400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

алғысым шексіз ұстазға

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Темірастау ЖББММ

Бекітемін:_____________

Тәрбие ісі орынбасары: Сарин Ж.А.

___________








Алғысым шексіз ұстазға!

(мерекелік шара)










Класс жетекшісі: Мұхтарова Гүлшат Жарасқызы


















2018-2019 оқу жылы





Алғысым шексіз ҰСТАЗҒА!!!

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, қонақтар және оқушылар!
Бүгінгі «Алғысым шексіз ҰСТАЗҒА!» тақырыбында өткізгелі отырған кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Бәріңе ұстаз күні құтты болсын,
Ұстаздар, денсаулығың мықты болсын.
Отбасың бала – шағаң аман болып,
Жастарға мызғымастай бақыт қонсын.
2-жүргізуші:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға
Сіздермен тола берсін ортамыз да
Бүгінгі ел басқарған азаматтар
Білім алған сіздердің арқаңызда
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңіздің саулығы мықты болсын
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын.
1-жүргізуші:

Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Ендеше келесі әсем әуенді барша ұстаздарымызға арнап кешті бастаймыз.

ХОР: « »

Мұғалім:Ұстаздар мерекелеріңі құтты болсын! Сіздерге ең бірінші мықты денсаулық, берекелі отбасы, жемісті еңбек тілеймін.

Әл-Фараби былай деген екен:

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,  ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Әл-Фараби ұстаз деген бір есімге осынша теңеу береді. Расымен де ұстаз деген есім ұлы есім. Ұстаздардың мойынына артылған жүк қай заманда да көп, еңбегі ұшаң теңіз. Ұстаздарымыздың қаншалықты қадірін біліп жүрміз, еңбегін білеміз бе, қалай алғыс білдіруіміз керек? Міне осы тақырыптар аясында өткелі отырған бүгінгі «Алғысым шексіз ұстазға» атты әдеби монтажды кешіміздің алғашқы бөлімі:

  • “Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
    Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!-деп аталады. Оқушылардың қара өлеңдеріне кезек берейік.

1-Іңкәр: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Бала десе ойламайды өз қамын

Көрсем дейді күнге де кол созғанын

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

2-Дильназ: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

3-Айбол: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

5-Ақмоншақ

Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

1Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл , ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Назым:Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман.
Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде
Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.

Мұғалімдер күні бүгін, шаттық күйге кенелген,
Ұстаз жүрек сырлас әр кез білім атты өнермен.
Олар шәкірт кеуделерге сол білімнен нәр құйып,
Өмір жолда ізгілікті еңбегімен еленген.

Тойланатын әр жыл сайын, қазан айы туғанда,
Ұстаздардың мейрамы осы, толы ән мен жырларға.
Төрдегі орын Сізге, Ұстаз, төр Сіздікі, Мұғалім!
Барлық жан да соны қалар, ұстаз көңіл тұрғанда.

Мұғалімдер күні бүгін, көңілге бар сыйлары,
Шәкірттері оларға гүл, ән де, жыр да сыйлады.
Тек ұстаздың мерекесі емес бүгін, шынында,
Сол Ұстаздан тәлім көрген барлық жанның мейрамы!


Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы

Ақбота: Фариза Оңғарсынова

Ұстаз

Заводта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің –
сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзін арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам – елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!


Нұрсұлтан: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

(Барлық оқушы бас иеді)

Мұғалім:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы-деген өлең жолындағы айтылғандай Ұстаз, ұстаз болу, ұстаз мәртебесі дегенде көптеген ойлар ойға оралады.Келесі бөлімді ұстаздар туралы ұлағатты сөздермен бастап ұстаздарымыздың ойымен жалғасақ...Оқушылар...

Іңкәр: Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады

Абай Құнанбаев

Ақбота: Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал ұстазымнан өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым

Александр Македонский

Айбол: Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Халық даналығы

Ақмоншақ: Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім

Ғ. Мүсірепов

Назым: Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі

К. Д. Ушинский

Нұрсұлтан: Ұстаз – ұлы есім

Мұхтар Әуезов

Дильназ: Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі

Ыбырай Алтынсарин


Мұғалім: Әрі қарай оқушылардың ұстаз, ұстаз болу, ұстазды құрметтеу, мәртебесі туралы ойларын ұстаздарымыз жалғап толықтырып өтсе...

  • Келесі бөлім «Ұлы тұлғалар...» деп аталады.

  • «Жарқын бейне...» деп аталатын келесі бөлім ортамыздан кетседе бейнесі жадымызда жаңғырып тұратын жарқын бейнелі ұстазымыз Төлеутай ағайға арналады. Ағайдың қапыда арамыздан өткеніне де биыл бір жыл болып отыр. Ең бірінші ағайды үнсіздікпен 1 минут еске алсақ, орынымыздан тұрып...

Келесі оқушылардың дайындаған ақпарат тақшасын таныстыруға кезек берсек...

Назым мен Нұрсұлтан:

Мұғалім: Біздің мектебімізде осы уақытқа дейін талай-талай сауатты, білімді ұстаздар қызмет етіп, бала білімі мен тәрбиесі үшін тер төккен. Ол ұстаздарымыздың ішінде де дүниеден өткендері бар, қазіргі уақытта өзге жерде тұратын ардагер ұстаздарда бар. Осы мектептің холындағы ақпарат тақтайшасынан көріп жүргенде боларсыңдар. Ол кісілердің осы мектептің абыройлы болуына қосқан үлестері ұшаң теңіз. Қазір ауылымыздағы жалғыз ардагер ұстазымыз ол Тельман атамыз. Ағайға қазір сөз беретін арнайы уақытымыз бар. Қазір мен жаңа айтып өткенімдей осы мектептен өткен әрбір тұлға дара тұлға, дара жол иесі. Сондай тұлғалардың біріне уақыт арнағымыз келіп отыр.Ол кісі осы мектептің география пәнінің белді маманы болған, спорт соның ішінде шахмат спорты түрін мектебімізде алғаш әліппедей үйреткен, биыл дүниеге келгеніне 80 жыл болып отырған, менің атам Мұхтаров Әбдіхайдар Мұхтарұлына арнаймыз. Келесі ақпарат тақшамызды таныстырсақ, ол кісі туралы көптеген мәліметтерге қанық боласыздар оқушылар, әрі бұл ақпарат тақшалары математика-физика және тарих-география кабинеттеріне тарту етеміз, сонда оқушылар сіздер әліде етене танысасыздар деп ойлаймыз. Ұлы тұлғаларымызды біліп жүрейік... Ақбота мен Айбол таныстыра ғой:

Ақбота мен Айбол:

Мұғалім: Келесі кезекті тамаша әсем әуенге береміз.

ХОР:" "

Мұғалім: Келесі бөліміміз "Алғысым шексіз ұстазға " деп аталады. Оқушылардың алғыс, құттықтауларына берейік...
Іңкәр:

Әскери ант, сап түзеуді жаттатқан.

Маратбек ағай әр кез тыным таппаған

Ағайымызға жемісті еңбек тілейміз,

Бүгінгі мына шәкірттердің атынан


Дильназ:

Бар ғұмырын химияға арнаған,
Ол білмейтін ешбір элемент қалмаған.
Орынша апай сізге де үлкен алғыс,
Химияны ойға тоқып, үйретуден талмаған!

Назым:

Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз
Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан қалмаймыз.
Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,
География,
Жарас ағай келді деп біз жайнаймыз.


Айбол:

Бағдагүл апай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әр қашан аман болып жүрсін дер ек.

Ақмоншақ:

Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан талапшылдық тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
Жолды ағай сіздей қайда бар адам?!

Ақбота:

Тәрбие мен білім егіз қашанда,

Мықты тірек керек әрбір ұжымға.

Шәкірттерің мектеп атын шығарар,

Атлас ағай ортамызда сіз барда.


Нұрсұлтан:

Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, абай сөйлеген дана тілім.
Осы тілдің ұқтырған терең сырын,
Гүлхан апай дара мұғалімім,
Әрқашан да біздерге берген білім.


Іңкәр:

Жаратылыстың сырларын бізге жетік ұқтырған,

Дүние жүзі, қазақстан тарих қызықты пән.

Кеңес ағай  сізге рахмет айтамыз

Мемлекеттер тарихын жаттатқызған


Дильназ:

Қазақ тілі  мамандығы-мектептің ол басшысы,

Ізденіске, іскерлікке талап қояд ол кісі.

Нұртілек ағай, өзіңіздей болса егер,

Шәкірттердің алға басар бар ісі!


Назым:

Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Алдындағы баламен,
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Әсемменен Гүлназдай,
Мархабатпен Ардақтай

Ұстаздарымыз әрқашан,
Ұрпаққа жаңа өн берген!


Айбол:

Білім басы басталар бастауыштан,

Әліппені оқытып, әріптерді танытқан.

Алғашқы ұстаз Әсел апай сізді де

Құрметтейміз бас иіп, біз әрқашан!


Ақмоншақ:

Бастауыштың мамандары-

Гүлнараз, Алмагүл, Айнагүл, Айжан апайлар.

Бала мінез, жаны жайсаң, адамдар,

Бүлдіршінге ең сүйікті апайлар,

Жетістіктер толып жатыр,

Мақтан тұтып айта алар.

Мерекелік құттықтауды

Шын жүректен ақ тілекті қабыл ал!


Ақбота:

Интернеттен ақпаратты қарайды,

Кәмшәт апай өз пәнінің маманы

Еңбегіңіз жана берсін әрқашан,

Сусындатып біліміңмен талайды


Іңкәр:

Оқушының сүйікті бір пәні бар

Сурет, сызу, көркем еңбек бар

Сандуғаш апай, Марс ағай,

Шәкірттердің   сізге айтар алғысы бар


Дильназ:

Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Гүлшат апай сізге ерекше көп алғыс,
Күлімдеп күнде құшақ жаяр алдан

Назым:

Ген, рнқ, днқ деп тіл қатқан,
Дүние деген тұрады екен шешілмеген жұмбақтан.
- сен әкеңе ұқсағансың, - деп біздерге
Сәбира апайымыз биологиядан үн қатқан!


Айбол:

Математика-күрделі пән мектепте,

Ұстаздарым үйретеді еңбекпен.

Қымбет апай,Ақерке апай үнемі

«Рахмет» деп бас иеміз сіздерге!


Ақмоншақ:

Ізденімпаз мұғалім-Нұрбол  ағай,

Шәкірттері қалған емес жүлде алмай.

Ұстаздардың бәрі болса тек сіздей,

Жетістіктер біз алатын бар талай!


Ақбота:

Дүниемен танысуға берген талай көмегін,
Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер едім.
Оны үйреткен сүйікті
Гүлсана апай,
Сіз барда физикамен сусындап мен келемін.

Нұрсұлтан:

Білімділік тіршіліктің тірегі

Айнаш апай тереңінен түсінеді

Сөйлегенде мәдениетті тілімен

Барлық жанның елжіреген жүрегі

Іңкәр:

Бізбен бірге мұңайып, бізбен бірге қуанған,

Шетел тілі ағылшынның маманы

Құралай мен Тұрсын апай

Жаны жайсаң ізгі жан.

Біз тілейміз әрқашанда сіздерге

Алдыңыздан күліп атсын, аппақ таң!


Дильназ:

Сау болсын деп деніміз.

Ақтан ағай үнемі

Талап қоя біледі.

Жүгіру де, секіру,

Допты тепкен күндерде.

Бізбен бірге ағай да

Бала болып жүреді.


Назым:

Ана тілдің қасиетін үйреткен,

Сөз сөйлетіп, жыр жаттатып, мәнермен.

Жас маман Қуаныш ағай біз сізді,

Құттықтаймыз ұстаздар күніменен


Айбол:

Өміріме қажетті ән өнері,

Өнер білу-артық емес бұл күні.

Жақсыбек ағай әрқашан еңбектеніп,

Ноталардың қыр мен сырын үйретті.


Ақмоншақ:

Жаңа тәсіл білген орасан зор талабы,
Әрқашанда ашық - жарқын қабағы.
Мақпал апайдың әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.


Нұрсұлтан:

Күнделіктен сабақ кестесін қараймын,
Сенбі күні қашан деп мен санаймын.
Тренингтер үйретер
Лимон дейтін апайды,
Көрейін деп мектепті тез қалаймын!

Ақбота:

Тельман ағайға

Ардақтысың, ардагерім ұстазым,
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын
Ұстазыма арналады бұл әнім.
Шәкірттер сізді айтып мақтанады,
Бейнеңіз жүректерде сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз
Үмітпен сеніміңіз ақталады.

Мұғалім: Тельман ата сізді ортаға шақырып өзіңізге арнайы сөз ұсынамыз. Кешті қорытып өз ойыңызбен бөліссеңіз...

Мұғалім: Ұстаздар мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Еңбектеріңіз еленіп, биікке белестей беріңіздер.

Хор:











Алғысым шексіз ҰСТАЗҒА!!!

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, қонақтар және оқушылар!
Бүгінгі «Алғысым шексіз ҰСТАЗҒА!» тақырыбында өткізгелі отырған кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Бәріңе ұстаз күні құтты болсын,
Ұстаздар, денсаулығың мықты болсын.
Отбасың бала – шағаң аман болып,
Жастарға мызғымастай бақыт қонсын.
2-жүргізуші:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға
Сіздермен тола берсін ортамыз да
Бүгінгі ел басқарған азаматтар
Білім алған сіздердің арқаңызда
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңіздің саулығы мықты болсын
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын.
1-жүргізуші:

Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Ендеше келесі әсем әуенді барша ұстаздарымызға арнап кешті бастаймыз.

ХОР: « »

Мұғалім:Ұстаздар мерекелеріңі құтты болсын! Сіздерге ең бірінші мықты денсаулық, берекелі отбасы, жемісті еңбек тілеймін.

Әл-Фараби былай деген екен:

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,  ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Әл-Фараби ұстаз деген бір есімге осынша теңеу береді. Расымен де ұстаз деген есім ұлы есім. Ұстаздардың мойынына артылған жүк қай заманда да көп, еңбегі ұшаң теңіз. Ұстаздарымыздың қаншалықты қадірін біліп жүрміз, еңбегін білеміз бе, қалай алғыс білдіруіміз керек? Міне осы тақырыптар аясында өткелі отырған бүгінгі «Алғысым шексіз ұстазға» атты әдеби монтажды кешіміздің алғашқы бөлімі:

  • “Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
    Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!-деп аталады. Оқушылардың қара өлеңдеріне кезек берейік.

Мұғалім:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы-деген өлең жолындағы айтылғандай Ұстаз, ұстаз болу, ұстаз мәртебесі дегенде көптеген ойлар ойға оралады.Келесі бөлімді ұстаздар туралы ұлағатты сөздермен бастап ұстаздарымыздың ойымен жалғасақ...Оқушылар...

Іңкәр: Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады

Абай Құнанбаев

Ақбота: Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал ұстазымнан өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым

Александр Македонский

Айбол: Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Халық даналығы

Ақмоншақ: Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім

Ғ. Мүсірепов

Назым: Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі

К. Д. Ушинский

Нұрсұлтан: Ұстаз – ұлы есім

Мұхтар Әуезов

Дильназ: Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі

Ыбырай Алтынсарин


Мұғалім: Әрі қарай оқушылардың ұстаз, ұстаз болу, ұстазды құрметтеу, мәртебесі туралы ойларын ұстаздарымыз жалғап толықтырып өтсе...

  • Келесі бөлім «Ұлы тұлғалар...» деп аталады.

  • «Жарқын бейне...» деп аталатын келесі бөлім ортамыздан кетседе бейнесі жадымызда жаңғырып тұратын жарқын бейнелі ұстазымыз Төлеутай ағайға арналады. Ағайдың қапыда арамыздан өткеніне де биыл бір жыл болып отыр. Ең бірінші ағайды үнсіздікпен 1 минут еске алсақ, орынымыздан тұрып...

Келесі оқушылардың дайындаған ақпарат тақшасын таныстыруға кезек берсек...

Мұғалім: Келесі кезекті тамаша әсем әуенге береміз.

ХОР:" "

Мұғалім: Келесі бөліміміз "Алғысым шексіз ұстазға " деп аталады. Оқушылардың алғыс, құттықтауларына берейік...
Мұғалім: Тельман ата сізді ортаға шақырып өзіңізге арнайы сөз ұсынамыз. Кешті қорытып өз ойыңызбен бөліссеңіз...

Мұғалім: Ұстаздар мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Еңбектеріңіз еленіп, биікке белестей беріңіздер.

Хор:


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
2493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі