400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Алғыс айту – парызым!»

Материал туралы қысқаша түсінік
1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – парызым!» тәрбиелік шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:____________________

Күні:


Сынып: 7 «В»


Сабақ тақырыбы:

1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – парызым!» тәрбиелік шара

Жалпы мақсаттар, мен міндеттер:

 Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, сандықша, шарлар және т. б.

Проблемалық сұрақ:

- Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?

- Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?

Көрнекілігі:

Слайд

Кіріспе

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні
1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір - біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті:

Оқушы іс-әрекеті:


“Рахмет” сөзін қосып тілек айту тренингі

Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасай алулары керек «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенінайтамын, сонда сендер бір- бірлеріңмен тез-тез амандасасыздар. Әр адаммен әртүрлі амандассаңыздар, сонымен көзбен... қолымен ...иықпен ...құлақпен ... тіземен.. иекпен... арқамен

Сұрақ жауап

  1. Ата – анаңыздың жақсы жақтарын атаңыздар?

  2. Ризашылық дегеніміз не?

  3. Ата- анаңыз үнемі еркелетеме?

  4. Алғыс дегенді қалай түсінесің ?

  5. Осы мереке керек деп ойлайсызба?

  6. Кімге алғыс айтар едіңіз?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Мақал - мәтелдегі бос орынға сөзді жазу.

  1. Алғыс алған ,,,,,,,,,,,,

Қарғыс алған жарымас.( арымас)

  1. Алғыс алған жігіттің 

Аты…….бірінші келеді. (бәйгеден )

  1. Алтын алма, алғыс ал:

алтын деген ,,,,, сыйы,

алғыс деген ел сыйы. (жер)

  1. Қағынған қарғыс алар, 

Қарасқан ..... алар.(алғыс )

  1. Сілеу ,,,,,тілеу ал.( алма)

  2. Ел алғысын ,,,,, елеулісі боларсың(алсаң)

  3. Қарғыс алма,,,,, ал. ( алғыс)

  4. Көп дұғасы —,,,, (көл)

  5. Қайырымдылық,,,,,,, 

Қайырын өзің көресің. (Жасасаң )


Оқушылар мақал-мәтелдегі бос орындарға керекті сөзді жазады


Қорытынды

Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
275
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі