Материалдар / Алғыс айту парызымыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алғыс айту парызымыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күніне байланысты педагогтарға арналған тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
424
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, «Балдырған» ясли бақшасы, педагог – психолог Кыстаубаева Жанат Жумагелдиевна



Тақырыбы: Алғыс айту парызымыз!
Мақсаты: Ассамблея туралы түсінік беру. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға патриоттық сезімдерін ояту. Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: түрлі – түсті лента, доп, видеоролик, плакат, көп суретті журналдар, түрлі – түсті қағаз, желім, қайшы, карандаш, А4 , стикер

Жоспар:

  1. Түске қарай топқа бөлу, мінездеме беру.

  2. Әңгімелесу. Доп арқылы

  3. Миға шабуыл. Видео ролик. «Қазақстан - алғыс арқалаған азат ел!

  4. «5 жолды өлең құрастыру» әдістемесі. Ассамблея, ЭКПО, Универсияда, Балабақша сөздерін кірістіріп құрау

  5. Сахналау. Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады? 

  6. «Апликация» жаттығуы.

  7. Видео ролик. «Екі дос» өз пікірлерін білдіру.

  8. Реалакция: рахмет, алғыс сөздер, мақал – мәтелдер.

  9. «Достық ағашы» «Сіз кімге алғыс айтар едіңіз?...»  жазып, ілу

  10. Қорытынды: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Барысы: 

  1. Түсіне қарай топқа бөлу, әр ұлт би билеп отырады. (орыс ұлты – сары түс, ынтымақ, өзбек ұлты – қызыл түс, бейбітшілік, түрік ұлты – жасыл түс, татулық, қазақ ұлты – көк түс, мәңгілік ел) Таңдаған түстеріне қарай мінездеме беру.







ҚAutoShape 4 ЫЗЫЛ ТҮС.

AutoShape 5 Егер сіз қызыл түсті ұнатсаңыз. Алдына мақсат қойса жетпей тынбайтын адамдар. Бұл махаббат пен батылдықты бейнелейтін түс. Үнемі жігерлендіріп отырады. Бұл түстің тазарту қабілеті бар, депрессияны жояды. Қызыл түс жастықтың, сұлулықтың, әдеміліктің, нәзіктіктің, сыпайылықтың нышаны.

КӨК ТҮС.

AutoShape 5 Егер сіз көк түсті ұнатсаңыз. Байсалдылық қанағаттылық белгісі.Эмоционалды күйзеліске ұшырағандарға көмектеседі.Ауырған кезде,қатты қажыған кезде көк түстің қажеттілігі ұлғаяды. Ағзаны тынышталдырады демалдырады. Бронхит,астыма,бас сақинасында, бүйрек ауруларына да жақсы көмектеседі.

САРЫ ТҮС.

AutoShape 6 Егер сіз сары түсті ұнатсаңыз. Өзін де, басқаны да қуантып жүретін адамдар. Бұл түс жігерлі адамдарға тән. Көңіл күй сыйлайды. Білімге құмарлықты оятады. Адамдардың тез араласып кетуіне жәрдемдеседі.

ЖАСЫЛ ТҮС.

Егер сіз жасыл түсті ұнатсаңыз. Бұл түс үміт, тыныштықпен жаңарудың символы. Байсалды, өз-өзін үнемі еркін ұстайтын адам. Адамның өз өзіне деген сенімділігін арттырады, жүрген ортасында белсенді болуына ықпал етеді. Қабілеттілікті арттырады.

2. Әңгімелесу. Доп арқылы

  • Алғыс  дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам  өзінің  ризашылығын,  алғысын  қандай  сөздермен  білдіреді?

  • Сендерге  кім  қандай  жағдайда  алғыс  айтты?

  • Өздерің  қандай  жағдайда  алғыс  айтып  көрдіңдер?

Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі

Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.







Кіріспе сөз.

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.

Әлем елдерінде 
Ал АҚШ және Канада халықтары Алғыс айту (Thanksgiving Day) күнін қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтетін көрінеді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен. Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін «Ұлттық мереке» деп жариялаған.

3. Миға шабуыл. Видео ролик. «Қазақстан - алғыс арқалаған азат ел!»

4. «5 жолды өлең құрастыру» әдістемесі. Ассамблея, ЭКПО, Универсияда, Балабақша сөздерін кірістіру арқылы, әр ұлттың қазақ халқына алғыс білдіруі.

5. Сахналау. Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады? 
І - топ: Ата – ананың тәрбиешіге ризашылығын білдіру сәтін сахналау 
ІІ - то
п: Ағалы - қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау 
ІІІ - топ: қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.
ІҮ - топ: «Өмірге риза болып, алғыс айту» сәтін сахналау

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.



6. «Апликация» жаттығуы.

Алдыра берілген бірнеше құралдармен Ризашылық пен алғыс айту бейнесін көрсету керек. Топ басшысы қорғап шығады.

7. Видео ролик. «Екі дос» өз пікірлерін білдіру.

8. Реалакция: рахмет, алғыс сөздер, мақал – мәтелдер.

9. «Достық ағашы»  «Сіз кімге алғыс айтар едіңіз?...»  жазып, ілу

10. Рефлекция. Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» екі жұлдыз – екі ұнаған нәрсе, тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсені жазу керек .

Қорытынды: Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз. Өйткені, біздің бәріміздің мүддеміз бір. 


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!