400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғыс айту парызым

Материал туралы қысқаша түсінік
1 наурыз- Алғыс айту күнінен орай жазылған эссе.Эсседе тәуелсіздік үшін күрескен ата-бабаларымызға алғыс айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғыс айту-парызым

Алғыс айту күні-халқымыздың егемендігі мен елдігін,сыйластығы мен теңдігін көрсететін және еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Бұл күні біз барша жақындарымызға, ұстаздарымыз бен достарымызға,алыс-жақын жанашырларымызға алғыс айтып, құрметке бөленеміз. Осы мерекеге орай,мен жарқын болашақ үшін талмай күресіп,ұлт келешегін ойлаған ата-бабаларымзды бабаларымызды еске алып, Отан үшін жан берген батырларымызға ерекше алғыс білдіргім келеді. Ел тағдырын бәрінен биік қойып,ұлт тұтастығын,жерінің амандығын мұрат еткен қазақ батырлары қашан да үлкен алғысқа лайықты! Тарихымызға көз жүгіртсек әріде сақ, ғұн бабаларымыз, беріде қаһарман түрік аталарымыз аласапыран замандардағы алақұйын дауылдарға төтеп беріп, Ұлы далада ұлық ұлыс құрды. Талай жұрт алапат соғыстар мен арпалысқан айқастарда үдере көшіп, бордай тозып, тастай үгіліп, құмдай шайылып кеткен замандарда қазақтар түрік жұртының ата қонысын, қара шаңырағын сақтап қалды. Дана бабаларымыз өзін ғана емес, адал ғұрпын, дархан көңілін, таза тілін, әсем әні мен қоңыр күйін, мол мәдениеті мен бай әдебиетін қоса сақтап, ұрпағына аманаттай білді. Әрине ұлтының алтын тұғырына көтеріліп, аты аңызға айналған бабаларымызға қанша алғыс айтсақ та, олардың жасаған ерен еңбектерінің өтеуін қайтара алмаймыз. Алайда ұлт тұлғаларына айналған халық батырларының еңбегін ризашылықпен еске алып,оларға тағзым ету- перзенттік парызым деп санаймын.

Қорыта келе айтарым,сонау төл тарихымыздың қойнауынан орын алған батыр бабаларымыздың ерлігі қазіргі ұрпақтың мақтанып айтар құндылығы.Отансүйгіштік қасиет әр кезде өрге жетелейтінін уақыт сан мәрте дәлелдеп берді.Біз бабалар салып берген сара жолдың иесіміз!Үлкен аманатты арқалаған жас ұрпақпыз!Сол себепті менің айтарым- XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін Хақ тағала баянды еткей!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
08.03.2022
16671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі