Алғыс айту күні құтты болсын!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғыс айту күні құтты болсын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күніне орай балабақшада болған сценарийлер
Материалдың қысқаша нұсқасы



ЖШС «Кішкентай данышпан» бөбекжай – балабақшасы











«Алғыс айту күні»

құтты болсын!






Тәрбиеші: Қалдыбаева А.Ж













Шымкент 2024 - 2025ж



1 - наурыз Алғыс айту күні құтты болсын!

Көктемнің алғашқы күні, 1 наурыз Алғыс айту күні құтты болсын!
Балабақшамыздағы мерекелік көңіл-күймен ата-аналарға тәтті үлестіріп, рақмет айтылды.

 Мақсаты:  «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар және балалар! Бүгін – жүректеріміз мейірім мен ризашылыққа толатын ерекше күн. Біз Алғыс күнін атап өтіп, бір-бірімізге шынайы ризашылығымызды білдіруге жиналдық. Бұл мереке – жақсылыққа, ізгілікке, құрметке негізделген. Алғыс – тек сөзбен ғана емес, жүректен шыққан шынайы сезім. Бізді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан ата-анамызға, ұстаздарымызға, достарымызға және айналамыздағы барша жандарға алғыс білдіру – игі дәстүр. Осы ерекше күнде бір-бірімізге тек жылы сөздер арнап, жақындарымызға ризашылығымызды білдіріп, мейірімділік пен қуаныш сыйлайық! Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, бақыт пен шаттық тілеймін! Алғыс айту – жүректен!

Ал енді құрметті қонақтар керемет кешімізді «Бүлдіршін» ересек тобының тәрбиеленушісі Жансейт Айсұлтан ұлымызды қошеметтеп қарсы алыңыздар!

Ән: «Анашым»

Жүргізуші:

Алғыс айту – тек сөзбен емес, іспен де көрінетін қасиет.Біз жасаған әрбір жақсылық – өзімізге қайтып оралатын бақыт демекші, біздің

бақшамыздың 2021 жылғы түлектері нәзіктік пен әсемдікті үйлестірген ерекше қойылым, қазақтың бай мәдениетін, ұлттық өнерін дәріптеп, көрерменге рухани азық сыйлайтын ерекше туынды "Жетіген" биін тарту етпекші. Көз қуантатын көрініске куә болып, бірге тамашалайық! Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

Би: «Жетіген»

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар келесі кезегімізді бізге мейірім мен ризашылыққа толы жырларын арнап, жүректерімізге жылулық сыйлау үшін, жүрекжарды өлең шумақтарын алып келген «Балауса» МАД тобының




ару қыздарын ортаға шақырамыз! Қошеметтеріңізбен қарсы алыңыздар!

Өлең шумақтары:


Айханым:

Алғыс айту күніңмен

Құттықтаймын сіздерді

Жаратқанға мың алғыс

Аман еткен біздерді

Адия:

Алғыс айту күнінде

Араздықтар болмасын

Жаратқаным жар болып

Сыйластықтар орнасын

К.Бегалы:

Бауырларым рақмет

Алғысым көп сіздерге

Амандықта болыңдар

Жол көрсетіп біздерге

Шырын:

Ата сізге мың алғыс

Бата беріп жүресіз

Рақмет айтам сізге тек

Алғысым көп білесіз

А.Кәусар:

Рақмет әже,әжетай

Ертегі айтып бересіз

Алғысым көп әжетай

Көңілге гүл себесіз

Мариям:

Еркелетіп, жетелеп

Өсірдің әке, рақмет

Әрқашанда жасаймын

Өзіңізге мың құрмет

Медина:

Әлпештеген аялап,

Жан анашым рақмет

Алғысым көп өзіңе

Рақметімді қабыл ет





Аружан:

Бізге тәртіп үйреткен

Ән салдырып, билеткен

Таныстырған ең алғаш

Әріптермен, суретпен

Тәрбиешіге мың алғыс

Жүргізуші:

Бүгінгі күн нұрлы күн

Жарық шашқан әлемге

Ескеретін күн бүгін

Ризашылық қой әр елде! – дей келе кезегімізді «Жұлдыз» ересек тобының жігіттерінің «Бәйге» биіне берсек.Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

Би: «Бәйге»

Жүргізуші: Ана –өмірдің шуағы, мейірім мен махабаттың символы.Оның жүрегі мейірімге, көңілі ізгілікке толы.Ана – әлемдегі ең қымбат жан, оның күлкісі шаттықтың, ал дұғасы- қорғаныштың белгісі.Ендеше келесі кезекті балабақшамыздың тәрбиешілері мен кішкентай бүлдіршіндерінің керемет сіздерге арнап дайындаған көрінісіне берсек.Қошеметтеп қабыл алыңыздар!

Көрініс: «Ана қадірі»

Анаңды құрметте, оның әрбір айтқан жылы сөзі мен мейірімді жанары – біздің өміріміздегі ең үлкен бата. «Жұмақ ананың табанының астында» дегендей, анаға деген алғыс пен құрмет ешқашан азаймасын.

Жүргізуші:

Ортаға шық, өнерлі ару қыздарым

Биіменен нұрландырсын түз жанын

Шарқ ұрсыншы әсем қимыл, талантты

Қошеметтеп қарсы алайық біз бәрін! – дей келе кезекті «Балауса» МАД тобының биші қыздарына берсек.

Қабыл алыңыздар! «Киіз үй» биі

Би: «Киіз үй»

Ән: «16 қыз»

Жүргізуші:

Қандай керемет! Сіздердің қошеметтеріңіз – біздің бүлдіршіндерімізге үлкен шабыт береді!

Келесі әсем әнді кішкентай бүлдіршіндеріміздің жүректен шыққан алғысы ретінде қабыл алыңыздар! Олардың тәтті дауысынан төгілген әрбір әуен – шынайы ризашылық пен мейірімге толы. Балалардың әні сіздерге қуаныш сыйлап, жүректеріңізді жылулыққа бөлесін!




Хор: «Алғыс»

Жүргізуші:

Демеңіздер бізді өнерді аяп қалды

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды

Қош болып тұрыңыздар көрікенше



Осымен ертеңгілігіміз аяқталды - дей келе құрметті аналар алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымыз шексіз! Отбасыларыңызға бақ, береке, ынтымақ тілейміз!

Жақсылық жасап, жылы сөз айтып, бір-бірімізден алғысымызды аямайық!






















































































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2025
164
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі