400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғыс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Алғысым сізге арналады»

                               

Өмірге риза болып, алғыс айт

Халық даналығы

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.


Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;  үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;


Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер, кеспе бата қағазы.


І.Ұйымдастыру бөлімі:


А)Психологиялық дайындық «Мен саған алғыс білдіремін, өйткені...»


В)Топқа бөліну(стикерлер бойынша)


ІІ.Жаңа сабақ.


Мұғалім сөзі:

 Қазақстан Республикасының Президентінің«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені айтылады: Алғыс айту күні — 1 наурыз.

2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.


Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқыныңұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді. Алғысқа қарсы мағына —қарғыс.


Қызығушылықты ояту: «Алғыс» 

ІV.Топтық жұмыс:


1-топ: Алғыс айту күнi этносаралық достыққа және түсiнiстiкке әкеледi, өйткені...

2-топ: Өмірге риза болып, алғыс айт...


Дәптермен жұмыс:


«Алғыс күні-еліміздегі ұлттардың бірлігін нығайтудың негізі»

(эссе жазу)


Қорытындылау:


«Ашық микрофон» әдісі бойынша (оқушылар бір-біріне сабақтан не үйренгенін, не білгенін, не түсінгенін айтып шығады).



























«№10 жалпы білім беру орта мектебі»КММ-сі













Тәрбие сағаты

1 «А»сынып жетекшісі:Алиева Тоғжан











2019





Тәрбие сағатының тақырыбы: Алғысым шексіз

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;

- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктері:  таратпа қағаз,

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Ризашылық өлеңін оқу

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады.

ІІ. Кіріспе.

«Орынын тап» ойыны

Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

Шаңырақ – күн,

Уықтары - нұр, шашқан.

Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.

Жарқырайды темірқазық жұлдызы,

Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Герб)

Ыстық дейді оны оттан,

Патриот оны ұнатқан.

Оңбайды бұл өмірде,

Адам оны жоғалтқан. (Отан)

Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,

Әдемі мекен екен, жанға жайлы.

Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең,

Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)

Егіз қайың,

Бой - бастары тең өскен.

Іске дайын,

Бұтақтары бес - бестен. (Қол)

Бір малға екі бала мінгеседі,

Айлап - жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе)

Тұмсығымен ояды,

Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ)

Қиналмай тауларды, орманды,

Теңізді, дария, жондарды,

Ауылды, қаланы, халықты...,

Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)

Тау, қыр, жазық, өзен, көл –

Қабырғада биік тұр.

Нансаң, кел, өзің көр –

Бір қағазға сыйып тұр. (карта)

Емес ол кітап та, дәптер де,

Жүреді бірақ та портфельде.

Көрсетіп ондағы бағаңды,

Қуантып қоясың ағаңды. (күнделік)

Тақырыптың мақсатын түсіндіру.

Әңгімелесу

  • Ризашылық дегеніміз не?

  • Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

  • Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

  • Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтіп жатыр. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты.

Топпен жұмыс

І - топ: Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау

ІІ - топ: Ағалы - қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау

ІІІ - топ: Дәйексөздің мағынасын түсіндіреді. «Өмірге риза болып, алғыс айт»

ІҮ - топ: Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады?

«Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді»

«Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді»

Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз»



Оқушыларға таза парақтар таратылады «Алғыс білдіремін» сөзін жалғастыр.

«Жақсылығың қайтар өзіңе»

Оқушы ойлары тыңдалады.

ІҮ. Қорытындылау

- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Жүректен жүрекке:

Біздің тілек.   Ғ. Жұмабаев

Бізге ашық күн керек

Аспан керек мөп-мөлдір

Қуанышқа тұр бөлеп

Бақытты өмір төккен нұр

Тыныш болып жер беті

Түршікпесін денеміз

Азамат боп ер жетіп

Ағаларға ереміз





































«№10 жалпы білім беру орта мектебі»
















«Алғысым шексіз»



4 «К» сынып жетекшісі:Нысанова Ұ













2019

«№10 жалпы білім беру орта мектебі»КММ-сі













Ақпарлама

Тақырыбы: «Алғысым сізге арналады»!



1 «Е»сынып жетекшісі:Нысанова Ұ













2019

Тақырыбы: «Алғысым сізге арналады»

                               

Өмірге риза болып, алғыс айт

Халық даналығы

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.


Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;  үлкен – кіші-

ге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдепті-

лікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер, кеспе бата қағазы.


І.Ұйымдастыру бөлімі:


А)Психологиялық дайындық «Мен саған алғыс білдіремін, өйткені...»


В)Топқа бөліну(стикерлер бойынша)

Тәрбие сағат барысында сынып оқушылары ҚР-сының гимн орындады.




Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы.

Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті

жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу

арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай

алады. Қазақ халқыныңұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам

бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған

мегзейді. Алғысқа қарсы мағына —қарғыс.

Оқушыларға кез-келген жағдайда алғыс айта білу керектігі,ризашылықтар

ын білдіру арқылы өз көңіл-күйлерінің жоғары деңгейде болатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бізге ашық күн керек

Аспан керек мөп-мөлдір

Қуанышқа тұр бөлеп

Бақытты өмір төккен нұр

Тыныш болып жер беті

Түршікпесін денеміз

Азамат боп ер жетіп

Ағаларға ереміз



























«№10 жалпы білім беру орта мектебі»КММ-сі











Ақпарлама

Тақырыбы:

«Алғысым шексіз»

4 «К»сынып жетекшісі:Нысанова Ұ











2019



Тәрбие сағатының тақырыбы: Алғысым шексіз

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;

- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктері:  таратпа қағаз,

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Ризашылық өлеңін оқу

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады.

Тақырыптың мақсатын түсіндіру.

Әңгімелесу

  • Ризашылық дегеніміз не?

  • Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

  • Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

  • Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? 20190225_150513 - копия.jpg

  • Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

  • - Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

  • Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты.

Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Жүректен жүрекке:

Біздің тілек.   Ғ. Жұмабаев

Бізге ашық күн керек

Аспан керек мөп-мөлдір

Қуанышқа тұр бөлеп

Бақытты өмір төккен нұр

Тыныш болып жер беті

Түршікпесін денеміз

Азамат боп ер жетіп

Ағаларға ереміз





































«Қазақ тілі» пәнінен

III тоқсан бойына арналған

ЖБ



























Тәрбие ісінің меңгерушісі: Тайланов С.


Күнделікті сабақ жоспары.

 Өтілетін күні:15.03. 2019

Үйірме жетекшісі:Нысанова Ұ

4 «К» сынып


Сабақтың тақырыбы:Дамкаға өту.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Дойбы ойынының ережесін түсіндіріп үйрету. 

Міндеттері: 1.С ана сезімін қалыптастыру

.2. Ой орісін дамытуға тәрбиелеу.

3.Ойлау қабілетін дамыту. 

Өтілетін орны:Спорт зал .

Керекті құралдар: Ысқырық.Дойбы тақтасы


№

Сабақтың мазмұны

Уақыты


Әдістемелік нұсқаулар


1 

1 

2 
3 

4 

2 

3


ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІ 

Оқушыларды сапқа тұрғызу. 

Спорт секторының рапорты. 

Қауіпсіздік ережесіне шолу жасау. 

Сабақтың мақсатын түсіндіру. 

Саптық жаттығулар,Сап түзе,тік тұр Еркін тұр.Аяқтың ұшын түзету. 

Солға бұрылу,Оңға бұрылу,Кері айналу. 

Реттік санмен саналу,1-2ге саналу. 

Бастаушының соңынан ара қашықтық сақтап жүру.Жай жүгіріс. 

Жай жүгіріс кезіндегі жаттығулар. 

Сол ж\е Оң жақ бүйірге биік секіріп жүгіру. 

Тізені алақанға тигізіп жүгіру. 

Өкшені алақанға тигізіп жүгіру. Қол белде аяқты алға,артқа сермей жүгіру. 

Жай жүгіс кезіндегі жаттығулар. 

Қолды жоғары созып,аяқтың ұшымен жүру. 

Қол желкеде денені солға,оңға бұрып жүру. 

Қол белге қойып,өкшемен жүру. 

Қол белде жартылай отырып жүру. 

Дем алу жаттығулары. 
Қолды жоғары созып демді ішке алып қолды томен түсіріп демді сыртқа шығарамыз 

Жалпы дамыту жаттығулары 

Б-қ Аяқ иық деңгейінде қол белде басты 1-4солға5-8 оңға айналдырамыз. 

Б-қ Аяқ иық деңгейінде қол белде белді 1-4солға,5-8 оңға айналдырамыз. 

Б-қ Аяқ иық деңгейінде қол тізеде тізені 1-4-ішке,5-8-сыртқа айналдырамыз. 

Б-қ Аяқ иық деңгейінде қол белде белді 1-4 солға 5-8 оңға айналдырамыз. 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Оқушыларды санау арқылы екі топқа бөліп.Оқушыларды спорт залда қаз – қатар сапқа тұрғызып, Оқушыларға Дойбы ойынының ойналу техникасы мен жүру жолдарын тактикасын түсіндіріп.екі оқушыдан отырғызып дойбы ойынының тақтасын алдарына қойып ақ фишканы қай ойыншы тандаса сол ойыншы алғаш бастап жүріс жасауды бастайды оқушылардын бойына дойбы ойынының ережесін ойларына сіндіріп сабақ барысында дойбы ойынын ойнату.қай ойыншы барлық тастарды жеп алап тастаса сол ойыншы жеңіске жетеді.жеңгендерді жеңгендермен ойнату. 
ҚОРТЫНДЫЛАУ БӨЛІМІ 

Оқушыларды сапқа тұрғызу. 

Оқушыларды бағалау. 

Үйге тапсырма беру. 

Ұйымшылдықпен киіну орынына жіберу. 

Спорт залдан шығарып салу. 



10-12м 

30с 

1м 
3м 


1м 

2м 30с 

2м 

30с 


3-4 рет 

3-4 рет 
3-4 рет 

3-4 рет 

23-25 м 


5-7 м 

30с 

2м 

2м 

30с 

30с 

30с



Оқушылардың тәртібіне, спорттық киіміне 

назар аудару. 
Саптық жаттығуларды

бір келкі орындауын ескеру. 

Ара қашықтықты дұрыс сақтап жүруін бақылау. 
Сол ж\е оң жақ бүйірге секіріп жүгіргенде қолды алдыға,артқа айналдыруын ескерту. 

Жай жүріс кезіндегі жаттығуларды орындағанда басты,қолды,аяқты,кеудені тік ұстап жүруін ескерту. 

Дем алу жаттығуларын дұрыс орындауына назар салу 
Жалпы дамыту жаттығуларын қателеспей орындауын қадағалау.

Бір келкі орындауларын қадағалау

Оқушылардың дұрыс саналып,дұрыс бөлінуін ескерту 
Оқушылардың дойбы ойынының ойналу ережесін мұхят тыңдап ойынды дұрыс ойнауын екерту 

Оқушылардың дойбы ойынын ойнауға қызығушылығын бақылау.
Сабақ барысындағы тәртібін қадағалау. 


Оқушылардың сабақ барысындағы тәртібін ескерту.жақсы ойнаған оқушыларды мадақтап,қызығушылы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі