Материалдар / «Алғыс айту – парызым!» тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Алғыс айту – парызым!» тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
1 мамыр Алғыс айту күніне арналған тәрбие сағаты жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2024
169
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласының № 8 орта мектебі








Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Алғыс айту – парызым!»

Класы: 6 “Б” класс

Өткізген оқытушы: Даулетиярова А.Б

Өткізген күні: 01.03.2024 ж








Ақтөбе қаласы- 2024 жыл



Бекітемін_________________


Сынып жетекшінің аты-жөні


Даулетиярова А.Б

Күні:

01.03.2024

Сынып: 6«Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы


«Алғыс айту - парызым!»

Тәрбие жұмысының бағыты


Құндылықтар: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

Мақсаты

Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.


Тәрбие сағатының барысы:


Барысы


Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Ресурстар



Кіріспе бөлім

10 мин.











Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Мұғалім:

- Қайырлы күн!

- Көңіл күйлеріңіз қалай!

- Бүгінгі күніміздің қандай болғанын қалайсыздар?!

-Бүгін бізде ерекше күн, қуанышты күн.

- Ал неге ерекше күн? Ойланайық.

- Бүгін, 1-ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні екен.

Бұл жайма шуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан Сара Алпысқызының бастамасымен аталынып, өткізіліп келеді.

- Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады.

Ризашылық күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды,жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке.


Бейнеролик көрсетіледі.



Интерактивті тақта, презентация, оқулық.

Плакат, сикерлер, Лебіздер білдірілген тақырыпшалар, т.б.


«Алғыс айту күніне» арналған бейнеролигі


https://youtu.be/eFXaKRN0QD4?si=eU4SQRgvcft1Oojy




Негізгі бөлім

25 мин.


Жүргізуші: Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

І оқушы: Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.

ІІ оқушы: Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жерімен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

ІІІ оқушы: «Алғыс айту күні» – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

ІV оқушы: «Рахмет!» сөзі Испания тілінде «gracias», Украина тілінде «спасибі», Қырғыз тілінде «ыракмат»,Француз тілінде «merci», Африка тілі бойынша «dankie» - деп аударылады екен.


Бейнеролик көрсетіледі.


Жүргізуші: Оқушыларға өздерінің алғысын білдірген өлеңдеріне кезек береміз.


Жүргізуші: Үлкенге құрмет, кішіге ізет!

Ата - әжелеріміз, ата - аналарымыз бар, біздер бақыттымыз. Бүгінгідей тәуелсіз егемен елде қайғы - қасіретсіз, еркін, бейбіт өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек. Үнемі алғысымызды айтып жүруіміз қажет.

V оқушы: Адам өміріндегі ең игі істердің бірі үлкен кісілерге қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік пен құрмет, сыйластық таныта білу екен.

Жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету, сыйлау, біздің міндетіміз. Өйткені үлкендер бізге өнеге көрсетеді, жақсы сөздер өсиет айтып тәрбиелеп өсіреді.

Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге ізеттілік, көмек көрсету - әдептілікке жатады. Сондықтан да, "Сіз деген әдеп, біз деген көмек" - деп тегін айтылмаған.

VІ оқушы: Тілін алып, кішінің де кәрінің

Көңілінен шығып жүрмін бәрінің

Үлкендердің айтқан сөзін тыңдауды

Әдептілік белгісі деп таныдым.

Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен

Сыпайылық белгісі

Үлкендерге сіз деген

Алдын үлкен кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Әдеппенен үлкенге

Сәлемдесіп жол берем.

VІІ оқушы: Жасы үлкенге құрмет көрсету біздің ата - дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтіріп, аялап өсірген ата - ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - болашағымызды сақтау мен бірдей. Сондықтан үлкенді сыйлап, құрметтеу керек.


Жүргізуші: Келесі кезеңде бүгінгі «Алғыс айту күні» тақырыбы бойынша оқушыларға газет шығару тапсырмасы беріледі.

/Екі топ газет шығарады, түсіндіріп, пікірлерін ортаға салады, талдайды/

Жүргізуші: Келесі «Кім жүйрік?» атты сұрақтар айдарына берейік.

Сұрақтар:

1. Қазақстанда қанша ұлттар мен ұлыстар тұрады?

130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

2.Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?

Тәуелсіз, зайырлы, көпұлтты мемлекет.

3.Алғыс айту күні қай кезден бастап тойланып келеді?

2016 жылы 1-наурыз Алғыс айту күні болды.









«Алғыс айту күніне» арналған бейнеролигі


https://youtu.be/HoD7mO2-nlE?si=Lx6sixl7Jc5-c0gH


















«Алғыс айту күніне» арналған бейнеролигі



https://youtu.be/ZCz0xAYQUR8?si=rgOqcMJCQ48YPDf-















Қоры

тынды

10 мин



Рефлексия. «Жүректен жүрекке!».

Оқушылар жылы тілектерін стикерге жазып, оқып, тақтаға шығып плакатқа іледі.

Қорытындылау: Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, Отқа – жылулығы үшін..













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!