Тақырыбы: Алғыс –
айту парызым
Мақсаты: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын
дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке
тәрбиелеу
Көрнекіліктері: суреттер
Кіріспе
сөз:
Мұғалім:
1 наурыз – Алғыс айту
күні
Қазақстан халқы
2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14
қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде
Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған
болатын.
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының
астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына
алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні
белгіленбек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір
- біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда,
басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы
адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні
деп белгіленсе әділетті болар еді", - деп нақтылады.
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен
еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар сәті
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді сондықтан да сүйген жаты
Мұғалім:
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін
ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне,
жасаған істеріне жоғары баға беру.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі
үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.
Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың
берекелі боп өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Халық мақалында
«Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы
құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Әке – ұрпақ
иесі, панасы, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке –
бала үшін шыңы биік асқар тау.
- Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі,
қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол
дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып,
дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап,
аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың
бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың
амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы
қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ,
мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз
сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын
басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші,
өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата - анасын сыйламайтын
адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана - тіршіліктің гүлі,
отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар
да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес.
Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!
Қорытынды:
Құрметті оқушылар,
жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен
ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар.
Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп
тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге
үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді
жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға
қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды
ұмытпаңыздар.
Ақмола
облысы
Зеренді
ауданы
Зеренді ауданы
әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» КММ
Сынып сағаты
Алғыс
айту- парызым
/1 «А» сынып/
Өткізген: Отебаева А.С.
2018-2019 оқу жылы