Материалдар / Алғыс айту күніне арналған тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алғыс айту күніне арналған тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күніне арналған тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2024
97
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

Мектеп директоры















«Рақмет саған, мектебім!»

(мерекелік концерттік бағдарлама сценарийі)

























«Рақмет саған, мектебім!»

(мерекелік концерттік бағдарлама)

Іс-шараның мақсаты:

Азаматтық қағидаттарға негізделген Қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту. Жас жеткіншектердің ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін қалыптастыру. Жас жеткіншектерді үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым-қатынасқа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.


(Концерттік бағдарламаның ашылуын білдіретін музыка үні қойылады)

Фанфар: «Шабыт»

І-жүргізуші:

Көкпеңбек дала, туымдай асқақ көгілдір,

Көк кілем төсеп, көк көйлек киген өңір дүр.

Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,

Жадырап қалған көңілді күндей өңір бұл.


ІІ-жүргізуші:

Келді көктем, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып жайнайды әлем паң күліп.

Жақсылықтардың жаршысы болған алғыс күн,

Сен өмірімнің көктеміндейсің мәңгілік.


І-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді ата-аналар, білім көкжиегіне қанат қаққан жас жеткіншектер!


ІІ-жүргізуші:

Көгілдір көктемнің ең алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Алғыс айту күніне арнап ұйымдастырылған «Рақмет саған, мектебім!» тақырыбындағы мерекелік концертімізге қош келіпсіздер!

І-жүргізуші:

2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 жарлыққа қол қойған.

ІІ-жүргізуші:

Алғыс айту күні-күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Ән:

 І-жүргізуші: 

Осы күн тағдыр тоғыстырған  Қазақстанның көпэтностық халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні-қайырымдылық дәстүрлерін әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл репрессия  мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілділік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.


ІІ-жүргізуші:

Алғыс айту күні Қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени сан алуандығымыздың жарқын күні. 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының  нәтижесінде біздің біртұтас халқымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғандығын атап өтуіміз керек.


 І-жүргізуші: 

Ғасырларға жалғассыншы нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қоссам елімнің,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.


ІІ-жүргізуші:

Достық тапса діндер менен ділімді,

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі.

Бір туғандай ұлтаралық келісім,

Бір көтерген басқа түскен жүгімді.


Ән:

І-жүргізуші: 

Серт берісіп туыс болып қалуға,

Нәубеттерден аман жеттік дамуға.

Байтақ елдің биік ұстап байрағын,

Біздің достық мәңгі болып қалуда.


ІІ-жүргізуші:

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.


«Көктем биі»

І-жүргізуші: 

Қуаныштан желпілдейді түңдігім,

Алғыс айтып шаттанатын күн бүгін.

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін.


ІІ-жүргізуші:

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,

Көзімізде жарқырайды жарық күн.

Ырыс-дәулет, бақыты үшін халықтың,

Жайнай берсін, жарқырасын жарық күн!


Ән:







І-жүргізуші: 

----------, менің саған бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке кімдер және нелер лайықты деп ойлайсың?
Тізімді бірге құрайық!


Бастысы – алғыс айта білу...

ІІ-жүргізуші:


1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,

9.Ұстазға білім бергені үшін
10. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
11. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
12. Отқа – жылулығы үшін..

Бірге: Рахмет айтамыз!


Ән:

І-жүргізуші:

Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар, әлемде егеменді Қазақстан бар, оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар, қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар, ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар! Біздің, яғни шәкірттердің білім көкжиегіндегі сенімімізді нығайтып, жарқын болашаққа жол сілтеп жүрген мектебіміздің көшбасшысы----------------- сөз кезегін беріп, мерекелік ізгі тілегін тыңдау үшін қошеметпен сахна төріне шақырамыз!


ІІ-жүргізуші:


Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.


І-жүргізуші:


Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.
Қазаққа дархан рахмет!
Салт - санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.
Барша әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген.

«Өзбек халқының ұлттық биі»

«Ұстазға алғыс!»-

ІІ-жүргізуші:
Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңізде сақтаңыздар!

І-жүргізуші:

Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат-Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.

ІІ-жүргізуші:


Жер - Анамыз жасайды тарлық кімге?
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.


І-жүргізуші:


Бейбіт күніміз, бейбітшілігіміз мәңгілік болсын! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз! Күніміз нұрлы, аспанымыз әрдайым ашық болсын! Сау-саламатта болыңыздар!




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!