саламатсыздар ма , оқушылар.Бүгінгі тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер
(Сынып жетекші тәрбие сағатының тақырыбымен , оқу
мақсатымен және күтілетін нәтижемен
таныстырады)
Олай болса , «Жаныңда жүр жақсы
адам.......» тренингін орындау үшін шаттық шеңберіне
жиналайық.
Сабағымызды бастамас бұрын мына сұрағыма жауап
берсеңіздер.
Проблемалық
сұрақ:
«Жақсылық жасаудың біз үшін
қандай пайдасы бар?
Біз неліктен басқаларға
жақсылық жасауымыз қажет?»
Оқушылар , сонымен қатар
әлемде ғажайып сөз бар.Ол қандай сөздер деп
ойлайсыздар?
Дұрыс айтасыздар , балалар.
«ия» сөзінің орысша және ағылшынша баламасын білесіздер
ме?
Тағы да қандай сөз бар
?
|
Оқушылар сынып жетекшімен амандасады.Тәрбие сағатының
тақырыбымен , оқу мақсаты мен және күтілетін нәтижемен
танысады.
Оқушылар ортаға шығып , шаттық шеңберін құрып , бір-біріне
жүрек жарды тілектерін айтады.
Оқушылар проблемалық
сұраққа өз ойларын білдіреді.
Оқушылар «ИЯ» деген сөз деп жауап
береді.
Оқушылар сұраққа жауап
береді.
Оқушылар «РАХМЕТ» деп
жауап береді. Орысша және ағылшынша баламасын
айтады.
|
Жүрекше
|
|
Негізгі бөлім
35
мин
|
1 наурызды елімізде Алғыс айту
күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016
жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап
өтті.
Алғыс – адамның
адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі,
сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары
баға беруі. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге
бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық
бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір
шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының
күні. Бұл күн – күрделі
заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының
басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен
еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін
күн.
Алғыс айту күні – қайырымдылық
дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау
күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық
көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек
көрсету сынды рухани дәстүрлер
күні.
Ән:
«Алғыс».
Алғыс — біреудің екінші
біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен
немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы
қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы
өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады.
Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам
бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған
меңзейді.
Сонымен, рақметке лайықты
кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта
білу…
— Балалар, жылы сөз, қайырымды
іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар.
«Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін
бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін,
көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын
адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды
ұмытпаңдар.
-Балалар , дәл қазір кімге
алғыс айтар едіңіздер. Алдарыңызда жатқан қағазға өздеріңіздің
алғыстарыңызды жазсаңыздар.
Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана
білдірмейді. Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып
біткен кезінде, яки болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған
игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Яғни қазақтағы алғыс ежелгі
сипатын өзгерткен, ол рух-иеге немесе басқа бір құдіретке жалыну
емес. Керісінше, қазақ алғысы ризашылық белгісі, игі іс атқарған
адамға деген ерекше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары
үлкеннің алғысын алуға тырысқан. Мәселен, олар тойда, аста жиналған
үлкендердің алдынан шығып, аттарынан қолтықтап түсіріп, үйге
енгізеді. Сол кезде риза болған ақсақал «Қарағым, ғұмырлы бол!» деп
өзінің алғысын айтады. Немесе, үйде жағалай отырған адамдардың
қолына су құйып, орамал беріп, қызмет етеді, ал келіндерге үлкендер
«Көп жаса, шырағым!» деп ризашылық сезімін білдіреді. Сол сияқты
жас келін үйге келген кісіге, яки жасы үлкен адамға ізет көрсетіп,
сәлем етеді. Оған «Қалқам, өркенің өссін» деп, үлкен кісі өзінің
ризашылық батасын айтады. Я болмаса жас адам үлкен кісінің
әлдеқалай берген тапсырмасын дер кезінде ойдағыдай орындаса, қария
оған «Жасың ұзақ болсын!» деген сияқты алғыс айтып, екі жақтың да
көңілі хош болады.
М.Әуезов шығармаларында қазақы
алғыстың мынадай түрлері
айтылады: Алдыңнан жарылқасын; амандық шаттықпен көрісуге жазсын;
аруақ жар болсын; аруақ қолдасын; бақыл бол; жолыңа жұп шырақ;
жолың болсын; көрісуге күн жақсы болсын; қадамың құтты болсын;
қайырлы болсын; қайыры бірге болсын; қосағыңмен қоса ағар; байлар
көбейсін; құдай көңіліңді өсірсін; құсың құтты болсын; қызығың ұзақ
болсын; ойнар көбейсін; осы бетіңнен жарылқасын; өмір жасың ұзақ
болсын; от анасын жарылқасын; өркенің өссін; садағаң келсін; сауық
молайсын; сақтай гөр терістен; тие берсін; тілектерің тап болсын;
тілеуің берсін; ұзағынан
сүйіндір.
-Ал , сіздердің алып
қосарларыңыз бар ма?
Оқушылар , өздерің қандай
жағдайда алғыс айтып
көрдіңдер?
Оқушылар , біз не үшін алғыс айтуымыз
керек.
Анаға ...
Әкеге ...
Ұстазыңа ...
Досыңа ...,
тб.
|
Оқушылар «Алғыс» әнін хормен
орындайды.
Оқушылар бірге тапсырманы
орындайды.
Анаға – өмір сыйлағаны
үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы
үшін..
Оқушылар қағазға алғыстарын жазады. Кейіннен дауыстап оқып
береді.
Оқушылар өз ойларын
білдіреді.
Оқушылар сұраққа жауап
береді.
Оқушылар кезегімен жауап
береді.
|
|