Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алғыс білдіру - ең асыл сөз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекбаева Гүлдана Амангелдіқызы

Педагог-психолог

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылдық округіндегі

«Ақбота» бөбекжай-бақшасы МКҚК


Алғыс білдіру-ең асыл сөз!


Мақсаты: Ұжым мүшелерінің алғыс айту, сыйластық, құрмет, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, үлкен-кішіге деген сүйіспеншіліктерін, сыпайылық қарым-қатынастарын жақсарту.

Тренинг барысы:

Кіріспе сөз

Сәлеметсіздер ме, сіздерді жылдың ең сыпайы күні-Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Әрине, жылдың әр күнінде сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз.Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар-олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Алғыс сөздері-адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Адамның жүрегінен шыққан шынайы алғыс- алғыс иесі мен алғыс қабылдаушының да жанын жадыратады. Алғыс естіген сайын адам жақсы іс жасауға ынталана түседі. Алғысқа бөленген адам күйзелістен, қанағаттанбаушылық сезімінен арылады. Алғыс сөздер біздің физикалық және рухани жағдайымызға оң әсерін тигізеді, жылы қарым-қатынас орнатып, маңайыңа мейірімділікті үйіреді.

«Жағымды қарым-қатынас» жаттығуы

Күнделікті өмірде, үйде, ұжымда, қонақта біз бір-бірімізбен дұрыс қарым-қатынас жасай аламыз ба? Қазір сол жағымызда тұрған адамға қарап, сенімен қарым-қатынаста өте қуаныштымын деп қолынан ұстап, осы сөзді әрі қарай жалғастыра береміз. Соңында барлығымыз бірге бір-бірімізбен қарым-қатынаста өте қуаныштымыз деп қорытындылаймыз.

«Жүрегіміз демалсын» бейнеролик тамашалау

Біздер бір-бірімізден жақсы, жылы сөздерді, ризашылық сезімімізді аямайық, жүрегіміз демалсын.Білесіз бе, бұл дүниеде жәй ғана сөздің өзі бал-шырын, кейде осы сөздерді бір-бірімізден аяймыз, келіңіз, бұл сөздерді бір-бірімізге жиі айтып тұрайық.

«Өрмекшінің торы» жаттығуы

Бәріміз үлкен шеңберге тұрып, әркім өзі қалаған адамға жіпті лақтырып жақсы тілек айтып, алғысын білдіреді. Соңында құрылған өрмекшінің торын жоғары көтеріп, қараңыздаршы, осылай біз күнделікті өмірімізде қаншама адаммен қарым-қатынасқа түсеміз, бір-бірімізге жылы, жақсы, алғыс сөздер айтамыз,қарым-қатынасымыз әрдайым осындай жылы, жағымды болсын.

«Комплименттер» ойыны

Ойын «Маған сенің .....ұнайды» деген сөзден басталады. Қатысушылардың әрқайсысы қасындағы көршісіне оның бойындағы ұнататын қасиетін айтады. Ойыннан кейін қатысушылардың не сезінгенін, олар күтпеген жағдайда, оларға жылы лебіздерді білдіру ұнады ма, өзара сезімдерімен бөлісіп, жағдайды әңгімелейді.

«Рахмет»жаттығуы

Қатысушыларға сол қолдарын ортаға жайып, осы тренингтегі тәжірибелерін, ойларын, көңіл-күйлерін ойша салу ұсынылады. Ал, оң қолдарына бүгінгі тренингтен алған әсерлері салынып, қолдарын біріктіреді. Рахмет!-деп хормен айтады.

«Жүректен-жүрекке» жаттығуы

Шеңбер бойымен бәрі қолдарындағы тілек жазылған жүректерді бір-біріне жылы лебіздерін, алғыстарын айтып, сыйлайды.

Қорытынды: Біз көбіне жақын жандарымыздың қадіріне жете бермейміз. Жаныңа сүйеу болған аяулы жандардың бары үшін рахмет айтайық. Ақылды адам алғыс айтуды ауырсынбайды, «Алғыс білдіру-ең асыл сөз» демекші, алғыс айту үшін арнайы күнді күтпейік. Мүмкіндігінше жақсы сөз айтудан жалықпай, бір-бірімізден жан жылуымызды аямайық! Алғыс айтуға үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса бүгін айтасыздар деген оймен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Тренингімізге белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет!Қарым-қатынастарыңыз жылы, өмірлеріңіз балдай тәтті болсын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.05.2020
7721
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12