400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғыс айту күні

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 наурыз-Алғыс айту күніне арналған

тәрбиелік шара


Тақырыбы: «Алғысым шексіз...»

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;

- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

-"алғыс күні"ұғымының мағынасын ашу, балалардың түсіну, бұл ұғымдар маңызды болып табылады олардың әрқайсысы дамыту үшін мәдени құндылықтар мен адами қарым-қатынасын қалыптастыру;
- шығармашылық қабілеттерін, мәдени және этникалық төзімділік пен іскерліктерін дамыту;

Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктері: ватман, түрлі – түсті қарындаштар, ребустар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Ризашылық өлеңін оқу

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленбек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды.

ІІ. Кіріспе.

Тақырыптың мақсатын түсіндіру.

Әңгімелесу

Ризашылық дегеніміз не?

Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты. Сондықтан «Ризашылық» атты Қазақстан елінің барлық оқушылары мен отбасылары қатысатын акциясы өткізіледі. Осы акция төңірегінде көмекті қажет ететін балалар мен ересек адамдарға ақшалай, тұрмысқа қажет құралдар мен киім - кешек түрінде көмек көрсетіледі. Осы акцияның негізін салушы Сара Алпысқызы.

1 конкурс "Ризашылығымызды білдіре аламыз ба ?"
1. Рахмет айту туған жерге...( ол береді маған нан, үй, азық-түлік және т. б.)
2.Рахмет айту еліміздің Президентіне, өйткені... (осындай елбасымыздың арқасында дамушы мемлекетте өмір сүріп жатқанымызға және тату-тәтті бейбітшілік өмір сүріп жатқанымызға)
3. Біз алғысымызды ата-аналарға айтқымыз келеді...
4.Рахмет айту біздің ата-ана мен балабақшаға...
5.Рахмет айту адамдарға достарыңызға...

2 Конкурс «Жұмбақтарды шеш»

1.Шаңырақ – күн,

Уықтары - нұр, шашқан.

Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.

Жарқырайды темірқазық жұлдызы,

Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Герб)

2.Ыстық дейді оны оттан,

Патриот оны ұнатқан.

Оңбайды бұл өмірде,

Адам оны жоғалтқан. (Отан)

3.Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,

Әдемі мекен екен, жанға жайлы.

Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең,

Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)

4.Егіз қайың,

Бой - бастары тең өскен.

Іске дайын,

Бұтақтары бес - бестен. (Қол)

5.Бір малға екі бала мінгеседі,

Айлап - жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе)

6.Тұмсығымен ояды,

Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ)

7.Қиналмай тауларды, орманды,

Теңізді, дария, жондарды,

Ауылды, қаланы, халықты...,

Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)



3Конкурс «Ребустарды шеш»



   (қарға)

 Shape1 Shape2 (Тон)



4 конкурс. «Шығармашылық»

Біз бейбіт аспан астында көпұлтты мемлекетте түрлі ұлт өкілдері бар жерде өмір сүреміз. Сол үшін біздің ақылды да дана билеуші Президентімізге алғыс білдірейік. 
Сіздің міндеттеріңіз: Сіздерді қоршаған ортаға яғни бахытты өмір, ашық аспан астында өмір сүргенімізге, біздің көпұлтты мемлекетте, өз Отанымызға және адамдарға, Президентімізге алғыс білдіруді , ұсынып отырмын. Кейін, сіздің жұмыстарыңыз дайын болағанда, бірнеше адам команда болып өз жобасын көрсетеді.

ІҮ. Қорытындылау

- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

«Күншуақ» ойынын ойнату. Әр балаға күннің шуақтарын береді. Балалар жақсы тілектерін айтып күнге жапсырады.

Бүгінгі іс-шара сендерге ұнады ма?

Осы іс- шарадан өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?

Осы іс-шарадан кейін қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерді ме? Өзгерсе қалай?











































































Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі























Іс – шара

Тақырыбы: 1-наурыз Алғыс айту күні





Өткізген: Қолғанат Ақгүл

Тексерген:Қурманова А.А.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
1634
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі