жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әлібек Файзуллаев «Жанкүйерлер»
Қысқа мерзімді жоспар
|
Мектеп: «№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Сексенбаева Маржан Мураткановна
|
||||||||||||||
|
Әлібек Файзуллаев «Жанкүйерлер» |
||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу; 2.2.1.2. – шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу |
||||||||||||||
Сабақмақсаттары
|
Барлық оқушылар:Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді Оқушылардыңбасымбөлігі:Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады Кейбіроқушылар:Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады |
||||||||||||||
Бағалаукритерийлері
|
*Оқу түрлерін қолдана алады; *Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады;
|
||||||||||||||
Тілдікмақсаттар
|
Футбол жайлы талқылайды, айтады, сызады. Пәнге тән лескика мен терминология: футбол, атақты футбол командалары, футболистер жайлы, нағыз достық жайлы тіркестер Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңдер -Алмастың жанкүйерлері кімдер? -«Нағыз достық» дегенді қалай түсінесің? -Мәтіннен олардың сөздерің тауып, ырғағына келтіре оқыңдар -Футболдан сендер жанкүйер болатын командаларың бар ма? Әңгімелеңдер. |
||||||||||||||
Құндылықтардыдарыту |
Қарым-қатынас жасау қабілетіне баулу. Өзгелердің жетістігіне құрметпен қарау, алғыс білдіре білдіру, спортқа, салауатты өмір салтына ден қою
|
||||||||||||||
Пәнаралықбайланыстар |
Дене шынықтыру, қазақ тілі,тәрбие сабағы |
||||||||||||||
АКТ қолданудағдылары |
Бейнежазба |
||||||||||||||
Бастапқыбілім
|
Қолғанат болу, кішілерге көмек көрсету |
||||||||||||||
Сабақбарысы
|
|||||||||||||||
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы (5 мин)
|
Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөліну: ҚРфутбол командаларының атын кезекпен атау арқылы 3 топқа бөлініп отырады («Елім-ай, «Қайрат», «Шахтер») Үй тапсырмасын пысықтау: топ бойынша тізбектей отырып М.Сейфуллин «Қолғанат» мәтінін мазмұндау. (Д) Жалпақ сұрақ «Мәтінге жақын ой» әдісі арқылы үлкендерден «Қолғанатым менің!» деген мақтау сөз еститіндей болған оқиғасын әңгімелеп береді. (ҚБ) «Бас бармақ» әдісі арқылы өзгені бағалайды
(Д) «Мақал-мәтелдердің жалғасын тап әдісі: 1. Күлме досыңа, ... ... . 2. Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті ... ... . -Нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңдер (ҚБ) «3 шапалақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды -Тақырыпты болжау -Сабақтың мақсатымен таныстыру |
Топ атаулары белгілері
Мақал-мәтелдердің жазбасы |
|||||||||||||
Сабақтыңортасы (25 мин)
|
*Автор Ә.Файзуллаев туралы мағлұмат беру: Әлібек Файзуллаев (1952 ж.т.) – Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылында дүниеге келген. «Ескі сурет», «Екі алма», «Көрші үйдің жарығы», «Бақыт туралы сөз», «Қатыбезер», «Ең ұзақ түн», «Күміс кекілік», «Өрт», «Сынық бұтақ», «Ақмышым», «Арлан күшік», «Ақ көбелек», «Хайуанаттар патшалығы», «Үш тілек», «Кәрім Нұрбаев», «Қыз Жібек» атты прозалық кітаптардың авторы. «Балауса» баспасының балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық бәйгесінің, Халықаралық «Дарабоз», Республикалық «Астана-Бәйтерек» конкурстарының, Алматы қаласы әкімдігі, «Бөбек» ұлттық ғылым-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы ұйымдастырған әдеби бәйгелердің жеңімпазы. *(Т) Мәтінді «Жарысты жалғастыр» әдісі арқылы оқыту (мәтін 3 топқа бөліп беріледі) -белгі бойынша мәтінді 2-3 минут іштей оқиды; -топтан бір оқушы дауыстап оқиды; -сөздік жұмыс жүргізу; (ҚБ) «Арқадан қағу» әдісі арқылы топтағылар бірін-бірі бағалайды Сергіту сәті: «Көңілді күн" көңілді бейнеәуенге билеу *(Т) Оқыған бөліктері бойынша оқиғаға сай «Сахналап көрсету» әдісі(жалпақ сұрақ) арқылы, тақтада қорғайды. (ҚБ) «Қол соғу» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды *(Д) Оқыған бөліктеріндегі негізгі ойды, шығарма идеясын тапқызып, негізгі ойды қандай әрекеттер арқылы беріп тұрғанын айтқызу, мағынаны ашу: -Алмастың жанкүйерлері кімдер? -Мәтіннен олардың сөздерің тауып, ырғағына келтіре оқыңдар. -«Нағыз достық» дегенді қалай түсінесің? -Футболдан сендер жанкүйер болатын командаларың бар ма? Әңгімелеңдер. (ҚБ) «Жарайсың!» әдісі арқылы мұғалім бағалайды
III . Отолғаныс (Ж) «Кестені толтыру» әдісі, орнында қорғау
(ҚБ) «Футбол добы» әдісі арқылы бағаланады |
Автор өмірбаяны
Бейнеәуен Доп, жалау
Кестелер
Футбол добы смайликтері |
|||||||||||||
Сабақтың соңы (10 мин)
|
-Мәтіндегі балалардың іс- әрекетіне қандай баға бересің?
|
|
|||||||||||||
Кері байланыс |
|
Доп |
|||||||||||||
Үйге тапсырма |
-Мәтінді рөлге бөліп сахналап көрсетуге дайындалу
-«Нағыз достық» дегенді қалай түсінесің?
|
Күнделік |
|||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілет жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? -Мәтіннен достарының сөздерің тауып, ырғағына келтіре оқу; -«Нағыз достық» дегенді қалай түсінесінетіндерін өз ойларымен қорытындылап айтып беру; -Футболдан жанкүйер болатын командалары жайлы әңгімелелету; -Әлем футбол чемпиондары жайлы түсінігі кеңейеді; |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? (ҚБ) «Бас бармақ» әдісі арқылы өзгені бағалайды (ҚБ) «3 шапалақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды (ҚБ) «Арқадан қағу» әдісі арқылы топтағылар бірін-бірі бағалайды (ҚБ) «Қол соғу» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды (ҚБ) «Жарайсың!» әдісі арқылы мұғалім бағалайды (ҚБ) «Футбол добы» әдісі арқылы бағаланады
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. СЭС талаптарын сақтау, топта бөлінуде қауіпсіздік ережелерін сақтау, ӨҚН-ін есте ұстау. Сергіту сәті арқылы денсаулықтарын сақтау |
|||||||||||||
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаттары шынайы, нақты құрылған. Сабақ мақсатына жетті. Бұл сабақта оқушылар достық, бірлік, сыйластық қарым-қатынас жайлы түсінік алып кетті. Сыныптағы ахуал өте тартымды, көңілді, ынтымақтастықта болды. Мен жоспарлаған саралау шаралары да жүзеге асты, тиімді болды. Мен берілген уақыт ішіндеүлгердім. Өз жоспарыма ешқандай түзетулер енгізген жоқпын. |
«Футбол» тәсілі. Бір-біріне доп лақтыра отырып, сабақ жайлы өз әсерлерін, ұсыныс, пәкірлерін білдіреді. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Зерттеу тақырыбын ашуға таңдап алынғанәдіс-тәсілдер көздеген мақсатқа жетуіме септігін тигізді; 2: Оқушылар сахналап көрсету әдісі арқылы мәтіннің мәнін жетік түсінді;
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Мәтін мазмұны бөліктерін сахналап көрсету; 2: Мәтінді талдау мәтінмен жұмыс түрі; Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Оқушылардың оқу мәнерінің жылдамдығын арттыруым қажет. Әрбір оқушыны тізбектей оқыта отырып, оқу мәнерін көрсету. |
|
Жетістігі:Сабақтың оқу мақсаттары шынайы, нақты құрылған. Сабақ мақсатына жетті. Бұл сабақта оқушылар достық, бірлік, сыйластық қарым-қатынас жайлы түсінік алып кетті. Сыныптағы ахуал өте тартымды, көңілді, ынтымақтастықта болды.Зерттеу тақырыбын ашуға таңдап алынған әдіс-тәсілдер көздеген мақсатқа жетуіме септігін тигізді. Оқушылар сахналап көрсету әдісі арқылы мәтіннің мәнін жетік түсінді.Мәтінді талдау мәтінмен жұмыс түрі тиянақты жүрді.Мен жоспарлаған саралау шаралары да жүзеге асты, тиімді болды. Мен берілген уақыт ішіндеүлгердім. Өз жоспарыма ешқандай түзетулер енгізген жоқпын.
Кемшілігі:Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымдыжетілдіруге көмектесетін не білдім? Оқушылардың оқу мәнерінің жылдамдығын арттыруым қажет. Әрбір оқушыны тізбектей оқыта отырып, оқу мәнерін көрсету.
А оқушы Ә.Е. мәтін мазмұнын ауызша айтуға қиналатын, ал сахналап көрсетуде белсенділік таныта отырып, өз рөліне ене, сомдай білді.
В оқушы Б.Б. орыс тілді сөздерді араластырып сөйлейтін, бүгінгі сабақта қазақша таза сөйлеуге тырысты. Сабаққа өте белсенді қатысып отырды, оған сабақ қызықты болды.
С оқушы Е.С.тіл мүкістігі бар, баяу сөйлейді, бұл сабақта аса белсенділік танытқан жоқ. Сұраққа жауап берді. Бірқалыпты қатысып отырды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген