Материалдар / Алғыс айту күні

Алғыс айту күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күні
Авторы:
21 Сәуір 2024
85
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән

Тәрбие сағаты

Мұғалімнің аты-жөні

Муканмеджан Мадина

Сынып

3

Күні

28.02.2024

Тәрбие сағатының тақырыбы

Алғыс айту күні


Тәрбие сағатының мақсаты

Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10-минут









- Қайырлы күн, балалар!

- Көңіл күйлеріңіз қалай!

-Ертен бізде ерекше күн, қуанышты күн.

- Ал неге ерекше күн? Ойланайық.

- Ертен, балалар, 1 - ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні екен.

- Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады.

-Балалар сендер білесіңдерме «Рахмет!» сөзі Испания тілінде «gracias», Украина тілінде «спасибі», Қырғыз тілінде «ыракмат», Африка тілі бойынша «dankie» - деп аударылады екен. Тағы басқа тілдерде рахмет сөзі қалай болатының білесіздер ме?

-Ал енді шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге алғыс айтып шығайық

Сұрақтарға жауап береді, бір-біріне алғыс айтады. Болжамды жауап: Алғыс айту күні, Француз тілінде «merci»

Дескриптор

1.Алғыс айту күнің біледі;

2.Рахмет сөзінің аудармасын біледі.


Сабақтың ортасы


25-минут

- Ал кәне балалар бәріміз жайланып отырып, көзімізді жұмып өздеріңнің отбасыларыңды, үйлеріңді көз алдылырыңа елестетіңдер...

Үйіміз қандай, әдемі, бөлмеміз жайлы жинақы, әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз дастархан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене, сүйіспеншілікке, жылылыққа толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді!

- Ал енді жайлап көзімізді ашайық, ойларыңмен, сезімдеріңмен бөлісейік.

- Балалар, міне әркім өз отбасымыздың көңілді, бақытты сәттерін еске түсірдік.

Отбасы тәрбиенің - ұясы. Отбасында татулық пен бірлік болып, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіліп тұрса, бұл отбасының шаңырағын берекелі шаңырақ деп жатады.

- Ал, балалар, шаңырақ дегеніміз не?

- Осы шаңырақта кімдер тұрады?

- Шаңырақ - үлкен әкенің үйі - барлық балалары  үшін үлкен үй - қара шаңырақ деген ұғымды білдіреді.

Шаңырақ - бүкіл отбасын біріктіретін үлкен үй, киелі ұғым!

-Ал отбасы мүшелері кімдер екен?

 Постер құрау «Алғыс айтамын сізге»  

-Балалар енді біз топпен алғыс айтқымыз келетін адамдардың суретін саламыз. Ол адамдарға не себептен алғыс айтқымыз келетінің түсіндіреміз.





Видео ролик: «Жақсылығың қайтар өзіңе»

-Балалар видео ролик бойынша қандай ой білдіре аласыздар?









«Шексіз алғыс» әні

Көздерін жұмып, өз үйлерің елестетеді, ойларымен бөліседі, отбасы мүшелерін атайды. Болжамды жауап: ата, әже, ана, әке, бала.

































Сурет салады, алғысын білдіреді. Болжамды жауап: Мен анама алғыс айтқым келеді. Себебі ол мені дүниеге әкелді.





Видео ролик бойынша ойларың білдіреді. Болжамды жауап: әрқашан бір-бірімізге көмек беріп жүруіміз керек, жақсылық әрдайым қайтып келеді


Әнді орындайды

Дискриптор

1.Өз ойларымен бөлісе алады;

2.Шаңырақ сөзінің мағынасын түсіндіре алады;

3.Отбасы мүшелерін атай алады.































Дескриптор

1.Топпен сурет сала алады;

2.Не себептен алғыс айтатының түсіндіре алады.




Дескриптор

1.Видео ролик бойынша өз ойларың білдіре алады.







Дескриптор

1.Әнді орындай алады


Интерактивті тақта





















































https://youtu.be/mnPixK_vwAA?si=nwxYnQ39jRJtoJJ0








https://youtu.be/PODBBOPY2dg?si=9Tf-UEi-7zuDi8hA


Сабақтың соңы


10-минут


Рефлексия:

Кері байланыс: «Почальон»

Мен нені үйрендім?

Маған не қызықты болды?

Маған не түсініксіз болып көрінді?

Қорытынды:

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқыныңұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады.

Хатқа жеке ойларын жазады, пошташы жәшігіне салады.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ