400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғыс айту-парызым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты жоспары 4-сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Педагогтің аты-жөні:

Наванова З.Т

Күні:

27.02.2023жыл

Сыныбы:

Қатысушылар саны:  34            Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Алғыс айту-парызым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Алғыс және ризашылық сөзінің мән-мағынасын түсіну.

Өзінен үлкендерге деген сыйластық қарым-қатынасын дамыту.

Сабақтың мақсаты:


Алғыс және ризашылық сөзінің мән-мағынасын түсінеді.

Өзінен үлкендерге деген сыйластық қарым-қатынасын дамытады

Құндылықтар

Әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушыларды түгендейді, амандасады.

Психологиялық ахуал.

 Бүгінгі күн — нұрлы күн,
Жарық шашқан әлемге.
Ризашылық күн бүгін
Алғыс айтайық бәріне!

«Караоке»

Оқушыларға Қарақат Әбілдинаның «Алғыс» өлеңінің сөзі таратылады.

-Оқушылар саламатсыздар ма? Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Иа, дұрыс айтасыздар, көктемнің алғышқы күнімен қатар келетін бұл күн біз үшін ерекше күн. Себебі бұл күні барша халық бір-біріне жылы шырайын танытып, бар өкпе ренішін тарқатып, алғыс айтады. Сіздер алғыс айту күні туралы білесіздер ме?

Интербелсенді тақтадан әр халықтың алғыс айту күнін қалай тойлатыны көрсетіледі.

Алғыс айтуға қатысты мақал-мәтелдер айтылады.

Алғыс алған арымас,

Қарғыс алған жарымас.


***


Алғыс алған жігіттің

аты бәйгеден бірінші келеді.


***


Алтын алма, алғыс ал:

алтын деген жер сыйы,

алғыс деген ел сыйы.


***


Қағынған қарғыс алар,

Қарасқан алғыс алар.


***


Сілеу алма, тілеу ал.


***


Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың.


***


Қарғыс алма, алғыс ал.

Алғыс – қуаныш үстінде, жиын, мереке, той-томалақта адамдардың бір-біріне білдіретін игі тілектің этикалық мәнді атауы

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі

Оқушылар сонымен, рақметке лайықты кімдер? Ортаға 10 оқушы шығады ендеше алғыс айту тізімін бірге құрайық. Бастысы – алғыс айта білу…

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге – қорған болғаны үшін,

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

Күнге – шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа – құшағы мен иығы үшін,

Әжеге – ыстық алақаны үшін,

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,

Отқа – жылулығы үшін.


Оқушылар барлығы бірге хор айтады














Алғыс айту күнін басқа халықтар қалай тойлайтыны туралы біледі.













Алғыс айту туралы

мақал-мәтелдер жаттайды
























































Бір-біріне, ата-анасына, ұстазына алғыс айтады.

Ауызша бағалау.



Үш шапалақ әдісі













Бір-бірін бағалайды.















Интербелсенді тақта







Жүрекше қағаздар          




























Шарлар, тілек қағаздары








Алғыс айту жәшігі













«Автограф» әдісі

Оқушыларға хат жазуға арналған қағаз таратылады. Әр оқушы өзінің сыныптасына алғыс білдіріп жазу қажет, жазған хатының соңына өзінің қолын қойып алғыс жәшігіне салады.



.  Ауызша мадақтау


Сабақтың ортасы

.






«Кім мерген?» Тақтаға 9 шар ілінеді. Ортаға 9 оқушы шығады. Әр оқушы бір-бір шардан жарып ішіндегі тапсырманы орындауы қажет.



Бір-бірін мадақтау


Тапсырмалар:

1.Анаңа хабарласып, алғыс айту

2. Ұстазыңа алғыс айту

3.Мектептегі кезекшіге алғыс айту

4. Сыныптасыңа алғыс айту

6.Досыңа алғыс айту

7.Алғыс айту туралы қандай мақал мәтелдер білесің?

8. Ұстазыңа алғыс айту

9.Мектептегі кезекшіге алғыс айту


Жақындарына алғыс айтады

Ауызша мадақтау.



Сабақтың соңы.


Әр оқушы бір бір сөзден ұстап айтып шығады.

Оқушылар қазір алғыс жәшігін ашамын және осында сіздер жаңа сыныптастарыңызға алғыс жаздыңыздарғой, соны қазір өздеріңізге таратып беремін.

Алғыс хаттар таратылады






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
23.05.2023
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі