Материалдар / Алғыс айту күніне тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алғыс айту күніне тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күніне тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2024
191
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

1 наурыз алғыс айту күні

Мақсаттары

 Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Өмірге риза болып, алғыс айт.

- Қайырлы күн, балалар!

- Көңіл күйлеріңіз қалай!

- Бүгінгі күніміздің қандай болғанын қалайсыздар?!

-Бүгін бізде ерекше күн, қуанышты күн.

- Ал неге ерекше күн? Ойланайық.

- Бүгін, балалар, 1 - ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні екен.

Бұл жайма шуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан Сара Алпысқызының бастамасымен аталынып, өткізіліп келеді.

- Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады.

Ризашылық күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды,жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке.

Яғни, бұл нағыз - "Жан рақымының мерекесі".

-Балалар сендер білесіңдерме «Рахмет!» сөзі Испания тілінде «gracias», Украина тілінде «спасибі», Қырғыз тілінде «ыракмат»,Француз тілінде «merci», Африка тілі бойынша «dankie» - деп аударылады екен.


Үлкенге құрмет, кішіге ізет!

- Ал кәне балалар бәріміз жайланып отырып, көзімізді жұмып өздеріңнің отбасыларыңды, үйлеріңді көз алдылырыңа елестетіңдер...

Үйіміз қандай, әдемі, бөлмеміз жайлы жинақы, әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз дастархан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене, сүйіспеншілікке, жылылыққа толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді!

- Ал енді жайлап көзімізді ашайық, ойларыңмен, сезімдеріңмен бөлісейік.

- Балалар, міне әркім өз отбасымыздың көңілді, бақытты сәттерін еске түсірдік.

Отбасы тәрбиенің - ұясы. Отбасында татулық пен бірлік болып, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіліп тұрса, бұл отбасының шаңырағын берекелі шаңырақ деп жатады.

- Ал, балалар, шаңырақ дегеніміз не?

- Осы шаңырақта кімдер тұрады?

- Шаңырақ - үлкен әкенің үйі - барлық балалары  үшін үлкен үй - қара шаңырақ деген ұғымды білдіреді.

Шаңырақ - бүкіл отбасын біріктіретін үлкен үй, киелі ұғым!

-Ал отбасы мүшелері кімдер екен?


презентация

Сабақтың ортасы

1.      Жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету, сыйлау, біздің міндетіміз. Өйткені үлкендер бізге өнеге көрсетеді, жақсы сөздер өсиетайтып тәрбиелеп өсіреді.

2.      Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге ізттілік, көмек көрсету - әдептілікке жатады. Сондықтан да, "Сіз деген әдеп, біз деген көмек" - деп тегін айтылмаған.

3.      Жасы үлкенге құрмет көрсету біздің ата - дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтіріп, аялап өсірген ата - ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - болашағымызды сақтау мен бірдей. Сондықтан үлкенді сыйлап, құрметтеу керек.


Посер құрау «Рахмет айтам»

- Тіліміз бөлек болса да, тілегіміз бір!

- Жүзіміз басқа болса да, жүрегіміз бір!

- Ұлтымыз өзге болса да, ұранымыз бір!

Құрметті, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі кешімізді Сара Алпысқызының айтқан ғибрат тілегімен қорытындылаймыз.

"Қымбатты балалар, мен - Анамын, Әжемін. Мен еліміздегі барлық балаларды өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - аналарыңа, айналадағы адамдарға мейірімді болыңдар. Оларды сыйлай біліңдер. Сонда сендердің бойларыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүректеріңде өмірге, ата - аналарыңа, ең жақын адамдарыңа, Отанға, елге деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Бір - бірлеріңе риза болып, алғыс айтып жүріңдер

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ещқашан ешкімнен аямаңдар, "Рахмет" деген жақсы сөзді жиі айтыңдар! Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтаңдар! Әлемде бейбітшілік болсын!

презентация





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!